Есте сақтаңыз:
Қыша қағазын денеге ұзақ уақыт сақтаса дене күлдіреп күйеді. Тері ауруларында, дене қызуы 38°С жоғары болғанда, өкпеден қан кеткенде, терінің сезімталдығы төмендегенде немесе мүлдем жоқ болғанда, қатерлі ісіктерде қолдануға болмайды.
-37-
СТАНДАРТ
Оттегін ингаляциялық әдіспен енгізу
Әзірле: Оттегі жастығы, салфетка, су, мундштук
а) Оттегі жастығын толтыру алгоритмі
1. Мундштукты алыңыз.
2. Оттегі жастығының бұрандасын ашыңыз.
3. Оттегі жастығының бұрандасын оттегі баллонының
редукторына жалғастырыңыз.
4. Редукторлық бұранданы ақырын ашыңыз.
5.Оттегі жастықшаны толтырғаннан кейін, редуктор бұрандасын және жастық бұрандасын жабыңыз.
6. Оттегі жастығына мундштукты кигізіңіз.
ә) Оттегі жастығынан оттегі ауа қоспасын беру алгоритмі
Оттегі жастығының мундштугін 2-3 қабатталған дымқылданған салфеткамен орау керек.
Мундштукті науқас аузына 1-2 см аралығында ұстаңыз.
Резеңке түтіктің бұрандасын ашыңыз.
Оттегі жастықшада азайған жағдайда: жастықты бос қолыңызбен қысыңыз,содан кейін мундштукке қарсы шетінен оттегі жастығы босағанға дейін орау керек.
Пайдаланған медициналық құралдарға залалсыздандыру жұмысын жүргізіңіз.
-38-
Достарыңызбен бөлісу: |