СТАНДАРТ
Тері ойылуының алдын алу
Әзірле: резеңке дөңгелек, зарарсыздандырылған салфетка,
камфора спирті, әлсіз калий перманганат ерітіндісі, жылы
су.
Алгоритм әрекеті:
Әр 2 сағат сайын науқас жатқан қалпын өзгертіп, ойылуы мүмкін жерді тексер.
Төсекте қыртыс, тағам қалдығы болмауын қадағала.
Ішкі киімдерін ауыстырып отыр. Сегізкөздің астына резеңке дөңгелек, шынтақ, өкше астына жастықша қой.
Таңертең және кешке ойылуы мүмкін жерлерді камфора спиртімен немесе салицил спиртіне батырылған салфеткамен сүртіңіз.Осы ерітінділер болмаған жағдайда әлсіз калий перманганат ерітіндісімен немесе жылы сумен сүртіңіз.
-35-
Достарыңызбен бөлісу: |