Есіңізде болсын: бірнеше минуттан кейін ішектен сумен бірге
нәжіс шықса, тазалау клизмасының дұрыс
жасалғаны болып саналады.
СТАНДАРТ
Сифон клизмасын қою
Әзірле: Ұзындығы 1,5 м стерильденген резеңке түтікті (ұшында бірнеше тесігі бар), және сиымдылығы 1 литр шыны құйғышты. 10-12 литр бөлме температурасындағы суды, құмыраны,алжапқышты, клеенканы, вазелин майын.
Алгоритм әрекеті: Кушеткаға клеенка жайып, оның шетіне су құятын табақ немесе шелек қойыңыз.
Науқасты сол жақ қырымен кушетканың шетіне тізесін және ұршық буындарын бүктіріп жатқызыңыз.
Резеңке түтіктің ұшын 20-30 см-ге дейін вазелин майымен майлаңыз.
Құйрықты сол қолмен ашыңыз, оң қолмен резеңке түтікті тік ішекке 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.
Резеңке түтікке құйғышты кигізіңіз. Құйғышты еңкейтіп, кушетканың деңгейінен төмен ұстаңыз.
Әзірленген құйғышты 1 литр сумен толтырыңыз.
Су құйғыштың сағасына жеткенше құйғышты ақырындап науқастың денесінен жоғары көтеріңіз (ішекке сумен бірге ауа кірмеуін қадағалаңыз).
Құйғышты бұрынғы қалпына дейін төмендетіңіз.
Құйғыштың іштен жуылған суға толуын күтіңіз.
Құйғышқа толған сұйықтықты табаққа төгіңіз.
Құйғышқа қайтадан су құйып, жоғарыдағы процедураны жуылған су таза болғанынша бірнеше рет қайталаңыз.
Құйғышты шығарып алып, резеңке түтікті іште қалған суды төгу үшін 15-20 минутқа табаққа салып қойыңыз.
Тік ішектен түтікті ақырын шығарып алыңыз.
Пайдаланылған құралдарды залалсыздандыру ерітіндісіне