Култанбаева нургул калдыгуловна


Ертегі дискурсы және ертегі дискурсының зерттелуі



Pdf көрінісі
бет12/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ
810199.pptx, СРСП анг, 8 кл СОР2, Елтан Дидар, Омыртқасыз зоо оқу бағдарлама
1.2 Ертегі дискурсы және ертегі дискурсының зерттелуі 
 
Қазіргі лингвистиканың маңызды жетістігі ретінде тілдің жаңа 
парадигмада, яғни адамның танымдық қызметі тұрғысынан танылуымен 
ерекшеленетіндігін айтуға болады. Сондай жаңа бағыттардың бірі – дискурс 
теориясы. Дискурстық кеңістік тәріздес нысанды ғылыми тұрғыда түсіну адами 
қызметтің барлық саласында болып жатады. 
Біз өз зерттеуімізде ертегі дискурсы дискурстық кеңістіктің бір түрі 
ретінде қарастыра отырып, оның зерттелу барысына тоқталмақпыз. Ертегі 
дискурсының өзекті мәселеге айналуы әлеуметтік талаптардан туындаған деп 
есептейміз. «Ертегі дискурсы өзінің пайда болуы мен дамуының алғашқы 
кезеңдерінде дискурстың жағдаяттық-рөлдік түрінде көрінеді» деп жазады 
Н.А. Акименко [26, 15]. Қарым-қатынастың ауызша түрден жазбаша түрге өтуі 
ертегіге айтарлықтай өзгеріс әкелді. Ертегіші мен тыңдаушының қарым-
қатынасы аясынан шығып, ертегі дискурсы эстетикалық құндылыққа ие болды. 
Сананың тарихилығы мен объективті себептердің күшімен ертегі дискурсы 
жағдаяттық-рөлдік формадан жеке тұлғаға бағытталған тұрмыстық дискурс 
түріне айналады. Ертегі дискурсына қатысушылар және олардың рөлдері 


18 
өзгереді (ертегі құрастырушылар, ертегішілер, қатардағы орындаушылар, 
ертегіні жинаушылар, ертегіні өңдеушілер, авторлар, тыңдаушылар немесе 
оқырмандар).
Е.С. Кубрякова мен О.В. Александрованың «Виды пространства, текста и 
дискурса» (1997) еңбегінде ертегі дискурсы «Жазылған ертегі мәнмәтіні, оның 
нәтижесі, яғни мәтін ерекше әлеуметтік ақпарат түріндегі когнитивтік және 
тілдік қызметтің динамикалық үдерісі» ретінде түсіндіреді [3, 31].
Ғалым Н.Н. Миронова «Дискурс-анализ оценочной семантики» (1997) 
еңбегінде дискурсқа мынандай анықтама келтіреді: «Қоғамдық өмірдің
нормалары мен құндылықтарын сыни тұрғыдан қарастыратын сөйлеу қарым-
қатынасының түрі» [27, 33]. Н.Н. Миронованың болжауынша «Ертегі 
дискурсы» – бұл «мәдени қарым-қатынасқа қызмет ететін ерекше таңбалар 
жүйесі» ретінде анықталады. Бұл жерде автор ертегі дискурсын түрлі 
экстралингвистикалық факторлардың әсеріндегі, яғни менталды, тарихи, 
этнопсихологиялық, мәдени, этнографиялық және т.б. мәтіндердің біріне 
қатысты деп түсінік береді. Н.Н. Миронованың көзқарасы бойынша, қандай да 
бір халықтың діні мен ділі, тарихи дәуірі, тұрмысы мәдени факторларға 
байланысты туындаған ертегі дискурсының типологиялық өзгешелігі деп 
есептейді. Осындай дәлелдер келтіре отырып, автор: «Ертегі дискурсы көп 
аспектілі филологиялық талдау үшін өте маңызды, әрі бұл ұлттың әлем 
бейнесін толыққанды көрсететін дискурстың түрі болып табылады» деп 
баяндайды [27, 48]. Демек, «ертегі дискурсы – бұл абстрактылы қоғамдық 
көрініс емес, құндылық басымдықтарымен айқындалатын қоғам дәстүрлерімен 
анықталған, белгіленген (жазбаша, ауызша) формадағы коммуникативті 
қызметтің көрінісі» [ 27, 31]. 
Кейінгі уақыттардағы дискурс теориясы бойынша жүргізілген 
зерттеулерде «дискурс» және «ертегі дискурсы» ұғымдары түрліше 
анықталады. В.Я. Пропптың «Русская сказка» (2000) еңбегінде «...Ертегі 
дискурсы тек өзіндік, өзіне ғана тән таңғажайыптылыққа ие. Аталмыш жанр 
мәтінінде прагматикалық қызмет түрлі деңгейде жүзеге асады», - деп көрсетеді 
[28, 316]. 
Ю.В. Мамонова бұл жөнінде «Когнитивно-дискурсивные особенности 
лексики английской бытовой сказки» (2004) зерттеуінде «Ертегі дискурсы 
дискурстың белгілі бір түрі ретінде халықтың тұрмыстық ертегілерінің басты 
концептілерін анықтау мақсатында алынады. Соған сай ертегі дискурсы 
«концептуалдық тұрғыда зерттелетін лексикалық құралдармен берілген, 
мәдени-құндылық ақпарат көзі» деп тұжырымдайды [29, 71]. 
Н.А. Акименконың «Лингвокультурные характеристики англоязычного 
сказочного дискурса» (2005) диссертациялық еңбегінде ертегі дискурсы «Тілдік 
құрылымның түрлі деңгейінде вербалданатын, ертегілік категориясының 
арнайы өлшемдерін жүзеге асыратын белсенді орта» [26,4] болып түсіндіріледі, 
сонымен қатар зерттеу еңбегінде ертегі дискурсының анықтамасы когнитивтік 
үдеріс ретінде сөйлеу әрекетімен байланысты қарастырылады. Зерттеуші былай 
деп жазады: «Ертегі дискурсында ертегіші өзінің лингвокреативтілігін,
шынайы өмірде болған оқиғаға өзіндік ерекше көзқарасын көрсетеді. Бұл тілдің 


19 
лексикалық, семантикалық, функционалдық деңгейлерінде көрініс табады» [26, 
95]. 
Ресейлік ғалым М.В. Демина ертегі дискурсы жайындағы зерттеулерінде 
«Ертегі дискурсы – көп ғасырлық тарих ағымында кодталған мәліметтердің 
«әмбебап қоймасы» деп анықтайды [30,91]. Дискурстың бұл түрі ұлт ділін 
және белгілі бір халықтың әлеуметтік-мәдени әлем бейнесін неғұрлым толық
көрсетеді. М.В. Демина
«
Гендерная концептосфера британского сказочного 
дискурса: от традиции к современности» (2000) мақаласында Г.Г. Слышкин, 
И.В. Палаева сияқты ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, Британ 
аралдары халықтары ертегілері материалы негізінде жүргізген зерттеуі 
нәтижесінде дәстүрлі ертегі дискурсындағы гендерлік концептосфера жөнінде 
қорытынды пікір білдіреді. Ертегі дискурсында кездесетін «ер адам» 
концептісіне қатысты тілдік бірліктер «әйел» концептісіне қарағанда екі есе көп 
екендігі туралы жазады. Бұның айырмашылығы ер мен әйелдің өмір сүрудегі 
қызметіне байланысты болатындығын нақты дәлелдермен көрсетеді. «Ер адам» 
концептісі қоғамдық-әлеуметтік қызметте байқалса, «әйел» концептісі 
отбасылық қарым-қатынаста білінетіндігін, «әйел» концептісін бейнелейтін 
тілдік бірліктер «отбасы-туыстық қарым-қатынастағы» қосымша мағыналарды 
білдірсе, «ер адам» концептісі «тұлғааралық қарым-қатынасқа» негізделетіндігі 
туралы нақты дәлелдермен көрсетеді. Одан әрі айтылған концептілерді 
топтарға бөліп, пайыздық көрсеткіштерін нақтылайды. Яғни, жас ерекшелігіне 
байланысты «(adolescent, adult, boy, teenager, thirteen-year old, toddler, old man, 
young man); ұлты (Russian, Yakut, Vietnamese man); отбасы-туыстық қатысына 
байланысты (brother, cousin, dad, daddy, father, grandson, husband,); т.б.» [30, 92].
А.М. Кербс «Орыс ертегі дискурсының кеңістігі» (2010) мақаласында 
халық ертегісінің поэтикасын антропоцентристік призма және риторика арқылы 
зерттеу яғни, орыс халық ертегілерінің құрылымдық, мазмұндық, тілдік 
ерекшеліктерін ертегі дискурсы кеңістігінің инвариантты және этномәдени 
тілдік бірлік ретінде қарастыруына мүмкіндік береді. Ертегі дискурсын этно-
әлеуметтік-мәдени тұрғыдан айқындалған әлем бейнесі және халық ділінің 
терең көрінісі, сонымен қатар оны тудыратын ұжымдық тілдік сана ретіндегі 
халықтың сөйлеу-ойлау қызметінің лингвориторикалық стратегиясы деп 
анықтайды. Ертегі дискурсын күрделі әлеуметтік – мәдени – қарым-қатынас 
өнімі және этностың ұжымдық тілдік тұлғасының сөйлеу-ойлау үдерісі деп 
тұжырымдайды [31, 5]. 
Ертегі дискурсы тілдік бірліктер арқылы көрінетін мәтіннің өзінен басқа, 
айқын этномәдени сипаттағы экстралингвистикалық факторлардың жиынтығын 
қамтиды: әлемді тану, дүние туралы түсініктер, моральдық-этикалық және
вербалды-семантикалық бағдарды, сонымен бірге тілдік тұлғаның лингво-
когнитивтік, ұжымдық-мотивациялық деңгейлерін қамтиды деп жазады. 
А.М. Кербс ертегі дискурсы этностың тілдік әлем бейнесі тұрғысынан 
менталды призмасын және оның иерархиялық ұйымдасуы мен өзара 
байланысты тарихи, әлеуметтік, ұлттық, мәдени, психологиялық-педагогикалық 
бағдарлары, халық санасында құрылған нормаларын, басымдықтарын көрсетеді 
деп тұжырымдайды.


20 
К.Т. Батуева, 
И.Г. Ульянова өздерінің 
«Лексические особенности 
сказочного дискурса» (2011) атты мақаласында ертегі дискурсын былайша 
анықтайды: «Ертегі дискурсы экстралингвистикалық, әлеуметтік-мәдени, 
прагматикалық және психологиялық факторлардың жиынтығынан тұратын 
байланысты мәтін». Ертегі мәтініндегі ертегілік әсер беруде басты рөл 
атқаратын лексикалық компоненттерге, ертегі мәтініне ғана тән сөйлеу 
жанрының сюжеттік канонына, ертегінің негізгі кейіпкерлері мен ертегі 
мазмұнында көрсетілген арнайы хронотопқа талдау жасайды

Ертегі мәтінінің 
қалыптасқан дәстүрлі түрі ретінде мәтіннің негізгі бөлігінде басты оқиғалар 
баяндалып, соңғы бөлігінде барлық шиеленістің шешіліп, бақытты болып 
аяқталатындығы туралы ақпарат береді. Мысал ретінде басқа ешбір дискурс 
түрінде кездеспейтін, әйгілі орыс ертегілеріндегі лексикалық біркелкі топтарды 
төмендегідей ретте топтастырады:
• «Змей-Горыныч» (жер асты патшалығы); 
• «Кащей-Бессмертный» (адам жасын анықтаушы клишелер); 
• «Избушка на курьих ножках» (нысанды сипаттайтын клишелер); 
• «Скатерть-самобранка» (заттың сипаттамасы); 
• «Водяной» (қаһарманның мекені); 
• «Царевна-лягушка» (кейіпкер портреті); 
• «Лягушка-квакушка» (кейіпкердің сипаты); 
• «Царевна-Несмеяна» (кейіпкер мінезі); 
• «Морозко и Снегурочка» (маусым немесе әрекет ету мерзімі)» [32, 91]. 
Осылармен байланысты ертегіде тұрақты түрде кездесетін клишелер 
жайында, олардың әрі үнемді, әрі ертегі дискурсына тән екендігін, олардың
орналасу ретіне қарай «бастапқы», «ортаңғы» және «соңғы» болып 
бөлетіндігін атап айтады. Оны төмендегі Кесте 1-де ұсынамыз:
Кесте 1 – Ертегі дискурсына тән тұрақты клишелер
Қазақ ертегілері 
Орыс ертегілері 
Араб ертегілері 
• «Ерте, ерте, ертеде, 
ешкі жүні бөртеде»; 
• «Баяғыда бір бай 
болыпты, төрт түлігі сай 
болыпты»; 
• «Баяғыда бір кедей 
болыпты, бір перзентке 
зар болыпты»:
• «Бай болып, барша 
мұратына жетіпті». 
• «жили-были»; 
• «в некотором царстве, в 
некотором государстве»; 
• 
«скоро 
сказка 
сказывается, да не скоро 
дело делается»; 
• «и я там был, мед-пиво 
пил, по усам текло, да в 
рот не попало»; 
• «повели под венец, тут 
и сказке конец»; 
•«тут и сказке конец, а 
кто слушал – молодец». 
• نام َّزلا
ِيِف
ميِدَق
ِ
َِناك ерте 
заманда болған 
• ِِم اَيلأا َِنِم م ْوَي يف َِو
күндердің бір күнінде 
• دلاِب نِم دَلَب يِف
елдердің бір елінде 
• ِ لاب أَنْهَأ ِ لاح َو ِِدَعْسَأ ىَلَع ِْم ه 
ِِةايَحْلا َو َِلو ط َِوو شاعاًعيِمَج 
бақытты да, ұзақ өмір 
сүріпті. 
Берілген мысалдардан ертегі дискурсының дискурстық тәжірибесі көрінеді. 
Демек, онда әлеуметтік-мәдени тәжірибе тұрады. 


21 
Т. Луговая «Қазіргі мәдениеттегі ертегі дискурсы» (2012) деп аталатын 
мақаласында 
фольклорлық 
ертегінің 
қазіргі 
заманғы 
мәдениет 
қалыптастырушы факторлардың қатарында екендігі жөнінде айта отырып, 
өзіндік дәлелдерін келтіреді. Ертегі өзіне тән ерекшелігімен адамда шындық 
туралы интуитивті идеялар жүйесін құрайды. Адам санасында бар белгілі бір 
маңызды архетиптер қоймасы ретінде ертегі мәдениет дискурсына әсер 
ететіндігін жаза отырып, дәстүрлі фольклор жанрларының заманауи ақпараттық 
қоғамдағы мәдениетті қалыптастырушы рөлін айқындайды. Дәлел ретінде 
ертегілік образдардың формуласы мен сызбасының көптеген жарнамалық 
роликтерде, шоу-бағдарламаларда, клиптерде, кино және т.б. өзгертілместен 
жүзеге асатындығын жазады. Көптеген теледидар бағдарламаларында,
жарнамаларда жан-жануарлар ертегісінің үзінділері жиі қолданылады. Мысалы, 
«Milka» шоколадында сиыр түсірілсе, «Nesquik» сусынында қоян және т.б. 
әрекеті көрінеді. Ертегідегі қазіргі уақыт үнемі маңызды, әрекеттің барлығы 
«қазір», яғни уақыттың қазіргі үзігінде аяқталады. Ертегідегі көптеген тұрақты 
құрылымдар өткен шақта болып кетсе де, қазіргі уақытпен түсініледі. 
Ақпараттық қоғамда бұл интербелсенді бағдарламалар мен репортаждан 
көрінеді. «NV-shop» бағдарламасы немесе саяси жарнамаларда «чтобы было 
будущее – голосуй сейчас» деген мәнде көрінеді деп жазады. Осы тәріздес 
мысалдар келтіре отырып, қазіргі заманғы мәдениеттің мифтен бастау 
алатынын, біздің санамыздың мифтік санамен, біздің виртуалды өніміміздің 
ертегімен байланысын дәлелдейді. Сондай-ақ ертегідегі қайталауларды 
«нақты» және «қысқартылған» сипатқа бөліп, «нақтыға» үштік сызбасы 
бойынша түсірілген жарнамалық роликтерді мысалға келтіреді. Ертегідегі үш 
сынақ, үш ұлының болуы т.б. үшеуінің мықты, әлсіз, өте төмен болуы сияқты, 
жарнамаланған заттың да үш түрлі қасиетін көрсететініне мынандай мысалдар 
келтіреді. Мысалы, «Nivea» кремі «очищает –тонизирует –смягчает». Егер 
жарнамада үштік әдісі болмаса, бинарлы, яғни екілік оппозицияға жүгінеді 
(«таблетка – боль, стиральный порошок – жирные пятна» и т.д). Ертегідегі 
тұрақты мотивтер ғажайып көмекшілер мен сиқырлы заттар көмегімен жүзеге 
асып жататын болса, өнімді жарнамалауда да бұндай ғажайыптар қолданылады 
(дезодорант кейіпкердің зәулім үйлердің шатырынан секіруіне, екі көшені бір 
қадаммен аттап өтуіне, ұшуына көмектессе, сағыз жарнамасында кейіпкерін 
экзотикалық елдерден бір-ақ шығарады) деп мысалдармен дәйектейді. 
Осылайша мифтік сана ертегіде ғана көрініп қоймай, қазіргі заманғы 
мәдениетті қалыптастырушы мәдени фактор ретінде де жүзеге асатындығын 
көрсетеді [33,14-18]. 
У.В. Каримова «Ертегі дискурсының лингвомәдени сипаты» (2013) 
магистрлік диссертациясында ертегі дискурсының негізгі сипатын, ертегі 
дискурсының тақырыптық мазмұнын талдай отырып, ертегі дискурсының 
дискурстың басқа түрлерінен ерекшеліктері мен ұқсас жақтарын ашып 
көрсетеді. Дәстүрлі көзқарас шеңберінде дискурстың жаңа түрін таңдау 
бірқатар өлшем негізінде жүзеге асырылатындығын төмендегідей дәлелдейді 
[34, 19]: 


22 
1. Қарым-қатынасқа қатысушылардың сипатына қарай дискурстың екі түрі 
ажыратылады: әлеуметтік және жеке тұлғаға бағытталған. Әлеуметтік-
бағдарлық бағыт қоғамдық қатынастар, қоғамдық сана институтының, сондай-
ақ кәсіби бағдар жүйесінің болуын білдіреді.
2. Дискурстың тарихи сипаты, яғни белгілі бір дәуірмен байланысы және 
әлеуметтік қажеттілігі қарым-қатынас стратегиясымен анықталады.
3. Дискурстың үдерістік сипаты ондағы қарым-қатынастың осы шақта, өткен 
шақта, келер шақта жүзеге асуымен анықталады. 
4. Түрлі қарым-қатынас саласындағы дискурстардың өзара байланысы. 
5. Дискурстың 
өтпелі сипаты объективті себептерге және сананың 
тарихилығына байланысты бірте-бірте өзгерістерге ұшырап, ертегінің ауызша 
түрден жазбаша түрге ауысуы, ертегі дискурсының қазіргі мәдениеттен 
көрінуімен анықталады деп жазады. 
Ертегі дискурсы күрделі лингвомәдени құрылым ретінде қазіргі заманғы 
қарым-қатынастың әртүрлі жағдайларында тірі орындаушының немесе жансыз 
техникалық тасымалдаушының және оны алмастыратын тыңдаушының, нақты 
тақырыптардың, жанрлардың және орындалу әдістерінің қатысуымен жүзеге 
асырылады. Ол эстетикалық, дидактикалық және сатиралық әсерге жету үшін 
ерекше прагматикалық бағытқа ие, бұл ертегі бояуы мен тілінің бірегейлігін 
түсіндіреді. Сондай-ақ ертегі дискурсы мен көркем дискурс байланысының 
ежелгі тарихы бар. Көркем әдебиеттің бір бөлігі ретінде басқа өнер түрлерінің 
бірі – ертегі дискурсы халық шығармашылығы болып саналады. Көркем қарым-
қатынастың бастапқы түрі ретінде ертегі дискурсының ауызша түрі өнердің 
басқа түрлерімен, шебер хикаятшылардың шығармашылығымен генетикалық 
байланысына орай ажырағысыз болады. Осының барлығы дүниенің көркем 
бейнесін құрайды және халық өнерінің неліктен үлкен эстетикалық ләззат 
әкелетінін түсіндіреді. 
Ю.М. Брейгер 
«Орыс, француз ертегі дискурсындағы сынақтың 
вербалдануы» (2013) диссертациясында ертегі дискурсындағы сынақты 
салғастырмалы аспектіде қарастырады, орыс және француз ертегілерінің 
құрылымы 
мен 
лингвомәдени 
ерекшеліктерін 
анықтайды, 
ертегі 
дискурсындағы сынақтың өзектелуінің ұлттық ерекшеліктері зерделенеді. 
Ғалым аталған тілдердің ертегі дискурсындағы кейіпкер сынағының әмбебап 
белгілерін, кейіпкер сынақтарының өтетін орындарын, түрлерін нақтылайды. 
Сынақтан өтетін кейіпкерлер мен олардың көмекшілері, қарсыластары, 
ғажайып құралдары анықталады. Ертегі сынағының дискурстық көрінісін
тағам, киім, ұлттық салт-дәстүр т.б. лексикалық бірліктерден, көнерген 
сөздерден, тұрақты тіркестерден, бейнелікті беретін стилистикалық құралдар 
арқылы дәйектейді [35, 3-5]. 
О.А. Плахова «К вопросу о взаимодействии дискурса и жанра (на примере 
сказочного дискурса)» (2015) мақаласында дискурс пен жанрдың өзара 
әрекеттесуін, дискурс пен жанр дамуындағы бірдей үрдістердің болуын, 
сонымен қатар жанрдың дискурстың маңызды атрибуты ретіндегі
ерекшеліктері туралы сөз қозғайды. Дискурсты зерттеуде ресейлік лингвистер 
ертегі дискурсын және оның конститутивтік белгілерін айқындау мақсатындағы 


23 
заманауи тәсілдің бірі ретінде жанрлық ерекшелікті белсенді түрде 
қолданатындығын айтады. Дискурстық және фольклорлық зерттеулердегі 
«жанр» ұғымына салыстырмалы талдау жасай отырып, ағылшын тілді ертегі 
дискурсына қатысты жанрлық өлшемдер мен ертегілік ғажайыптар жайын 
зерделейді [36, 33]. 
О.А. Плахова «Ағылшын ертегілерінің лингвосемиотикасы: жанрлық 
кеңістігі, таңбалық бейнеленуі, дискурсивтік өзектелуі» (2013) монографиясын- 
да халық ертегі дискурсын үдеріс немесе нәтиже, олардың өзара байланысын 
анықтайтын қалыптасқан көзқарастарды зерттейді. Ғалым халық ертегі 
дискурсын өз бойына халық ертегілері, аңыздар, балалар ертегілері, тарихи 
ертегілер сияқты фольклорлық мәтіндердің аралас жанрларын қамтитын 
лингвосемиотикалық құбылыс ретінде қарастырады. Халық ертегі дискурсын 
жалпы ертегілік категория мен ғажайыптан құрылған, мифологиялық наным-
сенімге негізделген, вербалды және бейвербалды таңбалар жүйесімен берілген 
күрделі құрылым деп есептейді. О.А. Плахова халық ертегі дискурсын 
төмендегідей анықтайды: қоршаған дүние мен адам арасындағы қарым- 
қатынас сипатын түсіндіретін, өмірдің мәні мен мағынасын анықтауды мақсат 
ететін жеке қарым-қатынас; әр түрлі мәтіндердегі мәдени ақпарат пен 
құндылық стратегияларынан тұратын белгілі бір этникалық топтың сөйлеу 
және ойлауының әлеуметтік мәдени, қарым-қатынас өнімі; ерекше әлеуметтік 
формада ұсынылған мәтін, оның нәтижесі ертегілік контексте жазылған, тілдік 
және танымдық іс-әрекеттің динамикалық үдерісі деп анықтайды. Берілген 
анықтамаларда халық ертегі дискурсының үдерістік, өнімдік және өзара 
байланысты аспектілеріне назар аударылады. Халық ертегі дискурсының тағы 
бір ерекше сипаты нақты бір қарым-қатынас аясын қамтитын, оның 
семиотикалық кеңістігінен көрінеді деп жазады. Халық ертегі дискурсындағы 
символдар мифологиялық жағдаяттардан алынатын таңбалар ретінде көрінеді. 
Автор мифологиялық символдардың халық санасындағы құндылық 
басымдықтармен өзара байланысы халық ертегілеріндегі бейнелердің 
туындауына себеп болатындығын атай отырып, ертегі дискурсының 
семиотикалық 
табиғатын 
театр, 
теледидар, 
компьютерлік, 
жарнама 
дискурстары арқылы анық көруге болады деп жазады [37, 216].
Л.П. Ковальчук 
«Ертегі 
дискурсының 
құрылымы 
және 
ғылыми 
парадигмасы» 
(2013) 
мақаласында 
ертегі 
дискурсының 
мәдени 
құндылықтарын, негізгі ерекшеліктерін анықтайды. Ғалым ертегі дискурсының 
ерекшеліктеріне тілдік және бейнелі метафораны, қиял мен шындықтың 
қатынасы, кеңістік пен уақыттың ерекше формаларын жатқызады. Зерттеушінің 
пікірінше, ертегі дискурсы көп ғасырлық тарих қойнауында кодталған 
ақпараттың әмбебап қоймасына айналады деп жазады. Ертегі дискурсы кез 
келген халықтың шынайы өмірімен байланысты [38,104-109]. Ертегі 
дискурсындағы қиял нақты бір шынайы өмірдегі оқиғаға негізделеді.
Негізінен алғанда ертегінің бірінші мақсаты белгілі бір уақыттағы 
қоғамдық және тәрбиелік тұрақтылықты жеткізу болып саналады. Адресант 
тұспалдап жеткізе отырып, қоғамдағы әлеуметтік-саяси жағдайларды «ақымақ 
кейіпкерлер», олардың қисынсыз әрекеттері арқылы мысқылдау түрінде


24 
жеткізеді. Осындай арнайы сюжеттік желіге құрылған ертегілерді барлық 
халықтардың ауыз әдебиетінен кездестіруге болады. Бұл туралы П.Т. Әуесбаева 
«Ертегілік сюжеттер мен мотивтер жөнінде» (2015) мақаласында «...Қай 
халықтың фольклорына да енген мотивтер мен сюжеттер трансформацияға 
ұшырап, сол халықтың салт-дәстүріне бейімделеді. Ертегілер ауызша туылып, 
ауызша тарағандықтан әрбір ұлттың өзінің топырағында өзіндік ерекшелігімен 
дамып жетіледі. Туыстас емес халықтармен де ортақ мотивтердің көрініс табуы 
жалпы адамзат басынан өткерген тарихи-әлеуметтік дамудың әсері» деп 
анықтайды [40, 173] .
Д.Ф. Шакиров, 
А.Ш. Юсупова «Ертегі дискурсының лингвомәдени 
аспектісі және оның татар тіліне аударылу мәселесі» (2016) мақаласында орыс 
халық ертегілерін татар тіліне аударудағы «ертегі дискурсы» ұғымын 
түсіндірудің заманауи теориялық көзқарастарын қарастырады. Ғалымдардың 
пікірі бойынша, дискурсты түсінуде, қарастыруда зерттеушілердің көпшілігі 
дискурсты лингвистикалық және экстралингвистикалық факторлардың 
жиынтығы ретінде зерттеу қажеттілігін, тілдік құралдардың (сөйлеудің 
формасы мен мазмұны) қарым-қатынастың әлеуметтік жағдайларына, қызмет 
салаларына тәуелділігі туралы айтатындығын басты назарға алады. Ертегі 
дискурсы виртуалды әлемнің немесе қиял арқылы жасалған менталды 
кеңістіктің психикалық шындығы ретінде қарастырылады, онда кейіпкерлер 
мен өрбіп жатқан ертегі оқиғалары дискурстың виртуалды ортасында өмір 
сүреді, өйткені олар онда шынайы көрінеді деген ой айтады. Ертегі 
дискурсының болуы, көрінуі және ерекше таңбалық қасиеті ертегі 
мазмұнымен, оның тарихи оқиғалармен, дискурстың басқа түрлерімен, 
байланысымен айқын көрінеді деп жазады. Ертегі дискурсының басқа дискурс 
түрлерімен өзара ұқсастығы олардың генетикалық байланысы мен жалпы 
ортақтығына негізделген. Ертегі дискурсы шын мәнінде бар, ежелгі қарым-
қатынас жүйесі ретінде көптеген дискурс түрлерімен өзара байланысады. Ертегі 
дискурсына тән кейбір белгілер мен ұқсастықтар көркем дискурс және діни 
дискурстан бастау алады. Халықтың менталды стереотиптерін ұрпақтан- 
ұрпаққа жеткізетін ертегі дискурсының тікелей құрамдас бөліктері болып 
саналады, сонымен қатар тілдік және аралас сипаттағы белгілерді қамтиды, 
ерекше әлеуметтік ақпарат ретінде дискурстың бар екендігін дәлелдейді. 
Зерттеушілер ертегілік категорияға негізделген мәтіндер жанрлық кеңістікте 
болуымен 
ерекшеленеді 
деп 
атап 
көрсетеді. 
Ертегі 
дискурсының 
лингвосемиотикалық кеңістігінің өзегіне жан-жануарлар және қиял-ғажайып 
ертегілерді жатқызады, ал шеткері аймағына аңыздар, әпсаналар және олардың 
фольклорлық түрлері жатады деп есептейді. Д.Ф. Шакиров, А.Ш. Юсупова 
зерттеулерінде ертегілік категориясына ерекше назар аударады. Ертегілік – 
тілде деңгеймен бейнеленетін, ертегілік қарым-қатынастың әртүрлі жағдаятына 
қатысты 
қолдануға 
мүмкін 
болатын, 
тілдік 
бірліктерден 
тұратын 
лингвопрагматикалық сипаттағы категория [40, 680-681] деп анықтайды. 
А.Э. Эрнисова қырғыз тіл білімінде «Қостілді тілдік санадағы прецеденттік 
феномендер» (2016) мақаласында қырғыз-орыс қостілділігіндегі прецеденттік 
феномендердің өзектелуіне назар аудара отырып, Алдар Көсе, Құйыршық 


25 
бейнелерін Иван-дурачок бейнесімен салыстырады. Сонымен бірге ғалым 
прецедентті феномендерді лингвомәдени код және архитип ретінде 
қарастырады [41, 45].
И.С. Соборная 
«Теоретико-методологическая 
основа 
исследования
сказочного дискурса» (2017) еңбегінде «Ертегі дискурсы» терминіне 
байланысты бірнеше ғалымдардың анықтамаларын салыстыра көрсетеді. 
«Ертегі дискурсы – дүниенің ұлттық бейнесін барынша толық көрсететін
дискурстың бір түрі» деп анықтама береді [42, 39].
Ғалым Е.Ф. Бизунова «Сказочный дискурс как отражение менталитета 
народа (на примере белорусской и немецкой сказок)» (2017) мақаласында 
белорусь және неміс халықтары ертегілерін салыстыра талдай отырып, жалпы 
ертегі жанры этникалық топтар ділінің жарқын көрінісі болып табылатындығы 
туралы хабарлайды. Ертегі дискурсында аталған халықтардың дүние бейнесінің 
ерекшеліктері анықталады. Мысалы, неміс халқы– еңбекқор, әділ және ұқыпты, 
отбасының қамқоршысы болуға үнемі әзір тұрады, ал белорусь халқын 
өнертапқыш, рухани бай халық деп баяндайды. Одан әрі ертегінің күні бүгінге 
дейін маңызын жоймауының себептерін айта келіп, онда әділдік ұғымы мен 
әділдіктің түбінде салтанат құратындығын, жеңістің жарқын күшін 
насихаттайтындығынан хабар береді. Осылайша, ертегі дискурсын көп 
деңгейлі, көп қырлы ұғым деп қарастырады. Бұл құбылыстың мәнін түсіну 
үшін ауыз әдебиетінің тарихи туындауы мен дамуын және онда ертегінің 
жетекші жанрлардың бірі ретінде ерекше орын алатынын жете ұғынудың 
қажеттігін атап көрсетеді. Ертегі дискурсының дискурстың педагогикалық, 
саяси дискурс сияқты түрлерімен де байланыстылығын, халықтың мәдени 
мұрасын көрсететін көркем дискурстың бір түрі болып табылатындығынан да 
хабар береді. Одан әрі
«
Сказки включают в себя многовековой опыт народа, 
подтверждением чему является наличие в них природных и антропологических 
концептов, таких понятий, как душа, добро, зло, сердце, воля, истина и правда, 
любовь и ненависть, злоба, справедливость, вера, духи, свет и тьма и т. д. 
Сказочный дискурс – это своеобразное собрание большого количества 
социоконцептов, разнообразных вариантов их реализации, соотнесенность с 
реалиями той или иной эпохи, авторитет традиций, проверенный временем, 
особенности 
сознания 
индивида 
и 
всего 
народа, 
обусловленные 
лингвистическими, этническими, культурными, социально-историческими 
факторами» [43, 54] деген дәлелді пікірін келтіреді. 
Ю.С. Городова «Специфика сказочного дискурса в англоязычном эпосе» 
(2017) еңбегінде ертегі дискурсының шығу тегіне, басқа дискурстармен өзара 
байланысына, 
ертегілік 
категориясына 
тоқталады. 
Зерттеуші 
ертегі 
мәтіндерінің атауларын, олардың құрылымын, ертегі дискурсындағы тілдік 
тұлғаның қарым-қатынас стратегиясының ерекшеліктерін зерттейді. Ғалым 
ертегі дискурсына: «Ертегі дискурсы – ойдағы виртуалды кеңістікте жасалған 
кейіпкерлермен оған байланысты ертегілік оқиғалары бар жиынтық», - деп 
анықтама береді[44, 58]. 
С.К. Кенжемуратова «Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі ертегі 
дискурсының лингвомәдени өлшемдері» (2020) магистрлік зерттеуінде ертегі 


26 
мәтіндерінің лингвомәдени сипатына салыстырмалы-салғастырмалы талдау 
жасайды. Зерттеуде лингвомәдениетаным мен когнитивтік лингвистиканың 
негізгі қағидаларын басшылыққа ала отырып, концептуалдық талдау жүргізеді. 
Аталған тілдердің ертегі дискурсындағы мәдени концептілеріне талдау 
жасалып, олардың ерекшеліктері жөнінде жазады. Әрбір ұлттық мәдениетті 
бір-бірінен ерекшелейтін, әрбір тіл тұтынушысы өзін қоршаған әлемді және 
ішкі әлемін суреттеу үшін көмекке келетін арнайы тілдік бейнелері, 
символдары туралы жазады [45, 43]. Сонымен қатар ертегі дискурсында мәдени 
кодпен байланысты белгілерге тоқталып, мұндай пайымдаулар сыртқы және 
ішкі дүние шындықтары туралы типтік болжамдардың негізінде жатыр деген 
тұжырым жасайды. Алайда, зерттеу жұмысында ертегі дискурсының жанрлық 
ерекшеліктері, ертегі дискурсы мен ертегі мәтінінің айырым белгілері 
көрсетілмейді. Ертегіні фольклор жанры ретінде анықтап, лингвомәдени талдау 
жасайды. И. Больте, Г. Поливко, А.Н. Никифоров т.б сынды ертегіні фольклор 
жанры ретінде зерттеген ғалымдардың анықтамаларын басшылыққа алады. 
Сонымен бірге қазақ, орыс, ағылшын ертегілеріндегі бас кейіпкер бейнесін, 
сюжеті мен мотивін лингвомәдени өлшем ретінде қарастырады. Ертегі 
дискурсын бұлай зерттеу біздің ойымызша, ертегі дискурсының табиғатын 
ашудан және дискурстық-лингвомәдени талдаудан гөрі әдеби талдауға көбірек 
жақын. Ертегі дискурсына анықтама берілмеген, «лингвомәдени өлшем» ұғымы 
анықталмаған. «Посколько единой научной классификации до сих пор не 
сушествует, жанры или группы сказок исследователи выделяют по-
разному»[45, 25] деп ертегінің тақырыптық жанрына назар аударады. Зерттеуші 
еңбегінен ертегіні дискурстық талдаудан гөрі, лингвомәдени аспектіде талдауға 
ұмтылғаны байқалады. Біздің пайымдауымызша, ертегі дискурсын дискурстық-
лингвомәдени талдау қажет, сонда ғана ертегі дискурсының өзіндік ерекшелігі 
толық ашылады.
Зерттеуші А.Т. Қасымбекова «Ертегілердегі ғаламның концептуалдық 
бейнесі (қазақ және ағылшын тілдері негізінде)» (2020) диссертациялық 
еңбегінде ертегі дискурсын үстіңгі құрылым және терең құрылым аспектісінен 
талдап, әр түрлі ұлттардың халықтық ертегілеріндегі айырмашылықтарды 
ертегі дискурсының терең құрылымынан іздеген дұрыс деп пікір білдіреді. Ал 
үстіңгі құрылым барлық халықтарға ортақ әмбебап матрица деген ойын 
дәлелдейді. Басты айырмашылықтың мәдени мазмұнынан көрінетіндігін және 
олардың ертегі дискурсының терең құрылымында кодталатындығын атайды. 
Сонымен бірге әр этностың ертегісін бір-бірінен ерекшелеп тұратын мәдени 
маркерлері мен прецедентті атаулар екендігі туралы баяндайды [46, 116]. 
Ғалым ертегі дискурсына төмендегідей анықтама береді: «Ертегі дискурсы – 
негізін уақыт категориясы құрайтын «идеалды ақиқат болмыс» болып 
табылады» [46, 78]. А.Т. Қасымбекова «қиял-ғажайып ертегілерінің басты 
ерекшелігі – ертегі дискурсының негізін ерекше категория ертегі уақыты 
құрайтынында болып келеді. Басқа көркем шығармаларға қарағанда ертегі 
мынадай белгілермен сипатталады: 
- қызықты оқиғалар сан түрлі болуы мүмкін, бірақ олар үнемі 
бірыңғай болып келеді; олар белгілі бір өте қатаң заңдылықтарға 


27 
бағынышты; 
- ертегіде үнемі іс-қимыл сәтінің өзі нақты сипатталмайды, ол тек 
екі-үш сөзбен ғана келтіріледі... ертегі дискурсындағы уақыт концептісі 
синхрония мен диахрониядағы, сондай-ақ ертегі уақытындағы кеңістіктік 
өзгерістердің жиынтығы ретінде анықталады» деп жазады [46, 78-79]. 
А.В. Шаколо «Ертегі дискурсы: пайда болуы, қалыптасуы, орыс, белосурь, 
неміс лингвомәдениетіндегі тірек концептілер» (2021) еңбегінде ертегі 
дискурсын қазіргі тіл білімінің даму кезеңіндегі дискурс теориясының 
ажырамас компоненті ретінде қарастырады. Жалпы дискурс теориясындағы 
ертегі дискурсының орнын сипаттайды, қазіргі тіл біліміндегі аталған сұрақтың 
маңыздылығын зерделейді. Зерттеуші ертегіні бір жағынан дүниенің қарапайым 
мифологиялық және фольклорлық бейнесінің нәтижесі ретінде қарастырса, 
екінші жағынан дүниенің концептуалдық бейнесі ретінде дәйектейді. Бір 
немесе бірнеше авторлары бар көркем шығарма жеке авторлық дүние бейнесіне 
негізделсе, ертегі дискурсында ұжымдық дүние бейнесі көрініс табады, ертегі 
дискурсы мен көркем дискурсты ұқсас концептілер байланыстырады. Ертегі 
дискурсының пайда болуын толық ұжымдық бейсаналық құбылыс деп 
қарастыруға негіз жоқ деп есептейді. Ғалым ертегі дискурсында ұжымдық сана 
мен жеке тұлғаның әлеуметтік қарым-қатынасы, ертегішінің ойдан шығару 
қабілетінің қатысы бары туралы айтады. Ертегіде жеке және ұжымдық сана 
көрініс береді деп тұжырымдайды. Ғалымның пікірінше, біріншіден, кез келген 
этностың ертегілерден, мифтерден, аңыз, әпсана мәтіндерінен тұратын 
дискурстық корпусы, яғни аталған мәдениеттің іргетасы болатыны, екіншіден, 
халықтар арасында символдар мен бейнелер ауысып отырады деп санайды. 
Мысалы, гномдар, вампирлер, ал кейбір символдар тек бір мәдениетке ғана тән 
болуы мүмкін. Үшіншіден, ертегі дискурсына кумулятивті компонент тән деп 
есептейді, яғни мұндай компоненттің болуы ертегілердің ұзақ уақыт бойы 
ауызша таралуынан көрінеді деп жазады. Зерттеуші ертегі дискурсын көркем 
қарым-қатынастың алғашқы түрлерінің бірі деп есептейді. Ертегі дискурсы 
әлеуметтің көзқарасына, бағдарына, мінез-құлқына, ұмтылысына, мақсатына 
ықпал ететін жеке тұлға санасының белгілі бір кезеңін бейнелейді [47, 96-99]. 
В.В. Галлямова «Ертегі дискурсын зерттеудегі ертегінің топтастырылуы» 
(2021) мақаласында ертегіні «ертегі дискурсын» қалыптастырған дискурстың 
дербес түрі, фольклордың ерекше зерттелетін жанры деп қарастырады. Қазіргі 
тіл біліміндегі «дискурс» ұғымының өзі ертегілік дискурстың пайда болуының 
негізі дей отырып, Е.С. Кубрякованың «Тіл және таным» еңбегіндегі «Дискурс 
– мақсат қою және ниеттілікке ие адамдар арасындағы қарым-қатынас 
формасы» деген анықтамасын айтады және ғалымның «ертегі дискурсы» 
тіркесінің қолданылуына келтірген келесі тұжырымдарын береді: ертегі тұлға 
мен әлеуметті білдіреді, оның антропологиясын көрсетеді; ертегі дискурсы 
коммуникативті қызметпен (қоршаған орта туралы ақпаратты беру) 
сипатталады; ертегі ұғымдарды қамтитын белгілі бір концептуалды саламен 
байланысты. Одан әрі ертегі дискурсы – фольклордың бір бөлігі. «Ертегі» 
ұғымы «ертегілік дискурс» ұғымының негізгі құрамдас бөлігі болатындығын 
жазады [48, 21-25]. 


28 
С. Цзинтин 
«Орыс халық ертегілерінің дискурстық ерекшеліктері 
(А.Н. Афанасьев 
жинағының 
материалдары 
бойынша)» 
(2021) 
диссертациясында орыс халық ертегілерінің тілдік және лингвомәдени 
ерекшеліктеріне талдау жасайды. Ғалым ертегі дискурсының композициялық, 
гендерлік, мәдени және тілдік аспектілеріне зерттеу жүргізе отырып, ертегі 
дискурсын халықтың сөйлеу, психологиялық және әлеуметтік күрделі іс-әрекеті 
деп анықтайды. Зерттеуші ертегі дискурсына төмендегідей анықтама береді: 
сюжеттен, композициядан, стилистикадан, прагматикадан көрінетін этностың 
ұжымдық тілдік тұлғасының әлеуметтік-мәдени ерекшелігін бейнелейтін 
лингвомәдени жиынтық [49, 6-7].
Жоғарыда талданған ертегі дискурсын зерттеген ғалымдардың 
пікірлерін зерделей келе, «ертегі дискурсы» терминінің анықтамасын 
салыстырмалы сипатта төмендегі Кесте 2-де ұсынамыз: 
Кесте 2 – «Ертегі дискурсы» терминінің анықталуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет