71
адамдарға бөлек «табақ тарту» оның елге беделі бар, үлкен
құрметке лайық
екендігінің нышаны. Демек, бұл жердегі жағдаяттан «Ерназардың сегізі» деген
атпен танылған «Ер Төстіктің» бауырларының бай, батыл, елге сыйлы жандар
екендігін байқатып отыр.
Сандық ұғымдардан бөлек ертегі дискурсында ұлттық ерекшелікті
көрсететін басқа да мәдени код ретіндегі тіркестерді көрсетуге болады.
Мысалы, «Алтын мүйізді киік» ертегісінде: «
-Балам, сен өзің жалғыз екенсің.
Аң аулап қана тіршілік ететін көрінесің. Бізде мал да, дүние-байлық та мол.
Сен енді осында қал да отау тігіп, түтін түтет, – дейді Бұлдырмергенге»
.
Осы сөйлемдегі «отау тігу», «түтін түтету» сөздерінің астарында үйлену, өз
алдына үй болу, ұрпақ жалғастыру сияқты түсініктер жатыр. Қазақ халқында
отбасын құрған жастарды өз алдына бөлек үйге жайғастырып, оны отау үй деп
атайтын болған да, ата-ананың отырған үйін шаңырақ, үлкен үй деп атаған.
Келтіріліп отырған ертегі мәтініндегі түтін түтету – от жағу, яғни отбасындағы
жылылық дегенді білдіріп, «түтіні түзу шығу» деген тіркеспен астасып жатыр.
Бұл тіркестің мағынасы отбасы мүшелерінің амандығы мен татулығынан хабар
береді. Егер ертегіні тыңдаушының осы аталған тіркестердің мәдени
мағынасын түсінетін аялық білімі болмаса, ертегі дискурсы орын алмай, қарым-
қатынас сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Осы жерден ертегі дискурсының
лингвомәдени өлшемдерін анықтаудың маңызы айқын көрінеді. Өзге ұлт өкілі
емес, тіпті қазіргі қазақ жастары да осындай сөздер мен тіркестердің мәдени
мағыналарын түсінбеуі кездесіп жатады. Сондықтан ертегі дискурсында
осындай мәдени кодтардың астырт құрылымдарын түсіндіруге
ерекше назар
аударылуы тиіс деп есептейміз.
Осындай мысалды басқа да қиял-ғажайып ертегілерінен кездестіреміз:
«Биені жығып, төрт аяғын буады да, қыл бұрау салып, тақымын бұрайды.
Тақымы бұралған соң, бие қатты шыңғырады. Биенің шыңғырған даусына
шұрқырасып қалың жылқы жиналады»[91]
(«Ер Төстік» ертегісі).
Берілген
мәнмәтінде биеге қыл бұрау салып шыңғырту арқылы үйірді жинау тәжірибесі
қазақы танымда бар нәрсе. Бұл туралы ғалым Н. Уәли былай деп жазады:
«Дүниелік білім когнитивтік санада бір-бірімен ұштасып жатады. Мысалы,
қауіп-қатер таянғанда жылқының әлгіндей жер тарпитын қылығы, қазақы
қазанаттың тарпаң, құланмен туыстығымен байланысты көрінеді. Мысалы,
құлан үйірін шақырғанда, үйіріне қауіп төнгенде алдын-ала сезіп,
ащы дауыс
шығарады екен» [112,198]. Міне осы тәріздес өмірлік тәжірибеден жинақталған
білім қоры ертегі тыңдарманының танымына орналасқанда дискурс орын
алады. Осындай мәдени мәнді бірліктер қазақ мәдениетінің тілдегі кодталған
білімдер жүйесін құрайды. Н.М
.
Уәли «Қазақ сөз мәдениетінің теориялық
негіздері» еңбегінде былайша келтіреді: «Ұлттық тілді тұтынушы ғана емес,
ұлттық мәдениетті де тұтынушы. Осы тұрғыдан қарағанда
белгілі бір тілдік
концептінің құрылымдық түзіліміне мәдениеттің де қатысуы, «араласуы»
мүмкін. Олай болса, тілдік таңба мағынасының қай бөлігінде, қай тұсында
мәдени мән болатынын айқындау қажет. Сөйлеуші я
болмаса тыңдаушының
сөз стратегиясында мәдени мәнді сезіне алатынын/алмайтынын анықтаудың
сөз мәдениеті үшін мәні ерекше» [112, 199]. Осы жағдайда ертегіші мен
72
тыңдарман ұлттық тілді тұтынушы ретінде ғана емес, ондағы мәдени мәнді
ұғына алатындай аялық білімінің болу қажеттілігі бірінші кезекте тұрады.
Осылармен қатар қазақ ертегілерінде кездесетін «жеті ата»
деген ұғым
бар. Бұл ұғымның астарында генетикамен байланысты мән бар. Мысалы, «
Бұл
кезде Базар ел жиып, той жасапты. Ондағы ойы өзін «бай» атандыру екен
дейді. Алты Алаштың аты жеткені жиналған ұлы тойда Базар тұрып, ел
ақсақал, қарасақалына, молдасы мен би-төрелеріне мынаны айтыпты: «Мені
өздерің білесіңдер,
Достарыңызбен бөлісу: