Култанбаева нургул калдыгуловна


 деңгей “Ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерін анықтау”



Pdf көрінісі
бет72/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ

2 деңгей
Ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерін анықтау”.
 
Қазақ, орыс, араб ертегі дискурсындағы жоғарыда анықталған белгілердің 
тілде 
бейнеленуіндегі 
ұлттық 
ерекшеліктерді 
анықтау 
мақсатында 
лингвомәдени өлшемдер ұсынылды. Ол үшін шетелдік (В.А. Маслова, 
Л.Г. Саяхова, О.П. Касымова, Н.А. Акименко, А.С. Бушкова, Т.Б. Бабиян, 
А.М. Бальян, С.А. Кушу, Е.Ю. Задорожная, В.Г. Токорев, Е.Н. Маклакова, 
С.К. Кенжемуратова т.б.) және отандық (Қ.Ө. Есенова, Г.Г. Бүркітбаева, 
К.Қ. Садирова, Ш.А. Нұрмышова, Б.А. Ахатова, А.Т. Қасымбекова т.б.) 
лингвомәдениеттану және дискурс зерттеуші ғалымдардың теориялық 
еңбектері басшылыққа алынды. Сонымен, ертегі дискурсының лингвомәдени 
өлшемдерінің біріншісі тілдік деп аталады, ол өз ішінде лексикалық, 
грамматикалық, семантикалық деп бөлінеді. Лексикалық өлшемге қандай тілдік 
бірліктер жатады және оларды ертегі дискурсынан табу әдістеріне тоқталамыз.
Ең бірінші қиял-ғажайып ертегі мәтіндеріндегі тірек концептілерді 
анықтау қажет. Тірек концептілерді анықтау үшін олардың қолданыс жиілігіне, 
әмбебап сипатына және ұлттық санадағы ерекшелігіне назар аудару қажет.
Аталған өлшемдер бойынша қазақ, орыс, араб қиял-ғажайып ертегі дискурсына 


116 
тән әмбебап тірек концептілерге бай/кедей, батыр, жақсылық/жамандық, 
махаббат/зұлымдық, адалдық/арамдық т.б. жатады. Ұлттық тірек концептілерге 
үй (қаз. ақ боз үй, отау, қараша үй, лашық), (орыс. замок, избушка, избушка на 
курьих ножках), (араб. зәулім сарай, шағын үй, үңгір) т.б.
Концептіні зерттеуде М.В. Пименова ұсынған кезеңдерді [136, 119-120] 
басшылыққа ала отырып, төмендегідей зерттеу кезеңдерін ұсынамыз:
Бірінші кезең – концептіні бейнелейтін сөздің ішкі мазмұнына талдау 
жасау. Концептіні бейнелейтін сөздер бірнешеу болуы мүмкін. Бұл жағдайда 
барлық сөздердің ішкі мазмұнын салыстыра талдап, оларға ортақ белгілерді 
анықтау қажет болады.
Екінші кезең – концептуалдаудың бейнелі тәсілдерін анықтау, яғни 
концептуалды метафораларды зерттеу (болған жағдайда).
Үшінші кезең – дүниенің тілдік бейнесіндегі концептінің категоризацияла- 
ну тәсілдерін сипаттау.
Төртінші кезең – концептінің лексикалық мағынасын талдау. Егер белгілі 
бір концептіні бейнелейтін бірнеше сөз болса, олардың барлығының 
лексикалық мағыналары талданады, салыстырылады, ортақ және айырым 
белгілері анықталады. Осы кезеңде концептінің синонимдік қатарын анықтау 
мүмкін болады. Бұл кезең синонимдердің жалпы қасиеттері мен ерекше 
белгілерін анықтауға, антонимдер қатарын табуға мүмкіндік береді.
Бесінші кезеңде зерттеліп отырған концептінің құрылымында кеңістік пен 
уақыттың категориялық белгілері анықталады.
Алтыншы кезең – концептінің символдық белгілерін анықтау. Символдық 
бейнелер барлық концептілерде болмайды, тек дүниенің мифологиялық, 
фольклорлық, және діни бейнелерінен жиі көрініс табады.
Фразеологиялық бірліктерді салғастырмалы талдауға И.В. Зыкова [137, 3] 
ұсынған әдістерді басшылыққа ала отырып, қиял-ғажайып ертегілерде 
кездесетін фразеологиялық бірліктер мен мақал-мәтелдерді дискурстық зерттеу 
әдісін ұсынамыз. Ертегі дискурсының прагматикалық міндеттері мен қарым-
қатынас 
стратегияларын 
жүзеге 
асыру 
мақсатында 
қолданылған 
фразеологиялық бірліктер мен мақал-мәтелдерді, метафораларды, троптарды 
талдаймыз.
Ертегі дискурсында кездесетін реалий сөздер, көнерген сөздерді 
компонентті талдау әдісі арқылы зерттейміз. Берілген лексикалық бірліктердің 
мағыналарын түсіндірме сөздіктер арқылы анықтаймыз, қажет болған жағдайда 
этимологиялық сөздіктерге де жүгінуге болады. Түсіндірме сөздіктерде 
берілген мағыналарды салыстыру арқылы, оларға тән ортақ және айырма 
белгілер анықталады.
Грамматикалық өлшемдерге сөйлеу әрекетінің ұлттық стереотиптерінің 
астарында қайталанып отыратын, бір типтес қарым-қатынас жағдаятындағы 
сөйлеуде ойды жеткізу үшін қолданылатын грамматикалық құралдарды 
жатқызамыз. Ертегілердің барлығы қиялға, ұшқыр ойға, ғажайыпқа құрылатын 
болғандықтан, ертегілік эпизодтардың қайталанып отыруы, мәтіннен мәтінге 
көшіп жүретін грамматикалық құрылымдар, әрекет пен әрекет орнын клишелік 
суреттеулер жиі кездесіп отырады. Ертегінің басталуында өлең сөзбен 


117 
тақпақтай жөнелу, анықтауыштық қатынастағы тіркестер, грамматикалық 
құрылымдардың қайталанып келуі тыңдарманға ерекше әсер етуді мақсат етеді.
Ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерінің семантикалық белгілерін 
анықтауда семантика-когнитивтік зерттеу кезеңдерін, Н. Хомскийдің астырт 
және үстірт құрылым терминдерін, дискурс талдауды пайдаланамыз.
Семантика-когнитивтік зерттеу кезеңдері: 
- ертегі дискурсындағы мәдени код, мәдени маркер, символдарды 
бейнелейтін тірек сөздерді, сөз тіркестерін анықтап алу;
- тірек сөздердің мағыналарын талдау; 
- тірек сөздердің әмбебап және ұлттық сипатын үстірт және астырт 
құрылымдар арқылы анықтау;
- тірек сөздердің басқа сөздермен тіркесімдік қабілетін анықтау, ондағы 
мағыналық ерекшеліктерді талдау;
- синонимдерді, антонимдерді анықтау;
- тірек сөздердің лексика-семантикалық және фразеологиялық өрісін құру;
- мәдени кодтар мен мәдени маркерлердің мәтіндегі қолданысына 
дискурстық талдау жасау. 
Ертегі 
дискурсының 
лингвомәдени 
өлшемдерінің 
қарым-қатынас 
стратегиясын анықтау мақсатында дискурс талдаудың төмендегідей зерттеу 
үлгісін ұсынамыз: 
- коммуниканттардың қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау, яғни сөйлеу 
әдебінің қалыпты үлгісін және ұлттық сөйлеу мәнерін көрсететін мысалдарды 
дискустық талдау;
- сөйлеудегі сыпайылық, сөйлеу мәдениетін бейнелейтін эпизодтарды 
дискурстық талдау; 
- амандасу, қоштасу әдептерін дискурстық талдау; 
- қарым-қатынас стратегиясындағы ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрдің 
көрінісі болып саналатын қонақты қарсы алу, күту, сыйлау, шығарып салу т.б. 
дискурстық талдау жасау;
- ертегі дискурсындағы бата-тілек, қарғыс мәнді сөздердің қолданысы мен 
қызметіне дискурстық талдау жасау; 
- ертегі дискурсының қарым-қатынас стратегиясында сөйлеушілердің ішкі жан-
дүниесін, сезімдерін, көңіл-күйлерін бейнелейтін мәнмәтіндерге дискурстық
талдау жасау;
сөйлеу мәнерінің ерекшелігі, ұлттық сөйлеу әдебі, сөйлеудегі сыпайылық, 
сөйлеу мәдениеті, стереотиптік түсініктер, мифтер, паралингвистикалық 
құбылыстар т.б.
Когнитивтік-коммуникативтік өлшем аясында ертегі дискурсындағы 
қарым-қатынас мінез-құлқының ұлттық ерекшеліктеріне назар аударамыз, атап 
айтқанда мінез-құлықты басқару, қарым-қатынас ұстанымдары, жағдаяттың 
өзгеруіне байланысты өз шешімін өзгерте алу қабілеті, бейімделу білігі, ой 
ұшқырлығы т.б. дискурстық талдау үлгісі ұсынылады: 
-
ұлттық сөйлеу мінез-құлық ерекшеліктерін (жатсынбау, сабырлылық пен 
төзімділік, шыдамдылық, дарқандық т.б.) талдау; 


118 
-
ұлттық қарым-қатынас ұстанымын (жеті атасын білу, табиғатпен етене 
жақын болу, рухани байлық, ұжымдық сана, сөз қадірін білу, сөзге тоқтау т.б.) 
талдау; 
-
дұрыс шешім қабылдау (тапқырлық, ой ұшқырлығы, шапшаңдық, 
ақылдылық т.б.) дискурстық талдау жасау.
Ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерінің ауызша қабылдануы мен 
қайта түзілу ерекшеліктеріне эксперимент жүргізу әдісі К.Қ. Садированың 
“Қазақ тіліндегі көп пропозициялы дискурстың құрылымдық негіздері”
монографиясында [21,340-344] берілген талдауларға негізделді (2.4 тараушада). 
Эксперименттің жүргізілу барысы: 1-кезеңде: мұғалім/оқушы “Оқушылар, 
сіздерге қазір “Керқұла атты Кендебай” ертегісі оқылады. Ертегіні тыңдап 
болған соң, оны қайта мазмұндап беру сұралады. Біз сіздердің 
мазмұндағандарыңызды диктофонға жазып аламыз. Осыған келісетіндеріңізге 
рақмет, сіздер осы класта қаласыздар, келіспейтіндеріңіз үйге қайта беруге 
болады” деген хабарлама жасады. 2-кезеңде – мұғалім аталған бір ертегіні 
мәнерлеп оқыды. 3-кезеңде – мазмұндаған оқушылардың жауаптары жазылып 
алынды. 4-кезеңде – жазылып алынған мәліметтерге талдау жасалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет