110
бір баланы көреді. Мына таудан ассаң, арғы өзен бар. Өзеннің арасында арал
бар, аралды хан тұрады. Сол кезде ол сенің ата-анаңды үлкен зынданда ұстап
отыр. Сол кезде ханның қызы келіп: «Сен неге өйтіп сиырларды қыспақтап
жатсың» деп айтады.
Респондент ертегі мазмұнын баяндауда логикалық та,
грамматикалық құрылым жағынан да қателіктер жібергенін көреміз.
Өзеннің
арасында арал бар, аралды хан тұрады. Сол кезде ол сенің ата-анаңды үлкен
зынданда ұстап отыр
деген сөйлемде зынданда жатқан Кендебайдың емес,
баланың ата-анасы.
Сол кезде ханның қызы келіп: «Сен неге өйтіп сиырларды
қыспақтап жатсың» деп айтады.
Қыспақтау сөзі сиыр малына қатысты емес,
қыспаққа алу адамға қатысты қолданылатын тілдік бірлік. Респондент бұл сөзді
өзінің танымына сай, қорлау, қорқыту мәнінде алып қолданып тұр.
Жанағұлова Инабат
(5-класс оқушысы. Қаратоғай орта мектебі).
Кендебай
әкесіне жәрдемдесіпті, алты жасында барлық шаруаларға бейім болыпты.
Құлан мен маралды мая-мая үйіп тастапты. Сөйтіп қасына барып, қасқырды
бір итеріп жіберген кезде қасқыр ... жаңағы қасқыр өліп қалады. Қараса
жаңағы бие ішінде бала бар... бие құлындайын деп жатыр екен. Бірден
ішіндегі баласын... биесін жарып алады. Әкемді тұтқынға қамап кетті дейді.
Құлан мен маралды мая-мая үйіп тастапты
дегенде құлан мен маралдың етін
үйіп тастауын аңдардың өзін үйіп қойыпты деген қате түсінігіне сай береді.
Мая-мая етіп үю шөпке немесе жансыз затқа қатысты қолданылатынынан
хабары жоқтығын көрсетеді.
Қалуов Әділет
(6-класс оқушысы. Қаратоғай орта мектебі).
Ханның екі баласы
болады. Хан оларды шақырып алып, оларға бір бұйрық береді. Таңға жақын
Кендебай қарағанда бие құлындайды. Бір кезде құлындағаннан кейін қара бұлт
түйіліп құлынды алып кете береді. Сол кезде Кендебай құлынның құйрығына
жармасып, құйрығын жұлып алады. Қара бұлт құлынды алып кетеді. Жеті
қырлы балтасын алып, оған қарсы жүгіреді. Жеті басын шауып түсіреді оған
қарсы шауып. Ханға сендіру үшін арыстанның апандай аузын кесіп алып,
қоржынына салып алады. Жеті қырлы балта, арыстанның апандай аузын
кесіп алу
тіркесін қолдануда қателіктер бар. Балта күнделікті
тұрмыста бір
затты шабу, сындыру үшін қолданылатын таныс құрал болғандықтан қару
орнына беріп отыр,
алайда
жеті қырлы
деген сипаттау мүлде қате ұғым.
Өйткені балтаның бір ғана жүзі болады, 6-класс оқушысының танымында
балтаның бір ғана жүзі болатыны туралы түсінік бар екеніне күмән келтіруге
болмайды, бірақ ертегі
мәтінін мазмұндауда көркемдеп, асыра сипаттауға
ұмтылудан осындай логикалық қатеге ұрынған. Арыстанның аузын емес, азу
тісін, яғни азуын қағып алады. Респондент
дыбыстық жағынан ұқсас
болғандықтан шатасуы мүмкін, дегенмен ертегінің мазмұнына айтарлықтай
өзгеріс беріп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: