Култанбаева нургул калдыгуловна


Зерттеудің құрылымы мен көлемі



Pdf көрінісі
бет10/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ

Зерттеудің құрылымы мен көлемі: 
Диссертация кіріспеден, үш 
бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, анықтамалардан және 
қосымшалардан тұрады. Ғылыми жұмыстың жалпы көлемі 145 бетті құрайды. 
Диссертациялық зерттеу 
жұмысы 
Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік бағдарламаларына 
сәйкес дайындалған: 


11 
1) Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 
желтоқсандағы №1045 қаулысы); 
2) Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 
2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (5.3.5 Қазақстанның 
тарихи-мәдени мұрасы және рухани құндылықтары. 5.3.6 Тарих пен 
мәдениеттің, әдебиет пен тілдің, салт пен құндылықтардың ортақтығы. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 
қаулысы); 
3) «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы (I. Ұлт тарихындағы кеңістік 
пен уақыт. 21.11. 2018 ж.). 
4) ҚР Үкіметі жанындағы ЖҒТК бекіткен ғылым дамуының 5. «Мәңгілік 
ел» ғылыми негіздері (ХХІ ғасырда білім беру, гуманитарлық ғылымдар 
саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер. 27.04. 2016 ж.).
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


12 
1 ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ ЛИНГВОМӘДЕНИ 
ӨЛШЕМДЕРІ 
1.1 «Дискурс» ұғымының анықтауы
 
Қазіргі тіл білімінде «дискурс» терминіне дәлме-дәл анықтама берілген 
жоқ. Дискурс бірнеше ғылымдардың зерттеу нысаны болып табылады.
Лингвистикалық пәндер саласы бойынша «дискурс» ұғымын анықтауға 
арналған бірнеше көзқарастарды келтіруге мүмкіндік бар. Айталық, қарым-
қатынастық көзқарас тұрғысынан зерттеушілердің назарын «сөйлеу» өзінің 
барлық мағыналарында, яғни ауызша табиғи сөйлеу, коммуникативтік жағдаят, 
сөйлеу үдерісі қызметіне және т.б. аудартады. Т.В. Матвееваның «Полном 
словаре лингвистических терминов» атты сөздігінде дискурсты былайша 
түсіндіреді: «Cвязную речь в совокупности с нелингвистическими 
обстоятельствами её протекания, речь во взаимосвязи с живой жизнью: её 
событийным контекстом, социокультурными, прагматическими, психологичес- 
кими характеристиками говорящих» [1,92]. 
Әлеуметтік лингвистика дискурсқа қатысушы коммуниканттарды белгілі 
бір әлеуметтік топтың өкілдері ретінде қарастыра отырып, дискурстың 
ауқымды әлеуметтік-мәдени контексте жүзеге асырылуы тұрғысынан алып 
зерттейді. Әлеуметтік лингвистикалық ұстаным тұрғысынан В.И. Карасик 
дискурсты «белгілі бір әлеуметтік топтағы өкілдердің сөйлесуі немесе олардың 
қандай да бір типтік сөйлеу мінез-құлықтары жағдаятынан туындайтын
сөйлесу әрекеті ретінде қарастырады [2, 389]. 
Танымдық көзқарас аясында дискурс сөйлеуді сәтті жарыққа шығару мен 
түсіну үшін қажетті түрлі білімдер жүйесінің иерархиялық мәні болып 
есептеледі. Дискурсты осы тұрғыдан қарастыруға Е.С. Кубрякова мен 
О.В. Александрованың 
«Дискурс 
– 
когнитивті 
үдеріс, 
ол 
сөйлеу 
шығармашылығының тууына тікелей байланысты» деген анықтамасын 
көрсетуге болады [3, 19-20]. Дискурсты зерттеудің құрылымдық аспектісі оны 
формальды және мазмұнды байланыс тұрғысынан талдайды, бірімен-бірі 
мағыналық тұрғыдан байланысқан екі немесе бірнеше сөйлем ретінде 
нақтылайды. 
Лингвомәдениеттану шеңберінде дискурсты зерттеуде алғашқылардың бірі 
ретінде қандай да бір этностың сөйлеу ерекшелігіне, олардың сөйлеу мәнері 
үлгілеріне, аталған тіл мәдениетінің басымдықтарына назар салынады. 
Дискурсты зерттеу барысындағы лингвостилистикалық көзқарас қарым-
қатынас регистрлары мен қызметі өлшемдерін анықтаудан, сондай-ақ ауызша 
және жазбаша сөйлеуді, олардың жанрларымен түрлі стилдік ерекшеліктерін 
талдаудан көрінеді. Жоғарыда айтылған дискурсты анықтауға деген 
көзқарастардың барлығы бір-бірін жоққа шығармайды, керісінше, бірін-бірі 
толықтырады, «дискурс» ұғымын жан-жақты қарастыруға мүмкіндік бере 
отырып, оның қолданыс аясын кеңейтеді.
Дискурсты шетелдік зерттеушілер Уолдреор, Чеор, Гивон, Патрик Серио, 
Т. Ван Дейк, М. Стаббс, З. Харрис, орыс зерттеушілері М.Л. Макаров, 
Н.Д. Арутюнова, Г. Каспаров, А.А. Кибрик, Т.М. Николаева, Ю.С. Степанов, 


13 
М. Бахтин, Е.И. Шейгал, В.Е. Черняевская, В.А. Звигенцев, Э. Грачьяевич т.б. 
қарастырады.
Дискурс термині ХХ ғасырдың жетпісінші жылдары қолданысқа ене 
бастады. «Дискурс» терминінің француз тіліндегі мағынасы «discоurs» - сөйлеу 
болса, ал ағылшын тілінде «discourse» - талқылау, лебіз, сөйлеу деген мағынаны 
беретіні белгілі болды.
«Дискурс» термині дербес термин ретінде алғаш рет жиырмасыншы 
ғасырдың елуінші жылдары Э. Бенвенист зерттеуінде «сөйлеуші тарапынан 
айтылатын сөйлеу» ретінде, ал американдық ғалым А. Харрис 1952 жылғы
еңбегінде дискурс туралы өз пікірін білдірген еді. Осы кезеңде ғалым 
Ю. Хабермас та дискурс мәселесіне қатысты пікір білдіре отырып, дискурсты 
коммуникацияның айрықша түрінің бірі, кезектескен сөйлесім деп түсіндірген.
Т.М. Николаева дискурсқа берілген әр түрлі анықтамаларды қарастыра 
келіп, ең негізгілері ретінде мыналарды нұсқайды: «а) байласымды мәтін, ә) 
мәтіннің ауызша сөйлеу формасы, б) диалог, в) мағыналық жақтан ішінара 
байланысты айтылым түрлері, г) ауызша немесе жазбаша сөйлеу туындысы» [4, 
467]. Патрик Серио «Француз мектебіндегі дискурсты талдау» мақаласында 
дискурс терминіне қазіргі күні беріліп жүрген бірнеше ережелерді атап 
көрсетеді: «1. Соссюрлік ұғым бойынша «сөйлеу» ұғымының баламасы, яғни 
кез келген нақты айтылым; 2. Көлемі жағынан фразадан үлкен бірлік; 
3. Айтылым жағдаятын ескере отырып, сөйлеушінің қабылдаушыға әсері; 
4. Екеуара сөйлесім айтылымның негізгі типі ретінде; 5. Сөйлеушінің 
меншігіндегі «сөйлеу» т.б. 6. Тілдік бірліктерді пайдалану, олардың сөйлеуде 
өзектелуі; 7. Айтылымның әлеуметтік немесе идеологиялық шектеулі түрі; 
8. Мәтін құрастыру жағдайларын зерттеуге арналған теориялық конструкт [5, 
26-27]. Бұлардан да бөлек ғалымдар дискурс жөнінде бірнеше түрлі 
анықтамалар мен пікірлер айтады. Н.Д. Арутюнова «Дискурс – адамның 
когнитивтік санасында өзара қарым-қатынас механизміне қатысатын 
компонент, «өмірмен біте қайнасқан» [6,136] сөз десе, Ю.С. Степанов «... 
дискурс «тіл ішіндегі тіл» [7,44] деген анықтама береді. М. Бахтин дискурсты 
«адресант пен адресаттың қарым-қатынасын жүзеге асыратын сөйлесім үлгісі» 
деп айтады. Себебі айтылымға тән қасиет 
– 
үш жақтың біріне қаратылады, яғни 
адресатқа арналады да, оған айтушы мен тыңдаушының қатысуы шарт [8, 97].
«Дискурс» терминіне қатысты ережелердің көп болуы, оның зерттеу 
бағыттарының көптігімен байланысты болып табылады. Осы орайда Т. Ван 
Дейк «Дискурс, өзінің кең мағынасында, тілдік форманың – мағына мен іс-
әрекеттің күрделі бірлігі, ол өз кезегінде коммуникативтік акт тұрғысынан жан-
жақты сипаттала алар еді» деп анықтама береді [9, 312]. Осындай 
анықтамаларға сүйене отырып, көптеген зерттеушілер дискурсты «белгілі бір 
когнитивті және типологиялық негізделген коммуникативтік кеңістікте жүзеге 
асатын жазба мәтінде не ауызша сөйлеу тілінде орнығып отыратын 
коммуникативтік оқиға» десе; бірі «мәтіннен басқа да экстралингвистикалық 
факторлардан (әлем туралы білім, ой-пікір, тұжырымдамалар, адресат 
мақсатынан) тұратын күрделі коммуникативтік құрылыс» деп түсіндіреді. 


14 
Т. Ван Дейк дискурсты үлгі ретінде ала отырып, дискурстың өзін жеке дара 
емес, әлеуметтік аспектіні де назардан тыс қалдырмауды дұрыс деп есептейді.
Дискурс ұғымын түсіну үшін әртүрлі экстралингвистикалық факторларды 
міндетті түрде ескеруіміз керек. Мәселен, Е.И. Шейгал «Тіл абстрактілі тілдік 
жүйе ретінде шынайы дискурс түрінде өмір сүреді... Қарым-қатынас үнемі адам 
әрекетінің белгілі бір аясында, белгілі бір әлеуметтік кеңістікте өтеді» [10, 78] 
дей отырып, ғалым дискурс коммуникацияның белгілі бір жағдаятында пайда 
болып, коммуникацияға қатысушылардың түрлі әлеуметтік деңгейі мен 
ұстанымдарының көрсеткіші болып табылады деп тұжырымдайды. 
М.Стаббс дискурстың мынандай сипаттамаларын көрсетеді: 
а) «формалды тұрғыдан дискурс – сөйлемге қарағанда одан үлкен тіл 
бірлігі»; ә) «мазмұндық тұрғыдан дискурс тілді әлеуметтік контексте 
қолданумен байланысты»; б) «дискурс өзінің ұйымдасу жағынан интерактивті, 
яғни оған диалогтік қасиет тән болып табылады» [11, 1].
В.Е.Черняевскаяның еңбегінде дискурсқа екі анықтаманы қатар келтіреді: 
а) «дискурс – бұл белгілі бір когнитивті және типологиялық негізделген 
коммуникативтік кеңістікте жүзеге асатын жазбаша мәтін мен ауызша сөйлеу 
тілінде көрініс беретін нақты коммуникативтік жағдай»;
б) «дискурс – тақырыптық тұрғыдан арақатынасы белгіленген мәтіндер 
жиынтығы: бір ортақ тақырыпқа негізделген дискурста жүйеленген мәтін. 
Дискурстың мағынасы жеке дара мәтін көмегімен ашыла бермейді, ол 
интермәтіндік деңгейде, яғни көптеген мәтіндер жиынтығының арақатынасы 
негізінде анықталады» [12, 96]. В.Е. Черняевскаяның көзқарасы бойынша 
дискурстың бұл екі анықтамасы бір-бірімен байланысты, олар танымдық 
құбылыстың әр түрлі қырын ашып көрсетеді.
З. Харрис жиырмасыншы ғасырдың ортасында жарық көрген «Дискурс-
анализ» мақаласында бұл ұғымды айтылым ретіндегі мәтін үзіндісі деп 
түсіндірген болатын [13, 3]. Интернет-дискурстың модальдылығын зерттеген 
А.Р. Мухтаруллина «Дискурс нақты бір әлеуметтік жағдаяттағы тілдік 
әрекеттің динамикалық үдерісі» [14, 140] деген анықтама береді.
Қазақ лингвистикасында
дискурс мәселесі ХХІ ғасырдың алғашқы 
кезеңінде зерттеле бастады. Зерттеушілер Қ.Ө. Есенова, З.Ш. Ерназарова, 
Г.Н. Смағұлова, Г. Әзімжанова, Б.С. Жұмағұлова, Г. Бүркітбаева, Д. Әлкебаева, 
Н. Уәли, Ж.М. Кеншінбаева, Ш.А. Нұрмышева, С.Б. Альпатина, А.Е. Сәденова, 
Ш.А. Сабитова, Г. Мұратова, К.Қ. Садирова, А.Т. Қасымбекова, Л. Ақтанова, 
А. Әділова т.б. болды. Отандық лингвист ғалымдардың еңбектерінде дискурс 
теориясы жан-жақты зерттелуде.
Дискурс теориясы мәселелерін арнайы зерттеген ғалымдардың 
тұжырымдарына тоқтала кетсек, зерттеуші Д. Әлкебаева: «Дискурс нақты 
айтылған сөз деген мағынамен сәйкес келеді, өзінің мағыналық-ақиқаттық 
мазмұнымен 
қоса 
экстралингвистикалық 
факторлармен 
жүйеленетін 
сөйлесімдерді айтады» [15, 17-19]. Ғалым Ж. Кеншінбаева: «Дискурс – 
қолданыстағы мәтін, яғни сөйлеу тілінің нақтылы коммуникативтік қарым-
қатынас орнатудағы қызметі» [16, 3] - десе, профессор Н.Уәли: «Фреймі 
«автор», сөз актісі» - «адресат» және сөз жағдаяты деген (сөздің қандай 


15 
ситуацияда айтылғаны) құрылымдардан тұратын коммуникативтік оқиға» [17, 
28] - деп түсіндіреді. Г.Г. Бүркітбаева «Дискурс деп мәтін мен интеракцияға 
қатысушылар және коммуникативтік жағдаят қосындысы» [18,57], зерттеуші 
Ш.А. Нұрмышева дискурсты «Коммуниканттардың сөз жағдайын ескере 
отырып шынайы өмірдегі оқиғаларды өздерінің когнитивтік, тілдік, аялық 
білімін, прагматикалық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы коммуникативтік 
мақсатқа орай өз тілдеріндегі лексикалық, грамматикалық, фонетикалық 
жүйелер арқылы тілге көшіруі, диалогқа түсу әрекеті» деген тұжырым
жасайды 
[19, 14 ]. Профессор Қ.Ө. Есенова дискурстың прагматикалық табиғатын 
зерттей 
отырып, 
«дискурсты 
прагматикалық 
түрде 
талдағанда, 
коммуникативтік ситуацияға және оған қатысушыларға байланысты 
экстралингвистикалық, этномәдени факторларға және коммуниканттардың 
мақсат ниеттері басшылыққа алынуы тиіс. Қандай да бір ақпаратты алғанда 
тыңдарман немесе оқырман мәтін авторының сол мәтінді дайындаған сәттегі 
қиял-дүниесін елестетуге тырысады. Басқаша айтқанда, дискурсты түсіну бөгде 
адамның ойлау дүниесіне еріксіз және ерікті түрде ену деуге болады» [20, 235-
236] деген қорытындыға келеді. 
К.Қ. Садирова «дискурс дегеніміз – шынайы өмір үзігіндегі көріністің 
сөйлеу әрекеті арқылы санаға көшуі мен тілдік бірлікте таңбалануы. Яғни, 
дайын мәтіннің сөйлеу әрекетін туғызушылар мақсатына сай күрделі әрі нақты 
коммуникативтік жағдайға айналуы», - деген түсіндірме береді. Осылармен 
бірге қарым-қатынасқа түсушілер, тілдік тұлға, концепт, тіл мен дискурс 
арақатынасы т.б. мәселелерге де тоқталады. Зерттеуші: «Дискурс – адамға тән 
іс-әрекеттің бір түрі. Ол мәтінмен тығыз байланысты, алайда екі түрлі ұғым. 
Дискурс – шынайы өмірде нақты бір коммуниканттар арасында, нақты бір 
уақытта, белгілі бір орында орындалған сөйлеу әрекеті» деп қарастырады [21, 
60-63].
Дискурстық жағдаят, коммуниканттардың таным-түсінігі, аялық білім, т.б 
туралы мәселелерді ғалым Н. Уәли тұрмыстық дискурсқа қатысты өз 
зерттеулерінде мағынасын ашып түсіндіреді. Н. Уәли: «Тұрмыстық дискурс 
дегеніміз – әдеби тілге жататын бейресми жағдаятта қолданылатын, 
сөйлеушілердің тікелей қатысуымен жүзеге асатын машықты (спонтанды) сөз» 
деп келтіреді [17, 146]. Н.Уәли «тұрмыстық дискурстағы» сөйлеу жағдаяты, 
қарым-қатынас ерекшелігі, ұлттық ерекшеліктер, «тұрмыстық дискурсқа» тән 
белгілер туралы хабар береді. Қазақстандық ғалым Б.А. Ахатова «дискурс – 
коммуникативтік әрекеттің ауызша және жазбаша түріндегі вербалды жемісі» 
[22, 42] деп түсіндіреді.
Ғалым Б.Қалиұлы «Дискурс және оның тілдік белгілері» атты мақаласында 
осы соңғы анықтаманы дұрыс деп таниды да, «дискурс – ауқымы кең, күрделі 
құрылым» деп таниды. «Оған прагматикалық, когнитивтік, экстралигвистика-
лық, мәдениеттанымдық, әлеуметтік, менталдық, психологиялық, семантикалық 
сипаттар тән. Бұлар әлгі диалог-мәтінді маңызды, мәнді, әрі түсінікті етуге 
септігін тигізеді. ... Дискурс – күрделі тілдік бірлік. Барлық тілдік бірлікке не 
нәрсе тән болса, соның бәрі дискурсқа тән. Мәселен, сөзге, сөз тіркесіне, 
сөйлемге белгілі бір тұрпат, құрылым, мағына, қызмет тән болса, осы 


16 
белгілердің барлығын дискурстан табуға болады. Айырмашылығы – дискурс 
ұлттық ерекшеліктерге негізделген көп аспектілі, күрделі құрылым», дей отыра 
мынандай мысал келтіреді: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет