17
Зерттеуші С.С. Исакова «Университеттік дискурстағы терминдердің
қолданылу принциптері» мақаласында «Дискурс жанры ұжымдық және жеке
тілдік тәжірибеге байланысты қалыптасады. Әрбір дискурстық жанрдың
ерекшелігі оның мақсатымен, принциптері мен нормаларымен анықталады»
[25, 97] деген ойын білдіре отырып, «педагогикалық
дискурс аясындағы
оқытушының студенттерге білім беріп қана қоймай, ғылымның дамуына үлес
қосудағы университеттік дискурс мәселесіне де мән беру» керектігін атайды.
Отандық ғалымдардың дискурс теориясына қатысты ортақ пікірлері
болғанымен,
олардың
дискурсты
жан-жақты
сипаттаулары
мен
пайымдауларының арасында өзіндік ерекшеліктері де бар екені байқалады.
Сондай ортақ пікірлердің бірі – дискурстың диалогтік көрінісі [21,42], сөз
жағдаятына
сай
орындалатын
сөйлеу
әрекеті,
сөйлесімі.
Ал
айырмашылықтарын көптеп кездестіруге болады. Ғалым В.И. Карасик
дискурсты «сөйлесу», «сөйлесім» [2] деп таныса, енді бір қатары диалогті
дискурс деп атайды. Г.Г. Бүркітбаева «мән-мағынасы, ұғымы жағынан бір-
бірімен логикалық және
синтаксистік байланыста тұрған, бірнеше
сөйлемдерден құрылған мәтінді»[18] дискурс деп анықтайды.
Осылармен қатар біз жоғарыда келтірілген ғылыми еңбектерде дискурсты
түрлі аспектіде жан-жақты зерттегенін білдік. Дискурс теориясының болашақта
зерттеуді қажет ететін нысандарына профессор К.Қ. Садирова атап
көрсеткендей, дискурс түрлерінің жіктелуін, дискурстық кеңістік, дискурстық
тұлға, дискурстық тәжірибе мен әлеуметтік тәжірибе байланысы,
дискурстың
зерделену мәселелері т.б. жатады деп есептейміз. Соның ішінде қазақ тіл
біліміне қазақша дискурс ерекшеліктерінің өзіндік сипатын талдау, қазақы
дискурсқа көбірек мысал бола алатын фольклорлық дискурс мәселелерін қарау
қажет деп санаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: