Култанбаева нургул калдыгуловна


  «Ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемі» ұғымының



Pdf көрінісі
бет19/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ

1.4 
«Ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемі» ұғымының 
анықталуы 
 
Ертегі 
дискурсының 
лингвомәдени 
сипатын 
зерттеген 
ғалым 
Н.А. Акименко ертегілік категориясының тілдің түрлі деңгейлерінде 
вербалдануына 
ғажайыптылықты, 
құндылықты, 
белгісіз 
хронотопты, 
құрылымдық-семантикалық қайталауларды жатқызады. Сонымен бірге 
ертегілік категориясының конститутивті белгілеріне эпикалық, баяндау, қиял, 
эстетикалық, 
дидактикалық 
компоненттерді 
қарастырады. 
Ертегілік
категориясының аталған белгілерінің ертегі мәтініндегі көрінісін, ертегі 
мәтініндегі өзектелуін графика-фонетикалық, лексикалық, синтаксистік, 
стилистикалық деңгейлермен анықтайды. Ғалымның пікірінше, ертегі 
дискурсының лингвомәдени кеңістігі деп ертегілік категориясының тілдің 
аталған үш деңгейіндегі вербалдануын, ондағы мәдени-мәнді лексиканың, 
грамматикалық құрылымдардың, айтылымдағы ұлттық ерекшеліктерді атайды. 
Зерттеуші ертегі дискурсының лингвомәдени сипатын ертегі мәтінінің 
құрылымын және тілдік стратегияны тілдік тұлғаға қатысты анықтайды. Біздің 
байқауымызша, Н.А. Акименко өзінің зерттеуінде «ертегі дискурсының 
лингвомәдени ерекшеліктері» және «ертегі дискурсының лингвомәдени 
кеңістігі» деген ұғымдарды пайдаланған. Ертегі дискурсының лингвомәдени 
кеңістігін тілдік деңгейде кеңірек талдағаны байқалады. Ертегі дискурсы 
кеңістігінің экстралингвистикалық сипатын коммуникативтік, когнитивтік 
аспектіде қарастырмаған. Сонымен бірге ғалым ертегі дискурсындағы 
паралингвистикалық құбылыстарды, стереотипті түсініктер, мифологемалар, 
символдар, архетиптер, сөйлеу әдебі мен мінез-құлық ерекшеліктерін 
лингвомәдени сипат ретінде зерттеу нысанына алмағанын байқаймыз [26, 105].
А.С. Бушкова ертегі дискурсының лингвомәдени ерекшеліктерін орыс, 
ағылшын тілдерін салыстыра талдау арқылы зерттейді. Зерттеушінің пікірінше, 
ертегі дискурсының линговмәдени ерекшелігі салыстырып отырған тіл 
сөйлермендерінің дүние бейнесінен көрініс табады. Дүниенің тілдік бейнесі – 
беріліп отырған тілдік ұжымның күнделікті санасында тарихи тұрғыда 
қалыптасқан және тілде бейнеленген әлем туралы түсініктерінің жиынтығы, 
шындықты концептуализациялаудың белгілі бір тәсілі ретінде танылады. 
Ғалым «Кез келген ұлттың дүние бейнесіндегі мәдени мағыналарды 
тасымалдаушы мәдени кодтар ертегі дискурсының лингвомәдени сипатын 
айқындайды» деп тұжырымдайды. Зерттеуші мәдени кодтарға тілде бекітілген 
тұрақты тіркестерді, метафораларды, символдарды, стереотиптерді жатқызады 
[65, 54]. 


45 
А.В. Шаколо ертегі дискурсының лингвомәдени сипатын бірнеше 
деңгейлерде анықтауға талпыныс жасайды. Концептуалдық, сюжеттік, 
кейіпкердің тілдік тұлғасы деңгейі, тілдік құралдар. Ғалым ертегі дискурсының 
лингвомәдени ерекшеліктерін әмбебап және этносқа тән көріністер ретінде 
қарастырады. Орыс, белорусь, неміс этномәдениетіне тән әмбебап белгілерге 
қиял-ғажайып ертегілеріндегі отбасыішілік қақтығыс (өгей шеше, өгей қыз, 
ене), ертегі кейіпкерлері есімдерінің орнына олардың сипаттамаларының 
берілуін көрсетеді. Ертегілердің мифологиямен байланысы, жағымды және 
жағымсыз кейіпкерлердің тіліндегі кішірейту мәнді формалардың жиі 
қолданылуын әр түрлі этномәдениетке тән әмбебап белгілер деп жазады. 
Мысалы, белорусь ертегілеріндегі басты кейіпкердің туған жерге деген ерекше 
ықыласы немесе белорусь ертегілерінде орман қауіпті аймақ, бірақ жаңа үй 
салуға болатын, көмекшіні, туған адамын кездестіретін жер. Орман неміс қиял-
ғажайып ертегілерінде паналайтын орын ретінде көрінеді. Орыс қиял-ғажайып 
ертегілерінде әлеуметтік-тұрмыстық компонеттердің болуы, еңбексүйгіштік 
және еңбекқорлық адамзаттың ең жоғары құндылықтарының бірі ретінде 
танылады. Көріп отырғанымыздай, зерттеуші ертегі дискурсын салыстырмалы 
аспектіде 
зерттеп, 
оның 
лингвомәдени 
ерекшеліктерін 
анықтауда 
концептуалдық талдауға басымдық береді [47, 78]. 
М.В. Лукина орыс ертегілерін лингвомәдени талдауға арналған зерттеуінде 
ертегі дискурсын лингвомәдениеттану тұрғысынан зерттеуге негіз болатын 
маңызды 
белгілерге 
халықтың 
салт-дәстүрі, 
мерекелері, 
ертегі 
кейіпкерлеріндегі мифологиялық атаулар, мәдени концептілерді жатқызады [66, 
22]. Д.С. Лихачевтің көзқарасы бойынша, жеке адамның мәдени тәжірибесі, 
білімі мен дағды қоры, ассоциация ортасы т.б., басқаша айтқанда, адамның 
барша когнитивті тәжірибесі оның концепт аясын құрайды. «Адамның мәдени 
тәжірибесі қаншалықты аз болатын болса, оның тілі ғана емес, сонымен бірге, 
оның сөздік қорының «концепт аясы» да сонша жұпыны болады» [67, 7]. 
Д.С. Лихачевтің айтуы бойынша, концептосфера (концепт аясы) бұл «жалпы тіл 
секілді әрбір адамның сөздік қорынан ашылатын» барлық потенциялар 
жиынтығы. Ұлттық тілдің концепт аясы ұлт мәдениетімен тығыз байланысты 
және ұлттың барлық тарихи тәжірибесі мен дініне қатысты болады. Жеке 
концепт аясы өзінше отбасының, әлеуметтік ұжымның т.б. концепт аясымен 
байланысты. Өйткені, тілдің концепт аясы – негізінен мәдени концепт аясына 
жатса, онда «ұлттық тіл – «мәдениеттің ізбасары» секілді. Орыс тілінің тіл 
байлығын қарастыра келе, Д.С. Лихачев төрт деңгейді нақтылайды: «1) 
лексикалық қор деңгейі; 2) мағыналық белгілерінің, сөз қолдану әр түрлілігінің 
т.б. байлығы» деңгейі т.с.с.; 3) жеке концептілер деңгейі; 4) концепт аясы 
деңгейі дей келе, орыс тілі байлығының негізі концепт және концепт аясы 
деңгейінде жатыр дейді» [67, 7]. 
О.А. Плахова ертегі дискурсының лингвомәдени табиғатын ертегілік 
категорияны вербалдайтын тілдік және тілден тыс факторлармен байланыста 
қарастырады. Тілдік факторларға мәдени концептілерді, фразеологиялық, 
паремиологиялық қорды жатқызады. Ертегі дискурсындағы ертегілік 
категорияны бейнелейтін тілден тыс факторларға адам мен қоршаған дүние 


46 
арасындағы қоғамдық қатынастарды, сөйлеу мен ойлаудың әлеуметтік-мәдени 
қарым-қатынас ерекшеліктерін, құндылық стратегияларын қарастырады [37, 
129].
Л.Г. Иваненко ертегі дискурсына лингвомәдени талдау жасай келе, 
фольклорлық ертегілерді лингвомәдени аспектіде зерттеуге назар аударады. 
Ғалым ертегі мәтінін лингвомәдени талдау әдістеріне ұғымдық және 
этимологиялық талдауды қолданады. Зерттеушінің пікірінше, ертегі мәтінін 
лингвомәдени зерттеудің мақсаты оның негізгі ойын анықтау болып табылады. 
Ертегі мәтінін лексикалық (сөздердің тақырыптық лексикалық топтары, 
тұрақты тіркестер, метафоралар т.б.), синтаксистік (сөз тіркестері мен 
сөйлемдердің үйлесімі) құрылымдық-синтаксистік (баяндау тәсілдері мен 
типтерін анықтау, сөйлеу құрылымдарының өзара байланысын талдау, мәтіннің 
субъективті және кеңістік пен уақыттық ұйымдастырылуын зерттеу т.б.) 
деңгейлерде анықтауға ұмтылады [68, 7].
А.О. Неустроева неміс әдеби ертегісін лингвомәдени талдауына арналған 
зерттеуінде Л.Г. Саяхованың мәтінді лингвомәдени талдау әдістемесін [69, 67] 
басшылыққа алады. Оның айтуы бойынша 1) талдауға алынған мәтін жазылған 
уақыттағы лингвомәдени жағдайды сипаттау; 2) мәтіннің мазмұндық деңгейі 
оның фактуалды, концептуалды және имплицитті ақпараты. Фактуалды ақпарат 
мәтіннің деректемелік негіздері, концептуалды ақпарат автор туралы, оның 
көзқарасы, әлеуметтік мәртебесі, дүниетанымы т.б., имплицитті ақпарат 
мәтіннің астырт құрылымында берілген жасырын ақпарат; 3) мәтін құрылымы; 
4) мәтіннің мәдени-концептуалды өріс деңгейі. Мұнда архетиптер мен 
мифологемалар, наным-сенімдер мен жоралғылар, салт-дәстүрлер, ырым- 
тыйымдар, стереотиптер т.б; 5) тілдік деңгей, яғни мәтіннің тілдік көрінісі [70, 
9].
Т.В. Бабиян орыс және ағылшын халық ертегілерінің лингвомәдени 
ерекшеліктерін салғастырмалы түрде талдай келе, реалий сөздерге ерекше 
назар аударады. Реалий сөздерге ертегі кейіпкерлерінің есімдерін, ақша 
атауларын, кейіпкерлердің қызметі мен кәсібін, ұлттық киімдер мен зергерлік 
бұйымдар, тағам атаулары мен сусындар, лауазым атауларын жатқызады. 
Зерттеуші аталған реалий сөздердің ертегі дискурсындағы фонетикалық, 
лексикалық және синтаксистік деңгейлерде өзектелуін нақты мысалдармен 
дәлелдейді [71, 507-508 ].
А.М. Бальян, С.А. Кушу, Е.Ю. Задорожная «Ағылшынша сөйлейтін тілдік 
тұлғаның 
лингвомәдени 
ерекшеліктері» 
мақаласында 
лингвомәдени 
өлшемдерді былай анықтайды: «Біріншіден, грамматикалық өлшемдер: сөйлеу 
әрекетінің ұлттық стереотиптерінің астарында қайталанып отыратын, бір 
типтес қарым-қатынас жағдаятындағы сөйлеуде ойды жеткізу үшін 
грамматикалық құралдарды таңдап қолдану. Екіншіден, лексикалық өлшем: 
тілдің лексикалық қоры. Үшіншіден, семантикалық өлшемде халықтың өмір 
сүру салты, әдет-ғұрпы, тұрмыстық ерекшеліктері, көркем әдебиеті мен 
фольклоры, елдің қоғамдық құрылысы, географиялық ерекшеліктерін 
бейнелейтін, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін тілдік бірліктердегі ұлттық-
семантикалық мағына. Төртіншіден, сөйлеу мәнерінің ерекшелігі. Ғалымның 


47 
пікірінше, тілдік тұлғаның лингвомәдени өлшемдеріне тілдік және ұлттық 
мәдени өлшемдерден басқа қарым-қатынас факторлары да ықпал етеді. Бұған 
ұлттық сөйлеу әдебі, сөйлеудегі сыпайылық, сөйлеу мәдениеті, стереотиптік 
түсініктер, мифтер, паралингвистикалық құбылыстарды жатқызады. Зерттеуші 
тілдік тұлғаның лингвомәдени өлшемдеріне ұлттың когнитивтік ерекшеліктерін 
де қосады. Этностың когнитивтік-коммуникативтік ерекшелігіне ой 
ұшқырлығы, бейімделу білігі, жағдаяттың өзгеруіне байланысты өз шешімін 
өзгерте алу қабілеті, қарым-қатынас ұстанымдары, өз мінез-құлқын басқару
т.б. жатқызады [72, 49-54].
М.В. Хаманиева ертегі дискурсын елтанымдық және лингвомәдени 
аспектіде қарастырады. Зерттеуші ертегі дискурсының лингвомәдени аспектісін 
топонимдерді, түр-түс атауларын, концептілерді, фразеологиялық тіркестерді, 
сөйлеу әдебі, тілдің бейнелі құралдары, мақал-мәтелдер, стереотиптерді талдау 
арқылы түсіндіреді [73, 23]. Әр этностың, ұлттың санасында дүние бейнесі 
сыртқы және ішкі факторларға байланысты әр түрлі болатындықтан, тілдегі 
ерекшеліктер де сан алуан болып келеді. Сыртқы факторларға географиялық 
орта, әлеуметтік жағдай, шаруашылық түрі, діннің ықпалы, тарихи жағдай т.с.с. 
жатса, ішкі факторларға әдет-ғұрыпты, дүниетанымды, әдеп-ибаны, салт-
дәстүрді жатқызамыз.
В.В. Колосовская француз ертегілерін лингвомәдени аспектіде зерттей 
келе, оның лексикалық, синтаксистік, стилистикалық ерекшеліктеріне назар 
аударады. Француз ертегілерінің мәдени аспектісі деп ертегідегі символдарды 
және мораль мәселесін зерттейді[74, 11].
В.Г. Токарев А.С. Пушкин ертегілерінің лингвомәдени ерекшеліктері
баяндау деңгейінен көрінетіндігі туралы жазады. Ертегідегі сынақтардың үш 
рет қайталануын, санның символдық мәнін, өмір салтын, халықтың ырым-
тыйымдарын, ұлттық мінез-құлқын лингвомәдени ерекшеліктер ретінде 
қарастырады [75, 167]. 
Т.В. Белошапкова концептілерді зерттеуде құндылық өлшемінің маңызын 
атап көрсетеді. Мәдени концептілердің белгілі бір дискурс түрлерімен 
байланысын анықтайды [76, 6]. Бұл туралы А.Б. Әмірбекова 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет