51
ерекшеліктері деп анықтау байқалады. Ертегілік
категориясының аталған
белгілерінің әр түрлі мәдени қауымдастықтың тілдік тәжірибесіндегі көрінісін
ғалымдар
«лингвомәдени
ерекшелік»
(Н.А. Акименко,
А.С. Бушкова,
Т.Б. Бабиян, А.М. Бальян, С.А. Кушу, Е.Ю. Задорожная, В.Г. Токорев,
Е.Н. Маклакова, А.Т. Қасымбекова, Ф. Хакимова, Ю.С. Городова), «лингвомә-
дени кеңістік» (А.М. Кербс), «лингвомәдени аспекті» (Л.Г. Иваненко,
М.В. Хаманиева, В.В. Колосовская, Д.К. Шакиров, А.Ш. Юсупова), «лингвомә-
дени табиғат» (О.А. Плахова), «лингвомәдени сипат» (А.В. Шаколо, Сию
Цзинтин), «лингвомәдени өлшем» (С.К. Кенжемуратова), «лингвомәдени
талдау» (Д.В. Ворошкеевич) терминдерімен береді. Аталған зерттеулерде
ертегі
дискурсының лингвомәдени ерекшеліктері түрліше қарастырылады. Мәселен,
Н.А. Акименко лингвомәдени ерекшеліктерді ертегі мәтініндегі графико-
фонетикалық, лексикалық, синтаксистік, стилистикалық деңгейлерден
анықтауға ұмтылса, А.С. Бушкова дүниенің тілдік бейнесінен, оның ішінде
мәдени кодтардан іздейді. А.В. Шаколо ертегі дискурсының лингвомәдени
сипатын
концептуалдық, сюжеттік, кейіпкердің тілдік тұлғасы деңгейлерінен
көрсетуге талпыныс жасаса, М.В. Лукина халықтың салт-дәстүрі, мерекелері,
мифологиялық атаулар, мәдени концептілерді талдау арқылы анықтауға
тырысады. О.А. Плахова ертегі дискурсының лингвомәдени табиғатын
ертегілік категорияны вербалдайтын мәдени концептілерді, фразеологиялық,
паремиологиялық қорды тілдік фактор ретінде анықтап, тілден тыс факторларға
қоғамдық
қатынастарды,
сөйлеу
мен
ойлаудың
әлеуметтік-мәдени
ерекшеліктерін, құндылық стратегияларын жатқызады. Л.Г. Иваненко ертегі
дискурсының лингвомәдени аспектісін анықтау үшін лексикалық, синтаксистік,
құрылымдық-синтаксистік деңгейлерде ұғымдық және этимологиялық талдау
қажеттігіне баса назар аударады. А.О. Неустроева лингвомәдени талдауға,
Т.В. Бабиян, Е.Н. Маклакова реалий сөздерді талдауға, М.В. Хаманиева
елтанымдық және лингвомәдени аспектілерге ерекше басымдық береді.
А.М. Бальян, С.А. Кушу, Е.Ю. Задорожная лингвомәдени өлшемдерге
грамматикалық, лексикалық, семантикалық, сөйлеу мәнері, когнитивтік
ерекшеліктерді
жатқызады. В.Г. Токорев
ертегілердің
лингвомәдени
ерекшеліктеріне
символдық мағынаны, халықтың ырым-тыйымдарын, ұлттық
мінез-құлық
ерекшеліктерін
талдау
қажеттігі
туралы
жазады.
Т.В. Белошапкова, А.Б. Әмірбекова концептілік талдауларға, оның құндылық
өлшемдеріне баса назар аударады. Сию Цзинтин мәдени мәнді стереотиптерден
іздейді. А.Т. Қасымбекова ертегілердің лингвомәдени ерекшелігін ертегі
дискурсының астырт және үстүрт құрылымдарынан іздейді.
Ертегі дискурсын лингвомәдени аспектіде зерттеушілердің аталған
аспектіні әр түрлі терминдермен атағаны байқалады. Сондықтан біз
зерттеуімізде аталған ұғымды біріздендіндіру мақсатында С.К. Кенжемуратова
өз зерттеуінде қолданған «лингвомәдени өлшем» терминін пайдалануды
ұсынамыз. Зерттеу
материалдары көрсеткендей, ертегі дискурсының
лингвомәдени өлшемдерін анықтауда жүйелілік жоқ. Оған дәлел ретінде
жоғарыда талданған зерттеулердегі лингвомәдени ерекшелік ретінде бір
ғалымдардың концептілік талдауға, лингвомәдени талдауға, мәдени кодтарға,
52
стереотиптерге,
екінші
бір
ғалымдардың
тілдің
фразеологиялық,
паремеологиялық қорына, қарым-қатынас стратегияларына, ұлттық мінез-
құлық
ерекшеліктеріне, символдық мағынаға т.б. назар аударуларын айтуға
болады. Ертегі дискурсын лингвомәдени аспектіде зерттеудегі әр түрлі
көзқарастар ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерін анықтауды қажет
етеді. Біз өз жұмысымызда осыған дейінгі жазылған еңбектерге сүйене отырып,
ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерін төмендегідей ұсынамыз:
1.Тілдік: лексикалық (фразеология, паремеология, метафора, концептілер,
реалий сөздер т.б.), грамматикалық (сөйлеу әрекетінің ұлттық стереотиптерінің
астарында қайталанып отыратын, бір типтес қарым-қатынас жағдаятындағы
сөйлеуде ойды жеткізу үшін қолданылатын грамматикалық құралдар),
семантикалық (халықтың өмір сүру салты, әдет-ғұрпы,
тұрмыстық
ерекшеліктері, елдің қоғамдық құрылысы, географиялық ерекшеліктерін
бейнелейтін, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін тілдік бірліктердегі ұлттық-
семантикалық мағына: мәдени код, мәдени маркерлер, символ т.б.).
2. Қарым-қатынас стратегиясы: сөйлеу мәнерінің ерекшелігі, ұлттық сөйлеу
әдебі, сөйлеудегі сыпайылық, сөйлеу мәдениеті, стереотиптік түсініктер,
мифтер, паралингвистикалық құбылыстар, т.б.
3. Когнитивтік-коммуникативтік:
ой ұшқырлығы, бейімделу білігі,
жағдаяттың өзгеруіне байланысты өз шешімін өзгерте алу қабілеті,
қарым-
қатынас ұстанымдары, өз мінез-құлқын басқару, т.б.
Қорытындылай келе, ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерін тілдік,
қарым-қатынас стратегиясы, когнитивтік-коммуникативтік деп ажыратамыз.
Ғылыми жұмысымыздың келесі тарауында ертегі дискурсындағы аталған
өлшемдердің өзектелуін қазақ, орыс және араб тілдері материалдары негізінде
дәлелдеуге тырысамыз.