Култанбаева нургул калдыгуловна



Pdf көрінісі
бет34/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ

«Үш жүз атымнан біреуі озып келмеді, оның үстіне бес 
ат бірдей мерт болды» – деп күңіреніпті бай-екең. Базарды «Базар бай» 
ататқан бұл тойға ынсапсыз бай ырза болмай үш күн, үш түн төсектен 
тұрмай жатып алыпты»
(«Пиғылсыз байдың сазайы» ертегісінен). Орыс 
ертегі дискурсында: «
Жил-был царь, и было у него три сына» («
Царевна-
лягушка» ертегісі
), «Иван-Царевич трижды ходил к своей матери»
(
«
Кощей 
Бессмертный» ертегісі). Араб ертегілерінің мәтінінде мәдени код ретінде үш 
санына қатысты бірліктер кездеседі. Мысалы, «Шейхтің ұлдары» ертегісінде 
шейхтің үш ұлы болатыны, олардың жұт келген жылы малын аман алып қалуда 
үлкен ұлының ақылы мен тапқырлық ерлігі баяндалады. Аллаға сыйынып 
жолға шығу, Алла атымен ант ету сияқты сенімге қатысты ұғым түсініктерімен 
ерекшеленеді. Қазақ ертегі дискурсында «бір ханның үш ұлы болыпты» деп 
басталып, барлық ертегіде кіші ұлының мейірімді, тапқыр болғандығынан 
хабар беретін ертегілік оқиғалар өте жиі кездеседі. Кіші ұл әр кезде ақылымен 
жеңіске жетіп, ханның тағына мұрагер болады немесе оны халық хан етіп таққа 
отырғызады. Қазақ ертегі дискурсындағы осындай оқиғалардың жиі кездесуі 
қазақтың ұлттық танымындағы кіші ұл, кенже бала шаңырақ иесі, ата-ананы 
бағып-қағушы, асыраушы деген ұғымнан бастау алады. Қазақ халқы ертеден 
кенже ұлға үлкен жауапкершілік жүктеген, сол арман-тілегі ертегі дискурсында 
бейнеленіп, болашақ ұрпақты сол жауапкершілікке ертегілер арқылы баулып 
отырған. Орыс ертегі дискурсында бір шаруаның немесе патшаның үш ұлы 
болады, үшеуін сынау мақсатында түрлі тапсырмалар береді, кіші ұлы ерке, 
шолжаң, ақымақ болып суреттеледі, ертегі соңында кіші ұлы ғажайып 
көмекшілердің арқасында жеңіске жетіп отырады. Орыс халқында «үш» саны 
үйлесімділіктің символы болып саналған. Алайда бұл үйлесім тұрмыстық 
үйлесім емес, керісінше рухани үйлесім ретінде қабылданады. Христиан 


70 
дінінде басты құлшылық – Cвятая Троица ұғымы бар. Осыдан келіп христиан 
дініндегі үштік бірлік Бога – отца, Бога – cына и cвятого духа [65,168] ұғымы 
шығады.
Ертегі дискурсында молынан кездесетін, жоғарыда атап кеткендей
«қырық» санына қатысты ертегі атаулары мен ертегі мәтінінде кездесетін 
тіркестер бар. Қазақ және араб ертегі дискурсында киелі, ерекше қасиетті деп 
есептелетін сандар қатарына «қырықты» да жатқызады. «Қырық» саны 
халықтық мұраларда, салт-дәстүрде, тұрмыс-тіршілікте кеңінен қолданыс 
тапқан. Осылардың ішіндегі тек ертегі дискурсына қатысты 
отыз күн ойын, 
қырық күн тойын жасады, қырық күн жол жүріпті, тазшаның қырық 
өтірігі, 
т.б. сияқты тіркестерде қырық санының алынуында үлкен мән жатса 
керек. Діни эпосты зерттеуші ғалым М.І. Әбдуов «қырық» санын адамның 
жаратылу уақыты дейді. «Қырықтың бірі – қыдыр» деген нақылдың мағынасы 
адамзаттың бірі – Қыдыр деген түсінікті береді. 41 құмалақтағы 
«Бір»
– 
Жаратушы Алланың, 
«қырық»
– жаратылыстың абзалы Адамның құрметіне 
алынған» [111, 191] деген дерек келтіреді. Қазақ және араб ертегі 
дискурсындағы 
«қырық» 
саны 
мифтік 
түсініктер 
мен 
мұсылман
халықтарындағы 
наным-сенімге 
байланысты 
пайда 
болған 
деп 
тұжырымдаймыз.
А.Т. Қасымбекова өз зерттеуінде сан ұғымдарының ертегі дискурсында 
берілуін былайша түсіндіреді: «Сан – ерекше мәдени код элементі ретінде 
халық қиял-ғажайып ертегілерінің үстіңгі және терең құрылымдарын өзара 
байланыстырады. Сондай-ақ терең құрылымдардың негізгі элементі (мәдениет 
құраушы маркер) бола тұрып, ол үстіңгі құрылым деңгейінде ертегіні белгілі 
бір түрде ұйымдастырады» [46,108]. Одан әрі қазақ, орыс халықтарындағы 
жағымды эмоция туғызатын сандарға тоқталады. Осы тұста ескере кетерлік 
жайт, жалпы дискурс құрылымына қатысты екі түрлі жарыса қолданылып 
жүрген терминдер байқалады. Олар «астырт құрылым мен үстірт құрылым» 
және «үстіңгі құрылым мен терең құрылым» . Бұлай қолданылудың себебі орыс 
тіліндегі 
«поверхностная 
структура», 
«глубинная 
структура» 
деген 
терминдерінің тікелей аудармасына қатысты. А.Т. Қасымбекова зерттеуінде 
соңғы кездері бірізді қолданылып жүрген «үстірт құрылым»
және «астырт 
құрылым»
терминдерінің орнына «үстіңгі құрылым»
және «терең құрылым»
терминдерін қолданғаны байқалады [46, 88-89]. Біздің пікірімізше, ғылыми 
дискурста қалыптасқан терминдерді бірізді қолданудың маңызы зор, сондықтан 
болашақта тілші ғалымдар «үстірт құрылым» және «астырт құрылым» 
терминдерін бірізді қолдану қажет деп ойлаймыз.
Осы тәріздес сан есімдердің заттанып берілуі де қазақы дискурста жиі 
қолданылатын тәсіл болып саналады. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет