Култанбаева нургул калдыгуловна



Pdf көрінісі
бет33/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ

милость Божья
», «
дарь 
Бога
» немесе «
Божья благодать
» деген мағынаға ие болғандығында жатыр. 
Бір кездерде христиан дінінің орнауына байланысты, орыс халқы ер бала 
дүниеге келсе, «Иван» деп ат қою дәстүрге айналған екен. Иван жақсы істердің 
жаратушысы деп түсінген және соған сенген. Осы тәріздес есім беру, яғни діни 
сенімге байланысты ат қою дәстүрі арабтың әйгілі «Мың бір түн» жинағында 
берілген «Аладдин» ертегісінің бас қаһарманы Аладдиннің арабша мағынасы
( ِ
ِنيِ دلا ِ ء َلاَع Тәңірлік) діннен жоғары деген мағынаға сай келеді. Осылайша ертегі 
дискурсында кездесетін қаһармандардың аттарының қойылуы белгілі бір 
этностың қандай да бір ұлттық танымын, ерекшеліктерінен хабар беретінін 
байқаймыз. 
Ертегі дискурсында жиі ұшырасатын кейбір сан есімдерді де айрықша 
мәдени код ретінде қарауға негіз бар. Ондай сан есімдердің астарында қандай 
да бір мағыналық мәні бар, олардың мағыналық интерпретациясы әр этностың 
мәдениетінде әр түрлі ақпарат береді, түрліше танылады. Басқа халықтармен 
салыстырғанда қазақ үшін сан есімдердің барлығы жағымды эмоция туғызады, 
олардың қандай да бір жағымсыз әсері кездеспейді. Қазақтың қасиетті 
сандарының қатарына «үш», «жеті», «тоғыз», «қырық» т.б. жатқызылады. 
Солардың ішінде ертегі дискурсында кездесетіндері: «
жеті қат жердің 
асты», «алты айшылық жер», «үш рет сынақтан өту
», ханның үш ұлының 
болуы
немесе ертегі тақырыптары да қандай да бір санға қатысты болып 
келеді. Мысалы,
қазақ ертегілері «
Бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс», 
«Момынбай мен қырық қарақшы», «Жеті өнерпаз», 
орыс ертегілерінде
 
«Мудрая девица и семь разбойников», 
араб ертегілері «
Али баба мен қырық 
қарақшы», «Синдбадтың жеті сапары
» т.б. Сан есімдер ертегі сюжетінде 
имплицитті түрде қолданыста болмаса да, мәнмәтін астарында эксплицитті 
мәнді байқау қиын емес. «
Үш рет сыналу
», «
алты айшылық жер
» немесе 
орыстың «
три девять земель», «три десятом государстве», т.б. 
келтіруге 
болады. Мысалға келтірілген сан есімдер ертегі дискурсының астырт 
құрылымында прецеденттік ұғым мен мәдени код түрінде ертегілік 
категориясының ұлттық белгілерін анықтауға қызмет етеді. Кейбір сандардың 
құпия мағынасы көмескіленгенін ескерсек, сандардың сөздік қолданысында 
беретін мәнін көре алмаймыз. Олар фразеологиялық тіркестерде, мақал-
мәтелдерде, жұмбақтарда, ырым-жораларда, ойындарда және т.б. сандардың 
семиотикалық киелі мағынасы кодталған. Ертегі мәтінінен мысал келтірер 
болсақ: «бір» саны адам «мен» және жалғыздық белгісі болып табылады. 
Орыс халқында “Один в поле не воин” деген мақал бар, «один», яғни, жалғыз 
адам – әлсіз. Қазақ халқының танымында 
бір
саны – даралықты, жалғыздықты 
ғана емес, бірегейлікті, ерекшелікті (
бір де болса, бірегей

мыңнан біреу
, т.с.с.) 
білдірген [110, 17]. Қазақ ертегі дискурсында кездесетін жалғыз бала – өзі 
батыр, өзі ақылды, еліне қамқор азамат болады. Мысалы, «
Ол мейлінше 


69 
қайырымды болыпты, жылағанды жұбатыпты жатсынуды сүймепті, 
табысына бүкіл ел ортақ болыпты
» («Керқұла атты Кендебай» ертегісі). Орыс 
ертегі дискурсында «
В некоем королевстве служил у короля солдат в конной 
гвардии, прослужил двадцать пять лет верою и правдою; за его честное 
поведение приказал король отпустить его в чистую отставку и отдать ему в 
награду ту самую лошадь, на которой в полку ездил, с седлом и со всею 
сбруею
» («Заколдованная королевна» ертегісі). Сандар символикасы туралы 
Қ.Т. Қайырбаева «Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың символдық мәні» 
ғылыми жұмысында «бір» саны жөнінде былай дейді: «Бір саны бұл белгілі бір 
бүтіндік, бірлік және өркениеттік, абсолюттік тыныштық, өмір емес бұл тек 
Алла мен Ғарышқа тән»[110, 77-78]. Олай болса, «бір» саны біреу, жалғыз 
дегеннен бөлек, дара, ерекше деген мағынаға да ие екендігін байқаймыз.
Ертегі дискурсында жалпы эпикалық заңдылық басты кезекте тұрады
солардың бірі үштік белгісінің болуын келтіруге болады, яғни үш санымен 
байланысты түсінік жиі ұшырасып отырады («үш ұл», «үш қыз», «үш күн, үш 
түн жүру», «ер кезегі үшке дейін» деп өзін сынауы). Осындай үш санына 
қатысты оқиғалар желісі кейде тең түрде («үш тапсырма», «үш өсиет», «үш күн 
үш түн» т.б.), кей кезде сынақтардың барған сайын қиындауы («үшінші 
тапсырманың, өсиеттің, сынақтың қиындай түсуі») түрінде көрініс беретінін 
байқаймыз. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет