Сабақтың мақсаты: а білімділік: сан есімдерді өте отырып сандардың ішіндегі кейбір сандардың құпиялығының мәнін ұғындыру



Дата02.07.2018
өлшемі194,52 Kb.
#45672
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы:Киелі сандар құпиясы.

Сабақтың мақсаты: а)білімділік: сан есімдерді өте отырып сандардың ішіндегі кейбір сандардың

құпиялығының мәнін ұғындыру.

ә)тәрбиелік: Ұлттық құндылықтарымызды сақтай білуге тәрбиелеу.

б)дамытушылық: ой-өрісін,ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: зияткерлік ойын сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру,бейнекөрініс

Сабақтың көрнекілігі: итерактивті тақта, қиықшалар,логикалық сұрақтар.т.б

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлемдесу 2.Сынып тазалығы 3.Оқушыларды түгелдеу

Мұғалімнің кіріспе сөзі;

«Сен әуелі тереңірек көр,үңіл, Ілер болсаң- биіктіктен көріп іл »(Ж.Нәжімединов)

Армысыздар,қазақ халқының сан ғасырлық мол мұрасын қадір тұтатын көпшіл қауым!

« Халқым қандай десең,салтымнан сынап біл»дейтін атамыз қазақтың зейін-зердесі мен ақыл-ойы, даналығы,шешендігі мен тапқырлығы өзін қоршаған ортаның құпия сырын танып –білу көзқарастарымен ұштасып жатады.Осы сандар туралы тұжырымды ой қозғап ,оның құпия сыры төңірегінде көп еңбек сіңірген акедемик Н.Л.Марр«Халықтар қандай болса да бәрі де бүкіл адамзат еңбек етіп жасаған сандарды пайдаланады»-деп қортынды пікір айтады.

Сонымен бүгінгі өткізгелі отырған «Киелі сандар құпиясы»атты зияткерлік ойын халқымыздың көне дәуірінен бастап күні бугінге дейінгі киелі сандарымыздың аясында өтпек.Киелі сандар деп аталатын үш, бес,жеті,тоғыз т.б сандарының әдебиетте алатын орны бүгінгі зияткерлік ойын дәлелдемек.Сонымен бірге ойын барысында әрбір киелі санның негізінде жасалынған бір топ мақал-мәтелдер мен жұмбақ, жаылтпаштар мен санамақтарда ,тақпақ пен өсиет түріндекездесетін тұрақты сөз тіркестерін де көптеп кезестіруге болады.Ендеше,«Киелі сандар құпиясы»атты зияткерлік ойынды бейнетаспа көруден бастаймыз!

1-бөлім


1.Кие тұтқан сандар жайында бейнетаспаны тамашалайды.(2 к)

2.Топқа бөлу

2-бөлім

Халқымыздың қасиетті мұраларының бірі-мақал-мәтелдер.Мұнда халқымыздың сан ғасырлық тарихы ,шежіресі жатыр Ойынның і түрі –мақал –мәтелдер.



шарты –әр топ киелі сандар негізінде жасалынған мақал-мәтелдер, жұмбақтар, санамақтар мен жаңылтпаштар айту керек.Қарсы алыңыздар!

1.Жеті атасын білмеген жетесіз.

2. Қызға қырық үйден тыю.

3. Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені.

4. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

5. Білгенің бір тоғыз, білмегенің – тоқсан тоғыз.

6. Бала жетіге келгенше, жерден таяқ жейді.

7. Жігітке жетпіс өнер де аз.

8. Отыз екі тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.

9. Он үште отау иесі

10. Қызға қырық үйден тыю.

11.Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ

12. . Жеті атасын білген ер

Жеті жұрттың қамын жер

13. Алты жасар бала келсе,

Апыстағы шал алдынан шығар.

11. Көлемді,үлкен,алып аузын ашып,

Жүреді он екі аяқ қадам басып.

Әр бірінде отыздан бармағы бар,

Құтылмас ешбір адам одан қашып. (жыл,он екі ай) 2.3

12. Отыз екі- бәрі алып

Тұрар іште қамалып

11. Үй ішінде

Отыз екі батыр.

Кіргендерді

Отап, турап жатыр.2.1

12.Қатар тұрып екеуі

Бірін – бірі көрмейді,

Көр десең де көрмейді. 2.7

3-бөлім «Білім мен дәстүр» сын ойыны



1 топ . 1. Сөз құрамынан сан есімдерді тауып цифрмен жаз

Түбір тоғызқұмалақ қырыққабат

Кекіл балтыр төртбақ

Сегізкөз түшкір салты

күшік дербес жетік

2 топ 2. Халқымыздың сан есімдерден басталып айтылатын ұлттық ойындары қалай аталады? (тоғызқұмалақ, алтыбақан,Бес тас )

3 топ 3. «Мақсұтым-тіл ұстартып, өнер шашпақ» дегендей, бұл сабақта Абай атамызды айтпай кетуге болмайды. Абай атамыздың «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» демекші, біздің күнделікті тұрмысымызда, той- думандарда айтылып жүрген өлең тақырыптарының кейбірі санмен аталады.

Мысалы, қандай әндерді білесіңдер? (Бір бала, Жиырма бес, Екі жирен, Бір келіншек, Он алты қыз, Сегіз аяқ)

Сергіту сәті: Абай әнін тыңдау

Математика пәні бойынша әзілді -логикалық ойлау арқылы 3 топқа бір-бір жұмбақ жасыру.



  1. Аспанда 3 түйеқұс ұшып келе жатты, аңшы олардың бірін атып алды. Аспанда нешеу қалды деп ойлайсыҢ?

2. Бір жүз екі құлақ неше адамның құлағы деп ойлайсың?

3. Қай айда 28 күн бар?

4-бөлім Келесі ойынның түрі –«Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады»

-дейді дана халқымыз.Киелі сандарға байланысты ойынымыздың негізгі бөлімі осы-«Білім сайысы».

1.Бейнекөрініс тамашалау

2.Постер жасау

Әр топ өз атауларына қатысты сандардың тіркестерін құрап, сол әр тіркестің сырын, мазмұнын таратып айту керек бұл бөлімде сандарға байланысты білімін таразыға салып, әрбір санның құпия сырын ашуға тырысады.Бұл ойын барысында біз халқымыздың тарихынан ,тұрмыс-тіршілігінен хабардар боламыз.

1 топ өз сандарыңа қатысты тіркестерді ата : 7 саны өте киелі. 7 жаста бала мектепке барады.

Жеті күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Жеті амал: тоқсанның кіруі, киіктің матауы, мұздың қатуы, айдын тоғамы, үркердің батуы, қарашаның батуы, күннің тоқырауы

Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық, , ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы

Жеті жоқ: Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ

Жеті жұт: құрғақшылық, мал қырылу, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала

Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат

Жеті құбылыс: күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан әлемі, жер орта, жер асты

Жеті жетім:

Тыңдамаған сөз жетім,

Киюсіз тозған бөз жетім,

Иесіз қалған жер жетім,

Басшысы жоқ ел жетім,

Аққу-қазсыз көл жетім,

Жерінен айырылған ер жетім,

Замандасы қалмаса –

Бәрінен де сол жетім.

Жеті нәрсені жүйкені тоздырады:

1. Ең жеген нан. 2. Зімәдан болған жан. 3. Боямалы тән. 4. Нашадан бұзылған қан. 5. Темекінің түтіні. 6. Арақтың жұтымы. 7. Ақшалы ойынның ұтымы.



Жан-жүйені жадырататын жеті жәйіт:

1. Әкімдердің шарапаты. 2. Ғұламалардың шариғаты. 3. Байлардың салауаты. 4. Кедейлердің қанағаты. 5. Үлкендердің ұлағаты. 6. Жастардың инабаты.



7. Азаматтардың ар-ұяты. Жегідей жеген жеті кесел:

1. Коррупция. 2. Мафия. 3. Парақорлық. 4. Бюрократтық. 5. Рэкетерлік.

6. Маскүнемдік. 7. Жезөкшелік.

Жеті ата:

1. Тек ата. 2. Түп ата. 3. Баба. 4. Арғы ата. 5. Ата. 6. Әке. 7. Бала.



2 топ өз сандарыңа қатысты тіркестерді ата : 5 санына байланысты:

Бес парыз: Таң намазы, бесін намазы, екінді намазы, ашам намазы, жашиық намазы

Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта

Бес борыш: Аллаға, пайғамбарға байланысты борыш, адамның өзіне байланысты борыш, мемлекет пен халыққа борыш, үй-іші жақындарына борыш, адамгершілік әлеміне борыш

Бес жаратылыс: күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн

Бес өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма

Бес қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз

3 топ өз сандарыңа қатысты тіркестерді ата : 3 санының байламдарын былай түйіндеген:

Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ

Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой - өріс, адам – қазық

Үш қасиет: өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет

Үш талғам: мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат

Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз

Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті

Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл:

Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, нағашы жұртың - сыншыл

Енді осыларды таратып айтсақ:

Қайын жұртың қолыңның ұзындығына қарайды,

Жағаңның қызылдығына қарайды.

Берсең жағасың,

Бермесең дауға қаласың

Өз жұртың – ағайын,

Бар болсаң көре алмайды

Жоқ болсаң бөліп бере алмайды.

Жақсы болсаң күндейді,

Жаман болсаң жүндейді.

Нағашы жұртың:

Жақсылығыңа сүйінеді,

Жамандығыңа күйінеді.

Әрқашан тілеуіңді тілейді,

Тілеуқорлық ниеті билейді.



Үш із: бала, байлық, бақыт – білім

Үш ғайып: қонақ несібе, ажал

Үш алыс: жер мен көк, жас пен кәрі, жақсы мен жаманның арасы

Үш арсыз: күлкі, ұйқы, тамақ

Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық

Үш қазына: Ер қазынасы – жүрген із,

Ел қазынасы – көне сөз,

Тіл қазынасы – ескі сөз

Үш мақсат: Саудагер мақсаты – ұту, жол мұраты – жету, дау мұраты – біту

Үш үміт: жазылам деп науқас үмітті, байимын деп кедей үмітті, кетем деп қыз үмітті

Үш қадірлі: ырыс, бақ, дәулет

Үш қадірсіз: жастық, денсаулық, жақсы жар

Үш кемшілік: атың шабан болса – жалғанның азабы, алғаның жаман болса – дүниенің тозағы, балаң жаман болса – көрінгеннің мазағы

Әр топ постерлерін қорғап, кері байланыс береді.

Келесі сөз кезегі әділқазылар арқасында.Халқымызда «Жүзден жүйрік ,мыңнан тұлпар озады»,-деген сөз бар.Сайыскерлеріміздің білімін бағалау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына беріледі.

Ал,осымен бүгінгі«Киелі сандар құпиясы» атты сайысымыз аяқтай отырып, «екі мақтау, бір ұсыныс» -деген сөзбен сыныптан тыс «зияткерлік ойын сабағымызды қорытындылаймын .Зейін қойып тамашалағандарыңызға көптен-көп рахмет!Келесі кездескенше!

1-сұрақ

1)«Жеті жұтқа» нелер жатады?

Жеті жұт:құрғақшылық, мал жұту, оба, өрт,соғыс,сел келу,жер сілкіну.

2)«Тоғыз құмалақ»дегеніміз не?

Тоғыз құмалақ қазақтың ұлттық ойыны.

2-сұрақ


«Жеті жарғы»дегеніміз не?

«Жеті Жарғы»

Әз Тәуке хан өзіне дейінгі Қасым ханның қасқа жолы мен Есім ханның ескіжолы сияқты дәстүрлі заң жобаларының жақсы жақтарын ала отырып,Әйтеке ,Қазыбек,Төле билермен ақылдаса келіп жаңа заң жасады

2)«Бес қаруды ата»

Бес қару:ай ,балта,найза,қылыш,садақ,мылтық.

3-сұрақ:


1)«Жеті мүшені ата»

Жеті мүше:

А)бас,оң қол,сол қол,оң аяқ,сол аяқ,кеуде, іш.

Ә)бас,екі аяқ,кеуде жақ,арқа жақ,екі аяқ,оң бүйір,сол бүйір

2)«Үш көз»дегеніміз не?

Үш көз:


Су анасы-бұлақ

Жол анасы- тұяқ

Сөз анасы –құлақ

4-сұрақ:


1)Әлемнің«Жеті кереметі»дегеніміз не?

Әлемнің Жеті кереметі:

1.Эгипет пирамидалары.

2.Эфестегі Артемида храмы.

3.Олимпдегі Зевс мүсіні.

4.Галикарнастағы кешен

5.Родосс аралығындағы қола мүсін(биіктігі35 м)

6.Александриядағы маяк(биіктігі 120м)

7.Вавилондағы аспалы бақ.

2)«Үш арсызға» нелер жатады?

Үш арсыз:ұйқы,тамақ,күлкі

5-сұрақ


1)«Жеті жоқ»

Жеті жоқ:

1)Таста тамыр жоқ,

2)Аллада бауыр жоқ,

3)Жылқыда өт жоқ

4)Құста сүт жоқ,

5)Аспанда тіреуіш жоқ,

6)Желде тіреуіш жоқ,

7)Тасбақада талақ жоқ,

5-сұрақ


1)« Жеті жоқты»ата

Таста тамыр жоқ,

Аллада бауыр жоқ,

Жылқыа өт жоқ,

Құста сүт жоқ,

Аспанда тіреуіш жоқ,

Жерде елеуіш жоқ,

Таспақада талақ жоқ,

2)«Төрт кітапты»ата

Төрт кітап:Тәурат,Забур,Інжіл,Құран.

5- бөлім

«Құлақтан кіріп,бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең,менше сүй-деп Абай ақынымыз жырлағандай, келесі сайысымыздың түрі-

«Ән сайысы ».Мұның бір ерекшелігі әр топ сан қатысқан ән шумағын орындайды.

Қанекей әншілерімізді қарсы алайық!Жоғары ұпай -5

5- бөлім.

Киелі халқымыз табиғаттың құпия сырларын меңгеру үшін қоршаған ортадағы заттарды,

адамды немесе табиғат құбылыстарын жұмбақтап отырған.Күні бүгінге дейін ауыз

әдебиетінің бұл түрі өз мәні жоғалтпай,дамып келеді.

Сайысымыздың келесі түрі -«Жұмбақ жасыру».Жұмбақ ішінде санмен жұмбақтау болуы шарт.

6—бөлім

Бұл бөлім-«Логикалық сұрақтар »сайыс деп аталады.Әр топ өкілдері бұл сайыста қиялының



жүйріктігін байқату шарт.

Келесі сөз кездегі әділқазылар арқасында.Халқымызда «Жүзден жүйрік ,мыңнан тұлпар озады»,-деген сөз бар.Сайыскерлеріміздің білімін бағалау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына беріледі.

Ал,осымен бүгінгі«Киелі сандар құпиясы» атты сайысымыз аяқталады.Зейін қойып тамашалағандарыңызға,әр топ өкілдері қатысқандарыңызға көптен-көп рахмет!Келесі кездескенше!

«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»

Сабақтың мақсаты: Абай өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері: білімділік — оқушыларға көркем сөздің асылы — поэзиядағы Абайдың жаңа үлгілерін таныту

тәрбиелік — Абай өлеңдерін, поэзияны сүюге, оны түсіне білуге тәрбиелеу.

дамытушылык — оқушылардың ойын тұжырымдап айта білуге үйрету, тіл байлағын өрістету.

Сабақ типі: Жаңа сабақ

Сабақ түрі: Дәстүрлі емес

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, венн диаграммасы, кесте, баяндау әдісі, көрнекілік, ой қорыту.

Сабақ көрнекілігі: Абай суреті, оқулық, тақта, Абай шығармалары, кесте.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі

Сынып тазалығы. Оқушыларды түгендеу.

2. Үй тапсырмасы

Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898)

Майлықожа Сұлтанқожаұлы 1835 жылы Сыр бойында Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аулында дүниеге келген.

Толғаулары: «Ілімге толса көкірек», «Жақсы болсын жұбайың», «Ұрлық түбі — қорлықты», «Ер көгерген дұғамен».

«Ілімге толса көкірек» толғаудан үзінді

Ақынның жастарға берген ақылы: Халық ісіне тарылып тоқталма, сабырлы бол, сөз берілсе сөйле, ақылды бол, талапты бол, білімді бол,еңбеқор бол

Метафора

Азырақ сөзді жазамын.

Қызып тұр әзір табаным.

Жігіттің көркі өнері.

Тілдің болдым шебері

Майлы ақынның сөзі еді.

«Өнер алды-тіл» еді.

Тілдің гаусар гүл еді.

Заманында дүр еді

Жақсының-жолы жарық күн, Жаманның жолы көмескі.

Сабыр — ақыл серігі.

Эпитет


1.Алтынды — гауһар бедерлі Орынсыз жерде күледі. Теңеу.

1.Аспан — жердей парқы бар.



Венн диаграммасы

Жаңа сабақ

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе! Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге! — деп Сұлтанмахмұт айтқандай Абай — туған халқының, болашақ ұрпақтың өнегелі тәрбиешісі, ана тілінің, қазақ поэзиясының гулдеуіне зор үлес қосқан қамқоршысы

Олай болса, Абай өмір сүрген кезеңге көз жіберейік.


  1. (1845-1904)қазіргі Шығыс Қазақстан облысында туған.

  2. Абай және ғылым

Абайды Жасымда ғылым бар деп ескермедім.

Ғылым таппай, мақтанба.

Интернатта оқып жүр.

Әсемпаз болма әрнеге.

әкесі Құнанбай тілге шешен, ақылды,әділ ел басқарған.

2. Абайдың меңгерген тілдері: араб,парсы,шағатай

3. Абай оқыған классиктер.

А.С.Пушкин М.Ю.Лермонтов И.А.Крылов

Онегиннің сөзі

Татьянаның хаты

Онегиннің жауабы

Татьянаның сөзі;

Теректің сыйы

Қараңғы түнде тау қалғып

Кең жайлау

Қанжар


Шегіртке мен құмырсқа

Жарлы бай.

Бақа мен өгіз.

Есек пен бұлбұл.



«Өлең-сөздің патшасы сөз сарасы» өлеңі

Өлеңдегі 3 негізгі ой

Өлең қандай болуы тиіс Бұрынғының ақындарын сынау Тыңдаушыға айтары

Өз поэзиясында жаңа мақсат барын Өлеңнің сатып,күн көріс көрген жағымсыз,

Жариялайды . жарамсақ ақындарға ыза болып, Тыңдаушыларды тәрбиелеу Ол әлеуметтік шындықты жариялау. қатты сынайды.Ақын өнерін,саудаға салу, қажеттігіне назар аударды.

Өлеңді бөтен сөзбен былғамау талап сөз қадірін кетіру,арсыздық деп қарайды

тары қойылады.Халық мүддесі

жұмсауды мақсат етеді.

Оларды халық тағдырын жырлайтын жаңа үлгідегі поэзияны түсіне білуге,бағалауды.

"Сатылай кешенді талдау технологиясы «бойынша өлеңді талдау.

1. Авторы. Абай Құнанбайүлы

2. Тақырып. Бұл өнер туындысы,әдеби шығарма-белгілі дәуірдегі қоғамдық шындық.

3. Жанр түрі. Поэзия (өлең) Өлең дегеніміз-белгілі бір қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі өлшеммен

4. Идеясы. Өлеңді түсіне білуге бағалауға шақырады. Сөздің асылы — поэзия екенін, жақсы сөз даналықтың айғағы екенін айтады.

5. Шумақ. Өлең шумақтан тұрады. Шумақ аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді.

6. Тармақ. Өлең тармақтан тұрады. Тармақ-өлеңнің әр жолы.

7. Бунақ. Тармақ бунақтан тұрады. Бунақ-белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі.

8. Буын. Өлең буыннан түрады. Буын сөздің қурамындағы дауысты дыбыстардың санына қарай анықталады.

9. Теңеу – Өтірік пен өсекті жүндей сабап

Эпиттет – Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын.

Метафора – Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап.

10. Сөздік:

Аят (арабша) — құран сөзі

Хадис (арабша) — Мұхаммед пайғамбардың сөзі

Бәйіт (арабша) — өлең сымал — өлең секілді

Құтпа (арабша) — уағыз оқу, сөйлеу мағынасында

Мүнәжәт (арабша) — Аллаға жалбарыну, мақтау сөз айту

11. Өлеңнің негізгі түйіні: Тыңдаушыны тәрбиелеу, сөздің құдіреттілігін түсіндіру, поэзияны бағалауға шақырады

12. Оқушыға өлең шумағын талдату

Ө-/лең-//сөз-дің пат/ша/сы//,сөз са/ра/сы,//а

Қи/ын/нан// қи/ыс/ты/рар//ер да/на/сы//а

Тіл/ге же/ңіл,//жү/рек/ке//жырлы ти/іп,//б

Теп-теріс//жұ/мыр кел/сін//ай/на/ла/сы а

13. Буынды қара өлең ұйқасы.

14. Сабақты қорытындылау

Ақыл-ой,ақындықтың киесі — Абай, Түгел сөздің түбі бір жүйесі-Абай. «Өлең сөздің — патшасы» десе Абай, Патшаға енді ұсынбас төрді Абай, Патша мүлде тағымен төңкерілген, Өлеңнің құдіретті иесі — Абай! «Сөздің құдіреттілігі — қоғамды өзгертетін күш» деген болатын Абай. Сабақты елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен қорытындылаймын: «Біздің міндетіміз бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу» деген пікірі жастарға Абайша білім алу, Абайша ойлау, Абайша өмір сүру дегенді ұқтырады.

Үйге тапсырмасы: «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңді жаттау.

Пәні: Қазақ әдебиеті Сыныбы: 9 04.12.14.

Сабақтың тақырыбы : Ақтамберді жырау Күлдір-күлдір кісінетіп.

Сабақтың мақсаты : а) Ақтамберді жыраудың өміріне тоқтала отырып, шығармасына идеялық мазмұнына талдау,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасау;

ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,тірек сызбалар, слайд т.б

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың ережесі

• Белсенді қатысу

• Тыныштық сақтау

• Бірін-бірі тыңдау

• Ойын ашық айту

• Ынтымақтылық

Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

• Үй тапсырмасын тексеру.

• Үйге берілген «Жыраулар поэзиясынан» түсінік айту.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жыраулар поэзиясына сұрақтар қою.

1. Жыраулар поэзиясы қай ғасырларды қамтиды? XV-XVIII ғасыр

2. Жыраулар поэзиясының негізгі тақырыбы қандай?

3. Жыраулар өз заманының қандай өзекті мәселелерін жырларына арқау еткен?

4. Жыршы, жырау, толғау сөздерін қалай түсінесіңдер?

Толғау деп- өмір, тіршілІк туралы терең ой мен толғанысқа құрылған шығарманы айтамыз.

5. XV-XVIII ғасырларда өмір сүрген қандай жырауларды білесің?

6. Жыраулық өнер дала «Абызы»деп аталып, кімнен бастау алған?

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сарыұлы Ақтамберді (1675 - 1768) атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері. Ұлы жүздің Ошақты руынан. Әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туған.

Қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген Ақтанберді «дұшпаннан көрген қорлығым, сары су болды жүрекке. Он жетіде құрсанып, қылыш ілдім білекке. Жауға қарай аттандым, жеткіз деп, құдай, тілекке» деп, өзі айтқандай, он жеті жасында ақ қолына қару алып, ел қорғауға аттанады.

Ол 1742 жылы Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысына өкіл болған. 1738-1752 жылдары қазақ-қалмақ арасында болған қанды қақтығыстардың барлығына дерлік қатысқан. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау болған. Қазақ жауынгерлерінің азаттық, құлдық жөніндегі түсініктері, көшпелі халықтың тыныс-тіршілігі болашаққа деген сенімі, адалдық-жауыздық, қиянат, әділетсіздік хақындағы таным-түсініктері Ақтамберді талғамынан өтіп жыр-толғауға айналған.

Ақтамберді жырау шығармалары

Жыраудың «Жағалбай деген ел болар», «Жағаға қолдың тигенін», «Жел, жел есер, жел есер» толғауларындағы жалғыздық, жарлылық мәселелерінің жырлануы.

«Балпаң балпаң кім баспас», «Жауға шаптым», «От басар орыны отаудай» секілді біраз жырларында жұртшылықты ата жаумен айқасқа шақырады.

« Күлдір,күлдір кісінетіп», «Уа, қарт Бөгенбай», «Жауға шаптым ту байлап», «Заманым менің тар болды» және тағы да басқа өлең-толғаулары батылдыққа, ізгілікке, патриоттық күй-сезімдерге толы.

Балаларыма өсиет» деп аталатын толғауы соңғы туындыларының бірі болса керек. Жырау балаларын тірліктегі бірлікке, талап-мұратқа, татулыққа үндейді. Жас ұрпақтың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы елді мақсатына жеткізерін ескертеді. Халықты алауыз мінездерден сақтандырады.

1. Кітаппен жұмыс. Әр топқа тексті бөліп беремін. Жыраудың өмірі мен шығармашылығынан түсінік айтады.

2. «Күлдір-күлдір кісінетіп» шығармасын оқып шығу. Талдау жұмысы.

3. Плакат қорғау.

«Күлдір-күлдір» кісінетіп толғауын қалай түсіндіңдер?

4. Бекболат Тілеухановтың видеоролигын тамашалайық.

5. Көркемдік ерекшеліктері:

Күлдір, күлдір кісінетіп,

Күреңді мінер екенбіз.

Күдеріден бау тағып,

Ақ кіреуке киер ме екенбіз.

Жағасы алтын, жеңі жез,

Тонды киер ме екенбіз.

Шығыршығы торғай көз,

Торды киер ме екенбіз.

Архаизмдер

От басар орны отаудай,

Қабырғасы халық орнаған жонсаудай,

Ор қояндай қабақты,

Қиған қамыс құлақты,

Сары мысықтай азулы,

Саптыаяқтай ерінді,

Қидасын кәрі жілікті,

Омырауы есіктей,

Ойынды еті бесіктей,

Табаны жалпақ тарланды

Таңбалап мінер ме екеміз?!

Ор қояндай жүгінтіп,

Аш күзендей бүгілтіп,

Жолбарыстай шұбарды

Таңдап мінер ме екеміз?!

Теңеу, эпитет

Білімді бекіту: Тест тапсырмалары

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына , сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.



Үйге тапсырма: Ақтамберді жыраудың «Күлдір, күлдір кісінетіп» өлеңінің үйден жаттап келу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет