Култанбаева нургул калдыгуловна



Pdf көрінісі
бет70/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ

 


112 

ЕРТЕГІ 
ДИСКУРСЫ 
ЛИНГВОМӘДЕНИ 
ӨЛШЕМДЕРІНЕ 
САЛҒАСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ 
3.1 Ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерін салғастыра зерттеу 
әдіснамасы, принциптері мен әдістері 
 
Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелі болуы оның зерттеу нысаны мен 
мақсат-міндеттеріне сәйкес әдіснамасын, принциптерін және әдістерін дұрыс 
таңдаумен анықталады. Ғылыми жұмысымыздың үшінші бөлімінің мақсаты – 
ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерін салғастырмалы зерттеудің 
әдіснамасы мен принциптерін, әдістерін анықтай отырып, зерттеу үлгісін 
ұсыну.
Қазіргі ғылымда әдіснаманың бір-бірімен өзара байланысты үш деңгейін 
ажыратып жүр: философиялық әдіснама; жалпығылыми әдіснама; жеке 
әдіснама. Философиялық әдіснама – адамның қоршаған дүниені тануының 
жалпы ережелерінің жиынтығы. Жалпы ғылыми әдіснама әр түрлі ғылым 
саласындағы құбылыстарды зерттеудің принциптері мен әдістерін анықтайды. 
Зерттеудің жалпы ғылыми тәсілдеріне бақылау, тәжірибе т.б. жатады. Жалпы 
ғылыми әдіснаманың негізгі бірлігі ғылыми танымның логикасы болып 
саналады.
Тіл білімінің әдіснамасы тілдік құбылыстарды зерттеудің негізгі жолдары 
туралы ілім. Әдіс – тілді зерттеуге арналған нақты тәсіл немесе құрал. Кез 
келген тіл білімінің әдіснамасы нақты бір тіл туралы көзқарасқа негізделеді. Тіл 
туралы осындай көзқарас тілдік құбылысты танудың тәсілдері мен жолдарын 
анықтайды. 
Біздің зерттеу нысанымыз ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерін 
салғастыра зерттеу болғандықтан, салғастырмалы тіл білімінің әдіснамасын 
басшылыққа аламыз. Салғастырмалы, типологиялық тіл білімі, тіл теориясы 
салаларының әдіснамасын қалыптастыруға үлес қосқан В.Г. Гак, Т.А. Золотова, 
Н.Д. Арутюнова, 
Е.А. Селиванова, 
У.К. Юсупов, 
З.К. Дербишева, 
М.М. Копыленко, З.К.Ахметжанова, Э.Д. Сулейменова, А.Е. Карлинский, 
Б.К. Мурзалина, 
С.Ж. Тажибаева, 
Г.С. Сагидолда, 
Ж.Н. Жунусова, 
А.Д. Жакупова, З.К. Сабитова, К.Т. Рысалды, Н.И. Букетова, Г.И. Исина, 
К.К. Дуйсекова, 
Г.М. Алимжанова 
т.б. 
ғалымдарды 
атауға 
болады. 
Зерттеуімізде қазақ, орыс, араб ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерін 
салғастырмалы 
зерттеуді 
мақсат 
еткендіктен, 
салғастырмалы 
лингвомтәдениеттану ғылымының әдіснамасына назар аударған дұрыс деп 
санаймыз. Зерттеуші Г.М. Алимжанованың пікірінше, «Салғастырмалы 
лингвомәдениеттану ғылымы әдіснамасының негізінде тіл мен мәдениеттің 
өзара тығыз байланысын түсіну, тілді мәдениетті тану құралы ретінде тану, 
тілде нақты бір этностың мәдениеті көрініс табатындығы жатыр» деп санайды 
[134, 3]. Тілді 
лингвомәдениеттану аясында зерттеудің мәні былайша 
анықталады: мәдени компонент тек атауыштық бірліктерден ғана емес, қарым-
қатынас тактикасынан, сөйлеу мінез-құлқынан, жалпы дүниетаным мен дүниеге 
деген көзқарастарынан көрініс береді, сондықтан әр түрлі мәдениет өкілдерінің 


113 
қарым-қатынасының сәтті болуы сөйлеушілердің лингвомәдени ерекшеліктері 
туралы білімдеріне байланысты болады. Сондықтан салғастырмалы 
лингвомәдениеттанудың нысаны сөз тіркестерінен бастап мәтін-дискурс, 
қарым-қатынас актісі, дүниенің құндылық бейнесін қамтитын тілдің барлық 
бірліктері жатады.
Тіл білімінің әдіснамасы нысан-принцип-әдіс-тәсіл түріндегі төрт 
тізбектен 
тұрады. 
Салғастырмалы 
лингвомәдениеттанудың 
зерттеу 
принциптеріне антропоөзектік, функционалдық, этноцентризм, түсіндіру, бір-
біріне ұқсамау т.б. жатады. Салғастырмалы лингвомәдениеттану әлеуметтік 
лингвистикамен тығыз байланысты. Кез келген тіл әлеуметтік қатынастар 
негізінде қалыптасып, қоғамдық ортада дамиды. Сәйкесінше дискурстың орын 
алуына қоғамдағы әлеуметтік-мәдени жағдайлар ықпал ететіні сөзсіз. «Қоғам», 
«әлеумет» және «мәдениет» ұғымдары бір-бірімен астасып жатқан құбылыстар 
деп айтуға болады, өйткені адам әлеуметтік рөлдер мен мәдени 
құндылықтардың тасушысы бола отырып, кез келген әлеуметтік құбылысқа 
қатыса алады. Сондықтан да мәдениетті үнемі дамып, жетіліп отыратын 
әлеуметтік құбылыс деп тануға болады. Қоғам, әлеумет және сол қоғамда өмір 
сүріп, әр түрлі әлеуметтік рөлдерді атқаратын тіл сөйлермендері туғызған 
дискурс этностың дүние бейнесінен, мәдениетінен хабар береді. Сол үшін 
ғалымдар (В.А. Маслова, А.Т. Хроленко) лингвомәдениеттанудың зерттеу 
әдістерінің қатарына дискурс талдауды қосуды жөн санайды. Шындығында, 
дискурс талдаудың пәнаралық сипатын ескерсек, оның қоғаммен де, 
мәдениетпен де тығыз байланысын аңғаруымызға болады. Белгілі бір қоғамның 
және оның мәдениетінің ықпалымен пайда болып, қалыптасқан дискурс өз 
кезегінде қоғам мен мәдениетке де өз әсерін тиігізеді, сол тілдік 
қауымдастықтың белгілі бір даму сатысында маңызды болып саналатын 
ұғымдар мен түсініктерді вербалдай отырып, оларды қоғамдық санада бекітеді. 
Әлеуметтік шындық дискурстық тәжірибе арқылы қалыптасады, әлеуметтік 
өзара байланыстың мәні белгілі бір дискурста ашылады.
Ертегі дискурсы кез келген мәдениет құбылысы сияқты халықтың 
дискурстық тәжірибесі негізінде пайда болады. Оның түп негізінде мифтік сана 
мен ауыз әдебиетінің бастаулары жатыр. Ертегі дискурсы ауызша сөйлеуде 
және жазбаша мәтіндерде бекітілген, тілдік және тілден тыс факторларға 
тәуелді, нақты қарым-қатынас оқиғасы.
Тіл білімі мен фольклор саласында зерттелген шетелдік және отандық
теориялық еңбектерді зерделей келе, ертегі дискурсының лингвомәдени 
өлшемдерін салғастырмалы талдаудың кешенді әдістемесін жасау қажеттегін 
түсіндік және оның негізіне дискурс-талдау және лингвомәдени көзқарас 
басшылыққа алыну керек деп тұжырымдаймыз. 
Әлеуметтік шындық дискурстар аясында туындайды және шындыққа 
айналады, ал әлеуметтік қарым-қатынасты белгілі бір дискурс жанры 
шеңберінен тыс қарастыру мүмкін емес. Сонымен, біздің міндетіміз – ертегі 
дискурсындағы лингвомәдени өлшемдерді салғастырмалы зерттеу үлгісін 
ұсыну. Дискурс-талдау – бұл белгілі бір қоғамдық-саяси және мәдени-тарихи 
жағдайларда жүзеге асырылатын адамдардың сөйлеу әрекетінің өнімі ретінде 


114 
әр түрлі мәтіндерді немесе айтылымдарды түсіндіру әдістерінің жиынтығы. 
Дискурс-талдау құрылымдық әдістен гөрі “пәнаралық әдістердің кешені” [135, 
354] болғандықтан, оны ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерін 
анықтауда қалай тиімді пайдалануға болатынын ұсынамыз.
Сонымен, ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерін салғастырмалы 
зерттеуге арналған дискурстық-лингвомәдени талдау үлгісін ұсынамыз. 
Аталған үлгі үш деңгейден тұрады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет