4. Пиранокумариндер, немесе хроменопирондар.
Пиран сақинасы және кумарин ядросының конденсация нәтижесінде түзілген.
Конденсация орнына байланысты 3 топқа бөлінеді:
а) 5,6-пиранокумарин туындылары;
б) 6,7-пиранокумарин туындылары;
в) 7,8-пиранокумарин туындылары.
виснадин (2,21-диметил-31-бутирил-41-ацетил-7,8-пиранокумарин)
Сібірлік вздутоплодник тамырында (Phlojodicarus sibiricus) және укропта (Anethum graveolens) c. Apiaceae кездеседі.
.
5. 3,4-бензокумариндер – 3,4 бензол сақинасы және кумарин ядросының конденсация нәтижесінде түзіледі.
Кумариннің бензол сақинасымен 3,4 жағдайда конденсация нәтижесінде түзілген қосылыс, мысалы эллаг қышқылы.
Эллаг қышқылы гидролизденетін тері илегіш заттардың құрылыс элементі болып табылады.
мына өсімдіктердің құрамында болады: (дәрілік кровохлебка – Sanguisorba officinalis; лапчатка прямостоячая – Potentilla erecta)
Эллаг қышқылы
Достарыңызбен бөлісу: |