Кумариндер және хромондар



бет1/8
Дата07.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#95923
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
лекция КУМАРИНДЕР ЖӘНЕ ХРОМОНДАР


КУМАРИНДЕР ЖӘНЕ ХРОМОНДАР

1. Кумариндер туралы түсінік, жалпы сипаттама.

2. Өсімдік әлемінде кумариндердің таралуы, локализация, өсімдік үшін олардың маңызы.


3.Өсімдіктегі кумариндердің биосинтезі.
4. Кумариндердің классификациясы.
5. Кумариндердің физикалық және химиялық қасиеттері.
6. Құрамында кумариндер бар шикізат сапасын бағалау. Анализ әдістері.

7. . Құрамында кумариндер бар өсімдіктің шикізат базасы.
8. Құрамында кумариндер бар шикізатты жинау, кептіру және сақтау ерекшеліктері.

9. Медицинада құрамында кумарин бар шикізатты және препаратты пайдалану жолдары.
10. Хроматография

Кумариндер – цис-ортооксикорич қышқылының туындылары болып келетін табиғи фенолды гетероциклді қосылыстар, сол құрылыс негізіне жататын 9,10-бензо-α-пирон (цис- ортооксикорич қышқылының қанықпаған ароматты лактоны).





(9,10-бензо-α-пирон)

цис-орто-оксикорич қышқылы Кумарин

Кумариндер деп аталу себебі оңтүстік америкада өсетін ағаш (Dipteriх оdогаtа, сем. FаЬасеае)- кумарун осыған байланысты, 1820 ж. Фогель осы ағаштан алғаш рет кумарин бөліп алған.

XX ғ. басында 26 қосылыс бөліп алынды. Физико-химиялық әдістердің дамуына байланысты кумариндер химиясы да дамыды.

30-40-жылдары зерттеу орталығы Вена (Австрия) болды, Е.Шпет басшылығымен кумариндерді зерттеу, бөліп алу, анализ жүргізу әдістері бойынша 50-ден аса жұмыстар жүргізілді.


50-жылдардан бастап, кумариндерді зерттеу жұмыстары АҚШ, Египет, Италияда дами бастады.

Біздің елімізде кумариндерді зерттеу жұмыстары 1946 жылы Комаров атындағы Ботникалық институтта ( Санкт-Петербург қ.) профессор Т.А.Кузнецовтың басшылығымен жүргізілді, «Табиғи кумариндер және фурокумариндер» деген монографиясы дәлел. ВИЛРде атақты Г,К.Никонов мектебі бар. Жоғары биологиялық белсенділікке ие заттарды және олардың негізінде дәрілік препараттарды зерттеуге бағытталған.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет