Кураков Н. А «Интерактивті әдісін пайдалана отырып БӘД сабақтарын оқыту әдістері Брейнсторминг» Мазмұны


Жаңа технологияларды пайдалануда пәнге қызығушылық-тарын арттырудың тиімді жолдары



бет10/17
Дата20.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#172870
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
Кураков Н.А

2.3 Жаңа технологияларды пайдалануда пәнге қызығушылық-тарын арттырудың тиімді жолдары.

Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз иновациялық экономика құра алмайтындығымыз жайлы еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың үстіміздегі жылғы Қазақстан халықтарына арнаған «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» атты Жолдауында ерекше аталып өтіліп, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай білім керектігіне назар аударылған болатын. Ал бәсекеге қабілетті елдің әрбір азаматы бәсекеге қабілетті болуы тиіс деп есептеймін. Мектеп сынып оқушы тұлғасын қалыптастыру мен дамуының басты баспалдағы.
Бүгінгі таңдағы мектептердің алдында тұрған мәселе оқушыларды дамыта оқыту, яғни, оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру,олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру. Сондықтан, мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі – талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу, оны өсіру. Әр оқушының қабілетін танып біліп, дамытып адам дәрежесіне жеткізу үшін жаңашыл жұмысқа бет бұру керек.
Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, жаңа көзқарастар пайда болды. Әрі білім беру құрылымында жаңа технология өмірге келді.
«Технология дегеніміз қандай да болсын істегі, шеберлікті, өнердегі адамдардың, ал педагогикалық технология педагогикалық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисында ілім амалдарымен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы»- деп түсіндіреді В. Кларин.
Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы.
Ал педагогикалық жүйе – дара тұлғаны қалыптастыруға бағыт алған белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өлшем, байланысқан әдістердің, құралдардың жиынтығы. Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту, оны практикада пайдалану қажет.
Жаңа технологияларды пайдалануда пәнге қызығушылықтарын арттырудың тиімді жолдары» деп аталады. Мақсаты – оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана отырып, жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал меңгерген білімдерін күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлікпен қолдана білу. Жаңа технологияны қолдануда: 


«Мұғалім нені білу керек?»



  1. Жаңа технология көмегімен шешілетін мәселені анықтау.

  2. Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді. 

  3. Жаңа технология мәнінен алынатын нәтижелердің теориялық негізін.

  4. Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс-тәсілдерді білуі керек.

  5. Оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін таңдауы.



«Не істей алу керек ?»
1. Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру.
2. Күнтізбелік тақырыптық жоспар жасау.
3.Әр сабақты жоспарлау.
4. Жаңа технология бойынша жүргізілетін әртүрлі типтегі сабақ жоспарларын жасау.
А) Оқу модулын құрастыру.
Б) Оқу жобасының мазмұнын анықтау.
С) Оқу жобалары бойынша оқушыларға арналған тапсырмаларды құрастыру.
«Қандай іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыруы қажет?»
1. Жаңа технологияда пайдаланылатын жекелеген әдістер мен тәсілдер.
2. Әр түрлі типтегі сабақтарды өткізу.
3. өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің жасырын себептерін анықтау.
4. Жаңа технологияда қолданылатын оқу әрекетінің әдістерін оқушыларға үйрету



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет