Білім берудегі инновациялық технологиялар.
1.3 Оқытуды оңтайландыру тәсілдерінің жүйесі
Оқытуды оңтайландыру деп оқушылар мен мұғалімнің уақыт шығынын аз жұмсап, білім алудың, тәрбиелеудің және дамытудың қорытындыларын ең үлкен мүмкіндігінше жеткізетін оқу процесін жоспарлау мен ұйымдастыру жүйесін айтады.
Оқытуды оңтайландырудың әдістемелік негізі, оқу процесін басқарудың диалектикалық - материалистік жүйесімен әдіс - амалын таба біліп, оның нақты жағдайлардағы ең жақсы нұсқаларын таңдау. Бұндай таңдаулар нақты шындықтың әдістемелік сапалылығына жүгінеді. Мұғалім оқытудың заңдылықтары мен принциптеріне сүйеніп, нақты педагогикалық жағдайларды және ғылым негіздерін талдауды үйреніп, оқу процесінің қорытындылық және үнемділік тұрғысынан ең жақсы нұсқасын таңдайды.
Оқытудың жан - жақты ең жақсы нұсқасын негіздеуді, тек қана бүтіндей жүйені әдіс -амалдар қолданумен іске асады. Оңтайландыру еңбекті ғылыми ұйымдастырудың маңызды принципі болып табылады. Мұғалім оқу процесін, оңтайландыру ептілігін меңгермеген болса, онда педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастырудың сыртқы белгілерімен ғана шектеліп қалады. Олар - приборлар орналасуын жақсарту, техникалық құралдарды қолдану, дидактикалық материалдарды жетілдіру. Міне, сондықтан да мұғалім еңбегінің ғылыми ұйымдастырылуы оңтайландырусыз мүмкін емес.
Оқытудың оңтайлы нұсқаларын құрастыру кезінде оқыту технологиясының негізгі принциптері есепке алынады. Оқыту "жақындағы даму қарқынына" қалыптасуы керек, оқушылардың дара ерекшеліктерін ескеріп ұйымдастырылуы, бірақ оларға бейімделумен емес, ал оқушылардың жаңа іс - әрекеті мен жаңа даму деңгейлерін жоспарлау жолымен іске асуы керек. Оқыту мен білім беру, іс - әрекетті және операцияларды меңгерумен шектеліп қалмай, оқушылардың тұлғалық қасиетін қалыптастыруға басты мән беріп, оның өзін ұстау қасиеттерін дамыту. Дамытушы мен тәрбиелеуші тиімділіктерді барлығы бере бермейді, тек оқу іс -әрекетін қалыптастырумен іске асады. Оқытуды жоспарлауда оқушылардың уақытпен және үдемелі қарқындылық пен оқу жұмысына қабілетті тәуелділігі туралы мектептің гигиеналык зерттеу қорытындысын есепке алу керек. Сонымен қатар, мектепте оқитын оқушылардың әрбір жастарына және сыныбына берілетін, сынып және үй жұмыстарын орындауға кететін уакыт шығындарын мөлшерлейтін гигиенашылардың қорытындыларын негізге алу керек.
Оқытуды оңтайландырудың теориясы мен әдістемесі жоғарыда аталған заңдылықтармен және дидактикалық, психологиялық, мектеп гигиенасы принциптерімен тұрақты шектелмей, мұғалімнің жүйеленген және өзара байланысқан іс - әрекет, тәсілдерін ашып көрсетеді.
Мұғалімнің күші мен уақыт шығын мөлшерінің жоғарылауын ескертетін және тәрбиелеу тиімділігін жоғарылатуға апаратын мұғалімнің негізгі іс - әрекет тәсілдерінің қатарына жататындар:
Оқыту міндеттерін таңдау мен шешуге, оның мазмұнын, әдістерін, іс - әрекет құралдары мен түрлеріне кешенді ықпал ету.
Бар шарттар мен мүмкіндіктерді ескеріп, мұғалім іс - әрекетінің міндетін, мазмұнын, әдістерін, құралдарын, түрлерін нақтылау.
Іс - әрекеттің міндетін, мазмұнын, түрлерін, әдістерін жоспарлау кезінде басты мәнді анықтау.
Оқытудың әртүрлі әдістер, құралдар, мазмұндар, түрлер нұсқаларын салыстырмалы бағалау, оның мақсаты шартты өлшеміне сәйкес ең жақсысын таңдау.
Оқушылардың жеке топ ерекшеліктерін ескеріп, оқытудың міндетін, мазмұнын, әдістерін, түрлерін таңдауға дифференциалдық ықпал жасау.
Оқытуға қажетті шарттар тудыру.
Оқытуды өзгермелі шарттар мен мүмкіндіктерге байланысты жылдам түзеу.
Оқыту процесінде уақытты, күшті, құралдарды үнемдеуді ұйымдастыру.
Оқытуды оңтайландырудың жалпы тәсілдерін қысқаша түрде міндеттін, нақтылаудың, топтап қорытуды, салыстырмалы бағаны және нұсқаларды таңдауды, бөлшектеп бөлуді, жылдам түзетуді, оқу процесінің барлық құрылымын үнемдеуді кешенді жоспарлау деп атауға болады.
Міндетті кешенді жоспарлаудың оңтайландыру тәсілі ретіндегі маңызы - оқушыларды білім беру, тәрбиелеу мен дамытумен қатар бүгіндегі үлкен міндеттерді жүйелі кешенді түрде шешуді қарастырады. Тек осы кешенді жоспарлаумен оңтайлы қорытындыға жету мүмкін емес. Оқытуға қатысты нақты жағдайлар мен мүмкіндіктерді ескеруіміз керек.
Оқу процесінің барлық құрылымын нақтылауды жүзеге асыру. Оңтайландырудың бұл тәсілі оқытудың заңдылықтарына сүйеніп, оқушылар-дың мүмкіндіктеріне, оқу - материалдық базасына, гигиенасына, адамгершілік психологиясына және сезімдік шарттары мен мұғалімдердің өздерінің мүмкіндіктеріне тәуелді болады.
Оңтайландырудың келесі тәсілі басты мәнді анықтау болып табылады. Басты мәнді анықтаумен біз оқу процесінің негізгі міндеттерін шешуді қамтамасыз етіп қоймай, мүғалім мен оқушылардың уақыты мен күшін үнемдейміз. Оқу процесінің мазмұнын талдауда, әрбір тақырыптың басты түсінігін, зандарын, теориялық негіздері мен фактілерін анықтайды.
Оңтайландырудың ең басты тәсілі оқытудың әр түрлі нұсқаларын салыстырмалы бағалау, оның мақсаты нақты жағдайға байланысты ең жақсысын таңдау.
Мұғалім нұсқаларды салыстырып, ең жақсысын таңдауды үйрену үшін, оқытудың бар байлығын - мазмұнын, әдістерін, құралдарын, ұйымдастыру түрлерін жақсы меңгеру керек.
Оқытудың әртүрлі нұсқаларының тиімділігін салыстыру кезінде (әдістерді, құралдарды, түрлері және т.б.) мынаны есте сақтау керек, яғни тиімділікті әдетте іс - әрекеттің соңғы қорытынды мақсатымен сәйкестену дәрежесімен есептейді. Тиімділікті іс - әрекеттің соңында бағалайды, ал оны салыстыруды іс - әрекеттің алдында өткізеді. Салыстыру кезінде алдымен іске аспайтын жақтарын алып тастайды, содан соң нұсқаларын екіден бірге дейін тарылтып, екі нұсқаның біреуін нақты жағдайда іске асатынын таңдайды.
Барлығы жоспарланған әдіс - тәсілдердің барлығы оқу процесін көзделген дәрежеде өткізбеуі де мүмкін. Мысалы, ол оқушылардың көбісі үй тапсырмасын орындауда бірдей қателер жіберген, соның себебін түсіндіруге уақыт кетуіне байланысты жоспарланған уақыт өзгеріп кетеді. Бұндай кезде оқытудың әдістерін, құралдарын және түрлерін жылдам түзету тәсілі қолданылады. Бұл тәсіл жоспарланғанды тез арада түзетулер енгізіп, көзделген мақсатқа толық жете білуін қамтамасыз етеді.
Оңтайландыруды іске асырудың жалпы тәсілі (қажетті аз шығын жұмсап, мүмкін ең көп қорытындыларға жету) оқытуда уақыт, күш және құрал шығындарын үнемдеуге қалыптасу болып табылады. Бұл тәсіл біріншіден алдын көрсетілген барлық тәсілдердің көмегімен іске асады, яғни міндетті кешенді шешу, оларды нақтылау, басты мәнді анықтау, оқытуды бөлшектерге бөлу, оқытудың мүмкін нұсқаларын салыстырмалы бағалау және екіншіден мұғалімдердің қолданатын арнайы әдіс - амалдары (оқытуға кететін уақыт, күш және құралдарды үнемдеу үшін) арқылы приборларды тиімді орналастырумен, оларды блокты сақтап және арнайы таратпаларда таратып беру, автоматты қараңғылау мен дауысты жарықты техникалық құралдарды қолдану, баспаханалық дидактикалық таратпа материалдар қолдану, лабораториялық бөлмелерге оқушылар тобынан лаборанттар дайындап, оларды лабораториялық жұмыс кезінде пайдалану, оқу фильмдерінің орнына ауқымды кино үзінділер жүргізу және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |