1.2. Оқыту процесін жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оңтайландыру.
Кез келген елдің рухани - мәдени дамуы экономикалық дамуы сол елдегі оқыған білімді индивидумдар деңгейімен анықталады. Ал жеке тұлғалардың білімділігі кеңінен ойлану анализдей білу мектеп қабырғасында алатын біліміне тікелей байланысты. Яғни мектеп сол болашақ деп аталатын үлкен құрылыстың кішкене кірпіштерін дайындап шығарып жатқан фабрика сияқты.
Әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға терең әлеуметтік өзгерістерге толы қазіргі кезеңде оқушыларға берілетін информация көлемі кеңеюде. Ал оны игеруге бөлінетін уақыт өзгеріссіз қалуда. Сондықтан білім берудің сапасын жақсарту, білім берудің әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік.
Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалім басты рөль атқарған болса, қазіргі оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуге тиіс, яғни мұғалім көбіне кеңесші, бағдарлаушы рөль атқаруға тиіс. Қазіргі кезеңде оқытудың басты мақсаты өз бетінше дами алатын, жеке шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру болғандықтан мектеп қабырғасында оқушылар өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын игеруге тиіс.
Жалпы білім беру саласындағы жаңа саяси ұстанымның біртіндеп іс жүзіне асуы егемен еліміздің өркендеу бейнесінің бір көрінісі. өркениетті елдермен тереземіз тең болу үшін әлемдік білім аясына кірігуді мақсат тұтқан еліміздің білім беру саясаты оқытуды демократиялау, ізгілендіру арқылы жаңа сапалы деңгейге көтеруді көздейді. Осыған байланысты білім берудегі бірыңғайлықтан бас тартып, көп нұсқалы білім алу жүйесіне бет бұрып тұрған жағдайда оқушылардың топтық ерекшеліктерімен қоса жеке танымдық ерекшеліктерін ескеріп - оңтайлы оқытуды ұйымдастыру - бүгінгі өзекті мәселе. Осы тұрғыдан зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі - оңтайлы оқыту мүмкіндіктерін ашу.
Қазіргі кездегі жаңа педагогикалық технологияларды оқу процесіне енгізу осы проблемаларды шешуге маңызды рөль атқарады. Оқу процесінде қолдану үшін ұсынылып жатқан технология түрлері өте көп.
Соңғы мәліметтерге қарағанда бес бағыттан бағдарланған 50 - ге жуық технологиялар ғылыми түрде негізделген. Сондықтан осындай жаңартылған технологиялардың ішінен өз қажеттісін таңдап алу -әр мұғалім үшін жауапкершілікті қажет ететін іс.
В. Кодикованың "Саралап оқыту" - оқуының жан - жақты мүмкіндігін ескере отырып оқыту әдісі. Бұл дегеніміз - оқуға берілетін көмекті саралау, әрбір оқушы ең жоғары нәтижеге жету үшін мұғалімнің істейтін іс - әрекеттерінің жиынтығы.
Саралап оқытудың ең басты шарты - оқушыларды үш топқа бөлу. Бірінші топқа мынадай оқушылар топтастырылады: қабілеті жоғары, білім, білік дағдылары қалыптасқан, өз бетімен ойлау қабілеті бар, сабаққа деген белсенділігі күшті, мұғалім көмегін қажет етпейтін топ. Бұл топта жүргізілетін жұмыстың мақсаты - оқушы бойында ғылыми бағытта ойлау қабілетін қалыптастыру.
Г .К.Селевко "Өзін-өзі дамыта оқыту"
М. Жанпейісова
"модульдік
оқыту"
В.К. Дьяченко
"Ұжымдық
оқыту"
Монахов-Қараев "Міндетті нәтиже негізінде шағын мақсатпен оқыту"
Т.Ғалиевтің жүйелі оқыту технологиясы
В.Кодикованың "саралап оқыту
Т.Ғалиевтің жүйелі оқыту технологиясына көңіл бөлу белгілі бір жүйеге қалыптастырып, танымдық белсенділіктерін арттырады, өз беттерінше ізденуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландырады. Сонымен қатар оқушылар өз ойын, ой пікірлерін еркін жеткізіп, талдау жасауға, қорытынды шығаруға үйренеді. Белгілі бір сызба кестелер бойынша кез - келген заңдылықтарды жүйелі түрде айтуға, оларды сапалы түрде қолдана білуге дағдыландырады.
Оқу барысында оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда талмай еңбек ететін - бұл пән мұғалімі болып саналады. Т. Ғалиевтің құрған педагогикалық технологиясын негізге ала отырып кәсіпке оқыту бойынша әр сабақтың мазмұнын анықтап, оқушылардың міндетті түрде білуге тиісті материалды жаңа үлгіде сызба түрінде жасап, сол бойынша жұмыс жасаған.
М. Жанпейісова "Модульдік оқыту" - белгілі бір жүйенің, құрылымның өз бетінше бола алатын бөлшегі. Модульдік оқыту сабақтар барысында оқушы мұғалімнен нені есте сақтау, нені жазу, нені қайдан табу, қалай тиімді әрекет ету, нені білу керектігі туралы жазбаша нүсқау алады. Мұғалім оқу элементтерінің мазмұнын, көлемін, ретін, олардың әрқайсысына кететін уақытты, жұмыс түрін анықтайды. Оқушылар үшін модуль соңында нені біліп, нені оқу керектігін көрсететін біріктірілген мақсаттар айқындалады. Тапсырмаларды орындау барысы мен модульдік игеру барысын тексеретін әр түрлі бақылау жұмыстары орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |