Қорытынды.
Білім - ел қазынасы, халқымыздың білімділігі – ел байлығы. Уақыт талабына сай білім беру үшін оқытудың жаңаша әдістерін қолдануымыз қажет. Оқушылардың алатын негізгі білімдерінің сапасы оқыту дәрежесіне тәуелді. Сондықтан әрбір ұстаз - өз ісінің шебері, яғни жан-жақты ізденгіш жаңашыл болып, оқушының білімге ықыласы мен қызығуын арттыру мақсатында сабақтың құрылымы мен әдіс тәсілдерін өзгертіп отыруы қажет.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша негізгі міндеттерді орындау үшін көптеген педагогикалық әдістемелік және жаңа талаптарға арнайы әдебиеттерге ізденістер жасалып, әдебиеттік шолулар келтірілді.
Әдебиеттік шолулар бойынша тақырыбымыздың теориялық сипаттағы мәселелері жүйелі түрде қаралды.
Эксперименттік бөлімде қазіргі заман талабына сай педагогика ғылымының алдында тұрған міндеттерді ең қолайлы жинақы түрде шешу үшін алғы шарт жасайтын – инновациялық, модульдік технология оңтайлы әдіспен оқытуда тиімді пайдалану арқылы баланы бір тұлға деп қарап, оны оқытушы мен тең әріптестік қалыпта ұстап, білім алу арқылы дамуын, танымдық қабілетін, шығармашылық ізденісін тереңдетуге, сөздік қорын дамытуға, дарынды балалармен жүйелі жұмыс жасауға болатынын зерттеу барысында педагогикалық іс-тәжірбиелер арқылы көрсетілген.
Сонымен қатар бұл:
- Қазіргі кезеңдегі жоғары сынып оқушыларына инновациялық-дидактикалық оқыту технологиясы арқылы білім берудің ғылыми - теориялық негіздері.
- Жаңа педагогикалық технология – модульдік технологияның мазмұны және оны пәнді оқыту сапасын арттыруда пайдалану.
- Оқыту процесін жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оңтайландыру.
- Оқытуды оңтайландыру тәсілдерінің жүйесі
- Жаңа технологияны білім саласында пайдаланудың маңыздылығы.
- Оқу модулін даярлау технологиясы
- Оқу модуліне оқушы қызметін бағалау.
- Оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау және тексеру.
- Оқу модулінің сөйлесу бөлімінде оқытудың бесенді әдістерін пайдалану.
- Деңгейлеп саралап оқыту ерекшеліктері
Жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың білім беру үрдісіндегі маңызы бүгінгі күні дәлелденуде.
Қорыта айтқанда, жаңа техналогиямен оқытудың өзегі – оқу модулі.
Оқу моделі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген оқытушының нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады
Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істеу алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді
Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға,
шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын
қалыптастыратын бірден-бір технология
Қорыта айтқанда, оқушыларға тілдік коммуникативтік білім беруде
М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы
ретінде өте жоғары деңгейде. М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту жүйесі арқылы тіл дамыту іске асады.
Модульдік оқыту технологиясын қолдану арқылы мынадай жетістіктерге қол
жеткізуге болады:
Уақыт үнемделеді.
Сабақтың сапасын көтереді.
Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік тудырады.
Оқушылардың белсенділігін мен қызығушылығын арттырады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі
Модульдік оқыту технологиясын енгізе отырып, білім беру мен тәрбиелеу ерекшелігі мынада:
Оқу материалдарын белгілі бір жүйеге кетіріп, тірек-сызба арқылы беру.
Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін бекіту, еске түсіріп үнемі қайталап отыру.
Оқушыларды білімге қызықтыру және бірлесе отырып жұмыс жүргізуге үйрету.
Оқушылардың бұрыннан игерген білімдерін тереңдете түсу.
Оқушының білім деңгейін дәл анықтау.
Модульдік оқыту технологиясын сабақта қолдану- мемлекеттік тілді оқытуда сабақ білім сапасын көтерудің факторы болып табылады.
Модулдьдік оқытудың сойлесу бөлімінде оқушылар көбінесе топтарға бөлініп, өтілген материалды қайта жаңғыртып, терминдерді, негіз ұғым-ережелерді біледі.
Модульдік оқытудың ерекшелігі: мұғалім көп сөйлегеннен гөрі, баланы көбірек тыңдауға мүмкіндік береді; Модульдік оқытуда тағы бір ерекшелік бағалау парағын қолдану болыпты табылады. Сабақ жеке жұмысы, топпен жұмыс болуы мүмкін. Бала ескерусіз қалмас үшін әр жұмыс, топпен жұмыс болуы мүмкін.
Жоғарыдағынын бәрін қорытындылай келе «Жаңа техналогиямен оқыту» атты жобамыздың соңына да келіп жеттік. Алға қойылған міндеттер мен мақсаттар толығымен орындалды.
Достарыңызбен бөлісу: |