Курс: 4 Кредит саны: 2



бет17/33
Дата08.02.2022
өлшемі135,86 Kb.
#123687
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33
Байланысты:
жарат
Бут академическое письмо, №7 ШЖМ, №7 ШЖМ, №7 ШЖМ, жарат, жарат, ОПИСЬ 2020-2021, Документ Microsoft Word, Документ Microsoft Word, жарат, жарат, Педагогикалық кейстер 7, ibraimova-kazak-otbasy, 500 әдіс-тәсіл
Лекция мәтіні:
1. Мектептердің даму тарихында оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі нысандары пайдаланылды. Оқыту нысандарының бірте-бірте өзгеруі мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және үдемелі ғылыми –техниканың өзгеруіне байланысты болды.Ерте кезде оқытудың жеке, топтық т.б. түрлері болды.
Оқыту процесін ұйымдастыру нысандары дегеніміз арнайы ұйымдастырылып белгіленген тәртіппен режимде жүргізілетін оқу танымдық іс-әрекеттің процесі.
Оқытуды ұйымдастырудың нысандары (“форма” – латынша сыртқы түрі, пішіні деген мағынаны білдіреді).Оқытудың жеке, топтық түрлері қалыптасқан.
Оқыту процесін ұйымдастыру нысандарының классификациясының негізіне төменгі принциптер жатады.
  1. Оқушы саны (жеке, жұп, кіші топ, бұқаралық, ұжымдық)


  2. Оқыту жері (мектепте, сабақтан тыс кезінде, шеберханада, клубта)


  3. Уақыт мөлшеріне қарай ұйымдастырылады (классикалық – 45 минут), бастауыш мектепте – 35 минут, жұпталған сабақ – 70-80 минут)


Сабақ – оқушылардың топқа ұйымдасқан сынып (класс) деп аталатын мұғалімнің басқаруымен жүргізілетін оқу жұмысы.Сабақта әртүрлі оқыту нысандарын пайдалануға болады.Оқытуды сабақта ұйымдастырудың әр түрлі формаларында ұжымдық, топтық, жұп және дербес нысандары жатады.Оқыту нысандарын таңдап алу, біріншіден, оқу-тәрбие жұмысының міндеттеріне, екіншіден, оқу материалының көлемі мен күрделілігіне, үшіншіден, ұжымдағы оқушылардың оқу мүмкіншілігіне байланысты.



2. Мектептегі “Дүниетану” пәндерін оқыту барысында сабақтан басқа да оқыту нысандары қолданылады. Сабақтың мазмұнына байланысты міндетті түрде өткізілетін танымжорықтар (экскурсия), сабақтан тыс, үйде орындалатын жұмыстар, кеңестер, қосымша сабақтар, жұмыстар, міндетті емес сыныптан тыс жұмыс түрлері, мектептің оқу-тәжірибе учаскесінде орындалатын жұмыстар мен тірі табиғат мүйісінде, арнайы кабинетте орындалатын жұмыстар.
Сабақ кезінде мұғалім оқытудың барлық әдіс-тәсілдерін қолданады.Өсімдіктер мен жануарларды демонстрациялайды, зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізу барысында, олардың құрылысымен таныстырады. Тірі ағзалар тіршілігінің дамуын, бір-бірімен қарым-қатынастарын білу үшін ұзақ уақыт бақылау жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындайды, сондықтан оқытудың басқа нысандары қолданылады және ол сабақ оқыту нысанын толықтырады.
Сабақ кезінде орындалатын практикалық жұмыстар, зертханалық жұмыстар, оқу-тәрбие учаскесі, тірі табиғат мүйісі, жас табиғатшылар үйірмесіндегі орындалатын жұмыстардың үлкен тәрбиелік маңызы бар. Олар оқушылардың танымдық қызығушылығын, ұйымдастыру қабілеттілігі мен қоғамдық дағдыларын, еңбек мәдениетін және көпшілдік сезімін дамытады. Табиғаттың көркемділігі, оның байлығымен танысу, әсіресе топсеруен кезінде отаншылдық және эстетикалық, экологиялық сезімдерін тәрбиелейді. Табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға бағытталған тәрбие жұмыстары жеке бастың этикалық ерекшеліктерін де қалыптастырады.

3. Оқытудың кең таралған сынып-сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Сынып-сабақ нысаны оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізігі нысаны ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол ең алдымен мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне де бағыт-бағдар беріп, жетекшілік ролін атқарады.
Сабақ – оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты нысаны болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани-адамгершілік қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.

Сабақ – күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады.



2.Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі мынадай:
  1. Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын-ала белгілі болы тиіс.


  2. Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет.


  3. Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай ұғынымды, түсінікті болуы керек.


  4. Сабақтың мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбәр сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.


  5. Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығұын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек.


  6. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемалық ситуациялар тұғызып, проблемалық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет.


  7. Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарм-қатынас жасау шеберлігін арттырып отыруы керек. Педагогикалық қарым-қатынас мұғалімге оқушылармен рухани байланыс жасауға мүмкіндік береді.


  8. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар оларды өздігінен білім алудың әдіс-тәсілдеріне үйрету міндет.


  9. Сабақ оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметін біртұтастық принципке сай жүргізуі тиіс.


  10. Сабақтың дидактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір-бірімен өзара байланыста, бірі-бірі толықтырып тұрулары қажет.


  11. Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалімнің сыныптағы, мектептегі нақтылы жағдайды (оқу кабинетінің жабдықталуы, оқу-техникалық, көрнекілік құралдарының нақты қолда болуы, тұрғылықты жердегі табиғат, өндіріс ресурстарын пайдалану т.с.с) ескеріп отыруы шарт.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет