Курс: 4 Кредит саны: 2



бет13/33
Дата08.02.2022
өлшемі135,86 Kb.
#123687
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33
Байланысты:
жарат
Бут академическое письмо, №7 ШЖМ, №7 ШЖМ, №7 ШЖМ, жарат, жарат, ОПИСЬ 2020-2021, Документ Microsoft Word, Документ Microsoft Word, жарат, жарат, Педагогикалық кейстер 7, ibraimova-kazak-otbasy, 500 әдіс-тәсіл
Лекция мақсаты: дүниетанымдық ұғымдар туралыбілім, білік, дағдыларын
қалыптастыру.


Жоспары:
1. Пәннің мазмұнына байланысты дүниетанымдық ұғымдар мен көзқарастарды қалыптастыру жолдары.


2.Дүниетанымдық ұғымдарды қалыптастыру: оқушыларды сезімдік, логикалық, абстрактылы ойлауға бағыттау.
3.Алғашқы ұғымдардың біртіндеп ұғымдар жүйесіне ауысуын қалыптастыру.
4.Оқушылардың меңгеруге тиіс білім, біліктері.

Лекция мәтіні:

1. Дүниеге көзқарас дегеніміз – адамдардың, жеке адамдардың іс-әрекеттеріне терең әсер ететін әлем және оның даму заңдылықтары жөнінде, табиғат және қоғам құбылыстары мен барыстары жөнінде біртұтас тиянақты көзқарастар жүйесі.
Дүниенің өзі микро, макро, мега жүйелерді құрайтын бір-бірімен көп салалы байланыста болатын объектілер мен құбылыстардың жиынтығы болса, дүниетанымның негізіне дүние туралы белгілі бір білімдердің жиынтығы кіреді. Дүниетаным әртүрлі білімдерді игеру барысында, сонымен қатар күнделікті көзқарастарды санада түю нәтижесінде қалыптасады.
Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы. Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс, оның нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық болады. Дүниетаным процесіне әр түрлі факторлар, мәселен, әлеуметтік және микроорта мен тәрбие, жаппай ақпарат құралдары т.б. әсер етеді.
Дүниетанымды қалыптастыру өткінші процесс емес. Ол адам өмірін түгел қамтиды.Оқушының жалпы дамуында бұл процесс тұрақты және үздіксіз өзгерістерге ұшырайды. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру олардың осы заманғы ғылыми біліммен қаруландыруға сүйенеді. Бұған мектепте оқытылатын барлық пәндердің қатысы бар.
Бастауыш мектепте “Дүниетану” пәнінің мұғалімі оқушыларды оқыта отырып, дүниетанымдық білімдерін қалыптастырады.Олай болса мұғалім мынадай шарттарды жүзеге асыруы тиіс.
  • Ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру іс-әрекеті кезеңдерінің нақты жоспарлауын қамтамасыз ету.


  • Табиғат пен қоғамдық өмірдің танылуға тиісті құбылыстарына оқушылардың жеке қатынасын қалыптастыру.


  • Алған білімді меңгеру, қолдану және үздіксіз бекітудің бірлігін қадағалау.


  • Оқушылардың адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру, тереңдету және бекіту.


  • Мұғалімнің өзі дүниетанымы мол, рухани жан дүниесі бай, ой-өрісі кең болуы керек.


Бастауыш мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың басты құралы іс-әрекет болып табылады.А.А.Любинская: “Адамның іс-әрекеті бүтіндей тізбек немесе практикалық және ақыл-ой әрекеттерінің белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттер жүйесі болып табылады”- деп тұжырым жасайды.Яғни, әртүрлі іс-әрекет арқылы жеке тұлғалар қоғамдық қарым-қатынасқа түсіп, қабілеті, мінез-құлқы жетіліп, дүниетанымы қалыптасады.


Егемендікке қол жеткізілгеннен соң жаңа тәуелсіз мемлекеттер елдерінің ұлттық ой-сана, дәстүрлерімен қоса жалпы өткен мәдени рухани дүниеларіне де зор зер сала бастады. Еліміздің әлемдік өркениет жолына бетбұрыс жасап, дамылсыз рухани ізденістерді кезінде қазақ мемлекетіне жат мәдениет үстемділігінен арыла отырып, этномәдени білім мен тәрбие беру негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру білігі – бүгінгі күннің басты міндеті. Сондықтан еліміздегі жаңа саяси –мәдени қатынастары жағдайындағы “Дүниетаным” ұғымына анықтама беріп, жас ұрпақтың санасы мен мінез-құлықтарын қалыптастыруда тиімді жолдарын іздестіруіміз қажет. Қазіргі кездегі ұлттық және жалпы адамзаттың рухани байлықтарды тиімді үйлестіру мәселесін алға қоя отырып, оларды мүлдем жаңа жағдайда сабақтастыра жүйелек қажеттілігі туып отыр. Мұның өзінің өркениеттіліктің жаңа жолына түсуге мүмкіндік берумен қатар, біздің қоғамдық және рухани өміріміздегі ерекшеліктерді басқаруға жағдай жасайды. Осы айтылып отырған тұжырым мектеп оқушыларына қазіргі ұлттық санамыздың өткенін, бүгінгі игілігін, болашақ мақсатын диалектикалық тұтастықта қарастырып, дүниетанымдарын сапалық нәтижеде дамытуға мүмкіндік береді.


2. Дүниетанымдық ұғымдарды қалыптастыру
Дүниетанымдық ұғымдар бала кезден қалыптаса бастайды.Дүниетанымның негізі бастауыш мектептің өзінде қаланады да бала кәмелетке келгенде оның дүниетанымы біршама қалыптасады.
Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы дүниетанымының өмірмен байланыстығы берік сенімнен туады.
Адамның дүниетанымына берік сенім нақты іс-әрекеті мен тәжрибесіне байланысты бекімеген дүниетаным берік болмайды.Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Бастауыш мектепте дүниетану пәнінің мұғалімі оқушылардың көзқарасаын өзіне аудартып, сеніміне кіру керек.Содан соң мұғалімнің басты міндеттерінің бірі оқушылар санасында интелектілік сезімдерді қалыптастыру болып табылады.Ол үшін көп оқу қажеттігін, оқусыз ешбір мақсатқа жете алмайтынын оқушыларға түсіндіру керек.
Мұғалім дүниетану сабақтарында табиғат заңдылықтарын, өсімдіктер мен жануарлар әлемімен, олардың ерекшеліктерін, адам мен қоғам жайлы мәліметтерді бере отырып, оқушылардың бойында жанашырлық, адамгершілік, жауапкершілік, бауырмалдық т.б. сезімдерін тудырып дамытады. Қоғамдық өмірдің талабына сәйкес адам мінез-құлқының жиі көрінетін сезімдерінің бірі - адамгершілік сезімдер. Ал бұл сезімді бала бойында қалыптастыру ата-аналардың және мұғалімнің басты борышы.
Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Баланың сабақта жазуы, сабақ айтуы оның ойын дамытады. Оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстарының нәтижесінде оқушыларды логикалық ойы дамиды.Нәтижесінде оқушылардың бойында шығармашылық қабілеттері шыңдала түседі.
Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция деп атайды. Мысалы, бор, қар, қант секілді заттардың ортақ қасиеті ретінде “ақшыл” деген сөзді алсақ, бұл абстракциялық ұғымға жатады.
Дүниетану сабақтарында оқушылардың абстракциялы ойлауын былай қалыптастыруға болады: мысалы, аға, іні, жиен, бөле десек “бауырмал” деген абсракциялық ұғым келіп шығады.
Оқыту процесінде оқушылардың ойлау іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру олардың білімінің жоғары сапасын қамтамасыз ететін фактордың бірі.Түсінік – шындықтың санадағы бір моделі. Ол тек объектілер мен құбылыстардың санадағы бейнесі болып қана шектелмейді, ойлаудың туындысы арқылы болатын іс-әрекет.
Бастауыш мектепте дүниетану сабақтарында білім беру әдетте эмпирикалық (тәжірибелік) деңгейде жүргізіледі. Бұл түсініктерді дамытудың әдістемесі мына тұрғыда: табиғи объектілерді немесе оның көріністерін қабылдау – одан оны елестетуге, елестетуден – түсінікке, қарапайым түсініктен – күрделіге, күрделіден – арнайы түсінікке, арнайыдан – жалпы дүниетанымдық түсініктерге қарай,жүргізіледі.


3. Оқушылардың айқын және дәл түсініктерінің болуы бұл ұғымдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ұғымның белгілі бір мазмұны мен көлемі болады. Ұғымның мазмұнына заттың немесе табиғат құбылысының оны басқалардан ажырататын маңызды белгілері кіреді. Мысалы, бұта, ағаш, жапырақты ағаштар, қылқан жапырақты ағаштар т.б.
Дүниетану сабақтарында ұғымның екі түрімен – географиялық және биологиялық түрлерімен танысамыз. Геолграфиялық ұғымдарға жеке және жалпы ұғымдар; Биологиялық ұғымдарға түр және туыс ұғымдар жатады. Жеке географиялық ұғымдар – Жайық, Астана, Алтай сияқтылар. Жалпы ұғымдар - өзен, қала, тау.
Жалпы ұғымдар терминдермен, ал жеке ұғымдар атаулармен немесе жеке есімдермен айтылады.
Биологиялық түр ұғымдары: қоян, шырша, көктеке,. Биологиялық туыс ұғымдары жануар, қылқан жапырақты өсімдік, құстар.
Туыс (биологиялық немесе жалпылама географиялық) ұғымдарының барлық маңызды белгілері әрбір жеке объектіге, яғни жеке немесе түр ұғымына да қатысты. Бірақ әрбір объект маңызды туыстық немесе жалпы белгілерден басқа, оларды жеке ұғымға жатқызатын өзіндік дербес қасиеттерге де ие болады. Мысалы, Жайық өзенінің кез келген басқа өзендер сияқты жалпы белгілері: бастауы, арнасы, оң және сол жағалары, салалары, сағасы бар. Жайықтың жеке белгілеріне мыналар жатады: бастауы Орал тауында жатыр, Шағанның құяр жерінде Орал қаласы тұр, өзеннің сағасы Каспий көл-теңізі.
Жұмыс кезінде балалардың назарын жеке географиялық ұғымның жалпы ұғыммен, түр ұғымның туыс ұғымымен (қасқыр-жануар; қайың-ағаш; Орал-қала) байланысына аударып отыру қажет.
І сыныптан бастап оқушылар туыс ұғымын да, түр ұғымында игереді. Олар өсімдіктер, аңдар, малдар, құстар, балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, бунақденелілер, ұғымдарымен танысқанда қайың, арқар, суыр, дуадақ, сазан, бақа, жылан, шыбын сияқты түр ұғымдарына қарағанда анағұрлым кең туыс ұғымдары туралы білім алады.
Оқушылар биологиялық ұғымдармен қатар жалпы және жеке геогрфиялық ұғымдарды түсініп игереді. Балаларға табиғат заттары мен құбылыстары туралы түсінік беріп, ұғымдарын қалыптастыра отырып, мұғалім табиғаттағы бақылауларға сүйене отырып, заттардың негізгі қасиеттерін айқындайтын әр түрлі көрнекі құралдар қолданады. Таулар туралы ұғымды қалыптастыруда мұғалім балалардың төбелерді бақылауларына үйренеді де, 4-сынып оқушыларының таулар туралы қандай түсініктері бар екенін анықтайды. Сұрақтар қояды: Төбенің қандай бөліктері бар? Төбе мен таудың қандай ортақ белгілері бар?

4. Дүниетану сабақтарында оқушылардың “адам”, “табиғат”, “қоғам” бөлімдерінен алған білімдері мынадай білік-дағдылардың жалғасын табады:
Табиғат:


  • тірі және өлі табиғат объектілерін өздігінен бақылай білу, олар туралы байқағанын баяндап айтуы;


  • табиғатқа адамның тигізетін қолайсыз істерін көре білуі, өз деңгейінде табиғатты қорғауға қатысуы;


  • ауа температурасының өзгеруінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін, жлы мезгілдеріне байланысты тірі табиғат тіршілігінде болатын өзгерістерді бақылауы;


  • термометрды пайдаланып, температураны өлшей алуы;


  • Қазақстанның табиғи аймақтарын картадан таба білуі, онда өсетін өсімдіктер мен мекендейтін жануарлар түрлерін сипаттай алуы т.б.




Адам:
  • адамды басқа тірі ағзалармен салыстыра алуы;


  • өз денесінің тазалығын сақтау, гигиеналық ережелерді қолдану;


  • жас ерекшеліктеріне сай келетін кез келген еңбек түрін орындай білуі;


  • “Адам ағзасы” кестесі бойынша адамның негізгі мүшелерін:бас сүйегін, жақ, қабырға, омыртқа т.б. ажырата алуы;


  • табиғат перзенті ретінде айналасын, өзін қоршаған дүниені байқап, сезініп, ондағы заттар мен құбылыстарды ажыратуы;


  • ғылыми-техникалық жаңалықтардан хабардар болуы, күнделікті ақпарттарды пайдалана білуі;


  • өз жеріндегі мәдени, халықтық мұралардың сақталуы, оны қорғау жұмыстарын бақылауы тиіс т.б.




Қоғам:
  • отбасындағы адамдардың көңіл-күйін ажырата білуі;


  • жақсылық, жамандық, еңбекқор, жалқау, әдемі т.б. ұғымдарды түсініп, керекті жерінде қолдана білуі;


  • жергілікті жердегі мекеме түрлерін (аурухана, әкімшілік т.б.) білуі, олардың халыққа тигізетін пайдасын байқаы;


  • өз елінің және басқа халықтардың мәдениеті мен әдебиетіне қызығұшылық танытуы;


  • ҚР мемлекеттік рәміздерін ажыратып, әнұранын айта білуі, туы мен елтаңбасын сипаттай білуі, олардың мәнін түсінуі тиіс.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет