Курс: 4 Кредит саны: 2



бет26/33
Дата08.02.2022
өлшемі135,86 Kb.
#123687
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
Байланысты:
жарат

Бақылау сұрақтары:
1. Тірі табиғат мүйісі қалай жасалады?
Оқу-тәжірибе учаскесінде орныдалатын жұмыс түрлерін атап, оларға сипаттама беріңіз?

12-лекция. Тақырыбы: Дүниетану сабақтарындағы тәжірибелер



Лекция мақсаты: тәжірибелер мәні туралы, олардың түрлері және ұйымдастыру жолдары туралы түсінік қалыптастыру.

Жоспары:
  1. Тәжірибелер өткізудің мәні.


  2. Тәжірибе өткізу жолдары.




Лекция мәтіні:

1.Балаларға табиғи объектілердің қасиеттерін, табиғи құбылыстардың мәнін таныстыру қажет болған жағдайда тәжірибелер өткізудің үлкен мәні бар.
Дүниетану сабақтарында өткізілетін тәжірибелер кейбір табиғи құбылыстарды сынып жағдайларында қолдан, қайта жасауға мүмкіндік береді. Пайдалы қазбалардың қасиеттерімен, сүзу арқылы суды тазартумен, топырақ қасиеттерімен, тұқымның өнуін бақылаумен және т.б. танысу үшін тәжірибелер қажет.
Тәжірибелер көрсету арқылы немесе жаппай өткізіледі. Мұғалім тәжірибе өткізуге дайындала жүріп, қажетті жабдықтардың болуын тексереді, оны өткізуге қажетті материалды іріктеп алып, сабаққа дейін тәжірибені басынан аяғына дейін толық өткізіп байқайды.
Мұғалім сабақта балаларға тәжірибе кезінде өздерін қалай ұстауды, нені бақылау қажеттігін хабарлауды, тәжірибе өткізгеннен соң оқушылар жауап беруге қажетті сұрақтарды тақтаға жазып қояды.


2.Мұғалім қандай жабдықтардың көмегімен тәжірибе өткізілетініне оқушылардың назарын аударады;
Мынадай сұрақтар қояды:


  • тәжірибе үстінде не істедіңдер?


  • Нені бақыладыңдар?


  • Бақылағандарыңнан қандай қорытынды шығардыңдар?


  • Мұндай құбылысты табиғатта қайда кездестіруге болады?


Егер тәжірибе қышқылмен жүргізілетін болса немесе балалардың орындауы үшін қиын болса, мұғалім көресту арқылы тәжірибелерді өзі өткізеді. Мұғалім мұндай жағдайда қажетті приборларды балалардың барлығы тәжірибенің барысын көре алатындай етіп, мұғалімнің үстеліне немесе тәжірибелер өткізуге арналған арнайы тұғырға жайғастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет