Курс–3 Семестр – 5


А) Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін ------------------------



бет5/5
Дата13.02.2017
өлшемі1,44 Mb.
#9105
1   2   3   4   5

А) Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін ------------------------


ә) Үшбұрыштың периметрін табу үшін ---------------------------

б) Нөлді бірге бөлсем, ---- шығады.

в) Куб тәріздес фигураның көлемін табу үшін -----.

Тесттің бұл түрін құрастыруда оқушының беретін жауабы сөйлемнің соңында келетіндей нақты әрі қысқа болуы тиіс.

Тесттің келесі түрі - тапсырмаға сәйкес келетін жауапты таңдап алу, яғни “сәйкестендіру” тесті. Мұнда тапсырмалар бір бағанға, жауаптар екінші бағанға жазылады да, жауап беруші тапсырма - жауап түрінде жұптап, тізіп жазады. М: а) тік төртбұрыштың ұзындығы, ені және ауданының өлшем бірліктерін таңдап ал да, оларды жазып көрсет:

1.Ұзындығы А м

2.Ені Б см

3.Ауданы В м

Жауабы: 1-Б, 2-В, 3-А

Тесттің кең тараған түрінің бірі-қарама-қарсы жауаптар (дұрыс-қате, ақиқат-жалған, жоқ-иә) көрсетіліп берілетін тест нұсқасы. Мұнда қарама –қарсы жауаптардың дұрысын көрсету қажет болады.

М: а) Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін ұзындығын еніне көбейту қажет.

Жауабы: 1)дұрыс 2) қате

ә) көбейткіштердің орны ауысқаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.

1) жоқ 2) иә

б) 48-дің 8-ге бөліндісі 9-ға тең.

1) дұрыс 2) қате т.б

Тестің тәжірибеде жиі қолданылатын түрі ретінде нақты тапсырма бойынша бірнеше жауаптар (ішінде біреуі дұрыс, бірнеше) берілетін тесті айтуға болады. М:

а) Көлемнің өлшем бірлігі:

А) см В) кг С) сағ Д) см3 Е) см2

Жауабы: Д

ә) Мектеп бағында 4 алмұрт ағашы және одан 2-еуі артық алма ағашы бар. Алма ағашы нешеу?

А) 4 В) 5 С) 6 Д) 7 Е) 8 Жауабы: С

Мектеп тәжірибесінде, көбінесе тестің аралас түрі қолданылады, яғни берілген тестің барлық түрінде орта есеппен 4-5 тапсырмадан құрастырылып беру көзделеді.

Қадағалау оқушылардың білімін, іскерлігін анықтау, өлшеу және бағалау дегенді білдіреді.

Тексеру – бұл білімді, іскерлікті анықтау және өлшеу. Тексеру – қадағалаудың негізгі компоненті, оның негізгі дидактикалық функциясы мұғалім мен оқушылардың арасында кері байланысты қамтамасыз ету, оқу материалын меңгергендігі дәрежесі туралы объективті ақпаратты педагогтың алуы, біліміндегі кемшілікті және білмеушілікті дер кезінде анықтау болып табылады.

Қадағалауда бағалау /процесс ретінде және баға қоюы /нәтиже ретінде/ баршылық. Бағаның функциясы оқығандық деңгейді анықтаумен шектелмейді. Баға – оқуға ынталандырудың, оң мотивацияның, тұлғаға әсер етудің мұғалім қолындағы құрал. Объективті бағалаудың әсерімен оқушыда сәйкесті өзін-өзі бағалау, өз жетістіктеріне сын қатынас пайда болады. Оқытушылық қадағалаудың негізгі функциясы – қадағалаушылық-түзетушілік, бірақ ол сонымен бірге оқытушылық, дамытушылық, тәрбиелеушілік, ұмтылдырушы функцияларды да атқарады.

Бұл әдісте мынадай түрлерін айырады:

Ауызша қадағалау. Жеке және фронталдық сұрау арқылы жүзеге асырылады. Қадағалаудың қорытындысында тиісті баға қойылады.

Жазбаша қадағалау. Бақылау жұмысы, шығарма, диктант т.б. арқылы жүзеге асырылады.

Лабораториялық бақылау. Лабораториялық жабдықтарды, тәжірибені талап ететін жазбаша және графиктік жұмыстарды, эксперименталдық есептерді шешкенде бағалауда қолданады.

Машиналық /бағдарламаланған/ қадағалау. Электрондық-есептеу техникасы, қадағалау бағдарламалары болғанда қолданылады. Қадағалаудың бұл түрі жоғары әділдікпен ерекшеленеді.

Тестілік қадағалау. Мұның негізінде тестілер жатыр.

Өзін-өзі қадағалау. Өзі жіберген қателерін тауып, түзетуге үйрету. Оқытушылық қадағалаудың бір тәсілі – оқушылардың дербес жұмысы. Мұнда мынадай дидактикалық мақсаттар шешіледі: білімді іздеп, оларды ұғыну, бекіту, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру және дамыту білімді жалпылау және жүйелеу.

Дербес жұмыс сыныптық болуы мүмкін /функциясы – тексерушілік/ және үйде орындалатын /бекітетін, жалпылайтын, қадағалаушылық-түзетушілік функциясы/.

Дербес жұмысты дұрыс және тез орындаудың шарттары: тапсырманы орындаудың алгоритмін жасау, тапсырманы қоюдың педагогикалық талапқа сай тәсілдері т.б.

Дербес жұмыстың бір түрі – оқушыларды жаңа материалмен оқулық бойынша таныстыру. Оқымастан бұрын мұғалім оқушыларға жұмыстың мақсатын, материалдың атын, жауап табуға тиісті тексерушілік сұрақтарды береді. Осылар бойынша оқушы белгісізді бөледі, бастыға назар аударады, іс-әрекеттің бірізділігін анықтайды, оларды қадағалайды.

2. Қадағалаудың ұстанымдары:

Объективтілігі: диагностикалық тестілердің, тапсырмалардың, сұрақтардың мазмұнының ғылыми негізделгендігі, педагогтың бүкіл оқушыларға әділетті, педагогикалық талапқа сай қатынасы, бағалаудың дұрыс өлшемдерін пайдалануы.

Жүйелілігі – диагностикалық қадағалауды дидактикалық процестің бүкіл кезеңінде қолданып отыруы.

Көрнекілігі /жариялылығы/ - оқушыларды бірдей өлшемдермен ашық тексеруден өткізу, бағаларды жариялап, қойылу себептерін айтып отыру.



Білімді тексерудің кезеңдері:

1. Оқушылардың білімінің деңгейін алдын ала анықтау. Бұл жаңа оқу жылының басында, ортасында, жаңа бөлімді бастағанда жүргізіледі.

2. Ағымды тексеру. Оның функциясы – оқытушылық.

3. Қайта тексеру ағымды сияқты тақырыптық болуға тиісті.

4. Мерзімдік тексеру бүкіл бөлім немесе курстың мәнді тақырыбы бойынша жүргізіледі. Мерзімдік тексерудің функциясы – жүйелеу және жалпылау.

5. Қорытынды тексеру тоқсанның аяғында және оқу жылы аяқталғанда жүргізіледі.

Кешендік тексеру арнайы тексерудің түрі болады. Ол арқылы алған білімді практикалық міндеттерді қолдана білу іскерліктерін, дағдыларын тексереді.

Мұғалім оқушылардың білімін объективті және шындыққа сай бағалауға саналы түрде ұмтылуға тиіс. Оқушылар баға қоюдың өлшемдерін, не үшін, қалай қойылып жатқанын білуге тиісті. Ол үшін мұғалім ата-аналармен, оқушылармен арнайы әңгімелер өткізеді.



3. Оқығандықтың тестісі – оқыту мазмұнының белгілі бір бөліктерінің меңгергендік деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалардың жиынтығы.

Тестіні құруға қойылатын талаптар:



  • аз уақытқа есептеліну /тестіні орындауға көп уақыт кетпеуі керек/;

  • бірмәнділігі /тестілік тапсырманы әрбіреуі өзінше түсінбеуі тиіс емес/;

  • дұрыстығы /көп мәнді жауап беретін жағдай болмау керек/;

  • қысқалылығы /қысқаша жауап беруді талап ету/;

  • ақпараттығы /бағалауды қамтамасыз етуі/;

  • қолайлылығы /тез нәтижесін анықтауға болатындығы/;

  • стандарттығы /кеңінен қолдануға келетіндігі/.

Тестілердің классификациясы:

1. Ақыл-ой дамуының, жалпы ақыл-ой қабілетінің тестілері.

2. Іс-әрекеттің әр түрлі аясында арнайы қабілеттің тестісі.

3. Оқығандықтың, үлгірімнің, академиялық жетістіктің тестілері.

4. Тұлғаның жекелеген белгілерін /еске сақтау, ойлау, мінез т.б./ анықтаудың тестілері.

5. Тәрбиеленгендік деңгейдің /жалпыадамзаттық, адамгершілік, әлеуметтік т.б./ тестілері.

Оқығандықтың диагностикалық тестілердің маңызды өлшемдері: әрекеттігі (валидность), көрсеткішті болуы, сенімділігі /дұрыстығы/, сараланғандығы /айырмашылығының көрінуі/.

Тестінің әрекеттігі оқып жатқан білім, іскерлікті толық және жан-жақты тексеруде көрініс табады.

Тестінің әрекеттілігінің шарттары:


  • меңгерген білім аумағынды сұрақтарды анық және түсінікті қою;

  • статистикалық әдістердің дұрыс таңдалуы. 0,7-0,9 саны оқығандықтың тестінің жоғары әрекеттілігін көрсетеді. 0,45-0,55 корреляция коэффициентінде тестінің әрекеттілігі қанағаттанарлық деп есептелінеді, ал бұдан да төменгі мәндерде қанағатсыз болып саналады.

  • тестінің сенімділігі тестідегі тапсырмалардың көп болғанында жоғары болады.

  • Тестінің пәрменділігі. Тең жағдайда уақыт бірлігінде жауаптардың көп санын қамтамасыз ететін тестіні пәрменді тесті деп атайды.

Тестілік қадағалаудың материалдарын даярлаудың ережесі:

  1. Оқушылар қателігін негіздей алмайтын жауаптарды тестіге енгізуге болмайды.

  2. Дұрыс емес жауаптар ұқсас /типичных/ қателердің негізінде жасалып, дұрыс сияқты болуға тиісті.

  3. Дұрыс жауаптар барлық жауаптардың арасында кездейсоқтық жағдайда орналасуы қажет.

  4. Сұрақтар оқулықта жазылғандағыға дәлме-дәл болмауы тиісті.

  5. Бір сұрақтың жауаптары екінші сұрақтың жауаптарын шешуге көмектеспейтіндей болуы керек.

  6. Сұрақтар әдейі бұрыс жолға түсіретіндей құрылмауы қажет.

Оқығандықтың тестісі дидактикалық процестің барлық кезеңдерінде қолданады. Олардың көмегімен білімдерді, іскерліктерді ағымдық, мерзімдік, қорытынды тексеруді жүргізуге болады.

Дәріс № 15.

Тақырыбы: ШЖМ БІД бақылаудың түрлері мен әдісі.

Мақсаты: Тақырыбы: ШЖМ БІД бақылаудың түрлері мен әдісі туралы түсінік

Тірек ұғымдар: бағалаудың түрлері, бағалаудың әдістері.

Дәрістің мазмұны:

  1. Бақылаудың түрлері.

  2. Бақылаудың әдістері мен оларға сипаттама.

Оқушылардың математикадан алған білімдері, біліктері мен дағдылары күнделікті сабақта ауызша сұрау мен оқушылардың білім деңгейлерін анықтау, яғни бақылау жұмыстары алынатын сабақтарда тексеріледі және бағаланады.



А) Оқушылардың ауызша жауаптарын бағалау: (Т.Қ.Оспанов)

«5» деген баға оқушыға мынадай жағдайларда қойылады;



  • Қойылған сұрақтарға толық және дұрыс жауап берсе;

  • Есептерді дұрыс және барынша тез орындаса;

  • Есеп шығаруда өзіндік жоспар құра алса немесе шығара алса, қзінің амалдарын түсіндіріп және есептің сұрақтарына берген жауаптарын дәл тұжырымдап бере алса;

  • Практикалық жұмыстарды дұрыс орындаса.

Егер оқушының жауабы негізінен «5» деген баға үшін тағайындалған талаптарға сәйкес болып, мына төмендегі жағдайлар орындалса, «4» деген баға қойылады:

  • Жауап берген кездегі тұжырымдауларда жекелеген дәлсіздіктер (мағынасын бұзбайтын) жіберсе;

  • Есептеу берген кездегі жекелеген ұсақ қателер жіберген болса және оны түзетуге шамалары жететін болса;

  • Есептерді шығарған кезде дәлдігі жеткіліксіз (шешу жолы дұрыс) түсініктемелер болса;

  • өлшеулер мен сызулар орындаған кезде дәлсіздік жіберілген болса.

Мұғалім аздап көмектессе, оқушы бұл кемшіліктердің барлықын да оп-оңай түзете алады.

«3» деген баға оқушыға мынадай жағдайларда қойылады:



  • есептеулерде жекелеген өрескел қателер жіберсе, бірақ оларды мұғалімнің көмегімен түзете алса;

  • есепті мұғалімнің көмегімен ғана шығара алса.

Егер оқушы өздеріне қойылған сұрақтардың көпшілігіне жауап бере алса, есептерді тіпті, мұғалімнің көмегімен де шығара алмаса және есептеулерді жүргізе алмаса, онда «2» деген баға қойылады.

Егер оқушы бағдарламалық материалды түгелімен білмейтін болса, онда «1» деген баға қойылады.


Ә) Жазбаша бақылау жұмыстары бойынша бағалау (Т.Қ.Оспанов)

Бақылау жұмыстарының көлемі оқушылар орындай алатындай өткен материалға байланысты әр тараудың, тоқсан және жылдың соңында беріледі.

45 минут ішінде оқушылар жұмысты орындап және тексеріп үлгерулері тиіс.

Математикадан жазбаша бағылау жұмысын бағалауда өрескел және өрескел емес қателер кездеседі.



Өрескел қателерге мыналар жатады:

  • есепті немесе мысалды есептеуден жіберілген қате;

  • арифметикалық амалдардың орындалу тәртібінен жіберілген қате;

  • есептің шешуін дұрыс орындамау (амалдарды қалдырып кету, амалдарды дұрыс таңдай алмау, артық амалдар орындау);

  • есепті немесе мысалды есептеуде аяқтамау;

  • орындалмаған жұмыстар.

Өрескел емес қателерге мыналар жатады:

  • есептеп шығару тәсілі орынды болмау;

  • есепті шығаруда амалдарға қойылған сұрақ дұрыс болмау;

  • есептің тұжырыдалу жауабы дұрыс алмау;

  • берілген сандардан, белгілерден көшіргенде қате жіберу;

  • қайта құруды соңына дейін аяқтамау.

Жұмысты тексеруге қатысқан адам есептеу дағдыларына баға қоюына болады:

  • егер жұмыс қатесіз орындалса, «5», ал жұмыста 1 өрескел және 1-2 өрескел емес қате жіберілсе, «4» деген баға қойылады;

  • егер орындалған жұмыста 2-3 өрескел, 1-2 өрескел емес қате жіберілсе, «3», ал өрескел қате 3-тен, өрескел емес қате 2-ден артса, «2» қойылады.

  • барлық тапсырма қате орындалса, «1» деген баға қойылады.

Тек есептерден ғана құралған жұмыс былай бағаланады:

  • егер есеп дұрыс орындалса, «5» деген баға қойылады.

  • егер есепті шығарғанда, 1-2 өрескел қате жіберілсе, «4» деген баға қойылады.

  • егер есепті шығарғанда, 1 өрескел және 3-4 өрескел емес қате жіберілсе, «3» деген баға қойлады.

  • егер есеп шығарылмаса, «1» деген баға қойылады.

Құрама бақылау жұмыстары былай бағаланады:

  • егер жұмыс қатесіз орындалса, «5» деген баға қойылады;

  • егер орындалған жұмыста 1 өрескел және 1-2 өрескел емес қате болса (есепті шығаруда өрескел қате болмау керек), «4» деген баға қойылады;

  • егер орындалған жұмыста 2-3 өрескел және 3-4 өрескел емес қате жіберілсе, бірақ есептің шығарылу жолы дұрыс болса, «3» деген баға қойылады;

  • егер орындалған жұмыста 4 өрескел қате жіберілсе, «2» деген баға қойылады;

  • егер оқушы барлық тапсырманы дұрыс орындамаса, «1» деген баға қойылады.

7. Пән бойыншаа әдістемелік нұсқаулар. Теориялық материалды меңгеруге арналған әдістемелік нұсқаулар. Семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулар.

1 Семинар

Тақырыбы: Шағын жинақты мектептің ерекшелігі.

Семинар мазмұны: Шағын жинақты мектеп туралы түсінік. Шағын жинақты мектептің ерекшелігі. Шағын жинақты мектептің жалпы және жеке жағдайы.

Әдебиет: [3] 322-327 беттер, [2] 4-6 беттер.

Өткізілу формасы: «Дөңгелек үстел».

2 Семинар

Тақырыбы: Ауылдық шағын жинақты мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру

Семинар мазмұны: Ауылдық шағын жинақты мектептердің жағдайы. Ауылдық жерлердегі сапалы білім берудің жағдайын көтеру (негізгі экспериментті жүзеге асыру)П

Әдебите: [4] .1-5беттер.

Өткізілу формасы: «Кубизм» стратегиясы.

3 Семинар

Тақырыбы: Шағын жинақты мектептегі мұғалімнің еңбегінің ерекшелігі.

Семинар мазмұны: ШЖМ кадрлардың тұрақталмау себептері. ШЖМ мұғалімінің жұмысының ерекшелігі.

Әдебиет: [2] 147-150 беттер.

Өткізілу формасы: «РАФТ» стратегиясы

4 Семинар

Тақыбыбы: ШЖМ оқушылардың жағымсыз сихоэмоционалдық күйлерінің себептері.

Семинар мазмұны: Н.П. Бетискинаның зерттеулерінің мәні. Оқу үрдісінің эмоционалды әсерінің төмен болу себептері.

Әдебиет: [1] 14 бет.

Өткізілу формасы: «Үлкен шеңбер» әдісі

5Семинар

Тақырыбы: ШЖМ педагогикалық үрдісті ұйымдастыру.

Семинар мазмұны: Сынып-жинақтарды қалыптастыру. Сабақ кестесін құрастыру әдісі.

Әдебиет: [1] 16-19беттер, [3] 327-329беттер.

6Семинар

Тақырыбы: ШЖМ оқу-әдістемелік және материалды-техникалық базамен қамтылу жағдайы.

Семинар мазмұны: ШЖМ оқу- әдістемелік құралы. ШЖМ материалды –техникалық базасы.

Әдебиет: [1] 20-21 беттер, [8] 1-5 беттер.

Өткізілу формасы: « Презентация стратегиясы».

7 Семинар

Тақырыбы: ШЖМ сабақты жоспарлау.

Семинар мазмұны: Күнтізбелік жоспардың жинақты түрде жүзеге асу ерекшелігі. Мұғалім жұмысы қарастыратын факторлары. Сабақ кестесін құрастырудағы есепке алынатын факторлар.

Әдебиет: [1] 24-26 беттер.

Өткізілу формасы: Эссе жазу.

8Семинар

Тақырыбы: ШЖМ оқыту үрдісін жоспарлау технологиясы.

Семинар мазмұны: ШЖМ мұғалімнің сабақ кестесін өзгерту әдісі. Сабақ жоспарын құрастырудағы әртүрлі факторларды есепке алу. Күнтізбелік жоспар құрудың технологиясы.

Әдебиет: [1] 27-32беттер .

Өткізілу формасы: «Үлкен шеңбер» әдісі.

9 Семинар

Тақырыбы: Қазіргі оқыту формаларының ұйымдастыру түрлері.

Семинар мазмұны: Фронталды оқыту формасы. Топтық оқыту формасы. Жеке оқыту . Ұжымдық жұмыс.

Әдебиет: [9] 257-259 беттер, [10].

Өткізілу формасы: «Коллоквиум».

10Семинар

Тақырыбы: ШЖМ өзіндік жұмысты ұйымдастыру.

Семинар мазмұны: Өзіндік жұмыс туралы түсінік. Өзіндік жұмыстың түрлері. Өзіндік жұмыстың формалары. Мұғалімнің өзіндік жұмысты ұйымдастырудағы міндеттері.Оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары.

Әдебиет: [3] 336-342 беттер.

Өткізілу формасы: « Презентация стратегиясы».

11Семинар

Тақырыбы: Шағын жинақты мектептегі сабақ.

Семинар мазмұны: ШЖМ сабақ туралы түсінік. Оның артықшылығы мен кемшілігі, қиындығы, ерекшелігі. Сабаққа қойылатын талаптар. Сабақтың құрылымы. Жаңа сабақты меңгеру формалары. Сабақты меңгерудің формасы.

Әдебиет: [3] 330-332.

Өткізілу формасы: «РАФТ» стратегиясы.

12 Семинар

Тақырыбы: ШЖМ және қашықтан оқыту.

Семинар мазмұны: қашықтан оқыту туралы түсінік және оның мәні. Қашықтан оқытуды ұйымдастыру.

Әдебиет: [11] 1-7 беттер.

Өткізілу формасы: « Презентация стратегиясы».

13 Семинар

Тақырыбы: Оқу жұмысының ұйымдастыру формасы.

Семинар мазмұны: Оқытуды ұйымдастырудың формалары туралы түсінік, олардың жіктелуі мен даму тарихы.Оқытуды ұйымдастырудың формасы мен олардың сипаты. Оқыту жұмыстарын ұйымдастыру оларға сипаттама беру.

Әдебиет: [10], [9] 251-257 беттер.

Өткізілу формасы: «Үлкен шеңбер» әдісі.

14 Семинар

Тақырыбы: Оқыту үрдісіндегі бақылау.

Семинар мазмұны: Оқыту үрдісіндегі бақылау туралы түсінік. Олардың қызметі. Бақылауға қойылатын педагогиклық талаптар.

Әдебиет: [9] 277-278беттер, [10] 281-282 беттер.

Өткізілу формасы: «Кубизм» стратегиясы.

15 Семинар

Тақырыбы: ШЖМ БІД бағалау, үлгерімді тексеру.

Семинар мазмұны: Білім, іскерлік, дағдыны бақылау және оның міндеттері мен қызметі. Бақылаудың әдісі.

Әдебиет: [9] стр.279-281, [10] 283-288 беттер.

Өткізілу формасы: «Кубизм» стратегиясы.
ОЖСӨЖ өткізу бойынша әдістемелік нұсқау.
Мозайка әдісі: "Мозайка" интенсивті қарым-қатынас кезінде мәселенің оптималды шешімін “жоғарыдан-төмен” (педагогтан-оқушыға) емес, тең деңгейде (өзара оқушылар арасында) табуға мүмкіндік береді. Бұл технологияның қиындығы: әсіресе бірінше сабақтарда топтарды қайта құру үрдісінде мұқият зейінділікті талап етеді.

Аквариум әдісі: “Аквариум” – балаларға мәселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум деп атайды. Коллоквиум: Мұғалім және студент арасында сұрақ және жауап түрінде өткізіледі. Әр студентке 10 сұрақтан қойылады, студент қойылған сұраққа уақыт ұтуы үшін тез жауап беруі керек. 1 сұраққа 1 мин уақыт беріледі

Вен диаграммасы: сыни түрғыдан оқу технологиясы бойынша студенттер вен диограммасына сол әрекеттің жағымды жағымсыз жақтарын және екеуінің ұқсас жақтарын жазады.

Түртіп алу әдісі: студенттер бір текстіні алып оның ішінде өзіне таныс жерлеріне «+», таныс емес жерлеріне «?» белгісін қойу арқылы талдап оны оқытушының көмегімен мәтінді меңгереді.

Әдебитетпен жұмыс :Сутденттер белгілі бір проблеема бойынша әдебиеттерге шолу жасап топта талдау жасайды.

Екі жақты күнделік: Берілген тақырып бойынша студенттер кесте толтырады.



Ол кестеде проблема және түсініктеме жолдарына деген жолдары бар соған тақырып бойынша талдау жасайды.
1 ОЖСӨЖ мазмұны: «Мектеп – балабақша» кешенін сипаттау.

Әдебиет: [3].324 бет, [2] 18-24 беттер.

Өткізілу формасы: «Дөңгелек үстел».

2 ОЖСӨЖ мазмұны: Ауыл мектептеріндегі қазіргі білім берудің даму үлгісі

Әдебиет: [4] .3-4беттер.

Өткізілу формасы: Эссе жазу.

3 ОЖСӨЖ мазмұны: ШЖМ қашықтан оқыту.

Әдебиет: [7] 1-4 беттер.

Өткізілу формасы: «Коллоквиум

4 ОЖСӨЖ мазмұны: ШЖМ сабақтардың ерекшеліктері.

Әдебиет: [6] 1-2 беттер.

Өткізілу формасы: « Презентация стратегиясы».

5 ОЖСӨЖ мазмұны: Мұғалімдердің штаттық реті. Мұғалімдердің төлемақылары.

Әдебиет: [1] 19-20 беттер.

Өткізілу формасы: « Презентация стратегиясы».

6 ОЖСӨЖ мазмұны: ШЖМ ақпараттық фонды . Оның алатын орны.

Әдебиет: [1] 20-21беттер.

Өткізілу формасы: «РАФТ» стратегиясы.

7ОЖСӨЖ мазмұны: Оқуту үрдісіне әсер ететін факторлар.

Әдебиет: [1] 26 бет.

Өткізілу формасы: « Презентация стратегиясы».

8ОЖСӨЖ мазмұны: ШЖМ сабақтың тиімді және тиімсіз жақтары.

Әдебиет: [1] 31 бет.

Өткізілу формасы: «Дөңгелек үстел».

9 ОЖСӨЖ мазмұны: Топтық жұмысты ұйымдастыру.

Әдебиет: [10].

Өткізілу формасы: «Үлкен шеңбер» әдісі.

10ОЖСӨЖ мазмұны: Өзіндік жұмысты ұйымдастырудағы нұсқау, алгоритм және басқада қолданылатын материалдардың алатын орны.

Әдебиет: [3] 339-340 беттер.

Өткізілу формасы: «Кубизм» стратегиясы

11ОЖСӨЖ мазмұны: ШЖМ оқытудың әдістері. Сабақтың уақытын дұрыс бөлу мәселелері.

Әдебиет: [3] 332-336 беттер.

Өткізілу формасы: «Дөңгелек үстел».

12 ОЖСӨЖ мазмұны: Қашықтан оқытудың технологиялық негізі.

Әдебиет: [11] 6 бет.

Өткізілу формасы: «Дөңгелек үстел».

13ОЖСӨЖ мазмұны: Оқытудың көмекші формалары.

Әдебиет: [9] .268 бет.

Өткізілу формасы: «Кубизм» стратегиясы

14 ОЖСӨЖ мазмұны: ШЖМ білімді бақылау және оның ерекшелігі.

Әдебиет: [1] 49-50беттер.

Өткізілу формасы: «Дөңгелек үстел».

15 ОЖСӨЖ мазмұны: Оқушылардың үлгерімдерінің төмендеуінің себептері мен оларды болдырмау.

Әдебиет: [10] 286-288 беттер.

Өткізілу формасы: «Дөңгелек үстел».
8. Типтік есептеу,графикалық жұмыс, лабораториялық жұмыс, курстық(жұмыс) жоба «Курсовая работа по педагогике» Нурмакова М.С., Маликова Н.А., Капленко В.П.,Орал 2004 әдістемелік нұсқасын қарастыру
9. Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары (реферат, баяндама, курстық жұмыс т.б.)

  1. ШКБМ-дағы бір тақырыптың, бір пәндік және әр пәндік сабақтар кестесін құру.

  2. ШКБМ-дағы сабақтар жоспарлары және сабақтың үлгілері.

  3. ШКБМ жағдайындағы пәндерді біріктіріп оқыту кестесін тиімді ұйымдастыру.

  4. Топтастырылған сыныптарда әр түрлі нұсқадағы сабақ жоспарларын дайындау, өткізу және талдау.

  5. Өзіндік жұмыс оның сипаты, функциясы және міндеттері.

  6. Өзіндік жұмыстың түрлері және оларды ұйымдастыру, өткізу жолдары.

  7. ШКБМ жағдайындағы математикадан сыныптан тыс жұмыстар, олардың түрлері.

  8. ШКБМ жағдайындағы математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу.

  9. ШКБМ жағдайындағы математиканы оқытуда көрнекілікті қолдану.


10. Оқу, өндірістік және дипломалды сараман жоспарланбаған
11. Оқу үлгерімін бақылау мен бағалау материалдары

Білімді бағалау жөніндегі мәлімет

  • Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі

U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4

P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті

Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).


Бағалау критериийлері

Бағалау түрі

Жұмыс үшін ұпай

Жасалған жұмыстардың саны

Дәрістегі белсенділік

100

15

Семинардағы (практикалық жұмыстағы белсенділік)

100

15

СОӨЖ-дағы белсенділік

100

15

СӨЖ орындауы

100

15

Жеке тапсырмалар

100

2

Рубеждік бақылау

100

2

Аралық аттестация (Р1, Р2)

100

Барлық бағалардың орта арифметикалық сомасы

Ағымдық бақылау

(Р1+Р2)/2




Емтиханға жіберілетін рейтинг

Ағымдық бақылау * 0,6




Қорытынды бақылау (емтихан)

100*0,4




Қорытынды

Емтиханға жіберілетін рейтинг + қорытынды нәтиже




Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)


Студенттердің білім, біліктіліктері мен дағдылары төмендегіше бағаланады:


Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз


Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс соңында студенттер педагогика ғылымының даму тарихы, жүйесі, басқа ғылымдармен байланысы, методологиялық негіздерін, педагогикалық процесстің мәнін, заңдылықтарын, кезеңдерін, ҚР “Білім туралы” және т.б. заңдарын, тұлға дамуының факторларын, оның дамуының жас және жеке ерекшеліктерін, тәрбие заңдылықтарын, принциптерін, тәрбиенің отандық және шетелдік үлгілерін, тәрбиенің әдіс-тәсілдерін, ұжымдық тәрбие негіздерін, тәрбие түрлерін, отбасы тәрбиесінің негіздерін меңгеріп шығуы тиіс.



1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.



2. Аудиториядағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.



3. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.



4. Жеке тапсырмалар

Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.



5. Бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.



6. Пікірлесу.

Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.



1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

  1. Шағын жинақты мектептегі оқыту әдістемесінің педагогикамен байланысы.

  2. Шағын жинақты мектептегі оқыту әдістемесінің психологиямен байланысы.

  3. ШКБМ-тің мақсаты мен міндеттерін анықтаңыз.

  4. Курстың әдістері және басқа оқы пәндерімен байланысын анықтаңыз.

  5. Ұйымдастырудағы қиындықтардын шығу жолдары.

  6. Оқу-тәрбие жұмысын өткізудегі қиындықтардан шығудың тәсілдері.

  7. Шағын кешенді бастауыш мектепте оқытудың ерекшеліктерін атаңыз.

  8. Шағын кешенді бастауыш мектептерге қойылатын талаптарды атаңыз.

  9. ШКБМ-те оқу-тәрбие жұмысын жүргізудегі қиындықтар немен байланысты?

  10. Шағын кешенді мектептегі негізгі қиындықтарды атаңыз.

  11. Шағын кешенді мектептерде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың артықшылықтарын келтіріңіз.

  12. Шағын бастауыш мектепте дидактикалық материалдарды пайдалану жолдары.

  13. Шағын кешенді мектепте математика сабағының ерекшеліктерін атаңыз.

  14. Оқу-әдістемелік топтама құралын келтіріңіз, сипаттама беріңіз.

  15. 5 күндік бастауыш мектепте сабақ кестесін құру ерекшелігі неде?

  16. Шағын кешенді мектеп қандай жағдай, 1, 2 немесе одан артық кешенде құралады?

  17. Сыныптарды біріктіру түрлерін келтіріңіз,

  18. 4 жылдық мектептер үшін кестелер түрін көрсетіңіз.

  19. Әр пәндік сабақтардың ерекшеліктері неде?

  20. Бір пәндік және әр пәндік сабақтар жоспарлары қалай жасалады?

  21. Бір пәндік сабақтардың ерекшелігі неде?

  22. Бір тақырыптық сабаққа материалдар жинау.

  23. Сабақ кестесін құрудағы қиындықтар және олардан шығу жолдары.

  24. Сабақ кестесін жасаудың қандай ерекшеліктері бар?

  25. Әр түрлі сабақ кестесін «бір күндік) мысалдар келтіріңіз


8-15 апталардағы тақырыптар (немесе модулдар) бойынша тексеру сұрақтары.

  1. Бір пәндік сабақ жоспарының ерекшелігі неде?

  2. Бір тақырыптық сабақ жоспарының ерекшелігі неде?

  3. Бір пәндік, бір тақырыптық сабақтың тиімділігі неде?

  4. Біріктірілген (ортақ) және сараланған бөлімдері бар сабақтың ерекшелігін атаңыз.

  5. Ұйымдастырудағы қиындықтардан шығу жолдары.

  6. Өзіндік жұмыс оқыту әдісі ме, әлі де оқыту қағидасы ма?

  7. Өзіндік жұмыстың екі сипатын атаңыз.

  8. Өзіндік жұмыстың функциясы мен міндеттерін атаңыз.

  9. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың қажеттілігі неде?

  10. Өзіндік жұмысты қалыптастыру үшін қажетті білім, білік, дағдылар жүйесін анықтаңыз.

  11. Өзіндік жұмысқа қойылатын талаптарды анықтаңыз

  12. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптарды келтіріңіз.

  13. ШКБМ-те математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың тәсілдерін келтіріңіз.

  14. Шағын кешенді мектеп жағдайындағы сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктерін айтыңыз.

  15. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлерін айтыңыз.

  16. Математикалық бұрыш пен газеттің қажеттілігі неде?

  17. Математикалық бұрыш, газет және кешті ұйымдастыру жолдарын айтыңыз.

  18. Үйірме жұмысының мақсаты неде?

  19. Конкурстар мен олимпиадалардың мақсаттары мен міндеттерін айтыңыз.

  20. ШКБМ жағдайындағы көрнекі құралдар жасау қиындықтары.

  21. Көрнекілік құралдардың түрлерін атаңыз.

  22. Көрнекілік құралдарды қолдануға қойылатын талаптарды атаңыз.

  23. Бастауыш мектепте қолданылатын педагогикалық технологияларды атаңыз.

  24. Шағын кешенді бастауыш мектептерде білім сапасын арттырудың жолдарын атаңыз.

  25. Ресурстық орталықты түсіндіріңіз.

  26. Жаңа оқыту технологияларын атаңыз.


12. Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық қолдау.

«Педагогика». Панкина М.Н., Наас О.В– М.Өтемісов атындағы БҚМУ , 2005. Электронды оқулық . № 4 ғимарат, № 2 оқу залы.



www.rambler.ru

www.yandex.ru

Электронная версия учебного пособия «Педагогика в таблицах и схемах» В.П.Капленко. – ЗКГУ им.М.Утемисова, 2008.

13. Пән бойынша арнайы аудитория, лаборатория.

Қарастырылмаған.




Каталог: images -> stories
stories -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
stories -> Исатай Кенжалиев
stories -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім
stories -> Емтихан сұРАҚтары
stories -> Бағдарламасы Тақырыбы: «Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудың әдістері»
stories -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
stories -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
stories -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Ақ Жайықтың Хамзасы
stories -> С. торайғыров атындағы павлодар
stories -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет