Курсы: 1 Семестр: 1 Құрастырған: оқытушы Абдраманова Ш. Р



бет5/5
Дата14.04.2017
өлшемі1,02 Mb.
#13800
түріСабақ
1   2   3   4   5

4. Демографиялық проблема – «ғасыр проблемаларының» бірі. Бұл проблеманың біріне-бірі қарама-қарсы екі бағыты бар

Біріншіден, бірқатар дамыған елдерде халықтың ұдайы өсуінің бұзылуына, оның тез қартаюына және санының әкеліп соғып отырған демографиялық дағдарыс алаңдатпай қоймайды. Демографтар мұндай процесті халық санының азаюы (депопуляция) деп атайды.

Екіншіден, Азия, Африка және Латын америкасы елдерінің көпшілігінде халық санының тез өсуі бұдан да гөрі көбірек алаңдатады. Оның үстіне, жас адамдардың үлесі өте жоғары болып отырғанда, халықтың, демограф-ғалымдары 60-жылдары демографиялық жарылыстың шыңы артта қалды деп тұжырымдайды. Африканы қоспағанда, халықтың ұдайы өсуінің екінші түріне жататын барлық аймақтарда баланың туылуы мен халықтың өсуі біртіндеп кеми бастады.

5. Энергетикалық және шикізат проблемалары: себептері мен шеу жолдары.Бұл бәрінен бұрын адамзатты отынмен және шикізатпен сенімді түрде қамтамасыз ету проблемалары. Бұрын да қорлармен қамтамасыз етудің белгілі бір шиеленскен кездері болған. Бірақ әдетте бұл табиғат қорлары құрамы «жасақталмаған» аудандар мен елдерге қатысты болатын. Ғаламдық көлемде ол бірінші рет 70-жылдары туды деуге болады.Оның бірнеше себептері бар.Оларға мұнайдың,табиғи газ бен отын және шикізаттың кейбір басқа түрлерінің барланған қорының айтарлықтай шектеулілігі,өндірудің кен-геологиялық жағдайларының алшақтықтың артуы,өндіруді табиғат жағдайлары өте қатаң жаңадан игерілген аудандарға қарай жылжыту және т.с.с. жатады.Демек,қазіргі дәуірде, минералдық қорларды бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде тиімді пайдаланып ұдайы өндіру қажет.Бұл үшін ҒТР зор мүмкіндіктер береді. Пайдалы қазбаларды Жер қойнауынан неғұрлым толық алу, өндірістің энеогия мен материялды қажет етуін азайту, жаңа кен орындарын ашу және бұрын шама жетпеген кен орындарын игеру, сарқылмайтын энергетика қорларын айналымға қосу, атом және сутегі энергетикасы, МГД-генераторлар, отын элементтері және ең ақырында басқарылытын термоядролық синтез саласындағы прогресс секілді мәселелердің шешілуі де ҒТР-ға байланысты.

6.Азық-түлік проблемасы – Жер бетінде өсіп келе жатқан халықты азық-түлікпен қалай қамтамасыз ету керек?Ежелгі даналық сөзде:”Адам өмір сүру үшін тамақтанады, тамақтану үшін өмір сүрмейді” делінген. Оның қалыпты тіршілігі мен іс-әрекетіне қажетті тағам мөлшері жынысқа,жасқа,салмаққа,бойға,еңбектің сипаты мен жағдайларына, территорияның климат ерекшеліктеріне байланысты. Ғалымдар тұтынылатын тағамның калориялық нормасы тәулігіне 2300-2600 ккал және 70-100 г белоктан кем болмауға тиіс деп санайды. Алайда қазіргі кезде БҰҰ-ның деректері бойынша адамзаттың 2/3-сі үнемі азық-түлік жетіспейтін елдерде тұрады. Сондықтан азық-түлік проблемасын ғаламдық проблема деп есептеу керек. Оны шешу үшін адамзат өсімдік шаруашылығының, мал шаруашылығының және балық аулаудың мүмкіндіктерін толығырақ пайдалануы тиіс. Мұнда ол екі жолмен жүре алады.Э к с т е н с и в т і жол – ең алдымен егістік,жайылымдық жерлер мен балық кәсіпшілігі аумақтарын одан әрі ұлғайту.Бірақ бүкіл құнарлы және қолайлы орналасқанжерлер іс жүзінде осыған дейін игеріліп қойылғандықтан, бұл жол өте көп шығын жұмсауды қажет етеді.И н т е н с и в т і жол – ең алдымен жарамды жердің биоллогиялық өнімділігін арттыру. Ол үшін биотехнологияның, түсімі жоғары жаңа сорттар химияландыру, сонымен бірге тарихи Месопотамиядан, Ежелгі Египеттен және Үндістаннан бастап бірнеше мың жылға баратын мелиорациялауды дамытудың шешуші маңызы бар.

Жер жүзі халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін ХХ ғасырдың соңғы ширегінде ауылшаруашылық өндірісінің көлемін 2 есе, ал ХХІ ғасырдың ортасына қарай – 5 есе ұоғайту қажеттігін ғалымдар есептеп шығарған.Есептеулер мынаны көрсетіп отыр:егер дүние жүзінің бүкіл елін қазіргі көптеген дамыған елдердің ауыл шаруашылығында қол жеткен деңгейге теңестірсек, онда 10млрд. Және тіпті одан да көп халықтың азық- түлік жөніндегі қажеттерін толық қанағаттандыруға болар еді [3]. Демек, адамзаттың азық-түлік проблемасын шешудегі басты жол - интенсивті жол болып табылады. Ол қазірдің өзінде бүкіл егіншілік өнімдері өсімінің 9/10 бөлігін қамтамасыз етіп отыр.

7.Дүниежүзілік мұхитты пайдалану проблемасы: жаңа кезең. Жер бетінің 71%-ін алып жатқан Дүниежүзілік мұхит елдер мен халықтардың қатынас жасауында маңызды рөл атқарып келді. Дегенмен ХХ ғасырдың ортасына дейін Мұхиттағы адамзат қызметінің барлық түрі дүнежүзілік кірістің 1-2%-ін ғана беріп отырды.Бірақ ҒТР-дың дамуына қарай Дүниежүзілік мұхитты жан-жақты зерттеу және игеру мүлдем басқаша ауқым алды.Біріншіден, ғаламдық энергетикалық және шикізат проблемаларының шиеленісуі теңізден кен өндіру және химия өнеркәсіптерінің,теңіз энергетикасының пайда болуна әсер етті. ҒТР-дың жетістіктері мұнай мен газ,темір-марганец конкрецияларын өндіруді ұлғайту, теңіз суынан сутегі изотобы – дейтерийді айырып алу, орасан зор толысу электр станцияларын салу теңіз суын тұщыландыру істерінде жаңа болашақ ашуда.

Екіншіден, ғаламдық азық-түлік проблемасының шиеленісуі Мұхиттың биологиялық қорларына деген қажеттілікті күшейтті: олар әзірге адамзаттың азық-түлік “ризығының” 2%-ін ғана қамтамасыз етуде (дегенмен жануар текті белоктың 12-15%-ін қамтамасыз етеді).Әрине , балық пен теңіз өнімдерін өндіруді арттыра беріге болады және керек те. Үшіншіден, халықаралық географиялық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, дүниежүзілік сауданың тез өсуі теңіз теңіз тасымалының ұлғаюымен қатар жүріп жатады. Бұл өз кезегінде өндіріс пен халықтың теңізге қарай бетбұрыс жасауына және теңіз жағалауындағы көптеген аудандардың қарыштап дамуна себепші болады.Мәселен,көптеген ірі теңіз порттары өнеркәсіпті порт кешендеріне айналды,мұндай кешендерге кеме жасау, мұнай-химия, металлургия секілді салалар тән , ал соңғы уақытта кейбір ең жаңа салалар дами бастады. Теңіз маңайындағы урбандалу кең көлемде дамуда.

Дүниежүзілік мұхит және мұхит – құрлық аймағы шеңберіндегі бүкіл өндірістік және ғылыми қызметтің нәтижесінде дүниежүзілік шаруашылықтың айрықша ьір құрамдас бөлігі – теңіз шаруашылығы пайда болды. Оның құрамына өндіретін және өндейтін өнеркәсіп, энергетика ,балық аулау,көлік,сауда, тынығу және туризм енеді. Тұтас алғанда, теңіз шаруашылығында кемінде 100 млн. адам жұмыс істейді.Сонымен бірге мұндай әрекет дүниежүзілік мұхиттың ғаламдық проблемасын туғызды. Оның мәні мынада: мұхит қорларыныңигерлуі өте әркелкі, теңіз ластанып барады, ол әскери әрекет майданы ретінде пайдалануда.Сондықтан БҰҰ-ның теңіз хұқы жөнінде 1982 ж. қабылдап, “Теңіздер хартясы “ деп атаған Конвенциясының өте зор маңызы бар. Ол жағалаудан 200 теңіз милі экономикалық аймағын белгілеп,ондағы жағалық мемлекеттердің де биологиялық және минералдық қорларды пайдалануға егеменді хұқы бар екенін атап көрсетті. Дүниежүзілік мұхитты пайдалану проблемасын шешудің негізгі жолы – мұхит табиғатын тиімді пайдалану проблемасын шешудің негізгі жолы – мұхит тбиғатын тиімді пайдалану, оның байлықтарына бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың күш жігерін біріктіру негізінде теңестірілген, жинақы қөзқарастар тұрғысынан келу. 8. Ғарышты бейбіт мақсатта игеру: жаңа көкжиектер. Ғарышғаламдық орта, адамзаттың ортақ игілігі болып табылады. Қазір, ғарыштық бағдарламалар елеулі күрделене түскенде, оларды орындау көптеген елдер мен халықтардың техникалық, экономикалық, интнлектуалдық күш-жігерін шоғырландыруды талап етеді. Сондықтан ғарышты игеру аса маңызды халықаралық, ғаламдық проблемалардың біріне айналды.

9.Ғаламдық проблемалардың өзара байланыстылығы. Дамушы елдердің артта қалушылығын жою – аса ірі жалпы дүнежүзілік проблема. Сендердің көріп отырғандарындай, адамзаттың ғаламдық проблемаларының әрқайсысының нақты өз мазмұны бар.Бірақ оларды бәрі өзара тығыз байланысты:Энергетикалық және шикізат проблемалар экологиялық проблемамен, экологиялық проблема демографиялық проблемамен, ал демографиялық проблема азық-түлік проблемасымен өзара байланысты және т.б. Адамзаттың ғаламдық проблемалары арасында жаңа дүниежүзілік соғысты болғызбау проблемасы айрықша орын алады. Алайда қарулану экономикасынан қарусыздану экономикасына көше бастаған қазіргі кезде ғаламдық проблемалардың көпшілігі ауырлық күші барған сайын дамушы елдерге қарай орын ауыстыруда. Олардың артта қалуы өте күшейіп барады . Мұндай артта қалушылықтың басты көрінісі мен себебі – кедейлік, қайыршылық. Азия,Африка және Латын Америкасын елдерінде халықтың 40%-і нағыз қайыршылық жағдайларда өмір сүруде.Қаланың лас шеттері мен шалғай елді мекендердің тұрғындары неғұрлым бай елдердегі тұрмыс деңгейінің 5-10%-ін құрайтын тұрмыс деңгейіне қанағаттануға мәжбүр болып отыр.Дамушы елдерде азық-түлік проблемасы қайғылы, тіпті апатты сипат алып барады деуге болады. Әрине, әлемде аштық пен тойып тамақ ішпеу адамзат дамуының алғашқы кезенінен - ақ белгілі.Қытайда, Үндістанда, Ирландияда, Африканың көптеген елдері мен Кеңес Одағында орын алған аштық ошақтары ХІХ – ХХ ғасырларда көптеген миллинодаған адамдардың өмірін қиды. Бірақ ҒТР дәірінде аштықтын және Батыстың экономикасы дамыған елдерінде азық – түліктің артық өндірілуі – бұл шын мәнінде біздің заманымыздағы күтпеген құбылыстардың бірі. Бұл да дамушы елдердің жалпы арта қалуы мен кедейлігінен туған құбылыс. Бұл құбылыс ауыл шаруащылық өндірісінің оның өнімдеріне деген қажеттіліктен әлде қайда артта қалуына әкеп соқтырды. Қазіргі кезде халқының едәуір бөлігі аштан өлу мегінде тұрған Африка мен Азияның «жасыл революция» жүргізбеген ең артта қалған елдері «аштық географиясын» ашып отыр. 70-тен астам дамушы ел азық-түлікті сырттан әкелуге мәжбүр болуда

9. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22%)

Ғаламдық промлемалар ұғымы.

Бейбітшілік пен қараусыздану, жаңа дүниежүзілік соғысқа жол бермеу проблемасы.

Экологиялық проблема.

Демографиялық проблема.

Энергетикалық және шикізат проблемалары.

Азық-түлік проблемасы

10.Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)

Белсенді оқушыларды бағалау.

11.Үйге тапсырма беру: 5мин (6%)



Оқулықтағы тапсырмамен таныстыру

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет