Ауыл шаруашылығы және балық аулау географиясы
Ауыл шаруашылығы – материалдық өндірістің екінші жетекші саласы. Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің ежелгі ғана емес, сонымен бірге неғұрлым кең тараған саласы. Шындығында, дүние жүзінде тұрғындары ауыл шаруашылығымен және оған шектес орман шаруашылығымен, аңшылықпен, балық аулаумен айналыспайтын бірде – бір ел жоқ. Дүние жүзінде бұл салаларда шамамен 1,1 млрд. адамеңбек етеді.
Тауарлы шаруашылық дегеніміз – бұл жақсы ұйымдастырылған ірі плантациялар мен фермалар. Мұндай шаруашылықтар жақсы жерлерге орналасып, жалдамалы жұмысшы күшін, машиналарды, тыңайтқыштарды, қолдан суаруды кеңінен пайдаланады. Олардың өндірісі ішкі, әсірісе сыртқы рынокқа бағдарланған, сөйтіп олар “мемлекет ішіндегі мемлекет” болып отыр. Алайда мұндай плантациялар әдетте белгілі бір дақылдарды өсіруге барынша қолайлы жағдайлары бар жерлерде жеке ошақтар түрінде орналасады.
Экономикасы дамыған елдерден кейін “жасыл революция” дамушы елдерде де басталған. 60 – жылдары бұл ұғым кең таралады.
“Жасыл революция” дегеніміз – бұл осы заманға агротехниканың негізінде ауыл шаруашылығын түлету. Ол ҒТР – дың байқалу формаларының бірі болып табылады.
“Жасыл революцияның” үш негізгі компоненті бар. Бұл – дәнді өсімдіктердің шығымдылығын күрт арттыруға жәрдемдесетін және екінші, үшінші, кейде тіпті төртінші егісті пайдалану мүмкіндігін ашатын дақылдардың тез пісетін жаңа сорттарын шығару. Бұл – ирригацияны ұлғайту, өйткені жаңа сорттар қолдан суаратын жағдайларда ғана өзінің, жақсы қасиеттерін көрсете алады. Бұл,ақырында, осы заманға техниканы, тыңайтқыштар мен улы химикаттарды неғұрлым кеңінен пйдалану.
Өсімдік шаруашылығы. Дәнді дақылдар – дүниежүзілік ауыл шаруашылығының негізі. Дәнді дақылдар дүние жүзіндегі өңделетін бүкіл жер көлемінің 1/2 – інен астамын алып жатыр. Олардың егісі іс жүзінде адамдардың таралу ареалына сәйкес келеді. Дәнді дақылдардың дүниежүзілік өндірісті бірте- бірте өсіп келеді және жылына 1,9 млрд. жетті. Астық шаруашылығын, бейнелеп айтқанда, үш дақыл – бидай, күріш және жүгері ұстап тұр. Олар жалпы түсімнің 4/5 береді және адамдардың бүкіл тамақ энергиясының жартысына жуығын қамтамасыз етеді.
Майлы дақылдар біздің планета халқының тамақ құрамында дәнді дақылдардан кейін екінші орын алады. Бүкіл пайданылатын майдың шамамен 2 /3 – сі өсімдіктерден алынады. Ең көп тараған түйнекжемісті дақыл- картоп. Картоптың отаны Оңтүстік Америка, бірақ ол ендігі жерде – негізінен солтүстік жарты шардағы қоңыржай белдеудің дақылы
Азық – түлікке жатпайтын дақылдар. Талшықты дақылдардан ең маңыздысы мақта: мақта талшығының дүние жүзілік өндірісі 20 млн. т. құрайды. Мақта егісінің көлемі және мақта жинау жөнінен бірінші орында мақта өсірудің ежелгі ауданы – Азия елдері, екінші орынды – Америка елдері, үшінші орынды –Африка елдері алады.
Мақта, джут, табиғи каучук – дүниежүзілік сауданың маңызды тауарлары. Есірткі заттармен контрабандалық сауда жасау өте кең өріс алып барады.
Мал шарушылығы:үш жетекші сала. Мал шаруашылығы дәнді дақылдар секілді барлық жерге дерлік таралған. Мұнда шабындықтар мен жайылымды егістік жерлермен салыстырғанда үш есе артық территорияны алып жатыр. Мал шаруашылығынан алынатын өнімдердің негізгі бөлігін қоңыржай белдеудің елдері береді. Өндірілетін бүкіл астықтың жартысына жуығы малға жем ретінде пайдаланылатынын да ескеру қажет.
Дүниежүзілік мал шаруашылығы ең алдымен малдың таралуына байланысты. Мал басының жалпы саны 4 млрд. жақындап келеді. Мұның өзінде үш сала басты орын алады.
Балық аулау адамзаттың ең ежелгі кәсіптерінің бірі. Қазіргі кезде ол кемінде 15 млн. адамның күнкөрісін қамтамасыз етіп отырған дүниежүзілік шаруашылықтың маңызды саласы. Дүние жүзі бойынша ауланатын балық пен өндірілетін теңіз өнімдері жылына млн. 100 т-ға жетті. Оның шамамен 9/10-ын теңіздері мен мұхиттардан, 1/10- ін тұщы судан ауланатын балық құрайды. Мұндай су айдынында 20-30мың балық аулайтын кемелер жүзеді. Балықтың және басқа теңіз тартуының маңыздылығы ең алдымен олардың құрамындағы жануарлар белогының мөлшері жөнінен мал мен құс етінен кем түспейтіндігіне және адамзаттың осындай белокты қажетсінуін 1/4- іне дейін қанағаттандыратынында. Дамушы елдерде аздаған мөлшерде қақталған балық салынған күріш тамағы көбіне жануар белогын пайдаланудың бірден - бір көзі болады.
Балық аулау барлық жерде дерлік таралғанымен, бүкіл дүние жүзінде ауланатын балықтың жартысынан астамы не бары алты елдің - Жапонияның, Қытайдың, Ресейдің, АҚШ - тың, Чили мен Перудің үлесіне тиеді. Мұнда балықтың бәрі дерлік таяу сауда –басты балық жайылымдары және уылдырық шашатын орындары болып саналатын континеттік қайран айдынында ауланады. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін дүние жүзіндегі балық аулаудың негізгі ауданы Солтүстік Атлантикада болды, кейін оны Тынық мұхиттың солтүстік бөлігінде орналасқан аудан басып озды.
9. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22%)
10.Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)
Белсенді оқушыларды бағалау.
11.Үйге тапсырма беру: 5мин (6%)
Оқулықтағы тапсырмамен таныстыру.
№ 6 сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Европа елдері.
2.Сағат саны: 2 сағат 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты:
Оқыту: Еуропаның саяси картасындағы өзгерістер, өнеркәсібі, табиғи байлықтары салалар географиясы туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Оқұшыларды өз елін сүюге тәрбиелеу.
Дамыту:оқұшыларға өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық қуралдар: компьютер.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: карта, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: №6 дәріс аудиториясы
6) Ұйымдастыру кезеңі-5 мин(6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.15 мин (16%)
8. Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин(44%)
1. Территориясы, шекарасы,орны.
2. Табиғат жағдайлары мен байлықтары.
3.Халқы
4. Шаруашылығы. Оның алатын орны
5.Өнеркәсіп. Оның басты салалары
6. Ауыл шаруашылығы. Оның түрлері
7. Шетелдік Еуропаның ірі бөліктері.
8. Даму кіндігі
9. Жоғары дамыған аудандар
Шетелдік Еуропаның территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай 5 мың км-ге, батыстан шығысқа қарай 3 мың км-ден астам қашықтыққа созылып жатыр. Шетелдік Еуропа елдерінің экономикалық- географиялық жағдайын екі басты белгі айқындады.
1. Көршілік жағдайы. Территориясы шағын, шалғай аудандары аз және көлік тез арада өте шығатын бұл елдер бір-бірімен тікелей шектесіп жатады, немесе олардың арасын болмашы қашықтық бөліп тұрады.
2. Теңіз маңайы. Олардың көбі қатынас қызған теңіз жолдарына жақын орналасқан. Ұлыбританияның, Нидерландының, Данияның, Норвегияның, Исландияның, Португалияның, Испанияның, Италияның, Грецияның бүкіл тіршілігі теңізбен тығыз байланысты.Аймақтың саяси картасы 20 ғ. үш үлкен өзгеріс көрді: бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстан кейін және соңғы жылдары елдердің бірігуі. Шетелдік Еуропада республикалар да, монархиялар да, унитарлы мемлекеттер де, федерациялы мемлекеттер де бар.
Шетелдік Еуропаның өнеркәсібіне қажетті табиғи алғышарттар пайдыла қазбалардың орналасуының зор ықпалымен қалыптасты. Олардың аймақтың солтүстік (платформалық) және оңтүстік (қатпарлы) бөліктеріндегі құрамының бір-бірінен айырмашылығы бар. Солтүстік бөлікте Балтық қалқаны мен герцин қатпарлылығымен байланысқан кенді пайдалы қазбалар, шөгінді тасы мен оның шеткі ойыстары, пайдалы қазбалары таралған Оңтүстік бөлікте магмалық, шөгінді кен орындары көп, бірақ отын қоры аз. Аймақтың агроклиматтық факторлары оның қоңыржай, оңтүстігінде- субтропиктік белдеуге орналасуына байланысты айкындалады. Жерорта теңізі маңайындағы тұрақты егіншілік қолдан суаруды керек етеді.
Кәдімгі орман ландшафтылары басым Швеция мен Финляндияда орман шаруашылығын жүргізуге қажетті табиғи алғышарттар жеткілікті. Шетелдік Еуропада табиғи- тыныңу қорлары да мол.
Соңғы уақытта шетелдік Еуропаның халқының өсуі баяулады. Кейбір елдерде халықтың саны кеміп барады. Осының бәрі халықтың сыртқы көшіп- қонуының дүниежүзілік жүйесіндегі аймақ үлесінің күрт өзгеруіне әкеп соқтырды. Ұлы географиялық ашылулар заманынан бері эмиграцияның ошағы болған шетелдік Еуропа еңбек иммиграциясының дүниежүзілік басты ошағына айналды. Шетелдік Еуропа халқының ұлттық құрамы айтарлықтай бірдей: аймақтағы 62 халықтың басым көпшілігі үнді-еуропа тіл әулетіне жатады. Мұнда славян , роман, герман топтарына жататын туыс тілдердің көптігін ұқсастық белгілері бар.
Христиан діні- шетелдік Еуропаның барлық елдеріндегі үстем дін. Оңтүстік Еуропада католицизм, Солтүстік Еуропада- протестанттық күрт басым; ал Орта Еуропа олар әр түрлі қатынаста таралған. Католицизмнің дүниежүзілік орталығы- Ватикан Римде орналасқан.
Тұтас аймақ ретінде шетелдік Еуропа өнеркәсіп және ауылшаруашылық өндірісінің көлемі, тауарлар және қызметкөрсету экспорты, алтын және валюта қоры, туримді дамыту жөніндегі дуниежүзілік шаруашылықта бірінші орын алды. Аймақтың экономикалық қуаты ең алдымен Батыс елдерінің « үлкен жетілігіне» кіретін төрт ел- ГФР-ге , Францияға, Ұлыбританияға, Италияға байланысты болады.
Шетелдік Еуропаның халықаралық географиялық еңбек бөлінісіндегі келбеті 200 жылдан астам уақыт бойы, тіпті қазіргі кезде де көбінесе өнеркәсіптің дамуына байланысты болып отыр. Машина жасау- шетелдік Еуропа өнеркәсібінің жетекші саласы, шетелдік Еуропа машина жасаудың отаны болып табылады. Химия өнеркәсібі 2 -ші орында.
Ауыл шаруашылығы – табиғи және тарихи жағдайлардың ықпалымен үш түрге бөлінеді: 1) солтүстік еуропалық( интенсивті сүтті мал шаруашылығы), 2) Отра еуропалық(сүтті және сүтті етті мал шаруашылығы, шошқа және құс өсіру), 3) Оңтүстік еуропалық( жеміс, цитрус, жүзім, бадам, жаңғақ, темекі).
Аймақтағы елдердің бәрі мемлекеттік экономикалық саясат жүргізеді және барған сайын айналадағы ортаны қорғауға бағытталған батыл шаралар қабылдайды.
Шетелдік Еуропаның төрт ірі бөлігі бар: Шығыс Еуропа , Орта Еуропа, Сотүстік Еуропа, Оңтүстік Еуропа. Олардың әрқайсысы қайталанбас қаумдастық.
Шетелдік Еуропаның халқы мен шаруашылығының териториялық құрылымы негізінен 19 ғасырда қалыптасқан. Орналасудың басты тақырыбы табиғат байлықтары едіү Аймақта бар жоғы шамамен 400 қала агломирациясы және 100 жуық қнеркәсіпті аудан бар. Өз кезегінде «Еуропаның басты көшесі» - Рейн – Рона сызығы оның өзегі болып саналады. Бұл кіндікті шекарасында 120 млн. Адам тұрады және аймақтың бүкіл экономикалық қуатын жартысына жуығы осында шоғырланған.
Үлкен Лондон мен Үлкен Париждің астаналық аймақтары өнеркәсіптің ең жаңа салалары, инфрақұрылымды, ғылымды, қызмет көрсету саласын шоғырландырған жоғары дамыған аудандарға жатады. Қала орталығынан 70-80 км радиустағы территорияны алып жатқан Лондон аймағы 12-13 млн. Адам тұрады, ал халықтың орналасу тығыздығы 1 км-ге 750 адамға жетеді. Лондонның орталық бөлігін жеңілдету үшін сегіз жаңа серік қалалар салынған.
Үлкен Парижде 10 млн. Адам тұрады. Ол франция территориясының 1,5 %-ін қамтиды, бірақ мұнда оның өнеркәсіп өнімінің ¼-і өндіріледі, ғылымды көп қажет ететін салалар жеткілікті, ал «Париж бұйымдарын» жасауда Париж көптеген ғасырлар бойы бүкіл дүние жүзі үшін «сән орталығы» болып келеді.
Шетелдік Еуропада әлі де айтарлықтай артта қалған, негізінен өнеркәсіпті бірқатар аудандар бар. Оған ел территориясының 40 %-ін алып жатқан оңтүстік Италия. Мұнда халықтың 35%- тен астам және өнеркәсіпте еңбек ететіндердің 18%- ғана шоғырланған.
Шетелдік Еуропа – дүние жүзінің территориясы ең шағын аймағы, бірақ оның дүние жүзілік шаруашылықтағы рөлі өте зор. Соңғы уақытта аймақтың саяси және экономикалық картасында үлкен өзгерістер болуда.
«Студенттердің өзіндік жұмысын» орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
9. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22%)
10.Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)
Белсенді оқушыларды бағалау.
11.Үйге тапсырма беру: 5мин (6%)
Оқулықтағы тапсырмамен таныстыру.
№ 7 сабақ
1.Сабақтың тақырыбы:Шетелдік Азия, Австралия.
2.Сағат саны: 2 сағат 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты:
Оқыту:Азия мен Австралияның территориясы, халқы, табиғат байлықтары, өнеркәсібі шаруашылығы жайлы мәлімет беру.
Тәрбиелік: Оқұшыларды өз елін сүюге тәрбиелеу.
Дамыту:оқұшыларға өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық қуралдар: компьютер.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: карта, сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: №6 дәріс аудиториясы
6) Ұйымдастыру кезеңі-5 мин(6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.15 мин (16%)
1. Территориясы, шекарасы,орны.
2. Табиғат жағдайлары мен байлықтары.
3.Халқы
4. Шаруашылығы. Оның алатын орны
5.Өнеркәсіп. Оның басты салалары
6. Ауыл шаруашылығы. Оның түрлері
7. Шетелдік Еуропаның ірі бөліктері.
8. Даму кіндігі
9. Жоғары дамыған аудандар
8. Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин(44%)
1.Территориясы,шекарасы,жағдайы.Шетелдік Азияның территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай 7 мың км, ал батыстан шығысқа қарай 10 мың км-ден астам қашықтыққа қарай созылып жатыр. Аймақтағы екі ел- Қытай мен Үндістан-алып елге,қалғандарының көпшілігі – айтарлықтай ірі елдерге жатады. Бірақ осымен қатар ,Азияда шағын елдер де көп.Көптеген елдердің шекарасы жақсы байқалатын табиғи шептер арқылы өтеді.Бір қатар жерлерде,мысалы,Гималай,бұл экономикалық жәнә басқа байланыстар үшін едәуір кедергі келтіреді.
Аймақтың экономиқалық-географиялық жағдайы 3 басты белгіле рмен сипатталады.
Біріншіден, бұл көршілік жағдаы , ол көбіне Азияның төрт ірі аймағының әрқайсысындағы елдерді біріктіреді.
Екіншіден,бұл көптеген елдердің теңіз манайындағы жағдайы, мұның өзі аса маңызды дүние жүзілік сауда жолдары өтетін Тыңық, Үнді және Атлант мұхиттарына шығуды қамтамасыз етеді.
Үшіншіден, бұл кейбір елдердің ішкері орналасқан жағдайы, мұнын өзі тұтас алғанда аса ұтымды емес.
Шетелдік Азияның саяси картасы сонғы уақытта үлкен өзгерістерге ұшырады.Екінші дүниежүзілік соғыстың алдыңда халықтың 90%-і отарлар мен жартылый отарда тұрды. Қазір аймақтың барлық елдері-егемен мемлекет.Соған қарамастан, Таяу Шығыста әлі де Палестина мемлекеттің проблемасы шешілмеген.
3) Халқы:Араб елдері осы жарылыстың ошағы болып отыр.Олардың көпшілігі мемлекеттік демографиялық саясат жүргізбейді. Бірай аймақтың басқада көптеген елдерінде ол айтарлықтай нәтиже берген жоқ. Халықтын тез өсуіжәне жасаруы жалғасуда. Қазір өсу қарқынды бойынша шетелдік Азияның халқы 30 жылда екі еселенді. Мұндай демографиялық жағдай көптеген экономикалық, экологиялық және әлеуметтік проблемаларды күрделендіре түседі.Шетелдік Азия халқының этникалық құрамы ерекше күрделі: этнограф- ғалымдар мұнда әр түрлі тіл әулеті мен топтарына жататын 1 мыңнан астам ұлт тұрады деп есептейді. Олардың ішінде өте ірі , сондай-ақ таулы жерлерге шашырай қоныстанған өте аз санды халықтарда бар. Шетелдік Азия- көптеген ғасырлар бойы саясатқа, эконномикаға, рухани мәдениетке, халықтың ұдайы өсуіне ,халықтардың әдет- ғұрпыа зор ықпал еткен бүкіл дүниежүзілік діндердің отаны. Дін материалдық мәдениетте де- мұсылмандардың мешіттерде, индустардың храмдарында, буддалардың ғибадатханалары мен монастырьларына кеңінен қолданылады. Қазіргі кезде де ол адам өмірінің барлық жақтарына күшті ықпал етуде.
Аймақтың халқы өте әр келкі орналасқан. Мұндағы бір полюсте –теңіз маңайындағы жазықтар, өзендердің аңғарлары мен атыраулары болса,екінші полюсінде-шөлдер мен шөлейттер, биік таулар , тропиктік ормндар ы жайғасқан.
1) Территориясы, шекарасы,жағдайы. Қытай Халық Республикасы- территориясының көлемі Жөнінен дүние жүзінде үшінші орын алатын мемлекет. Бұл ел батыстан шығысқа қарай 5,7 мың км-ге, солтүстіктен оңтүстікке қарай-3,7 мың км-ге созылып жатыр. Қытайдың құрлықтағы шекарасы көбіне жақсы байқалатын табиғи шептер арқылы өтеді. Сырт экономикалық байланыстар үшін негізінен теңіз жолы пайдаланатындықтан, теңіз маңындағы аудандардың экономикалық- географиялық жағдайы едәуір тиімді.
Қытай 23 провинцияға және орталыққа бағынатын үш қалаға – Пекин,Шанхай,Тянцзин- бөлінеді. Елдегі кейбір провинцияларда Еуропаның ең ірі елдеріндегідей мөлшерде халық тұрады.
2)Халқы. Қытай 2 мың жыдан бері жер шарындағы ең халқы көп ел болып келеді. Қытай нақылдарынын бірінде “ Адам тауы, адам теңізі“ деп айтылу кездейсоқ емес. ҚХР құрылған 1949 ж. Бері оның халқы саны 2 есе өсіп , 1990ж. Бүкілқытайлық халық санына сәйкес 1 млрд. 134 млн адам болды.
Этникалық құрамы бойынша алғанда Қытайдағы халықтың басым көпшілігі қытайлар олар елдің бүкіл шығыс жартысына қоныстанған. Қытайдың бүкіл халқына есептегенде шағын ұлттардың үлесі 8% қана болғанына қарамастан, бұл елді әдетте көп ұлтты елге жатқызады. Оның себебі 1)Қытай емес ұлыстар емес этникалық топтардың жалпы саны 60-қа жуықтайды .2)Олардың жалпы саны 80 млн адамнан асады . 3)Олар ел территориясының жартысынан астамына қоныстанған.
4. Ішкі айырмашылықтар мен қалалар . Территориялық жоспарлауды жетілдіру мақсатында 80- жылдарында Қытай – Шығыс, Орталық жане Батыс экономикалық зона белгіленді.
Шығыс зона экономикалық жағынан алғанда неғұрлым дамыған аймақ. Өнеркәсіп орталықтары мен тораптарының көпшілігі, көптеген ауылшаруашылық аудандары, көлік магистральдары, барлық теңіз порттары осында орналасқан. Аса ірі қалаларда осы зонада.
Қытайдағы қалалардың ең үлкені- Шанхай. Ол теңізден 50 км қашықтықта Янцзы өзенінің сағасына құятын Хуанпу өзенінде орналасқан. Бұл дүние жүзіндегі аса ірі порттардың бірі және елдің көптеген мыңдаған кәсіп орындары бар аса маңызды өнеркәсіп орталығы. Соңғы уақытта мұнда ҚХР-дағы нағыз осы заманғы металлургия комбинаты, тұңғыш АЭС салынып, еркін экономикалық аймақ құрылған. Бұрын Шанхай ең жайсыз әрі халық асатығыз орналасқан қалалардың бірі болатын. Онда қазір де халық өте тығыз орналасқан, бірақ қала қайта құрылуда, оның төңірегінде серік қалалар бой көтерген.
Халқының саны жөнінен екінші орынды Пекин қаласы алады. Ол теңізден 170км қашықтықта, елдің халқы барынша тығыз орналасқан аудандарының біріне- Ұлы Қытай жазығына орналасқан. ОЛ әр түрлі атаумен әлденеше рет ертедегі жане орта ғасырлардағы Қытай мемлекеттерінің астанасы болды, ал XVғасырдан бері қазіргі атауына ие болды. Қаланың орталық тарихи бөлігі дәстүрлі тікбұрышты пішінін сақтаған. Мұнда көптеген тарихи жане мәдени көрікті орындар бар.
1984ж қытай үкімкті сыртқы дүние үшін теңіз маңындағы 14 қаланы ашу жөнінде шешім қабылдап, оларға тікелей сыртқы экономикалық байланыстар жасау хұқын берді.
Территориясы, шекарасы, жағдайы: “Күншығыс елі”. Территориясының көлемі бойынша Жапонияны Батыс Еуропаның барынша ірі елдерімен және АҚШ-тың үлкен штаттарымен салыстыруға болды. Бірақ құрамы мен пішіні жөнінен олардан күрт өзгеше болып келеді. Жапония-төрт ірі және 4мыңдай ұсақ аралдарға орналасқан архипелаг ел. Бұл тұтас бір аралдар дүниесі! Табиғат байлықтарына кедей болса да, Жапония... Жағалауға өте бай.
Жапонияның экономикалық -географиялық жағдай ең алдымен ол орналасқан аралдар доғасының Еуразия материгі мен Тынық мұхитының түісінде 3,5 мың км-ге созылып, Азия-Тынық мұхиты аймағының орталығында орналасуына қарай анықталады. Бұл елдің халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне қатысуы үшін өте үлкен мүмкіндіктер ашылды.
Жапонияның Азияның қиыр шығысына орналасқан жағдайы оның “Күншығыс елі” деп бейнелі аталуына да себепші болған.
Шаруашылығы. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін ауыл шаруашылығы да түбегейлі қайта құрылды. Жапония қашанда таза егіншілікті ел болатын. Өңдіретін жердің жартысына жуығына өсірілетін күріш бұрынғыша негізгі дәнді дақыл.Жапонияның басты тағамы болса бау-бақша , әсіресе ірі қара, шошқа, құс өсіру барынша дамытылды. Жапонияның ауыл шаруашылығында барлығы 6 млн. Адам еңбек етеді, ал өңдірілетін жер территорияның не бары 16%-ін құрайды. Жапонияның өзен көлігі мен құбырдан басқа көліктің барлық түрлері дамыған.
Жапонияның халықаралық экономикалық байланыстарға ерекше тартылуы – оның шаруашылығының өте маңызды ерекшелігі. Елде өзінің отаны мен шикі затының аздығы оның 9/10 жағдайға импортқа бағыт ұстауға мәжбүр етті. Екінші жағынан алғанда , ел экономикасы дайын бұйыдар экспортына төтенше тәуелді. Жапонияның белсенді сауда байланысы бар, Дүние жүзінің көпшілік елдерінен жапон фотоапаратын , бейнемагнитофонын, калькуляторын , автомобилін, мотоциклін сатып алуға болады.
Жапонияның шаруашылығының тағы бір маңызды дәстүрлі саласы –балық аулау .Жапония дүние жүзіне балық аулау 1 –ші орында тұр. Елде 3 мың-нан астам балық аулайтын порттар бар. Бағалық теңіздердің бай әрі алуан түрі фаунасы балық аулауды ғана емес, сонымен бірге теңіз дақылдарын өсіруді дамытуға да мүмкіндік туғызды.Жапондық тамаұ рационында балықпен теңіз өнімдері өте үлкен орын алады. Інжу теруде жақсы дамыған.
Территориясы. Пішіні жөніне Үндістан территориясы үшбұрышты еске алады, бұл үшбұрыштың негізгі материкке сүйеніп , Азияның қалған бөлігінен Гималай тау жүйесімен бөлінеді. Бұл территорияның үлкендігімен оқшаулығы оны Үндістан ірі континенті деп атауға мәжбүр етті. Ел солтүстіктен оңтүстікке қарай 3,2 мың км-ге , батыстан шығысқа қарай -2,9 мың км-ге созилып жатыр. Үндістан – дүние жүзіндегі ежелгі мемлекеттердіңбірі. ОЛ 2 ғасырдай уақыт бойы Англияның отары болды . 1947 ж. Тәуелсіздікке жетті, ал1950ж. Республика болып жарияланды. Мемлекеттік құрылысы бойынша Үндістан 25 штаттан түратын федерациялы республика. Оның әрбір штатының заң шығаратын жиналысы мен үкіметі бар . Бірақ күшті өкімет сақталады. Үндістан Ұлыбритания басқаратын Достастықтың құрамына кіреді.
2)Халқы. Үндістан- халқының саны жөнінен дүние жүзінде Қытайдан кейін 2 ші орын алатын ел. Мұнда халық саны 1891ж. Әр бір жыл 10 жыл сайын жүргізілп тұрды. 1901 ж. Үндістанда 239млн,1951ж. -361 млн, 1981ж. 683млн ,1991ж.844млн адам тұрған
Үндістандағы халықтың этникалық құрамы ерекше көп түрлі Үндістан дүние жүзіндегі ең көп ұлтты ел.” Үнділер “ деген ұғым әр түрлі әлеуметтік- экономикалық сатыда тұрған және түрліше тілдерде сөйлейтін бірнеше жүздеген этностық – ұлттарды , ұлыстар мен тайпаларды біріктіреді.
Үндістанның халқы әр келкі орналасқан. Халық ежелден ақ ең алдымен өзен аңғарларда , атыраулардағы құнарлы ойпаттар мен жазықтаға, теңіз жағалауларында орналасқан. Елде 4,5 мыңнан астам қала бар оның үстіне , үлкен қалалар мен “ милионер“ қалалардың саны өсіп келеді.
Дін қоғамдық және отбасылық қоса алғанда Үндістанның өмір салтына өте күшті ықпал етеді Үнділердің 4/5-і индуизм және 1/10-і мұсылмандықты үстайды. Индуизм аса маңызды парыздарының бірі- қоғамды қастарларға бөлу. Мұндай қастарлар ресми түрде жойылғанына қарамастан , әлі күнге дейін , әсіресе ауылдық жерлерде сақталып келеді .
3)Шаруашылығы мен Өнеркәсібі .Үндістан әлі де өте қайшылықты ел күйінде қалып отыр. Ол өндірістін жалпы көлемне дүние жүзінде 11- орында , ал жан басына келетін ұлттық табыстын днңгейі жөнінен -102- орында ғана Оның тұрғындарының 2/5 кедейлердің ресми деңгейінен төмен тұрады.
Үндістанның өнеркәсібіне еңбекке жарамды халықтың 1/5-і еңбек етеді. Ол жеңіл және тамақ өнеркәсіпті елден ауыр индустриясы дамыған елге айналды. Үндістан станоктар, тепловоздар, автомобильдер , тракторлар, теледидарлар, электронды есептеуіш машиналар ,АЭС терді шығарады. Үндістанның жеңіл өнеркәсіптің басты саласы- мақта-мата , джут , тігін өнеркәсібі.
Ауыл шаруашылығында Үндістанның еңбекке жарамды халқының 3/5 жұмыс істейді. Мемлекеттін қаржы бөлу , жасыл революцияның жетістіктерін пайдалану нәтижесінде дәнді дақылдан, әсіресе бидайдан алынатын түсім едәуір артып , ел төменгі деңгейде болсада өзін астықпен қамтамасыз етеді .Үндістанда Үнді-Ганг ойпатында орналасқан 2 басты егіншілік зона қалынптасқан.Бұл ойпаттың оңтүстік- шығыс бөлігінде Үндістанның күріш өсіретін басты зонасы қалыптасқан . Солтүстік-батыс бөлігі Пенджапта басты бидай зонасы орналасқан.Бидайды раби маусымында , негізінен суармалы жерлерде өсіреді. Осы мақсатпен гидротехникалық құрылыстар салынған ,олардың ішінде аса ірісі –Бхакра-Нангал.
Шетелдік Азия – халқының саны жөнінен дүние жүзіндегі ең үлкен аймақ оның көптеген экономикалық , әлеуметтік, экологиялық проблемалары демографиялық жарылысқа байланысты. Аймақ территориясының өте үлкендігі де аймақтың орнына, табиғат жағдайлары мен қорларына,халқы мен шаруашылығына байланысты көптеген айырмашылықтар туғызады.
9. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22%)
10.Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)
Белсенді оқушыларды бағалау.
11.Үйге тапсырма беру: 5мин (6%)
Оқулықтағы тапсырмамен таныстыру.
№ 8 сабақ
1.Сабақтың тақырыбы:Африка.
2.Сағат саны: 2 сағат 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты:
Оқыту: Африка халқы, территориясы, жайлы түсінік беру. Табиғат ресурстары, өнеркәсібі, ауыл шаруашалығына сипаттама беру.
Тәрбиелік: Оқұшыларды өз елін сүюге тәрбиелеу.
Дамыту:оқұшыларға өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық қуралдар: компьютер.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: карта, сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: №6 дәріс аудиториясы
6) Ұйымдастыру кезеңі-5 мин(6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.15 мин (16%)
8. Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин(44%)
Африкаға жалпы сипаттама берейік.Территориясы,шекарасы,мемлекеттік құрылыс жағдайы.
Табиғат жағдайлары мен байлықтары, Африка елдері дамуының аса маңызды факторы.
Халық: ұдайы өсуінің ,құрамы мен орналасуының ерекшеліктері.
Шаруашылығы; Африканың дүние жүзіндегі орны.
Солтүстік және тропиктік Африканың ірі аймақтарын салыстырайық.
Африканы ірі аймақтарға бөлу.
Солтүстік Африка:территориясының бейнесі.
Тропиктік Африка:территориясының бейнесі.
ОАР-қосарлы экономика елі.
Африканың территориясы 30,3млн.км ,халық 650млн.адам (1990ж). Дүние жүзінде отарлық езгі мен құл саудасынан Африка секілді зардап шеккен өзге континент жоқю.ХХ ғасырдың басына қарай бүкіл Африка отар материкке айналды және бұл оның артта қалуына себепші болды.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі отарлық жүйе біртіндеп жойлып, қазір континенттің саяси картасында аралдармен қоса есептегенде 55ел бар.Олардың бәрі дерлік азаматтық алған елдер. Оңтүстік Африка Республикасы экономикасы дамыған мемлекеттердің қатарына жатады.
Экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша Африка өзге ірі аймақтардан айтарлықтай артта қалған,оның үстіне мұндай артта қалуы артып барады.
Африканың территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай 8 мың км-ге ,батыстан шығысқа қарай ең ұзын тұсы 7,5 мың км-ге созылып жаыр. Африка елдері жер көлемі жөнінен көбіне Еуропа елдерінен ірілеу болып келеді.
Африка елдерінің экономикалық-географиялық жағдайын бағалау үшін әр түрлі өлшемдерді пайдалануға болады.Олардың ең маңыздысы –теңізге шығар жолдың бар-жоқтығы.Теңізден қашық(1,5мың км) орналақан осыншама ел басқа бірден-бір континентте жоқ . Континент ішіндегі елдердің көпшілігі неғұрлым артта қалған елдерің қатарына жатады.
Мемлекеттік құрылыс жөнінен Африка айырмашылықтары шамалы: олардың үшеуі ғана монархиялық басқару формасын сақтаған, қалғанлары-республикалар.
Табиғат жағдайлары мен байлықтары Африка елдері дамуының аса маңызды факторы . Африка алуан түрлі пайдалы қазбаларға ерекше бай.ол марганец кенінің , хромиттің ,бокситтің ,алттынның,платиноитардыңб,кобалттің ,алмастың,фосфориттің қоры жөнінен басқа континенттердің арасында бірінші орын алады. Оның үстіне ,менералдық шикізаттың сапасы жоғары әрі көбіне ашық әдіспен өндіреді.
Мысалы: ОРА –Африкадағы пайдалы қазбаларға бай ел. Оның қойнауында мұнай,табиғи газ,боксттен басқа қазба қорлардың белгілі түрелерінің бәрі дерлік бар.Әсіресе алтынның,платинаның,алмастың қоры мол.
Алайда Африкада пайдалы қазбаларға кедей елдер де бар,бұл олардың дамуын қиындатады.
Африканың жер қоры айтарлықтай . Оның әрбір тұрғынына келетін өңделетін жер көлемі Оңтүстік-Шығыс Азиядағы немесе Латын Америкасындағы көрсеткіштен жоғары. Оның үстіне, әзірше континентте аулшаруашылық өндірісіне жарамды жердің небәрі 1/5-індейі ғана өңдейді . Алайда Африканда топырақ эрозиясы да кең таралып барады. 30-жылдары Бельгия геогрфы Жан-Поль Гарруа «Африка-тозып бара жатқан жер» деген атпен континенттегі жердің азып-тозуы жөнінде кітап жазған болатын.Одан бері жағдай едәуір нашарлап кетті.
Африканың агроклиматтық байлығына біржақты баға беруге болмайды.Сендер Африканың планетамыздағы ең ыстық материк екенін білесіңдер, сондықтан ол жылу қорымен толық қамтамасыз етілген . Бірақ су қорлары оның территориясына өте әркелкі бөлінген.Бұл ауыл шаруашылығына , тіпті адамдардың бүкіл тіршілігіне теріс әсер етеді.
«Су –бұл тіршілік!» деген қанатты сөз тіркесі ең алдымен Африкаға қатысты болар.Жерді қолдан суарудың Африканың қуаншылық бөліктері үшін зор маңызы бар. Ал экватор белдеуінде , керісінше,ылғалдың молдығы тіршілік пен шаруашылық әрекеттің басты қиындықтары болып табылады. Африканың су энергетика қуатының жартысына жуығы Конго өзенінің алабына келеді.
Африкада халықтың ұдайы өсуі бүкіл дүние жүзінде ең жоғары қарқынға жеткенін сендер білесіңдер. Бұл едәуір дәрежеде көп балалы болуды қолдайтын ежелгі дәстүрлерге байланысты. Африкада «Ақшаң жоқ болса-кедейлігің . Ал балаларың жоқ болса –сорың » дейді. Оның үстіне , континенттегі елдердің көпшілігі белсенді демографиялық саясат жүргізбейді , сондықтан мұнда бала туу көрсеткіші ең жоғары дәрежеде болып отыр.
Африка әлі де халықтың өлімі ең жоғары аймақ болып отырғанымен,оның халқы өте тез өсуде және болжам боиынша 2000ж қарай ол 900млн . адамға жетпек .Бұл балалар үлесінің өте жоғары болатынын,жұмсақ орналасу : білім беру , денсаулық сақтау проблемаларының одан әрі шиеленісетінін көрсетеді. Бұған қоса,Африкадағы халықтың «сапасы» да ең төменгі дәрежеде , өиткені ересектердің жартысынан астамы сауатсыз , СПИД-пен ауыратындар да көбейіп барады.
Тәуелсіздікті жеңіп алғанан кейін Африка елдері ғасырлық мешеулікті жоюға күш-жігер жұьсай бастайды. Табиғат байлығын мемлекет меншігіне айналдырудың б аграрлық реформаны жүзеге асырудың, экономикалық жоспарлаудың ,ұлт кадрларын дайындаудың ерекше зор маңызы болды. Осының нәтижесінде даму қарқыны жеделдетеді. Шаруашылықтың салалық территориялық құрылымы қайта құрыла бастады.
Бұл жолда тау-кен өнеркәсібінде зор табыстарға қол жетті . Қазір пайдалы қазбалардың көптеген түрлерін өндіру жөнінен Африка шетелдік дүниеде маңызды ,кейде ерекше орын алады .Өндірілетін отын мен шикізаттың негізгі бөлігі дүние жүзілік рынокқа шығаралатындықтан , нақ өндіруші өнеркәсіп ең алдымен Африканың халықаралық географиялық еңбек бөлінісіндегі орнын айқындаиды.
Африканың дүниежүзілік шаруашылығы орнын айқындайтын эканомиканың екінші саласы тропиктік және субтропиктік егіншілік.Оның да айқын байқалатын экспорттық бағыты бар.
Бырақ, тұтас алғанда,Африка өзінің дамуында өте артта қалып келеді.Ол индустрияландыру деңгеиі ,ауылшаруашылық дақылдарының түсімі жөнінендүние жүзі аймақтарының ішінде соңғы орын алады.
Елдердің көпшілігінде әлі күнге дейін ишаруашылықтың салалық құрылымының орталық түрі сақталуда .Оның айырым белгілері: 1)аз тауарлы,өнімділігі төмен ауыл шаруашылығының басым болуы , 2)өңдеуші өнеркәсіптің нашар дамуы, 3)көліктің өте артта қалуы , 4) өндірістік емес саланың негізінен саудамен ж/е қызмет көрсетумен шектелуі.
Шаруашылықтың территориялық құрлымына өткен отарлық дәуірден сақталған жалпы артта қалушылық пен сәйкессіз тән. Аймақтың экономикалық картасынан өнеркәсіп пен жоғары тауарлы ауыл шаруашылығының жекленген ошақтары ғана көзге түсті.
Африканы ірі аймақтарға бөлу: басты ірі екі аймақ. Африканы экономикалық аудандастыру әлі қалыптасқан жоқ. Оқу және ғылыми әдебиеттерде оны әдетте табиғи және мәдени-тарихи екі ірі аймақ бөледі. Олар: Солтүстік Африка және Троиктік Африка .Ал Тропиктік Африканың құрамына Батыс ,Орталық ,Шығыс ,Оңтүстік Африканы бөледі.
Солтүстік Африканың жалпы жер көлемі -10млн .км2 шамасында , халқы-150млн . адам . Ірі аймақтың жағдайы ең алдымен оның Жерорта теңізіне «қарап тұруына» байланысты , өйткені осының арқасында Солтүстік Африка іс жүзінде Оңтүстік Африка Азиямен көрші болып, Еуропадан Азияғабаратын басты теңіз жолына шыға алады. Аймақтың ішкі жағын Сахараның адам сирек қоныстанған кеңістігін алып жатыр.Солтүстік Африканың шаруашылық өмірі теңіз маңайындағы алқапқа шоғырланған .Өндеуші өнеркәсіптің басты орталықтар, субтропиктік егіншіліктің басты аудандары осында орналасқан . Сондықтан аймақтың бүкіл халқының осы алқапқа шоғырланғандығы да түсінікті. Ауылдық жерлерде төбесі жайпақ және едені топрақ саз балшықты үйірлер басым.Қалалардың келбеті тек осы аймаққа тән болады.Сондықтан географтар мен этнографтар қаланың араб үлгісінде болып келетіндігін ерекше айтады.Олар басқа да шығыс қалалары секілді , екі-ескі және жаңа қалаға бөлінеді.
Тропитік Африканың жалпы жер көлемі -20млн .км2 астам , халқы-500млн. адам . Ірі аймақтың халқы көбнесе экваторлық нәсілге жататындықтан , Тропиктік Африканы «қара Африка» деп атайды.Бірақ этникалыққұрамы жөнінен Тропиктік Африканың жеке бөліктерінің бір-біріне күшті айырмашылықтары бар. Тропитік Африка елдерінің шаруашылығы мен орналасуында да көптеген ұқсастықтар бар . Тропиктік Африка-бүкіл дамушы дүниенің ең артта қалған бөлігі , оның шегінде нашар дамыған 29 ел орналасқан .Қазір бұл ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің негізгі саласы болып қалып отырған дүние жүзіндегі бір-бірден ірі аймақ.
ОАР-қосарлы экономика елі . Африканың Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан елдері арасында ОАР ерекше орын алады. Біріншіден, географиялық орны жөнінен ол Тропиктік Африкаға жатады. Екіншіден, ол дамушы ел емес, бұл континенттегі дамыған бірден бір ел екенін білесіндер. Ол экономикалық дамудың барлық көрсеткіштері бойынша Африкада бірінші орын алады.
ОАР-да Африкадағы ең ірі өнеркәсіпті Витватерсранд ауданы қалыптасқан, оны кейде «Африка Руры» деп атайды. Оның орталығы –Йоханнесбург осы заманғы үлкен қала, елдің «экономикалық астанасы» .
Бірақ ОАР-дың барлық аудандары бірдей жоғары дәрежеде дамыған.Бұл ел халқының не бәрі 12 %-ін құрайтын азщылық ақ ұлттар ұзақ уақыт бойы апартеид саясатын жүргізді.
Оңтүстік Африка Республикасын қосарлы экономика елі деп атауға болады. Оған экономикасы дамуған елдердің де, дамушы елдердің де белгілері тән.
Басты қортынды . Табиғи және адам қуатының аса молдығына қарамастан , Африка дүниежүзілік шаруашылықтың неғұрлым артта қалған бөлігі болып отыр. Сондықтан қазіргі кезеңнің басты міндеті күрделі демографиялық , азық-түлік және экологиялық проблемаларды шешуге жәрдемдесетін әлеументік-экономикалық өзгерістерді жеделдетуде болып табылады.
9. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22%)
10.Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)
Белсенді оқушыларды бағалау.
11.Үйге тапсырма беру: 5мин (6%)
Оқулықтағы тапсырмамен таныстыру.
№ 9 сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Америка.
2.Сағат саны: 2 сағат 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты:
Оқыту:АҚШ пен Канаданың халқы, территориясы, жайлы түсінік беру. Табиғат ресурстары, өнеркәсібі, ауыл шаруашалығына сипаттама беру.
Тәрбиелік: Оқұшыларды өз елін сүюге тәрбиелеу.
Дамыту:оқұшыларға өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық қуралдар: компьютер.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: карта, тест тапсырмалары, сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: №6 дәріс аудиториясы
6) Ұйымдастыру кезеңі-5 мин(6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.15 мин (16%) Территориясы,шекарасы,мемлекеттік құрылыс жағдайы.
Табиғат жағдайлары мен байлықтары,
Африка елдері дамуының аса маңызды орналасуының факторы.
Халық: ұдайы өсуінің ,құрамы мен ерекшеліктері
Шаруашылығы; Африканың дүние жүзіндегі орны.
Солтүстік және тропиктік Африканың ірі аймақтарын салыстырайық.
Африканы ірі аймақтарға бөлу.
Солтүстік Африка:территориясының бейнесі.
ОАР-қосарлы экономика елі.
8. Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин(44%)Құрлықтың беткі құрылысы әр түрлі: бат-н Кордильера тау жүйесі, шығ-н кең алқапты жазықтар мен орташа биіктіктегі таулар алып жатыр. Батыс бөлігінің орташа биікт. 1700 м, шығысында 200 – 300 м, құрлық бойынша 720 м. С. А-ның ең биік жері – Мак-Кинли шыңы (6193 м), теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жері – Ажал аңғары (–85 м). Солт. және солт.-шығысында Лаврентий қыраты (300 – 600 м), оңт-ке қарай Орталық жазық (200 – 500 м) орналасқан. Бат-ндағы Ұлы жазық (500 – 1500 м) солт-ндегі Макензи ойпатына жалғасады. Орт. жазық шығ-нда Аппалач тауларына тіреледі. Кордильера тау жүйесі солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай созыла орналасқан бірнеше доға тәрізді тау жоталарынан тұрады. Шығыс доға Брукс, Макензи, Элберт және Шығыс Сьерра-Мадре тау жоталарын біріктіреді. Бұл жоталар батысқа қарай Жағалық жоталар, Юкон, Колумбия, Колорадо, Үлкен Алап, т.б. үстірттер мен оңт-ндегі Мексика таулы қыратына ұласады. Бір-бірінен тау жоталары мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген. Құрлықтың геологиясы негізі – Солт. Америка платформасы. Бұл ең көне құрылым каледондық (құрлықтың солт.-шығысы, Гренландия, Ньюфаундленд аралдары, Солт. Аппалач), герциндік (Оңт. Аппалач, Уошито жотасы, Канаданың Арктик. топаралы), мезо-кайнозойлық (Кордильера) құрылымдармен қоршалған. Атлант мұхиты мен Мексика шығанағы жағалауларындағы мезо-кайнозойдың қалың шөгінділерімен жабылған ойпаттар осы платформалардың плиталары болады. Плейстоценде бүкіл Солт. Американың солт. бөлігін Тынық мұхитынан Атлант мұхитына дейінгі 14 млн. км2 жерді мұздықтар басты. Платформаның мейлінше тұрақты бөлігі – Канада қалқаны (7 млн. км2) кембрийге дейінгі кристалды тау жыныстарынан (гранит, гнейс) тұрады. Платформаның шөгінді беткі қабаты палеозой, мезозой және кайнозойдың континенттік жыныстарымен жабылған. Қргетас аум-нда бірнеше антеклизалар мен синеклизалар бар. Кен байлықтары. Кен байлықтарының негізгі бөлігі Канада қалқаны мен Кордильера тау жүйесінде шоғырланған. Жоғ. көл мен Лабрадорда ірі темір кендері, платформаның шөгінді жыныстарында мұнай мен газдың, тас көмірдің мол кендері бар. Кордильерада алтын, күміс, мырыш, қорғасын, молибден, вольфрам, Колорадо үстіртінде уран, Аппалач тауларында тас көмір мен темір кентасы, Сеңгір таулардың палеозой шөгінділерінде фосфорит, төм. мезозойда уран кендері бар. Мексика шығанағы жағалауында, Калифорнияда, Оңт. Аляскада, Ұлы жазықтың солт-нде мұнай мен газдың ірі кен орындары шоғырланған.
Климаты
Солтүстік Америка қиыр солтүстікте арктикалық белдеу мен оңтүстігінде субэкваторлық белдеулер аралығында орналасқан. Батыс және шығыс жағалауының климаты мұхиттық, ішкі аудандарында – континенттік. Арктик. климаттық белдеуге Солт. Мұзды мұхит суымен қоршалған аймақ кіреді; бұл өңірдің климаты қатаң, жауын-шашынды. Субарктик. климаттық белдеудің батыс бөлігінің жауын-шашыны мол, қысы жылы, жазы салқын. Қоңыржай климаттық белдеу (40° с.е-тен солт-ке) жұмсақ, өте ылғалды (бат-нда), қоңыржай континентті (шығ-нда). Субтропиктік климаттық белдеу жұмсақ жерортатеңіздік типке жатады. Калифорния түбегі мен Мексика таулы қыратының орт. бөлігі тропиктік климаттық белдеуде жатыр. Субэкваторлық климаттық белдеуге жататын Орт. Американың оңт. бөлігінің климаты тұрақты ыстық, жазы ылғалды, қысы құрғақ келеді. Қаңтардың жылдық орташа темп-расы –36°С-тан (солт-нде) 20°С-қа дейін (оңт.) артады. Ең төм. темп-ра – 64°С (Аляска мен Канаданың солт.-батысында) және – 70°С (Гренландияда) байқалды. Шілденің жылдық орташа темп-расы – 4°С-тан (солт.) 32°С-қа дейін (оңт.). Ең жоғ. темп-ра – 56,7°С Ажал аңғарында (Батыс жарты шардағы ең жоғ. көрсеткіш) байқалды. Жылдық жауын-шашын мөлш. Аляска мен Канаданың батыс жағалауы мен АҚШ-тың солт.-батысында 2000 – 3000 мм, құрлықтың оңт.-шығысында 1000 – 1500 мм, Орт-ндағы жазықтарда 400 – 1200 мм, ішкі үстірттерде 100 мм, Калифорния түбегінде 100 – 150 мм-ден аспайды.
Iшкі сулары
Солтүстік Америка жер беті ағын суларына бай. Мұнда дүние жүзіндегі ең ұзын өзен жүйесі (Миссисипи және Миссури) мен тұщы судың көп шоғырланған аймағы (Ұлы көлдер) орналасқан. Өзендердің орташа жылдық ағын мөлш. 8200 км3. Құрлықта өзен торы біркелкі таралмаған. Өзендердің көпшілігі (Миссисипи, Рио-Гранде, Әулие Лаврентий, т.б.) Атлант мұхиты алабына жатады. Тынық мұхиты алабындағы өзендер (Юкон, Колумбия, Колорадо, т.б.) қысқа, суы мол болып келеді. Солт. Мұзды мұхит алабындағы өзен торлары толық жетілмеген, көлдер мен батпақтар көп. Қрі өзен жүйесі – Финли – Пис-Ривер – Еріксіздер – Макензи. Құрлықтың мұз басқан солт. бөлігі мұздық-тектоник. көлдерге бай: Ұлы көлдер, Виннипег, Виннипегосис, Манитоба, Үлкен Еріксіздер көлі, Үлкен Аюлы көлі, Бұғылы көлі, т.б. орт. Америкада (Никарагуа қолатында) ірі тектоник. көлдер – Никарагуа және Манагуаорналасқан. Үлкен Алап үстіртінде ылғалды плейстоцен дәуірінен қалған Үлкен Тұзды көл бар. Жағалық ойпаттарда лагуналық, Кордильерада жанартаулық көлдер кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |