Өзендер
Миссисипи
Миссури
Макензи
Колумбия
Саскачеван
Юкон
Колорадо
Көлдер
Ұлы көлдер
Мичиган
Виннипег
Виннипег
Манитоба
Үлкен Еріксіздер көлі
Үлкен Аюлы көлі
Бұғылы көлі
Топырағы
Арктик. және тропиктік белдеулер аралығындағы топырақтың барлық түрі кездеседі. Канаданың Арктик. топаралына тундралы арктик. және тундралы-глейлі топырақ тән. Алясканың бат., Алеут аралдарының жанартаулық күлдерін шымтезекті субполюстік топырақ жапқан. Лабрадор түбегінің оңт-нде иллювийлік – темірлі-шірінділі күлгін топырақ, Лаврентий қыратының оңт.-батысында және Ұлы жазықтың солт-нде шымды-күлгін топырақ таралған. Қоңыржай белдеудің оңт. мен субтропикте біркелкі топырақ субмеридиандық бағытта немесе жинақталған массивтер түрінде таралған. Ұлы көлдер мен Солт. Аппалач аудандарында орманның қоңыр топырағы таралған. Орт. жазықтың солт.-батысында прерияның қара топырақ тәрізді қышқылы аз, шіріндісі мол топырағы Ұлы жазықтар шекарасында қара топырақпен алмасады. Ұлы жазықтар мен Колумбия үстіртінде қызыл қоңыр топырақ кең өңірді алып жатыр. Үлкен Алап аймағында сортаңмен араласқан шөлейттің сұр топырағы, құрлықтың ылғалды оңт.-шығыс бөлігіндегі теңіздің сазды және құмдақты тұнбалары үстінде құнарлы қызыл және сары топырақ басым келеді. Миссисипидің бат-нда субтропиктік прерияның қызғылт қара, бұталы даланың сұр топырағы, Мексика таулы қыратында сұр, субтропиктік шөл, Калифорния түбегінде тропиктік шөл топырақтары таралған. Кордильера беткейлеріне әр түрлі тау топырағы, ылғалды бөлігін таудың сұр топырағы, құрғақ өңірін таудың қоңыр топырағы алып жатыр.
Өсімдігі
с.е-тен оңт-ке қарай субтропиктік ормандарға ұласады: шығ-нда мәңгі жасыл аралас орман және бат-нда мәңгі жасыл қылқан жапырақты орман таралған. Ұлы көл ауданы мен Солт. Аппалач өңірінде аралас орман (сары қайың, қант үйеңкісі, шамшат, жөке, ақ және қызыл қарағай) өседі. Жалпақ жапырақты орман Аппалачтың оңт. мен Ұлы жазықтың шығыс бөлігін қамтиды. Мұнда еменнің америкалық түрлері, шамшат, ақ үйеңкі, жөке, шынар, қызғалдақ ағашы өседі. Тау беткейлерінде орманды алқап (800 – 2000 м) тау-тайгалық самырсынды-шыршалы орманға, жоғарыда субальпі және альпі шалғындарына ұласады. Құрлықтың орт. аудандарын орманды дала, дала, шөл және шөлейт алып жатыр. Орманды дала белдемі Кордильераның шығ-нда Ұлы жазықтың Канадалық бөлігі мен Орталық жазықтың бат-нда жатыр; биік шөптесін өсімдіктерден тұратын шалғынды дала мен емен ағашынан тұратын сирек орман кезектесе орналасқан. Дала белдемі Ұлы жазық, Колумбия үстірті және Калифорния аңғарын қамтиды. АҚШ-тың Ұлы жазығы боз шалғын және бидайықты даладан, қалған бөлігі бизон шөбі, селеу, т.б. астық тұқымдас аласа шөпті құрғақ даладан тұрады. Шөлейттер мен шөлдер Үлкен Алапты, Колорадо үстіртінің шығыс бөлігін және Мексика шығанағының солт.-батысын (субтропиктік шөлдер) алып жатыр. Астық тұқымдас жусанды өсімдіктермен қатар сС. А-ның басым бөлігі Голарктик., оңт. бөлігі Неотропиктік флоралық әлемге жатады. Канаданың Арктик. топаралының солт. мен Гренландияда мүк пен қынадан тұратын арктик. шөл, арктик. тундра басым; топаралдың оңт-н тундра белдемі алып жатыр. Лабрадордан Макензи тауына дейін ені 100 – 200 км өңірмен орманды тундра табиғат белдемі өтеді. Бат-нда орманды тундра мұхит жағалауының шалғынымен алмасады. Орман белдемі құрлық аум-ның 1/3-ін қамтиды. Қоңыржай белдеудің орманы: тайга, Тынық мұхит жағалауының қылқан жапырақты орманы, аралас және жалпақ жапырақты орман болып бөлінеді. Тайга негізінен қара және ақ шырша, америка балқарағайы, бальзамды майқарағайдан тұрады. Кордильера тауларының Тынық мұхит жағалауындағы ормандарда негізінен биік ағаштар: ситхин шыршасы, дуглас майқарағайы, батыс туясы және қарағайдың бірнеше түрлері өседі. Қылқан жапырақты орман 40уккуленттер (ағаш тәрізді кактус, алоэ, юкка, т.б.) басым өседі. Мексика таулы қыраты мен Флориданың оңт-нде, Орт. Америка және Вест-Индияны тропиктік ормандар алып жатыр. Лиана шырмалып өскен алып ағаштар мен бамбуктен тұратын ылғалды мәңгі жасыл ормандар емен, жөке, магнолия, т.б. жапырағын түсіретін ағаштардан тұратын ауыспалы ылғалды орманға өтеді. Тау жоталарының жел жақ беткейлерінде тропиктік саванна, жағалық ауданда мангр орманы өседі.
Жануарлары
С. А. мен Еуразия құрлықтарының геол. даму тарихының ортақтығына байланысты жануарлар әлемінде көптеген ұқсастықтар бар. Тундра белдемінде солт. бұғысы (карибу), ақ аю, ақ түлкі, лемминг, ақ қоян, ақ жапалақ, ақ құр, т.б. тіршілік етеді. Канаданың Арктик. топаралы мен Гренландияда күдірқодас кездеседі. Тайганы бұлан, вапити бұғысы, америка сусары, қоңыр аю, канада сілеусіні, құндыз, қызыл тиін, т.б. мекендейді. Аралас және жалпақ жапырақты ормандағы виргин бұғысы, сұр түлкі, қызыл сілеусін, сұр тиін, көртышқан; құстардан құладын, жабайы күрке тауық жойылуға жақын. Орманды дала мен дала жануарларынан бизон, айырмүйізді бөкен, мазам бұғысы, койот, прерия түлкісі тек қорықтарда ғана сақталған. Субтропикте аллигатор, кайман тасбақасы, қоқиқаз, бірқазан, каролина тотықұсы мекендейді. Кордильерада қар қойы, гризли аюы, қар ешкісі; шөлді-далалы таулы үстірттерде бауырымен жорғалаушылардың көптеген түрлері – улы жыландар мен кесірткелер бар. Орт. Америкада, Вест-Индияда, Мексика таулы қыратында тропиктік жануарлармен бірге оңт. америкалық сауыттылар, маймылдар, жарқанаттар, колибри, тотықұс, тасбақа, қолтырауын, кесірткелер тіршілік етеді. С. А-да 100-ге жуық ұлттық саябақтар мен қорықтар (Канадада 24, АҚШ-та 50, Мексикада 12, қалғаны Вест-Индияда) құрылған. Iрілері: Йеллоустон, Үлкен Каньон,Йосемит, Банф, Джаспер, Секвойя, Эверглейдс.
Географиялық зерттелу тарихы
Еуропалықтар Америкаға келмей тұрып мұнда әр түрлі даму сатысындағы жергілікті үндіс халықтары мекендеген. Халықтың негізгі бөлігі Оңт. Мексиканың таулы аймақтарындағы мәдениеті, қолөнері жоғары деңгейде дамыған өркениетті Майя, Ацтек мемлекеттеріне шоғырланған. Олар аңшылық, балықшылық және егіншілікпен (жүгері, бұршақ, картоп, мақта, қызамық, күнбағыс, асқабақ, темекі) айналысқан. Біршама халықтар тобы (майя, ацтек, кечуо, аймаро, т.б.) этник. аумағын, мәдениетін сақтап қалды. Үндістердің ұсақ тайпалары кейіннен С. А.-ның орманды белдеміне ығыстырылған. Құрлықтың солт. жағалауы мен Гренландияда эскимостар мекендейді. Орта ғасырлардаГренландияға қоныстана бастаған нормандар 11 – 13 ғ-да Ньюфаундленд аралын, Лабрадор түбегін және Баффин т-н ашты. 1492 – 1503 ж. Х.Колумб Багам, Куба, Гаити, Кіші Антиль, Пуэрто-Рико, Ямайка аралдарын, Кариб т-нің батыс жағалауын, Панама мойнағын ашқан. 1497 – 98 ж. Дж. және С. Кабот С. А-ның шығыс жағалауын зерттеді. 1504 ж. француз теңізшілері Әулие Лаврентий шығанағын, 1513 ж. испандық В.Нуньес де Балбоа Панама шығанағы, 1519 – 24 ж. Э.Кортес Мексика таулы қыраты арқылы Тынық мұхитқа шықты. 1648 ж. орыс саяхатшылары Ф.Попов пен С.Дежнев Чукча т-нен Тынық мұхитқа өтіп, С. А-ның Азиядан тар бұғаз арқылы (Беринг бұғазы) бөлінетіндігін дәлелдеді. 1778 ж. ағылшын Д.Кук С. А-ның батыс жағалауымен жоғары ендікке дейін зерттеу жұмыстарын жүргізді. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Дж. Поуэлл, Дж. Доусон, А.Брукс, т.б. америка және канада геологтары Сеңгір тауларды, Лаврентий таулы үстіртін, Аляска жотасын (С. А-ның биік нүктесі Мак-Кинли шыңымен) ашуды толық аяқтады.
Саяси бөлінісі
С. А-ның қазіргі саяси картасында 23 егеменді ел бар. Құрлықтың негізгі бөлігін АҚШ пен Канада алып жатыр. Орт. Америка бөлігінде Мексика және Куба орналасқан. Сонымен қатар құрлықта АҚШ-тың иелігіндегі Виргин аралдары,Пуэрто-Рико; Ұлыбритания иелігіндегі Ангилья, Британдық, Виргин, Бермуд, Кайман, Монтсеррат, Теркс және Кайкос аралдары; Франция иелігіндегі Гваделупа, Мартиника, Сен-Пьер және Микелон; Дания иелігіндегі Гренландия аралы; Нидерланд иелігіндегі Аруба, Нидерландық Антиль аралдары бар.
Солтүстік Американың егеменді елдері
Антигуа и Барбуда
Багамы
Барбадос
Белиз
Гаити
Гватемала
Гондурас
Гренада
Доминика
Доминикан Республикасы
Канада
Коста-Рика
Куба
Мексика
Никарагуа
Панама
Сальвадор
Сент-Люсия
Сент-Винсент и Гренадины
Сент-Китс и Невис
Америка Құрама Штаттары
Тринидад и Тобаго
Ямайка
Солтүстік Американың үлкен қалалары
Нью-Йорк
Лос-Анджелес
Чикаго
Даллас
Филадельфия
Хьюстон
Вашингтон
Майами
Мехико
Торонто
Солтүстік Америка — Батыс жарты шары мен Солтүстік жарты шарының қиылысындағы континент. Солтүстік Америка батысында Тынық мұхитымен, шығысындаАтлант мұхитымен, солтүстігінде Солтүстік Мұзды мұхитымен шайылады. БатысындаЕуразия құрлығынан Беринг бұғазы айырып тұр, оңтүстікте Оңтүстік Америкадан Панама аңғары айырып тұр. Солтүстік Америка құрамына көптеген ірі Гренландия, Канадалық Арктикалық топарал, Ванкувер аралы мен Алеут аралдары кіреді.
Ванкувер аралы — Тынық мұхитта, Солтүстік Американың батыс жағалауларындағы ең ірі арал. Құрлықтан бұғаз, шығанақтармен бөлінген. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 500 км-ге созылған, ені 65 — 70 км. Аумағы - 32,2 мың км2. Арал түгелге жуық биікт. 2200 м-ге дейінгі тау жотасынан тұрады. Батыс жағалауы фьордты, шығысы жазық келеді. Жер бедерінің қалыптасуында мұздық пішіндердің басымдығы байқалады. Климаты қоңыржай теңіздік. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 2000 мм-дей. Аралда түгелдей қылқан жапырақты орман өседі. Балық шаруашылығы дамыған. Басты қаласы әрі порты — Виктория. Ағылшын зерттеушісі Джордж Ванкувердің есімімен аталған.
Солтүстік және Оңтүстік Американың жақын жатқан аралдарымен косып негізінен бір дүние бөлігіне біріктіреді. Дегенмен де екі құрлықтың табиғат жағдайлары бір-біріне ұқсамайды, ол олардың географиялық орны мен табиғатының даму тарихына байланысты.
9. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22%)
10.Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)
Белсенді оқушыларды бағалау.
11.Үйге тапсырма беру: 5мин (6%)
Оқулықтағы тапсырмамен таныстыру.
№ 10 сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Латын Америка.
2.Сағат саны: 2 сағат 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты:
Оқыту: Латын Америкасы елдерінің басқару түрі, территориясы, халқы, ірі агломерациялары, табиғи байлықтары т.б туралы мәліметтер беру.
Тәрбиелік: Достық қатынасты қалыптастыру. Оқұшыларды өз елін сүюге тәрбиелеу.
Дамыту:оқұшыларға өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық қуралдар: ноутбук.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер.
б) оқыту орны: №6 дәріс аудиториясы
6) Ұйымдастыру кезеңі-5 мин(6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.15 мин (16%)
8. Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин(44%)
Америка-Батыс жарты шардағы екі құрлықтан тұратын дүние бөлігі. Атлант және Тынық мұхиттары аралығында жалпы аудан 42,5 млн км², Халқы 479 млн (1967) жылы. Оның құрамына Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтары, дүние жүзіндегі аса ірі арал- Греландия т.б жағалауға жақын аралдар кіреді. Солтүстік Америка мен Оңтүстік Американың бір-бірінен бөлек және дербес құрлықтар деп санауға негіз болады. Олар бір-бірінен Панама мойнағы аралығы және Вент-Индия аралдары Орталық Америкаға жатады.Солтүстік Американың солтүстік-шығыс жағалауын мен Гренландия аралын алғаш рет 900 жылы шамасында нормандар ашты. Антиль аралын және Оңтүстік Американың солтүстік жағалауының бір бөлігін, Солтүстік Американың Кариб теңізі жағалауының оңтүстік бөлігін 1492-1503 жылы Христофор Колумб ашты (бұл жерлер Америка жағалауларына Христофор Колумбтың экспедициясы келуінен көп бұрын да белгілі еді деген жарамалдары бар). Бұл дүниенің жаңа бөлігі И талия теңізшісі Америго Веспуччидің есімімен аталды. Ол Батыс жарты шардағы Х.Колумбтың ашқан жерлері бұрын белгісіз болып келген дүниенің жаңа бөлігі екендігі туралы алғаш пікір айтты. Х.Колумб ашқанға дейін Американың байрығы халқы көптеген үлдіс тайпалары мен эскимостардан (Американың солтүстігінде) ғана тұратын. Европалықтар келіп үстемдік жүргізгенде, жергілікті халықты адам төзгісіз қуғындау, қанау тәртібін орнатты. Отаршылармен бірге неше түрлі аурулар да келді одан үндістер көп қырғынға ұшырап, күрт азайды, кейбір тайпалар мүлдем құрып та кетті. Олардың орнына Африкадан құлдар әкелінді. Американың қазіргі халқы бұрынғы европалықтардың ұрпақтарынан және құл ретінде әкелінген африкалықтар мен жергілікті үндістердің араласуынан пайда болған. Американың халқы антропологиялық жағынан әр түрлі. Онда адамзаттық белгілі үш нәсілінің өкілдері (европеоид) араласып кеткен. Американың әр бөлігінде бұлардың араласу сипаты әр түрлі. Саны жағынан ең көбі европеоид, оның өкілдері Солтүстік Америка халқының 90% -і Оңтүстік Американың 1/3 бөлігі. Екінші орында будандар (үндінстер мен евролпалық араласуынан шыққан). Олар бірқатар елдердің (Мексика, Орталық Америкадағы елдер, Венесуэлла, Парагвай т.б) негізгі халықтары. Үшінші орында-муматтар (европалықтар мен африкалықтардың араласуынан шыққан. Венесуэлланың, Бразилияның, АҚШ-тың, Кубаның Орталық Америкадағы бірқатар елдердің халықтары солар. Монголоид нәсілінің ерекше бір тармағына жататын байырғы халық-үндістер Орталық және Оңтүстік Американың Бір қатар аудандарында (Боливия, Венесуэла, Колумбия, Экуадор, Перу, Бразилия, Мексика т.б) сақталған. АҚШ-та, Канада да т.б кейбір елдерде үндістер арнаулы резервацияларға қуылған. Америка Халқының басым көпшілігі индоевропа семьясы тілдерінде сөйлейді. Солтүстік Америкада ағылшын тілі, Мексикада, Оңтүстік Америка мен Орталық Американың бір қатар елдерінде испан тілі, Бразилияда португал тілі басым. Канада да мемлекет екі тілдің бірі француз тілі, Гаити мен Вест-Индияның ұсақ аралдарында да солай Үндістер-кечуа, аймара, аңтек т.б өз тілдерін белгілі бір шамада сақтап қалған, ал Африка халықтарының тілдері олардың этникалық топтарының біреуінде де сақталмаған. Бүкіл Латын Америкасында католик діні басым. Тек жолы өте қиын аудандарда тұратын, европалықтар мен араласпаған азғана үндіс тайпалары өздерінің тайпалық діндерін сақтап қалып отыр. Америкадағы ұлттардың сол жағынан көбі американдар, ағылшын-канадалықтар, мексикандар, бразилиялықтар, колумбиялықтар, аргентиндер, кубалық т.б. Америкада 50 мемлекет бар, оның 26-сы тәуелсіздік алған мемлекеттер, 24-і отарлар. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Американың саяси картасында біраз өзгерістер болды. Халықтың революцияның жеңуі нәтижесінде Америкада тұңғыш соң мемлекет-Куба пайда болды. Америкада саяси суверенді жаңа мемлекеттер-Ямайка, Тринидад, Тобиго, Барбадас құрылды.1953 жылы 26 сентябрь Мадридте қол қойылған келісімдер. 10 жылдық мерзімге жасамды, егер екі жақ келімді бұзғысы келетінін күші бұрын мәлімдемесе, жағы да екі мерзімге (әрқайсысы 5 жылдан) ұзартылады. Қорғаныс туралы келісім бойынша АҚШ «Испанияда соғыс оғродромандары сен соғыс-теңіз базаларын кеңейтуге, салуға және пайдалануға», сондай-ақ «құпия құрылыстар» тұрғызуға право алды; Испанияға американ соғыс материалдарын беру де көзделді. Солтүстік Американың оңтүстік бөлігіндегі жерлерде, Вест-Индияда және Оңтүстік Америкада орналасқан елдер тобын Латын Америкасы деп атайды. Латын Америкасында еуропалық қоныстанушылардың ұрпақтары, метистер, мулаттар, үнділер, африкандықтар тұрады. 18 елде ресми тілі-испан тілі.
Соғыс басталған кезде Латын Америкасы елдердің басым бөлігі бейтараптылық ұстады. АҚШ соғысқа кіріскеннен кейін Л атын Америкасының 8 елі (Бразилия, Гаити, Гондурас, Гватемала, Коста-Рика, Никаранда, Панома) Германияға соғыс жариялады. Латын Америкасы елдері соғысушы жақтарға соғыс өнеркәсібіне қажетті шикізат пен азық-түлік сатып, бір талай қаржы қорын жинады. Еуропаның дамыған елдерінің соғысқа қатысуы олардың Латын Америкасына дайын өнеркәсіптік тауарлар шығаруын шектеді, соның нәтижесінде бұл аймақта ұлттық өнеркәсіптің дамуына мүмкіндік туды. Өндеуші, соның ішінде жеңіл өнеркәсіп орындары көбейді. Соғысқа дейінгі кезенде Латын Америкасының экономикасындағы шетелдік капиталдың 80%-і Ұлыбританияның үлесіне тән. Ал соғыс жылдарында АҚШ капиталының үлесі көбейді. Американ капиталының басым бөлігі Мексикада, Кубада және Орталық Америка елдерінде орналыстырылады.
Соғыстан кейінгі кезендегі Латын Американың елдерінің қоғамдық өміріне тән сипат әлеуметтік қақтығыстардың өсуі болды. 1918-1919 жж. Бразилияда, Аргентинада, Кубада, Перуде, Чилиде жұмысшы және шаруа қозғалысы өрледі. Латын Америкасының бірқатар елдерінде комунистік партиялар пайда болды, алайда олар саяси өмірінде елеулі рөл атқарған жоқ. Комунистердің пролетариат диктатурасын орнату арқылы ұран көтеруі және Коминтернге кіруі өкіметінің наразылығын тудырады.
Латын Америкасының бірқатар елдерінде студенттер қозғалысы күшейді. 1918 жылы Кордова (Аргентина) университетінің студенттері манифест шығарып, онда университеттерге автомания беру, студенттік өзін-өзі басқару жүйесін енгізу, оқу бағдарламаларын жаңарту туралы талаптар қойды. Студенттер қозғалысы нәтижесінде Латын Америкасында 250-жылдарда университеттік реформалар жүргізілді.
Латын Америкасы елдерінің саяси дамуында әр түрлі бағыттар орын алды. Кубада 1925 жылы Х.Мачадонның, Чилиде 1927 жылы К.Ибаньестің диктатурасына орнады. Олар Италия тәжірибесіне сүйініп, корпоративтік мемлекет құруға тырысты. 1909-1935 жж. Венесуэлада дектаторлық тәртіп болды. Аргентина мен Уругвайда либералдық-демократиялық билік қалыптасты. Бұл елдерде кейбір өнеркәсіп орындары, мұндай көздері национализацияланып, мемлекеттік сектор құрылды. Бірқатар әлеуметтік реформалар жүргізілді: 8 сағаттық жұмыс күні енгізілді, жалақы көбейтілді, зейнет ақы төлеу жзүйесі қалыптаса бастады.
1929-1933 жж дүниежүзілік экономикалық дағдарыс салдарынан дамыған елдердің өнеркәсібінің қысқаруы Латын Америкасының шикізаты мен азық-түлігіне сұранысты мүлде азайтып жібереді. Экспорттан түсетін қаржының азаюы көптеген кәсіпорындардың күйреуіне, жұмыссыздықтың өсуіне, халықтың тұрмыс дәрежесінің төмендеуіне әкелді. Дағдарыстан шығу үшін билеуші топтар экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесін енгізді.
Экономикалық дағдарыс саяси өмірге де әсер етті. 1930 жылы Аргентинада әскери төңкеріс болды. 1932 жылы Сальвадорда коммунистік партияның жетекші Фарабундо Марти басқарған көтеріліс болды, оны үкімет күшпен басып тастады. Никарагуада американдардың үстемдігіне қарсы қозғалыс күшейді, оны А.С.Сандино тұтқындалып, өлтірілді. Екі жылдан соң Никарагуада Сомоса диктатурасы орнады.
Кубада 1933 жылы Мачадо диктатурасы құлатылып, демократиялық үкімет құрылды. Жаңа үкімет демократиялық бостандықтары қалпына келтіріп, бірқатар әлеуметтік реформалар жүргізілді. Алайда 1934 жылғы төңкеріс нәтижесінде елде Ф.Батистаның диктатурасы орнады.
30-жылдардың ортасында Бразилияда, Аргентинада, Чилиде Халықтық майдан құру мақсатындағы қозғалыс кең орын алды. Мексикада 1934 жылғы сайлауда Ұлттық-революциялық партияның солшыл қанатының жетекшісі Л.Карденас президент болған жылдарда аграрлық реформа жүргізілді, 1 миллион шаруа жер алды. Ұлттық өнеркәсіпті дамыту үшін 1936 жылы парламент шетелдік компаниялардың меншігін нациолизациялау туралы заң қабылданды. Мұндай өндірісі тұтастай национализацияланып, мемлекеттің меншігіне көшірілді.
Соғыстың басталуына байланысты 1939 жылы қыркүйекте американ мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің кеңесі шақырылды. Кеңесте бейтараптылық туралы мәлімдеме қабылданды. Алайда 1941 жылы 7 желтоқсанда АҚШ соғысқа кіріскен соң, Венесуэла, Мексика және Колумбия Германиямен және оның одақтастарымен дипломатиялық қатынастардың үзді. 1942 жылы-Мексика мен Бразилия, 1945 жылы көктемде-Венесуэла, Парагвай, Перу, Уругвай, Чили, Аргентина фашистік одақ елдеріне соғыс жариялады. 1945 жылы ақпанда Мехикода американ елдерінің сыртқы істер министрлерінің конферециясы шақырылды. Онда «Чапультепек мәлімдемесі» қабылданды. Бұл құжатта бейбітшілікті сақтау және адам құқығын қорғау ең басты міндет, бұл міндетті іске асыру үшін американ елдері соғыстан кейін де өзара көмектесу және ынтымақтастық қатынастарын жалғастыруға тиісті деген ой айтылды.
9. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22%)
10.Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)
Белсенді оқушыларды бағалау.
11.Үйге тапсырма беру: 5мин (6%)
Оқулықтағы тапсырмамен таныстыру.
№ 11 сабақ
1.Сабақтың тақырыбы:Адамзаттық ғаламдық мәселелер.
2.Сағат саны: 2 сағат 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты:
Оқыту:Қазіргі адамзат алдындағы ғаламдық проблемалардың туындау себептері, оны шешу жолдары, оның әртүрлілігін мен аймақтардағы ерекшелігін көрсету.
Тәрбиелік: Оқұшыларды қоршаған орта өз үйі екендігі сезімін қалыптастыру оны сүюге тәрбиелеу.
Дамыту:оқұшыларға өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық қуралдар: компьютер,
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: тест тапсырмалары, сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: №6 дәріс аудиториясы
6) Ұйымдастыру кезеңі-5 мин(6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.15 мин (16%)
8. Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин(44%)
1. Ғаламдық промлемалар ұғымы.
2. Бейбітшілік пен қараусыздану, жаңа дүниежүзілік соғысқа жол бермеу проблемасы.
3. Экологиялық проблема.
4. Демографиялық проблема.
5. Энергетикалық және шикізат проблемалары.
6.Азық-түлік проблемасы
1. Ғаламдық промлемалар ұғымы. ХХ ғасырдың онжылдығы дүние жүзі халықтары алдына көптеген шиеленскен және күрделі проблемаларды қойды. Олар ғаламдық проблемалар деген аттаққа ие болды.Бүкіл дүние жүзінің, бүкіл адамзатты қамтитын, оның кәзіргісі мен болашағына қаіп төндіретін және өзінің шешілуіне бірігіп күш жүмсауды, барлық мемлекеттер мен халықтардың біріккен әрекетін талап ететін проблемаларды ғаламдық проблемалар деп атйды.Ғаламдық проблемалар өзінің бір-бірімен әрекеттесуіне өзінше мынадай үшбұрыш құрайды: халқы – әлеуметтік және экономикалық даму – айналадағы орта.
2. Бейбітшілік пен қараусыздану, жаңа дүниежүзілік соғысқа жол бермеу проблемасы. Соғыс барлық тарихи дәуірлерде қоғамның дамуына әсер тигізіп отырады. Бірақ бұрын ешқашан да тұтас елдер мен континеттерді жойып жіберудің нақты мүмкіндігі болған емес. Ол мүкіндік ракета техникасына қоса, ядорлық қарудың жасалуына байланысты ХХ ғасырдың екінші жартысында туды. Бейбітшілік пен қараусыздану, дүниежүзілік жаңа соғысты болдырма, адамзаттың құрып кетпеуі және өзін-өзі сақтауы қазіргі заманның шын мәнісінде № 1 проблемасына айналуы, міне, сондықтан.Ол 80- жылдардың соңы мен 90- жылдардын басында ғана шын мәнінде шешіле басталды. «Қырғиқабақ соғыс» тоқтатылды. Ондаған жылдар бойы Шығыс пен Батысты бөліп келген «темір перде» жойылды. Қазір дүние жүзін ядорлық қарумен жою қауіпі іс жүзінде алынып тасталды. Алайда қырып-жоятын қару-жарақтың аймақтық жанжалдарға ұласа отырып, тарала беруді дүние жүзіне бұрынғыдан да кобірек қауіп төндіруде.
3. Экологиялық проблема: «Жер біреу ғана!» Ноосфера (патасаттылық саласы) туралы ілімнің негізін қалаушы академик В. И. Вернадский (1863-1945) 40- жылдарда-ақ адамдардың шаруашылық әректі географиялық ортаға табиғаттың өзінде өтіп жататын геологиялық процестерден кем әсер етпейді деп жазған болатын. Содан бері қоғам мен табиғаттың арасындағы «зат алмасу» әлденше есе өсті және ғаламдық көлемге жетті. Алайда табиғатты «жаулап ала» отырып, адамдар өздерінің тіршілік әрекетінің табиғи негіздерін айтарлықтай дәрежеде бұзды.Айналадағы орта жағдайы едәір нашарлады. Оны белгілі франсуз океанлогы Жак Ив Кусто былай сипаттады: «Бұрын табиғат адамды қорқытатын, енді адам табиғатты қорқытады». Кейбір елдер мен аудандарда экологиялық жағдайы оте қатты шиеленісіп, экологиялық дағдарыс деңгейіне жетті. Айналадағы ортаның ластануынан келетін әлеуметтік, эстетикалық және басқа шығындарды былай қойғанда, экономикалық шығынның өзі ғана жылына көптеген миллиярд доллармен есептеледі. Оның үстіне, Жер климатының бақылаусыз өзгеруі, стратосфераның озон қабатының бұзылуы секілді дүниежүзілік экологиялық қауіп туды. Сендер мүның адамдардың тек қазір ғана емес, болашақ ұрпақтарына төнген қауіп қалу проблемасына айналы, міне, сондықтан.Қазіргі уақытта барған сайын көптеген елдер оны шешу үшін өздерінің күш-жігерін біріктіре бастады. Ұзаққа созылатын экологиялық қауіпті жоюмен қатар, төтенше экологиялық жағдайларда көмек көрсетілуде. Осының бәрі БҰҰ – ның 70-жылдары ұсынған «Жер біреу ғана!» деген ұранын жүзеге асыруды көздейді.Дүниежүзіліқ қауымдастық мынадай жағдайды басшылыққа алады: экологиялық проблеманы шешудің басты жолы – адамдардың өндірістік және өндірістік емес іс-әрекетін қалыпты экологиялық дамуды – айналадағы ортаны бүкіл адамзаттың және әрбір адамның мүддесіне сай өзгертуді қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |