|
ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК
Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы
|
044 -39/18к-15
бет. 40
беттен
|
Жағрафия пәні бойынша әдістемелік өңдеу
|
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Техникалық және кәсіби білім беру факультеті
Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы
«Жағрафия» пәні бойынша әдістемелік өңдеу
Мамандығы: -0304000 «Стоматология»
Біліктілігі –0304023 «Дантист»
Курсы:1
Семестр:1
Құрастырған: оқытушы Абдраманова Ш.Р.
Шымкент 2014
Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедарасында бекітілді .
Хаттама №____ «____» __________20__ж.
Кафедра меңгерушісі, филос.ғ.к, доцент: Қ.Б.Кемелбеков.
1.Сабақтың тақырыбы:Дүние жүзінің саяси картасы.
2.Сағат саны: 2 сағат 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты:
Оқыту:Әлем елдерінің мемлекеттік құрылысы мен әкімшілік территориялық құрылыс формасы жайлы, халықаралық қатынастар , саяси картадағы өзгерістер туралы түсінік беру.
Тәрбиелік:Оқұшыларды өз елін сүюге тәрбиелеу.
Дамыту:оқұшыларға өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық қуралдар: компьютер.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: тест тапсырмалары, атлас,контур картасы.
б) оқыту орны: №6 дәріс аудиториясы
6) Ұйымдастыру кезеңі-5 мин(6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.15 мин (16%)
ҚР басқару формасы мен әкімшілік құрылысы қандай.
Басқару формасының түрлері қандай?
Конституциялық монархия абсалютті ионархиядан немен ерекшеленеді?
Қазақстан егеменді тәуелсіз, зайырлы, демократиялы мемлекет деген нені білдіреді?
Қазақстанның әлемдегі орны қандай деп бағалайсыз?
Қазақстанның шетелдермен саяси, экономикалық қарым-қатынасы жайлы не айтасыз?
ХХ ғ. Саяси картада кандай өзгерістер болады?
8. Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин(44%)
Елдерді топтастыру.
Экономикасы дамыған және дамушы елдер.
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі әлемнің саяси картасы.
Халықаралық қатынастардың қазіргі кездегі жағдайы.
Мемлекетті басқарудың түрлері мен формалары.
Териториясының көлемі жағынан ең үлкен жеті ел көзге түседі олардың әрқайсысының ауданы үш млн км ден асады бұлар қосыла келе бүкіл құрлықтың жартысын құрайды Халқының санекғң жөнінен ең үлкен он ел көзге түседі,олардың әрқайсысында жүз млн нан астам адам тұрады,бұл елдердің халқы жер шары халқының бестен үш бөлігін құрайды.Саяси картада орташа және шағын елдердің саны басым.Әдетте ұсақ мемлекеттерде бар.елдерді географиялықорнының ерекшеліктеріне қарай топтастыру әдісі де жиі қолданылады.Осыған байланысты жағалауындағы, түбектердегі , аралдардағы,архипелагтардағы елдер болып бөлінеді.Теңізге шыға алмайтын елдер ерекше топқа жатады.Дүние жүзі елдерін көлемі мен географиялық орнына байланысты екіге бөлеміз.Біріншісі экономикасы дамыған елдер, екіншісі дамушы елдер.Біріккен ұлттар ұйымы экономикасы дамыған елдердің қатарына Еуропаның, Азияның,Африканың, Солтүстік Американың,Австралия мен Мұхиттық аралдардың шамамен алпыс елін жатқызады.олардың бәрінің экономикалық және әлеуметтік дамудеңгейі жоғары жә"не жан басына келетін жалпы ішкі өнім мөлшері де айтарлықтай мол. Алайда бұл елдер тобы іштей қарағанда айтарлықтай әркелкі болып келеді және оның құрамынан төрт топшаны бөліп көрсетуге болады.Олардың бірінші топшасын "Батыс елдерінің үлкен жетілігі" құрайды.Оған АҚШ, Жапония, ГФР, ФРАНЦИЯ, Ұлыбритания, Италия жане Канада кіреді. Бұлар батыс дүниесінің ірі эканомикалық және саяси іс әрекеттерімен көзге түсетін жетекші елдері. Дүниежүзілік жалпы ұлттық өнім мен өнеркәсіп өндірісінің елу проценттен астамы ауыл шаруашылық өнімдерінің жиырма бес проценттен астамы жетіліктің үлесіне келеді.Жан басына шаққанда жалпы ішкі өнім оларда он мың доллардан жиырма мың долларға дейін жетеді.Бұлардан гөрі орташа елдерді ,ең алдымен Еуропа елдерін екінші топшаға жатқызуға болады.Әрқайсысының саяси және эканомикалық қуаты үлкен болмасада,олар дүнинжүзілік мәселелерде жалпы алғанда зор,рөл атқарады.олардың көпшілігі жалпы ішкі өнімді жан басына есептегенде "үлкен жетілік" елдеріндегідей мөлшерде өндіреді.
Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде 1991 жылдың жылдың соңында құрылған Тәуелсіз Елдер Мемлекеттер достығына кіретін елдерді айрықұша топшаға біріктіруге болады.Біріккен Ұлттар Ұйымы барлық қалған елдер мен територияларды дамушы елдерге жатқызды.Олардың бәрінің жер көлемі құрлықтың жартысынан астамын алып жатыр,мұнда дүниежүзі халқының жартысынан астамы шоғырланған,Қытайды қоса есептелгенде дүние жүзі халқының жетпіс проценттен астамын құрайды.Дүние жүзінің саяси картасында бұл елдер экваторда солтүстікте және әсіресе оңтүстікке қарай,Азияда,Африкада,Латын Америкасы мен Мұхиттық аралдарда кең байтақ белдеуді алып жатыр. Олардың кейбіреулері екінші дүние жүзілік соғысқа дейін ақ тәуелсіздік алған болатын.Бірақ көпшілік тәуелсіздікті соғыстан кейін гі кезеңде жеңіп алды.Бұл кезеңде жүзге жуық жас тәуелсіз мемлекет құрылып,олар азаттық алған елдер деп аталды.Кейде үшінші әлем деп аталатын дамушы елдердің құбылмалы дүниесі іштей де әртекті.Оларды бірнеше топшаға бөледі.Табиғи эканомикалық адам қуаты өте күшті және көп ретте дамушы елдердің көшбасында тұратын Үндістан,Бразилия,Мексика секілді шешуші елдер бірінші топшаны құрайды.Бұл аталған үш ел қалған дамшы елдердің бәрі бірігіп өндіретін өнеркәсіп өнімін дерлік бере алады.Бірақ оларда жан басына өндірілетін жалпы ішкі өнім эканомикасы дамыған елдердегімен салыстырғанда айтарлықтай төмен.Жаңа индустриялық елдер деп аталатын аздаған елдермен територияларды екінші таяуда ғана пайда болған елдер топшасына ғана жатқызуға болады.70-80 жылдары -зге дамушы елдердің көпшілігін басып озған Корея,Тайвань,Гонконг,Сингапур осы топшаның көрнекті өкілдері.Сауд Арабиясы ,Кувейт,Катар,Біріккен Араб Әмірлігі ,Ливия,Бруней секілді сыртқа мұнай шығаратын елдер үшінші шағын топшаны құрайды.Бұл елдерде мұнайдан түсетін доллар тасқынның арқасында жан басына өндірілетін жалпы ішкі өнімнің мөлшері он он бес мың доллардан асып түседі.Дамуы жағынан артта қалған ондаған елдер ең үлкен төртінші топшаны құрайды.Оларда қазіргіе дейін феодалдық қалдықтар күшті байқалатын көп укладты мешеу экономика басым.Халқының жалпы саны 400 млн. адамнан асатын 42 ел бесінші топшаны құрайды олар біріккен ұлттар ұйымының жіктеуі бойынша мешеу елдерге жатады.Бұл елдерге тұтынушы ауыл шаруашылығы басын өңдеуші өнер кәсірп жоққа тән ересек 2\3 бөлігі сауатсыз жанбасына орташа өндірілетін жалпы ішкі өнім не бәрі 100-200 доллар шамасында.Мысал.Бұл топшаға Азй яда Бангладеш,Непал,Ауғанстан,Йемен,Африкада Мали,Чад,Эфиопия,Сомали,Латын Америкасында Гаити жатады.Біріккен Ұлттар Ұйымында қоғамдық құрылысында өндірісінде де өзіндік ерекшеліктері бар Қытайды дамушы елдердің қатарында жатқызады.Қытайда жан басына өндірілетін жалпы ішкі өнім Үндістағындай төмен.
Дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылысы.
Басқарудың негізгі екі түрі;республикалық және монархиялық басқару.Қай елдің болса да,мемлекеттік құрылысы ең алдымен ондағы басқару түріне байланысты.Басқарудың негізгі екі түрі бар.Республикалық басқару ерекше кең таралған,өйткені дүние жүзіндегі барлық елдердің 3\4 і республикалар болып табылады.Республика дегеніміз заң шығаратын ең жоғары өкімет билігі сайланатын өкілетті орган парламенттің,ал атқарушы өкімет билігі өкіметтің қолында болатын басқару түрі.Саяси тәуелсіздікті жеңіп алғаннан кейін азат болған елдердің көпшілігі мемлекетті басқарудың республикалық түрін қабылдады.Египет,Эфиопия,Иран секілді мың жылдық монархиялар да республикалар болып жарияланды.Монархиялық басқару әлдеқайда аз таралған,өйткені дүние жүзінде не бәрі 30 монархия бар.Монархия дегеніміз мемлекет басшысы император,король,герцог,князь,сұлтан т. с. с.болып келетін басқару түрі .Мұндай жоғары өкімет билігі атадан балаға мұра ретінде беріліп отырады.Олардың ішінде конституциялық монархиялар басым,мұнда нақты заң шығару билігі парламенттің қолында,ал атқарушы өкімет билігін өкімет жүргізеді,монархтың өзі,былайша айтқанда,"патшалық етеді, бірақ басқармайды.Оларда монархиялық құрылыс басқаша ,кейде бейне бір бейне өткен кездегі "тақ құдіретін"еске салатын мыңдаған жылғы дәстүр ретінде сақталады.Ұлыбритания дүние жүзіндегі конституциялық монархия лық ең көне ел.Король мемлекеттің,сот жүйесінің басшысы,қарулы күштердің бас қолбасшысы,ағылшын мемлекеттік шіркеуінің,сондай ақ Ұлыбританияның басқаруындағы,бұрын Британия империясының құрамына енген 50 ел мүше болып табылатын Достастықтың діни басшысы.Король парламент қабылдаған заңдарға қол қояды.Нормандиялық жаулап алу жылдарынан бері корольдің бұйрықтарына "Король осыны қалайды деген" дәстүрлі тұжырымдама жазылып келеді.Жапония констутсиялық монархия.Онда император дәстүр бойынша мемлекеттің және ұлт бірлігінің символы болып табылады,бірақ заі шығару билігі парламенттің,ал атқарушы билік министрлер кабинетінің қолында. Абсалюттік монахрияларда,бұған керсінше,монархтың билігіне мүлде шек қойылмаған.Алайда қазіргі дүние жүзінің саяси картасында ондай елдер санаулы ғана қалды. Сауд Арабиясы абсалюттік монархия,онда мемлект басшысы заң шығарушы және атқарушы өкімет билігін өзі жүргізеді ,сонымен бірге ол премьер министр,қарулы күштердің бас қолбасшысы және жоғары сот,әрі діни басқарушы болып табылады.Үкімет негізінен алғанда король әулеті мүшелерінен құрылады. Әкімшілік территориялық құрылыстың негізгі түрлері;унитарлы және федерасиялы мемлекет.Кез келген елдің мемлекеттік құрлысы оның әкімшілік территориялық құрылысының түріне байланысты болады.Бұл тұрғыдан алғанда барлық елдер унитарлы және федерациялы елдер болып бөлінеді.Дүние жүзінде 20 шақты федерациялы ел бар.Кейбір елдердің бұлайша болуы ұлттық этникалық принципке,екіншілерінде тарихи географиялық ерекшеліктерге байланысты.Қазіргі кезде көптеген елдерде әкімшілік териториялық мәселелер аса маңызды саяси проблемалық сипатқа ие болып отыр.Дүние жүзінің саяси картасы өзінше бір дәуір айнасы.Ол үздіксіз даму үстінде.Алайда ол адамзаттың бүкіл тарихында нақ ХХ ғасырдағыдай күшті өзгеріске ұшыраған емес.
Халықаралық қатынастардың дүние жүзінің саяси картасына әсері. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін бірқатар социалистік мемлекеттердің құрылуы,орталық жүйенің күйреуі және азаттық алған ондаған елдердің пайда болуы,блоктарға қосылмау қозғалысының өсуі секлді маңызды процестер дүние жүзінің саяси картасына өзгерістер енгізді.Бірақ Шығыс пен Батыстың ғаламдық тайталасы,олардың арасындағы "қырғиқабақ соғыс"бүкіл соғыстан кейінгі кезеңнің негізгі мазмұнына айналды.Көптеген әскери саяси одақтар,олардың ішінде Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы мен Варшава Шарты Ұйымы дүниеге келді.Жер шарының әр түрлі бөліктерінде жүздеген әскери базалар құрылып,оқтын оқтын жергілікті соғыстар туып отырды.Дүние жүзінің саяси картасында көптеген халықаралық шиеленіс ошақтары,аймақтық жанжалдар пайда болды.Парсы шығанағы ауданын қоса алғанда Таяу Шығыс бүкіл соғыстан кейінгі кезеңдегі "жанжалдыаймақ" болып отыр.Бұл мәдениетпен діннің өте күрделі шиеленісі тарихи қалыптасқан,планетамыздың ең жұқарған жүйке жүйесі.Мұнда Араб елдері мен Израильдің ғана емес,сонымен қатар көптеген басқа мемлекеттердің де мүдделері қақтығысқан.Халықаралық қатынастардың қазіргі кезеңі жіне дүние жүзінің саяси картасы.80-жылдардың екінші жартысында халықаралық қатынастарда егесуден өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа көшу орын ала бастады.Сенімсіздіктің,күдікшілдік пен ашкөздіктің орнына тату көршілік қатынастар орнықты.мұның Кеңес Одағы мен АҚШ арасындағы,Еуропа,Азия Тынық мұхит аймағы,басқа аймақтағы елдер арасындағы қарым қатынастарға қатысы бар.1990 жылы Германияның бірігуі,нақты қарусызданудың басталуы,Варшава Шарты Ұйымының тарауы және НАТО ның негізінен саяси одаққа айналуы секілді маңызды процестер мен құбылыстар дүние жүзінің саяси картасынан көрініс тапты.Көптеген аймақтық жанжалдардың қиын тұйіндерін саяси құралдармен шешудің сәті түсе бастады.Орталық Америкадағы ,Американың оңтүстігіндегі,Оңтүстік Шығыс Азиядағы осындай жанжалдар келіссөздер жолымен шешілді.Осының нәтижесінде халықаралық шиеленіс бәсеңдеп,әлемде тыныштық пен қауіпсіздік орнай бастады.Штаб Партері Нью Йоркте орналасқан Біріккен Ұлттар Ұйымы шиеленісті бәсеңдетудемаңызды рөл атқарды.1993 жылдың басында бұл ұйымға 180 мемлекет мүше болды.
9. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22%)
10.Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)
Белсенді оқушыларды бағалау.
11.Үйге тапсырма беру: 5мин (6%)
Оқулықтағы тапсырмамен таныстыру.
№ 2 сабақ
1.Сабақтың тақырыбы:Табиғи ресурстар географиясы.
2.Сағат саны: 2 сағат 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты:
Оқыту:Дүние жузіндегі табиғат байлықтарының қорларымен таныстырып, оны контуркартасына түсуру.
Тәрбиелік: Оқұшыларды өз елін сүюге тәрбиелеу.
Дамыту:оқұшыларға өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық қуралдар: компьютер.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: карта, тест тапсырмалары, сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: №6 дәріс аудиториясы
6) Ұйымдастыру кезеңі-5 мин(6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.15 мин (16%)
Елдерді топтастыру.
Экономикасы дамыған және дамушы елдер.
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі әлемнің саяси картасы.
Халықаралық қатынастардың қазіргі кездегі жағдайы.
Мемлекетті басқарудың түрлері мен формалары.
8. Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин(44%)
Дүниежүзінің табиғат ресурстары Ресурстарға шаруашылық баға беру. Дүниежүзіндегі елдердің табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу дәрежесі әркелкі. Табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші алуан түрлі ресурстардың қор мөлшерінің арақатынасымен және оның пайдаланылу ауқымымен байланысты. Дүниежүзілік шаруашылықтың күрделі жүйесінде және еңбектің халықаралық үлестірілуінде экономикасы дамыған елдер, негізінен, тұтынушы болса, ал дамушы елдер — шикізат ресурстарын өндіруші әрі экспорттаушы болып табылады. Дегенмен көптеген жоғары дәрежеде дамыған елдер де ресурстардың ірі қорына ие, олар кейбір ресурс түрлерін өндіруден әлемдік жетекші болуы да мүмкін. Жалпы алғанда, осы айтылғандай дүниежүзілік экономикада мамандану бір жағынан, дүниежүзіндегі елдердің тарихи және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен, екінші жағынан, жекелеген ресурс түрлерінің Жер шарындағы таралу ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Ресурстардың көпшілігі дамушы елдердін, аумақтарында орналасқан. Дүниежүзіндегі табиғат ресурстарының тендестіғі, олардың корлары, жағдайы және пайдалану болашағы қосымшадағы 4-кестеде көрсетілген. Осы кестеде теңдестіктің маңызды құрамына жеке-жеке тоқталамыз. Энергетикалық ресурстар. XIX ғасырдың басына дейін негізгі энергетикалык ресурс түрі — ағаш болып келді. Содан соң оның маңызы біртіндеп темендей бастады да, көмірді кеңінен пайдалану байкалды. Дегенмен көмірдің басымдылығы ұзаққа созылмады, себебі оның орнына мұнай мен табиғи газ игеріліп пайдаланылды. Қазіргі замандағы жалпы дүниежүзілік отын корлары бірінші кезекте көмір корьшан (жылу өндіру мүмкіндігінің 60%-ьша дейін), мүнай мен газдан (шамамен 27%) түрады (2-косарбеттегі картаны караңдар). Жалпы әлемдік өндірісте сұраныс баскадай: көмірге шамамен 30%, ал мұнай мен газға 67%-дан артык. 2000 жылы дүниежүзіндегі шынайы мұнай қоры 140 млрд т (жалпы барланғаны 250—300 млрд т) деп анықталған. Оның ішінде ОПЕК (мүнай экспорттаушы елдер ұйымы) елдерінің үлесіне өндірілген мүнай корыньщ 77%-ы тиесілі болды. Дүниежүзілік табиғи газ коры 146 млрд м3 деңгейінде анықталған. Оның ішінде ОПЕК елдерінің үлесіне табиғи газ корының 41%-ы тиесілі (косымшадағы 14-кестені караңдар).Егер артық айтсақ дүниежүзілік мұнай қоры 200—300 жылға жетеді, ал шындығында колда бар мұнай қоры тек бірнеше жылға ғана жетуі мүмкін. Өйткені мүнай өндіру көлемі жыл сайын артып отыр. Мысалы, 1960 жылдары мүнай мен газ конденсатын өндіру мелшері шамамен 1 млрд т, ал табиғи газ ендірісі 5 трлн м3 болған. Ал 2000 жылы бүл көрсеткіштер тиісінше 3,5 млрд т және 23 трлн м3-ге жеткен Мұнай өндірудің анықталған қоры казіргі кезде дүниежүзі деңгейінде жалпы 40 жылға жетеді деп болжам жасалуда. Бұл көрсеткіш ОПЕК елдері бойынша орташа есеппен 77 жылды күрайды. Сонымен қатар аса ірі ендіргіш елдерде керсеткіш қорлардың қамтамасыз етілуіндегі орташа деңгейінен жоғары. Мысалы, бұл көрсеткіш Сауд Арабиясында шамамен 80 жыл Кувейт пен Біріккен Араб Әмірлігінде 100 жылдан астам және т.б. Көмірдің сапалық кұрамы айтарлықтай маңызға ие, оньщ ітттінде кокстелетін көмір ерекше бағаланады. Мұндай көмірдің үлесі Аустралияда, Германпяда. Қытайда және АҚШ-та аса мол. Көптеген елдердегі экологиялык проблемалардың шиеленісуіне және табиғат қорғау шараларының қатаңдануына байланысты кемірдің күкірттілігіне басты назар аударылуда. Дүниежүзіндегі тас көмір өндіру, шамамен, 3,5 млрд т деңгейінде. Соңғы жылдары біркатар өндіріс жағдайы нашар және ендірілетін кемірдің айтарлықтай белігінің күкірттілігі жоғары елдерде таскөмір өндірісі күшті дағдарыска ұшырады, соның нөтижесінде бұл елдер көмірді сырттан сатьш алуға кешті. Көмір экспорттаушы аса ірі елдер катарына Аустралия, Канада, ОАР, Колумбия сияқты мемлекеттер кіреді.
Қоңыр көмірдің барланған қорынын басым бөлігі және оны өндіретін өнеркәсіптің көпшішгі дамыған елдерде шоғьгрланған. Қоңыр көмір коры жөнінен АҚШ, Германия және Аустралия алдынғы орында. Қоңыр көмір өндірудің арзандығы (тек қана ашық әдіспен), онын төмендігіне қарамастан, салыстырмалы түрде арзан электр энергиясы ввжфуге мүмкіндік береді. Тас- көмір өндірісімен салыстырғанда қоңыр көмір өндіруде дағдарыс байқалған жоқ. Дамушы елдердің көпшілігінде не мұнайдың, не көмірдің ірі қорлары жоқ, ол елдер сондықтан өндірістік-энергетикалық ресурстардың импортына тәуелді. Ал аса дамымаған елдерде отынға деген сұраныстың айтарлықтай бөлігі ағаш отын және биомассаның өзге түрлері(сабан, көк) есебінен қамтамасыз етіледі. Энергетикалык ресурстардың шектеулі монополиялы сипат алуы XX ғасырдың 70-жылдары энергетикалық ресурстардың жетіспеушілігіне, әсіресе мұнайдың, ш рілуіне, соньщ салдарыная әлемдік жүзілік экономика дамуыньщ каркыалы өзін-өзі жоғалтты. Энергетикалық қорларының есімінен асып түсті, төмендей бастады. Экологиялық проблемалардың шиеленісуі де айтарлықтай деңгейге жетті. Дәл осы кезде алғашкы өлемдік ресурстардың саркылуы жөнінде қоркынышты болжамдар өмірге келді. "Ресурстық жомарттьщ" дәуірінен әнергияны тиімді пайдалану дәуіріне өту басталды. Минералдық ресурстар. Минералдық ресурстарға металдар, металл емес, пайдалы қазбалар, техникалык, кұрылыс материалдары жатады (10-сызба- нұсқаны жөне косымшаны карандар).Пайдалы казбалардың ішінде темір кені үлкен маңызға ие. Оның жер кыртысындағы қоры 600 млрд т мөлшерінде бағаланып отыр. Дамыған елдерде соңғы жылдары темір кенін өндіру қысқарған. Бұл болат балқытудың азаюына және металл сынықтарын кайта ендеуге байланысты. Сонымен қатар болатты езге материалдармен алмастыруға да болады. Темір кені дүниежүзінің көптеген аймақтарында өндіріледі (оларды картадан анықтаңдар). Марганец кенін өндіруден ТМД өзге елдерден айтарлықтай алдыңғы орында (Аустралиядан 1 млн т, Бразилиядан 990 мың т, Үндістаннан 400 мың т артық). Қазақстанның жер қойнауынан пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табыл- ған. Еліміз вольфрамның барланған қоры бойынша дүниежүзінде 1-орында, уран, фосфор және хромит кендерінен 2-орында, ал молибден мен қорғасыннан 4-орында. Батыс аймақтарда мұнай мен газдың мол қоры шоғырланған. Кен орындары өзге де пайдалы казбаларға бай. Алайда кеннен пайдалы өнім алу дөрежесі темен (темір 25—50%, мыс 0,3—0,6%, никель 1,3%, селен 0,1— 0,2%). Өнім өндіру барысында аса көп мөлшерде үйіндіге айналатын қалдықтар пайда болады. Сондықтан табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың негізгі принциптері мынадай болуға тиіс
9. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22%)
10.Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)
Белсенді оқушыларды бағалау.
11.Үйге тапсырма беру: 5мин (6%)
Оқулықтағы тапсырмамен таныстыру.
№ 3 сабақ
1.Сабақтың тақырыбы:Дуние жүзі халық географиясы.
2.Сағат саны: 2 сағат 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты:
Оқыту:Оқушыларға халықтың ұдайы өсуі туралы, дүние жүзінің халқының ерекшеліктерін, адамның қоршған ортаға ықпалын көрсету.
Тәрбиелік: Оқұшыларды өз елін сүюге тәрбиелеу.
Дамыту:оқұшыларға өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық қуралдар: компьютер.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: карта, сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: №6 дәріс аудиториясы
6) Ұйымдастыру кезеңі-5 мин(6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.15 мин (16%)
«Байлықтардың бар-жоқтығы» деген ұғым нені білдіреді?
«Реакциялық қорларға» не жатады?
«Табиғат» және «Географиялық орта» ұғымдарының арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар неде?
Дүниежүзілік жер қорының құрылымында болып жатқан өзгерістер неге байлынысты?
Азаматтық су проблемасының шиеленісу себептері неде?
Қалпына келетін және қалпына келмейтін табиғат байлықтарын ұтымды пайдалану
деген не?
Қазақстанда экологиялық апатқа ұшыраған аймақ, аудандарды ата?
Төмендегі елдердің қайсылары су байлығы мол және тапшы елдерге жатады: Канада, Бразилия, Заир, Египет, Сауд Арабиясы?
Табиғат қорғау проблемаларын шешудің қандай жолдары бар?
8. Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин(44%)
Дүниежүзілік халықтарының саны, оның ұдайы өсуі.
Демократиялық саясат
Халықтық құрамы мен құрылымы.
Халықтың орналасуы мен тығыздығы.
Халықтың көшіп-қонуы.
Халық және қоршаған орта.
Халық саны туралы нақты ақпарат ұйымдасқан түрде жүргізілетін халық санақтары нәтижесінде ғана белгілі болатындықтан, ерте кезеңдердегі ғана емес, тіпті орта ғасырлардағы адам саны жөніндегі мәліметтер де тек шамамен алынады. Ғалымдар 15 мың жыл бұрын ғаламшарымыздың тұрғындарының саны 3 млн адамнан аспаған деп шамалайды.
Мемлекеттің әскери және салық саясатына орай, алғашқы халық санақтары б.з.д. III мыңжылдықта Ежелгі Қытайда және Египетте жүргізілген. Жан-жақты сипат алған халық санақтары XVIII ғасырдан бастап жекелеген мемлекеттерде (Австрия-Венгрия, Скандинавия елдері, АҚШ) жүргізіле бастады. Ал XIX ғасырда еуропалық елдер мен Ресей империясының, Үндістан мен Латын Америкасындағы кейбір елдердің халық саны жөнінде ресми мәліметтер алынды. XX ғасырда барлық елдерде дерлік халық санағы жүргізілді: көптеген Азия елдерінде алғашқы санақтар Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өткізілді. 1950 жылы дүниежүзі халқының шамамен 80%-ы халық санағына қамтылды. Африка елдерінде халық санағы 1950 жылдарда халықаралық ұйымдар арнайы бөлген қаржының көмегімен жүзеге асты. Қаржы тапшылығынан мешеу елдердің кейбірінде сол кезеңнен бері санақ жүргізілмеген. Мысалы, алғашқы халық санағы Ауғанстанда 1979 жылы, Оманда 1993 жылы өткізілген. Соның нәтижесінде XX ғасырдың соңына қарай Жер шары халқы түгелімен дерлік ресми халық санағына қамтылған. БҰҰ ел ішінде халық санағын әрбір он жыл сайын өткізіп тұруды ұсынды, бірақ бұл шараны аталған мерзімде қаржы қоры жеткілікті елдер ғана жүзеге асыра алады. Қазақстанда халық санағы Кеңес дәуірінде әрбір он жыл сайын өткізіліп тұрған, еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі халық санағы 1999 жылы өтті. Кезекті халық санағы 2009 жылы өткізілді. 2009 жылғы хальық санағы бойынша еліміздегі халық саны 16 млн 196 мың 180 адамға жетті. Жалпы алғанда, дамушы елдерде қаржының жетіспеуі, елдін ішкері аудандарында жол қатынасының қиындығы, жергілікті халықтың сауатсыздығы бұл елдердегі халық саны жөнінде нақты мәліметтер жинақтауға бөгет болады. Сонымен қатар дамушы елдер де ресми мәліметтердің іс жүзіндегі халық санынан улкен ауытқушылық жасауы да жиі ұшырасады.
Дуниежүзі халқының саны
Демографиялық көрсеткіштер. Жер шары халқы алғашында өте баяу өскен. Мұны адамның табиғат апаттарына тәелділігімен , жиі болған соғыстармен және жұқпалы аурулардың кең таралуымен түсіндіруге болады. Мысалы, XIV ғасырда Еуропаны жайлаған оба дертінен халықтың шамамен 20%-ға жуығы қырылған. Өндірістің жетілуі, адамдардың тұрмыс жағдайының жақсаруы және медицинаның алға басуы нәтижесінде дүниежүзі халқы жылдам қарқынмен өсе бастады. Әсіресе XX ғасырда халық санының айрықша жылдам артуы байқалды. Мысалы, 1930 жылы Жер шары халқы 2 млрд адам болса, 1962 жылы — 3 млрд, 1976 жылы — 4 млрд, 1987 жылы — 5 млрд, ал 1999 жылы 6 млрд адамға жетті. Халық санының мұндай күрт өсуі демографиялық жарылыс деп аталады. Бұл құбылысты адамның өмір жасының ұзаруы, сәбилер өлімінің азаюы жағдайында туу көрсеткішінің өзгеріссіз қалуымен түсіндіруге болады. Дегенмен 1980 жылдардың ортасына қарай халық санының өсуі баяулай бастады. Бұл туу көрсеткішінің күрт кемуімен байланысты болды. Дамыған елдердің көпшілігінде халық санының өсуі тұрақтанып, кейбір елдерде табиғи өсу мүлде тоқтады. Дүниежүзіндегі халық саны көп елдер. Дүниежүзі аймақтарындағы, жеке елдердегі демографиялық жағдайды сипаттау үшін абсолюттік және салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер пайдаланылады. Абсолютті көрсеткіштер қатарына табиғи өсу (туу мен өлудің арақатынасы) мен механикалық өсу (иммигранттар мен эмигранттар саны арасындағы айырма) жатады. Туу мен өлім көрсеткіштері әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, мемлекеттің демографиялық саясатына тікелей байланысты болса, халықтың көшіп-қонуына экономикалық және саяси алғышарттар, экологиялық ахуал себепші болады. Туу мен иммиграция көрсеткішінің жоғарылауы халық санын арттырса, өлім мен эмиграция халық санын кемітеді.
Адамның өмір жасының орташа ұзақтығына елдегі экономикалық көрсеткіш, әлеуметтік тұрақтылық, экологиялық жағдай және денсаулық сақтау жүйесінің қызметі тікелей әсер етеді. Бұл көрсеткіш тарихи кезеңдерде үлкен өзгерістерге ұшырап отырған.
Жеке елдердегі адамның өмір жасынын орташа ұзақтығы 25—30 жыл өмір сүрсе, XX ғасырдың орта шенінде дүниежүзі бойынша бұл көрсеткіш 46 жасқа, ал 2008 жылы 68 жасқа жетті. Қазақстан Республикасында адамның өмір жасының орташа ұзақтығы 67 жасқа тең: әйелдерде — 72, ер адамдар үшін 61 жасты құрайды. Қазіргі кезде өмір жасының орташа ұзақтығы женінен андорралықтар алдыңғы орында болса, Африканың мешеу елдерінде бұл көрсеткіш өте төмен.
Достарыңызбен бөлісу: |