Курсы: 1,2 Семестрі: 1,4


) Иллюстрациялы материалдар: кесте, сызба



бет7/7
Дата15.09.2017
өлшемі1,38 Mb.
#33555
1   2   3   4   5   6   7

4) Иллюстрациялы материалдар: кесте, сызба

5) Әдебиеттер:

  1. Жамбылов Д. “Саясаттану негіздері” Алматы “Жеті жарғы” 2000.

  2. Қуандық Е.С. “Саясаттану негіздері” Астана “ Елорда” 2000.

  3. Хан И.Г. “ Саясаттану” Алматы ҚазГЗУ 2003.

  4. Байдельдинов Л.А. “Политология” Алматы. 1997.

  5. Борисов Л.П. “Политология” М., 1998.

  6. Ирхин Ю.В., Зотов Л.В. “Политология” М., 1999.

  7. Козлов Г.Я., БулуктаевЮ.О. “Политология” Алматы 1995.

  8. Мальцев В.А. “Основы политологии” М., 1997.

  9. Радугин А.А. “Политология” М., 1998.

  10. “Основы политической науки” под. ред. В.П. Пугачева Москва, 1994.

  11. Назарбаев Н.Ә. “Ғасырлар тоғысында” Алматы 1996.

  12. Қуандықов Е.С. “Саяси партиялар: Әлемдік тәжірбие” // Астана ақшамы. 1998, 17, 20 қараша.

  13. Шәмшатов И., “Мемлекет деген не ?” // Ақиқат. 1993. №6. 7-10-б.

6) Қорытынды сұрақтар:(кері байланысы)

1. Саяси мәдениет және саяси сана туралы түсінік, ерекшеліктері қызметтері

2. Саяси мәдениеттің адам өміріндегі ролі

3. Саяси мәдениет пен сананың қалыптасуындағы негізгі факторларымен механизмдері

4. Саяси мәдениеттің типтері және концепциялары

5. Қазақстандағы саяси мәдениет: жағдайы, деңгейі, ерекшелігі және даму перспективалары



1) Тақырыбы: 14. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЯСАТ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР.

2) Мақсаты: Әлеуметтік-саяси ой тарихындағы халықаралық қатынастар және сыртқы саясат, оның мәні мен функциясы туралы түсінік беру.

3) Дәріс тезистері

1. Әлеуметтік-саяси ой тарихындағы халықаралық қатынастар.

.Қоғам байланыссыз өмір сүрмейді. Егер біз адамзат дамуының тарихи өткелдеріне көз жүгіртетін болсақ жеке-жеке мемлекет болып өмір сүрген халықтар ежелден өзара қарым-қатынастарда болған. Ертеректегі қатынастардың көбі бір-бірін қорқытып күш қолдану арқылы, мықтысы әлсізіне айтқанын істеткен ол саясатпен реттеліп отырылған. Ол кездерде тікелей күш қолдану жиірек болған. Соңғы 5 жарым ғасыр ішінде жер бетінде бейбіт заман орнап 300 жыл үстемдік құрғанын айтсақ та жеткілікті. Қалған уақыттың бәрінде соғыс болып отырған. Ол соғыстардың жалпы саны 15 мыңнан асады. Тек қана 1907-1914 жылдар аралығында ғана империалистік мемлекеттсрдің тарапынан 36 рет соғыс оты тұтанса, 1917-1939 жылдарда оның саны 70-ке жетті. Ал 1946-1985 жылдары әлемде 300-ге жуық әр көлемдегі соғыстар болған екен.

Бірде-бір мемлекет әлемдік қауымдастықтың мүдделерін есепке алмай, бір жақты іс-әрекет қабылдауға ерікті емес. Сондықтан, бейбітшілік прогресс жолымен алға жылжуы үшін халықаралық қатынас шеңберінде ол барлық елдер мен халықтардың мүдделерінің балансына жетуге ынталы болуы тиіс.

Халықаралық қатынас теориясында "Сыртқы саясат" терминімен қатар "Халықаралық саясат" және "Халықаралық қатынас" ұғымдары да қолданылады. Бұл ұғымдар бүгін халықаралық жүйе жабық емес, ашық жүйе екендігімен түсіндіріледі. Оның субъектілері мемлекет қана емес, сонымен қатар халықаралық ұйымдар, ұлтаралық монополиялар, ұлттық құрылымдар, саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар, кейбір жеке адамдар болып табылады. Аталған процесті жүзеге асырудың құралы, халықаралық қатынас пен бірге сыртқы саясат болып табылады. Саясаттану зерттейтін ішкі саясат, мемлекеттердің халықаралық істердегі жалпы бағытымен айқындалады. Мемлекеттің басқа мемлекеттермен және халықтардың принципі мен мақсатын жүзеге асыруда, қарым-қатынастың нешетүрлі құралы әдістері, методтары арқылы жүзеге асырылып реттеліп отырылады. Ол табиғи және сыртқы ортадағы қаракеттерде, яғни мемлекет қызмет істейді және өзінің саясатын жүзеге асырады. Сондай-ақ, экономикалық, әлеуметтік, саяси және басқа да қатынастар мемлекет талабына орай жүргізіледі. Халықаралық саясаттың негізіне тек мемлекетаралық қарым-қатынас қана емес, әлемдік аренадағы халықтық мүдде үшін қызмет істеген топтардың жұмыстары да жатады. Мысалы, Европа қауымдастығына қатысқан 12 ел бүгін де біртұтас интеграциялық мемлекеттердің кешені ретінде көрінуде. Европалық қауіпсіздік проблемалары жөніндегі тығыз ынтымақтастық Европаның сыртқы саясат саласында бірегей дамуына жәрдемдеседі. Олар әскери саяси және экономикалық қауіпсіздік астарында өз көзқарастарын келістіріп отырады. Ол қарым-қатынас Европадағы дағдарыс жағдайларында белсенді тұрақтандырғыш рөл атқаруга талпынады. Адам құқықтарымен халықаралық құқық нормаларын сақтау жолында күреседі. Бүгінгі Европалық қауымдастықтың өмір сүруі басқа елдердің саясатына да ықпалын тигізуде.

Қазіргі дүние барған сайын серпінді және қайшылықты, сан алуан және сонымен бірге тұтас, өзара байланысты бола түсуде. Дүниежүзілік істердегі жетістіктер, қиындықтар және проблемалар адамзат өркениетінің тұтастығын және қайшылықтарға толы екендігін айғақтайды. КСРО мен шығыс Европа елдеріндегі социализмнің казармалық үлгісі және өкімет пен басқарудың өміршілдік-бюрократтық жүйесінің жойылуына байланысты бұрынғы қырш-қабақ қатынастар жарасы жазылды. Қазіргі индустриялық жағынан дамыған елдер ақпарат пен байланыстың дамыған жүйесі бар, болашақ технотрондық қоғамның негізін қалауда. Серпін алып дамыған елдер мемлекет аралық қоғамдастыққа (Европалық қоғамдастыққа және т.б.) бірігу үстінде. Адамзат ақиқатында өз дамуының жаңа күрделі кезеңіне яғни, ядролық және космос техникасымен, биотехнологиямен, биоинженериямен, ақпаратпен және компъютерлендірілген әлеммен істес болуға тура келіп отыр. Мұның ішінде аймақтық дау-жанжалдарда ерекше қауіп төндіріп отырған нәрсе ол ядролық қарулар. Әлемдегі оның зарядтарының саны 50 мың бөлшекті құрайды.

Халықаралық қатынастар - бұл саяси, экономикалық, әлеуметтік, дипломатиялық, құқықтық, әскери және гуманитарлық байланыстар мен қатынастардың жиынтығы. Ол әлемдік қауымдастықтың негізгі субъектілер арасындағы қатынас. Ондай субъектілерге халық, мемлекет, қоғамдық күштер, қозғалыстар мен ұйымдар жатады. Өзінің дамуында халықаралық қатынастар ұзақ тарихи жол кешкен. Бүгін танда әлемдік саясаттың алдында адамзат баласы үшін ауадай қажет ғаламдық мәселелер тұр. Қазіргі ғаламдық проблемалардың мәнін және шиеленісу себептерін, оларды шешу жолдарын терең танып-білу, қазіргі заманның көкейкесті проблемасы болып табылады. Соғыс және бейбітшілік проблемасы адамзат алдында тұрған ең өткір мәселе болып отыр.



2. Сыртқы саясат: оның мәні мен функциясы.

Сыртқы саясат - саясаттың негізгі тірегі, сондықтан сыртқы саяси стратегия бейбітшілік, ынтымақтастық, өзара ықпал ету, прогресс және адамгершілік идеяларына, халықаралық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Халықаралық тұрақтылық мынадай жәйттерге негізделуі қажет:

- ядролық соғысты болдырмау; жаппай қарулануды тоқтату, қарусыздандыру; мемлекетаралық, аймақтық және ұлтаралық қарулы қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу; күш қолданып, қоқан-лоқы көрсетуді, әскери текетірестікті болдырмау; халықтардың өзара қатынастарындағы сенімділігі негізінде зорлықсыз саясат жүргізу;

- барлық тараптардың мүдделері балансы негізіңде жан-жалдарды және халықаралық тұрақсыздықты болдырмау үшін, қауіпсіздіктің ғаламдық және аймақтық құрылымдарын жасау;

- мемлекеттер арасындағы қатынастарда әлеуметтік-саяси таңдаудың еркіндігін, егемендік пен тәуелсіздікгі әлемнің барлық елдерімен ынтымақтастық пен әріптестікті дамытуға кепілдік беретін праволық негіз жасау.

- табиғи орта да экологиялық апатты болдырмау жөніндегі бірлескен белсенді іс-қимылдарға бару;

- әлемнің әртүрлі бөліктеріндегі етек алған ашаршылықты, кедейлікті, жаппай індеттерді, ауыр науқастарды, нашақорлықты, халықаралық терроризмді, экономикалық дағдарысты бірігіп жеңу;

- дүниежүзілік шаруашылық байланыстарды интенсивті түрде кеңейту, ғылыми-техникалық және экономикалық айырбастар үшін тосқауылдарды жою;

- адамзаттың болашағы үшін тарихи жауапкершілік тұрғысынан қимыл жасайтын аймақтық және ғаламдық көлемдегі барлық халықаралық ұйымдармен өзара ынтымақтастықта болу.

Мемлекеттердің халықаралық аренада басқа да субъектілермен қатынасын реттеуді сыртқы саясат дейміз. Ол субъектілерге мемлекеттер, шетелдік партиялар мен қоғамдық ұйымдар, дүние жүзілік және аймақтық халықаралық ұйымдар жатады. Сыртқы саясат мемлекеттің экономикалық, демографиялық, әскери, ғылыми-техникалық және мәдени потенциалына сүйенеді. Ал соңғылары ғылыми-техникалық және мәдени жағдайлар мемлекеттің сыртқы саясатындағы мүмкіншіліктерін айқындайды. Мемлекеттің сыртқы саясатының өзегі - ұлттық мүдде. Ұлттық мүдде саласында дәстүрлі мына мәселслер жатады: ерікті және тәуелсіз ұлттық мемлекеттің болуы; сырттан төнген қауіптен қорғану; ұлттың халжағдайының жоғары болуы, халықаралық аренада мемлекеттің саяси және экономикалық бағытын қорғау, әлемдік саясатта оның ықпалының кеңеюін сақтау. Ұлттық мүдде, елдің сыртқы саясатының бағытынан, басқа мемлекеттер мен жасалатын қатынастардағы нақты мәселелер төңірегіндегі табысқа жету жолдарының мүмкіншіліктсрі, үкіметтің саясатынан айқындалды.

Сыртқы саясат бағыты әртүрлі жағдайларға байланысты қалыптасады. Ұзақ мерзімді процесстер елдің стратегиялық жағдайына байланысты ең алдымен ол географиялық факторға тікелей қатысты. Бұл туралы Напалеон "кез-келген мемлекет саясатын өз географиялық жағдайына сай жүргізеді" - дейді. Мемлекетің геосаясатын анықтайтын факторлардың ішінде ең бастылары мыналар: теңізге шығу мүмкіндігі, өзендердің болуы және болмауы, елдің теңіз жағалауына, не аралға орналасуы, табиғи кедергілердің болу болмауы, елдің территориясының көлемі, демографиялық жағдайы. Сонымен бірге ол мемлекеттің ауа-райы, климаты, жерінің құнарлылығы, ондағы қазба байлықтар, күн сәулесінің түсуі, еңбек күшінің өсу мөлшері, мәдени өмірдің дамуы, әлеуметтік ұйымдардың түрлері және саяси құрлыстың ерекшеліктері.

Мемлекеттің сыртқы саясатын қалыптастыруда идеология маңызды рөл атқарады. Сыртқы саясат адамзат өмірінің басқа салалары секілді қоғамның ішіндегі қалыптасқан саяси ахуалды, адамдардың өзара қарым-қатынасын, әлеуметтік дамудың заңдылықтарының негізінде жасалып, соны айқындайды. Міне, осы себепті сыртқы саясатты, ішкі саясаттан бөліп қарауға болмайды. Ол көбінесе мемлекеттің ішкі ресурстарына сүйенеді. Сонымен қатар сыртқы саясаттың өзіне тән бірнеше ерекшеліктері де болады. Әлемде сыртқы саясатта, мүдделері келісе бермейтін әр түрлі мемлекеттер өмір сүреді. Бүгінде әлемде 200-ден астам мемлекеттер бар. Мұндай әркелкілік сыртқы саясатта, субъектілер қолданып жүрген халықаралық құқық негізіне сай мәмілеге келу қажеттілігін тудырады. Ал сыртқы саясатты іс жүзіне асырудың формасы басқа елдермен мемлекеттік дәрежеде арнайы жүргізілетін қарым-қатынас құралы дипломатия болып табылады. Мемлекетаралық саясатты жүзеге асырудың дәстүрлі формасы дипломатиялық қатынастар орнату (оны үзу, соғыс ашу және т.б.) болып табылады. Сондай-ақ, сыртқы саясаттағы мақсаттар арнайы дәрежеде болатын сауда-экономикялық, ғылыми-техникалық, қаржы-несие және мәдени байланыстар арқылы да жүргізіледі. Қазірде мемлекеттік құрылымдарда сыртқы саясатты іс-жүзіне асырып, оған бақылау жасап отыратын арнаулы органдар бар. Олар сыртқы істер министрлігі, парламент комитеттері, елшіліктер мен өкілдіктер, шет елдердегі ғылыми және мәдени орталықтар.



4) Иллюстрациялы материалдар: кесте, сызба

5) Әдебиеттер

  1. Жамбылов Д. “Саясаттану негіздері” Алматы “Жеті жарғы” 2000.

  2. Қуандық Е.С. “Саясаттану негіздері” Астана “ Елорда” 2000.

  3. Хан И.Г. “ Саясаттану” Алматы ҚазГЗУ 2003.

  4. Байдельдинов Л.А. “Политология” Алматы. 1997.

  5. Борисов Л.П. “Политология” М., 1998.

  6. Ирхин Ю.В., Зотов Л.В. “Политология” М., 1999.

  7. Козлов Г.Я., БулуктаевЮ.О. “Политология” Алматы 1995.

  8. Мальцев В.А. “Основы политологии” М., 1997.

  9. Радугин А.А. “Политология” М., 1998.

  10. “Основы политической науки” под. ред. В.П. Пугачева Москва, 1994.

  11. Назарбаев Н.Ә. “Ғасырлар тоғысында” Алматы 1996.

  12. Қуандықов Е.С. “Саяси партиялар: Әлемдік тәжірбие” // Астана ақшамы. 1998, 17, 20 қараша.

  13. Шәмшатов И., “Мемлекет деген не ?” // Ақиқат. 1993. №6. 7-10-б.

6) Қорытынды сұрақтар :(кері байланысы)

1. Әлемдік саясат туралы түсінік және оның мәні

2. Сыртқы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар

ұғымдарының түсінігі және мәні

3. Сыртқы саясаттың мақсаты

4. Сыртқы сасяатты жүзеге асырудың механизмдері

5. Қазақстан және әлемдік қауымдастық, қазіргі кезеңдегі Қазақстанның

сыртқы саясаты.



1)Тақырыбы : 15. Егемен Қазақстанның саяси проблемалары.

2) Мақсаты : Қазақстанның саяси дамуының негізгі мәселері мен жолдарын көрсету.
3.) Дәріс тезистері

1. Егеменді Қазақстанда саяси аспектілерінің қалыптасуы мен дамуы

Қазақстанды өңірдің көшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, сондай-ақ халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналдырдық. Қаруланбау мен ядролық қарусыздану жолын таңдап алып, әлемдік қауымдастықтың алдында өңірлік қауіпсіздік факторына айналдық. Қазақстан Семей ядролық сынақ полигонын өз еркімен жапты. Әлемдегі төртінші ракеталық-ядролық әлеуетінен бас тартып, күллі дүниеге үлгі көрсетті. Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық процестердің бастамашысы әрі белсенді қатысушысы болды. Біздің еліміздің әлемдік аренадағы есімі Азиядағы Өзара іс-қимыл мен сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру туралы ұсынысымен тікелей астасып жатыр десек асыра айтқандық емес. Өзіндік төлтұма құжат – Сенім шараларының каталогын қабылдаған Сыртқы істер министрлерінің Алматыдағы соңғы кездесуі - мен 1992 жылдың өзінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында жасаған бастаманың ойдағыдай іске асуының жақсы айғағы. Егер 1991 жылы әлемдік қоғамдастықтың іс жүзінде Қазақстанға қандай да бір ықыласы аумай келсе, бүгінгі күні Қазақстанды әбден танып, құрметтеп отыр. Таяуда белгілі Ресей ғалымы академик А. Аганбегян атап көрсеткендей, «Қазақстан мен Қытай сияқты екі ел бүгінгі таңда жоғары экономикалық даму қарқынына жетіп отыр».

Біз қайда бара жатырмыз? Мен жүзеге асқан бастамаларымызды баяндап бердім. Біз бірлесе отырып, еркін экономика мен ерікті ұлт жасақтау жолында алға жылжуымызға қажетті берік негіз қаладық. Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірінен саналады, бұл да барша жұрт таныған ақиқат. Қымбатты отандастарым! Сіздер менің ұлттың бастаушысы болуыма сенім жүктеп қана қойған жоқсыздар, сіздер әрдайым менің жанымнан табылып, сөздеріңізбен де, істеріңізбен де, мені әрдайым қолдап отырдыңыздар, сол үшін де мен сіздерге шын көңіліммен ризамын. Біздің болашағымызды мен өзіме қалай елестетемін? Еліміздің экономикалық және саяси дамуындағы түбегейлі жаңа кезең, Қазақстанды одан әрі жаңарту мен демократияландыру – біздің күн тәртібіміздегі мәселе осындай.

2. Қазақстан Республикасындағы саяси модернизация

Сондықтан да алдағы уақытта - мемлекеттілікті нығайтуға, Қазақстанды осы заманғы демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде дамытуға; - еліміздегі және өңірдегі бекем тұрақтылықты нығайтуға; өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға; - жаһандану талаптарына сәйкес экономиканы серпінді дамытуға және шикізаттық емес секторларды ілерілетуге баса ден қоя отырып, жаңа технологияларды дамытуға; - білім беруді, кәсіптік даярлық пен әлеуметтік саланы 21 ғасырдың деңгейіне көтеруге; - азаматтық қоғамды дәйекті дамыта беруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге; - қазақ халқының моральдық және рухани құндылықтарын одан әрі дамыта беруге; - діни негіздегі жатсынбаушылық пен конфессиялар аралық келісімді қамтамасыз етуге; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске; - лаңкестікке, есірткі саудасына, кез келген түрдегі экстремизмге қарсы жаһандық күреске бағытталады. Ендігі бір айтқым келетін жәйт: Қазақстан бүгін Еуропа мен Азия арасындағы коммуникациялар легінің түйіскен тұсында тұр. Біздің міндет - осынау бірегей геосаяси жағдайымызды өз еліміз бен халықаралық қоғамдастықтың мүддесі үшін ұтымды пайдалану. Бүгін мен өзіміздің бұдан былайғы жаңғыруымызды жеделдетудің нақтылы жоспарын ұсынғым келеді.



4) Иллюстрациялы материалдар: кесте, сызба

5) Әдебиеттер:

1 .Жамбылов Д. “Саясаттану негіздері” Алматы “Жеті жарғы” 2000.

2.Қуандық Е.С. “Саясаттану негіздері” Астана “ Елорда” 2000.


  1. Хан И.Г. “ Саясаттану” Алматы ҚазГЗУ 2003.

  2. Байдельдинов Л.А. “Политология” Алматы. 1997.

  3. Борисов Л.П. “Политология” М., 1998.

  4. Ирхин Ю.В., Зотов Л.В. “Политология” М., 1999.

  5. Козлов Г.Я., БулуктаевЮ.О. “Политология” Алматы 1995.

  6. Мальцев В.А. “Основы политологии” М., 1997.

  7. Радугин А.А. “Политология” М., 1998.

  8. “Основы политической науки” под. ред. В.П. Пугачева Москва, 1994.

  9. Назарбаев Н.Ә. “Ғасырлар тоғысында” Алматы 1996.

  10. Қуандықов Е.С. “Саяси партиялар: Әлемдік тәжірбие” // Астана ақшамы. 1998, 17, 20 қараша.

  11. Шәмшатов И., “Мемлекет деген не ?” // Ақиқат. 1993. №6. 7-10-б.

6) Қорытынды сұрақтар(кері байланысы)

1. Қазақстанда саяси , экономикалық социомәдениеттік бағыттағы модернизациялануы

2. Ұлттық мүде туралы түсінік

3. ҚР-да жаңа мемлекеттік идеологиясының қалыптасуы



4. Егеменді Қазақстан халықаралық қатынаста жүйесінде

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет