Курсы: 1,2 Семестрі: 1,4



бет2/7
Дата15.09.2017
өлшемі1,38 Mb.
#33555
1   2   3   4   5   6   7

4. Жаңа Еуропалық саяси ой.

Христиан дінінің теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) өмір сүрді. Оның саяси көзқарастары "Билеушілердің басқаруы туралы", "Теологияның жиынтығы" деген еңбектерінде қаралды.

Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын котолик дінінің қағидаларына бейімдеуге тырысты. Атап айтсақ ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін негізге алды. Жалғыз адам әу бастан өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке - дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан бірігіп мемлекет болып өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел баста жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты - "ортақ игілікке" жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс. Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды және соның бұйрығымен жүзеге асырылады. Билік басындағылардың халыққа жасаған жақсылықтарының бәрі бір жаратушының арқасы деп түсіндірді. Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы тиіс. Оның пайымдауынша аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі керек. Ол биліктің монархиялық түрін жақтады. Осыған ұқсас саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды. Онда билік дін басыларының қолында болуын көздеді. Құранның талабы бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс.

Әйгілі араб ойшылы Ибн Хальдун (1332-1406 жж.) өмір сүрген. Ол "өзінің Тарихқа кіріспе" деген еңбегіңце қоғам мен билік түрін ғылыми талдап береді. Адамның жануардан айырмашылығы сол ол билікті қажет етеді деген пікір айтады. Оның осы пікірі екі түрлі саяси қағидаға негіз болды:

а) қоғамдық топтардың өзара дау-жанжалын шешудің қағидасы;

б) басшы топтар билігінің шеңберлі айналу түрінің қағидасы.

Томас Мюнцер (1493-1525 жж.) Германиядағы Ұлы шаруалар көтерілісі кезіндегі "халық реформасы" ағымының ірі саяси қайраткері. Ол қоғамда шешуші рөл атқаратын саяси бағдарлама жасауды ұсынды. Бағдарламадағы негізгі талап, жеке меншікті жою мүліктерді біріктіріп, таптық айырмашылықтарды теңсіздікті, болдырмау жалпы бірдей теңдікті кіргізуді жақтады. Мюнцердің мұндай негізсіз, қарапайым коммунизмі кейіннен діни мазмұн алып өзгеріске ұшырады. Ниеті түзу прогресшіл рөл атқарғанымен, оның іс жүзіне асуы өте күрделі еді.

Мюнцердің замандастары алғашқы социалист утопистер Т. Мор мен Т. Кампанелла да халық мүддесін ойлап, келешек адамды адам қанамайтын қоғам туралы өз ойларын, тұжырымдарын білдірді.

Томас Мор (1478-1535 жж.) ағылшын гуманисі саяси қайраткер, утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі. Өзінің "Утопия" деген еңбегінде Англиядағы саяси құрлысты сынайды. Онда мемлекетті басқару барысында өз қарамағындағы адамдардың қаналуына қарсы шығады. Ол қанаудың көзін қоғамдағы жеке меншіктің болуымен байланыстырады. Өндіріс-құрал жабдықтарына жеке меншіктілік мемлекеттігі барлық әділетсіздіктің адамдар арасындағы теңсіздіктің көзі деп білді. Бұл тұжырым Томас Морды социалист қатарына көтереді. Бірақ ол оған жету жолын көрсете алмады. Сондықтан да ол утопист дәрежесінде қалды. Ол адамдардың еркіндігі мен теңдігі сақталған саяси құрлыстың қандай болатындығын айтумен шектелді. Оның саяси идеалы арманы демократиялық мемлекет құру болды. Бұл қадамы адамдардың жеке бас еркіндігі идеясынан туындаған пікір еді.

Утопиялық социализмнің ендігі өкілі Томмазо Кампанелла (1568-1639 жж.) өзінің "Күн қала" деген еңбегінде Мордың пікірін жақтай отырып, барлық теңсіздікті, қайыршылық пен байлық өмірдің болуын жеке меншіктің шығуымен байланыстырады. Әлеуметтік теңсіздік мемлекет тарапынан қанауды жүзеге асырады. Мемлекет билеуші халық мүддесі емес, өз жағдайын ойлайды. Кампанелла ойынша үлгілі қоғамдық-саяси құрлыс тек қоғамдық меншіктің негізіңде ғана құрылады. "Күн қала" атты қоғамдық құрлыстың басты белгісі сонда оның адамдарының бәрі еңбекпен айналысуы қажет. Оның пікірінше мемлекеттік билік халықты байға, кедейге, үстем тапқа бөлмей барлық жұрттың мүддесіне бірдей қызмет етуі керек. Демократиялық мемлекетте заңға негізделген теңдік, ерісіндік болуы қажет. Тек, мүлік тендігін қорғайтын мемлекет ғана мықты болады. Оның мақсаты адамзат баласының саяси және адамгершілік еркіндігін қамтамасыз ету болды. Осы көзқарастарының іс жүзіне асырылуын Кампанелла халық пен мемлекет арасында болатын берік одақтың нәтижесінен күтті. Үлгілі адамдардың бәрінің мүддесін қолдайтын мемлекетті құдай бермейді, ол саналы адамдардың әрекеттерінің нәтижесінде, заң негізінде пайда болады деп, көрегендік болжау айтты.

Қаланың төменгі бөлігі мен кедей шаруалардың өкілі ағылшын утописі Джерард Уинстэнли (1609-1652 жж.) "Еркіндік заңы" атты еңбегінде қоғамдық-ұжымдық меншікке негізделген республиканың конституциясының негізін жазды. Ол адамдардың барлығы дерлік табиғатынан тең-бірдей, сондықтан жер иеленуге еңбек етіп жақсы өмір сүруге лайықты деп тұжырымдайды. Мемлекетті еркіндікке негізделген жалпы заңдарға сүйеніп құруды ұсынады.

Саяси ой тарихында орта ғасырлардаты феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (Ү-ХҮІ ғасырлар). Бұл дәуірдегі рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті.

5. Томас Гоббс (1588-1679) - XVII ғасырдағы ағылшын революциясы кезіндегі көрнекті саяси ойшыл, философ-материалист. Жаңа дәуірдегі саяси ғылымның ірге тасын салушылардың бірі болып есептеледі. "Азаматтуралы", "Левиафан" т.б. еңбектерінде мемлекет пен саяси өкіметтің өзара келісімі негізінде, заңға бағынған қоғамның басқару теориясын ұсынады. Гоббстың айтуынша мемлекет ұлы да қүдіретті күш өздерінің құзырындағы адамдарға шексіз билік жасайды және олардың мүлтіксіз бағынуын міндеттейді. Сөйтіп Гоббс мемлекетке толық бағынудың қажеттілігін мойындап оның төменгі табының құқын шектейді. Ол шексіз билікті қамтамасыз ететін мемлекеттің монархиялық түрін қолдайды.

Буржуазия мен дворяндардың мүдделерін жақындастыруға күш салған әлеуметтік екі жіктің дәнекерші - идеологы Джон Локк (1632-1704) XVII ғасырдағы ағылшын революциясы кезіндегі саяси-материализмнің негізін салушы. Оның басты еңбегі "Мемлекетті билеу туралы екі трактат" және т.б. Локк мемлекетті шексіз билеуге қарсы шықты. Халықтың еркіндігін жақтай отырып, тиранға-қанды шелек рақымсыз басшыға қарсы күрестің заңды, әділетті екенін атап көрсетті. Локктың саяси көзқарастарының негізгі мәні дәстүрлі король үкіметінің билігі туралы теорияны жоққа шығарып, адам табиғатына лайықты мемлекеттік құрлысты құру еді. Адамның бостандығы адамзат баласының барлық праволарының негізі деп санап, егер бостандық жоғалса, ол онда өмір сүру мәнінен айрылады деді. Сондықтан адамның бостандығын қорғайтын заңның қажет екендігін көре білді. Локк үкіметтің заң шығарушы органы мен атқарушы органын бөлуді ұсынды. Заң шығарушылардың өз туындыларына өздерінің бағынуын талап етті. Оның ілімдері саяси ой-пікірдің дамуына әсер етіп, буржуазиялық мемлекеттердің құрлысында пайдаланылды.

Жаңа кезеңнің ілімдерінде "қоғамдық келісім" идеясы маңызды орын алды. Жаңа замандағы саяси-теориялық білімде "жеке адам" - мемлекет өзекті мәселеге айналды. Адамның бостандығын қорғауды сенімді жүзеге асырушы деп мемлекетті сынады.

Қайта өрлеу дәуірінің әлеуметтік-саяси ойының өкілі италияндық Никколо ди Бернардо Макиавелли (1469-1527) болды. Ол діни догмаға емес, бақылау фактыларына негізделген саяси ғылымға жол салды. Ол Италияны біріктіру үшін күресте саясат мәселелерімен айналысты. Макиавелли бір орталықтан басқаратын ұлттық мемлекетті жақтады. Өзінің "Государ" деген басты еңбегінде өткенді түсіндіретін, осы күнгіні басқаратын, болашақты бағдарлайтын саясатты "тәжірибелі ғылым" деп атады. Адам билік пен меншікке ұмтылатын болғандықтан оның бойында менмендік пен өшпенділік, жауығу мен зұлымдық қалыптасады деп есептеді. Сондықтан ол моралға сүйенбей күшке сүйену керек дейді. Ол өз кезіндегі саяси ғылымға "мемлекет" деген термин енгізді. Мемлекеттің ең озық түрі деп ол республиканы таңдап алды. Макиавеллидің идеялары мен ойлары қайта өрлеу және Реформация дәуіріндегі бірқатар ағымдардың саяси доктринасына айналды.

XVIII ғасырдағы Францияның саяси идеологиясының бір ағымы ағартушылық деген атқа ие болды. Бұл ағымның идеолоттары үшінші сословиенің (Францияда 1789 ж. революцияға дейін дворяндар мен дін иелерінен өзгеше санға қосылмаған қала және село халқы) мүддесін қорғады. Олардың бағдарламасы феодалдық қоғамға қарсы бағытталып, буржуазиялық құрлысты уағыздады. Ағартушылар крепостнойлық тәртіпке қарсы шығып, өзін-өзі билеу еркіндігін жақтап, халық мүддесін қорғады. Бұл ағымның өкілдері Ағартушылықты дамыту, осы қалыптасқан тәртіпті өзгертеді деп есептеді. Алайда олар революцияның болу мүмкіндігін де жоққа шығармады.

Шарль Луи Монтескье (1689-1775 жж.) француздың ағартушылық кезеңінің әйгілі саяси ойшылы. Оның ең басты еңбегі "Заңдардың рухы туралы". Монтескьенің идеалы конституциялық монархия болды. Оның пікірінше саяси бостандықты әкелетін оны тудыратын мемлекет деп білді. Ол мемлекетте ойыңа не келгенді емес, заң не істеуге мүмкіндік береді, сонымен ғана шұғылдануды еркіндік деп санады. Заңды қатаң сақтау бостандықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік төңкерістерді болдырмауға қызмет етеді. Ол мемлекеттік биліктің үш сатысын, заң шығарушы, атқарушы және сот билігін бөлу арқылы басқару азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, өкімет билігін теріс пайдаланып қиянат жасауды болдырмайды деген ой айтады. Ол саяси бостандық, экономикалық дамуына да ықпал етеді деп есептеді. Сөз, баспасөз, ар-ождан бостандығына еркіндік беруді, мүлік теңсіздігін жоюды, азаматтардың күн көрулеріне, өмір сүрулеріне жағдай жасау міндеттілігін көрсетті. Ол бейбітшілікті қорғады. Басқа елді жаулап құлдыққа түсіруге қарсы болды. Оның көзқарастары саяси ойдың дамуына үлкен әсерін тигізді.

Демократиялық тенденциялар Жан Жак Руссонның (1712-1778 жж.) еңбектерінде айқын көрінеді. Ол өзінің "Қоғамдық келісім жөнінде" деген еңбегінде демократиялық билік идеясын ұсынады, оның мәні халық заң шығаруға қатысуы керек. Кез-келген биліктің негізі, ол қоғамдық шартқа негізделген адамдардың өзара келісімі. Қоғамдық шарттың мәні, ол әрбір адам өзінің еркін жоғары биліктің қол астына бере отырып, өзі де сол билікке қатысады дейді. Тәуелсіздік халыққа тән, ол ешбір заңмен шектелмеуі тиіс. Демократия мен бостандық сонда, егер заң шығарушы халықтың өзі болса деген озық пікір білдіреді. Заң жалпы халықтың еркінен туады ал, мемлекет басшысы сондықтан одан жоғары бола алмайды. Жеке адамның билігі зорлықпен ұштаспауы керек, ол заң шеңберінде ғана әрекет еткені абзал. Ешбір адам басқа бір адамдарды сатып алатын дәрежеге дейін баюға тиіс емес, сондай-ақ, ешбір адам өзгеге сатылатындай соншалықты кедей де болуға тиіс емес. Ол шексіз байлыққа қарсы тұратын заң қабылдау керек деген пікір айтады. Мемлекеттегі заң шығарушы және атқарушы биліктерді бөлуді ұсынды. Оның бұл идеялары 1789 және 1793 жылдардағы Адам және азаматтар құқыларының Декларациясына енді. Жан-Жак Руссоның идеялық ықпалы буржуазиялық демократизмнің шегінен асып түсті.

Консерваторлар монархияны қайтадан қалпына келтіруге және фодалдық-аристократиялық дәстүрлі мұрағаттарды жандандыруға шақырды. Консерваторлар ағартушылық ағымның адамдардың табиғи құқықтары мен бостандықтары туралы идеясын қабылдамады. Олар жеке адамның қоғамдағы қауіпсіз жұмыс істеуіне басты назар аударды. Сондықтанда қоғамның әлеуметтік-саяси дамуы эволюциялық жолмен біртіндеп жүруі қажет, яғни ескі жаңа жағдайға бейімделу жолымен жетеді дейді. Консерваторлар мемлекет қуатының артуының негізі жеке меншік деп санады. Ал мемлекет болса оған араласпауы керек деп білді.

Либерализм идеология ретінде капитализмнің жедел дамуына әлеуметтік-саяси жағдай жасауға бағытталды. Либералдар құқық пен бостандықты, алдымен жеке адамның және өнеркәсіп бәсекесі бостандығын жақтады. Егер консерваторлар қоғамды біртұтас организм ретінде түсінсе, либералдар адамдардың саналы қызметін жетілдіретін механикалық агрегатқа балады. Либерализм - жеке адамға артықшылық беруді жақтады.

Томас Джефферсонның (1743-1826 жж.) саяси көзқарасы демократизмге толы болды. Ол тұңғыш адам құқығының Декларациясының, АҚШ-тың Тәуелсіздік Декларациясының авторы. Ол мемлекеттің монархиялық формасын сынға алып, халық бостандығы идеясын жақтайды. Оның саяси идеалы фермерлердің демократиялық республикасы болды.

XVIII - ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бірінші жартысында Батыс Еуропа елдерінде өркениеті дамудың негізі қаланды. Оған Ұлы Француз революциясынан кейінгі өнеркәсіп төңкерісі себеп болды. Капиталистік қатынастар дамып, буржуазиялық қоғам тарихи сахнаға шықты. Сонымен бірге саяси өмірде буржуазия бостандыққа, прогреске, заңдылықтың болуына ұмтылды. Буржуазияның осы кезеңдегі идеологиясы либерализм болды. Олардың идеологтары Б. Констан, И.Бентам т.б. болды. Либералдар буржуазияның құқы мен бостандығын ең алдымен жеке бас еркіндігін, дербестігіне қолсұғылмаушылығын жеке меншікке еркіндік, мемлекеттің экономикаға араласпауын негіздеп берді. Бұл кезендегі либерализмге буржуазияның дамудағы революция мен радикализмнен гөрі байыпты дамитын эволюциялық жолға түсуі байқалды. Оның көрнекті өкілі француз Бенамен Констан (1767-1830 жж.) болды. Ол буржуазияның құқы мен бостандығын қорғап, либералдық саяси тәртіпті жақтады. Сондай-ақ, ол революциялық демократтардың идеологиясын оның ішінде Ж. Руссоның халыққа егемендік беру керек деген теориясына қарсы шығып соны сынады. Ол жеке тұлға мен мемлекет арасындағы мәселеге де назар аударып, оны либерализм тұрғысынан шешуге тырысады. Халықтардың бостандықтарының ірге тасы олардың жеке құқы, саяси еркіндігі деп біледі. Азаматтық бостандықты мойындамайтын билік тиранға айналып өзінің негізін жояды дейді. Бұдан шығатын қорытынды мынау: саяси билік монархтың ба, әлде халықтың ба қолында болса да бәрібір шексіз болмауы тиіс. Оны болдырмайтын шекара болып жеке тұлғаның құқы есептеледі. Өкіметтің қызмет бабын асыра пайдалануына қарсы күш біріншіден, парламентте шоғырландырылтан қоғамдық пікірдің күші болса, екіншіден, билікті бөліп басқаратын, олардың теңдігін қамтамасыз ету деп біледі.

Констан мынадай билік жүйелерін ұсынады:

1. Королдік билік, өзге биліктерді келістіруші олардың қызметтерін, келіспеушіліктерін реттеуші міндетін атқарушы рөлінде көрінеді; 2. Атқарушы билік парламенттік принцип негізінде әрекет ететін министрлерге жүктеледі; 3. Тұрақты мұралық пен берілетін пэрлердің жоғарғы палатасының билігі; 4. Қоғамдық пікірді іс жүзіне асыратын төменгі палата билігі. Жоғары мүлік цензасы ескеріліп, төте сайлау негізінде құрылады; 5. Сот билігі; 6. Тәуелсіз тек муниципальдық (жергілікті) мәселелерді шешетін билік. Жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру Констанның пайымдауынша орталықтың қатаң бақылауынан босатып, азаматтардың белсенділігін арттырады, еркіндікке жол ашады.

Ағылшын либеральдық буржуазиялық көрнекті өкілі Иеремия Бентам (1748-1832 жж.) өмір сүрген. Өзінің "Заңдылықтың принциптері", "Конституциялық кодекстің барлық мемлекеттер үшін бастамасы" деген еңбектерінде саяси және құқықтық институттарды демократияландырудың бағдарламасын негіздеді. Бентам ілімінің негізгі қағидасы адам әрекетіндегі пайда мен табыстың қалай пайдаланатындығында. Сол пайдалардан адамның әлеуметтік қасиеті көрінеді. Әркім ең алдымен өзін ойлауы керек дейді. Ол революциялық идеологияны жоққа шығарып, реформаны қолдайды. Сөйтіп оның ілімі Англиядағы буржуазиялық-демократиялық қозғалысқа ықпал етті.

XIX ғасырдың екінші жартысында Органикалық теорияның негізін салған ағылшын ойшылы Герберт Спенсер (1820-1903 жж.) болды. Оның саяси ілімінің негізі мемлекет пен биологиялық организмді салыстыру арқылы жүргізу болды. Мемлекетті "саяси агрегат", "саяси қогам" сияқты деп салыстырмалы түрде қарайды. Биологиялық организм секілді мемлекет те пайда болады, дамиды, кеңейеді, ескіреді, қирайды дейді. Үкіметтегі апаратты тірі организмдегі жүйке, ми органдары сияқты мемлекетті реттеуші деп түсіндіреді. Спенсер еркін бәсекелестік дәуіріндегі капиталистік мемлекетті жақтады.

Жаулап алу теориясын, австрияның социологы ұлты поляк Людвиг Гумплович (1838-1909 жж.) жасады. 1883 жылғы "Нәсілдер күресі" деген кітабында адамзат қоғамындағы таптар күресінің маңызын жою мақсатымен тарихта нәсілдер соғысы келе жатыр деген теория жасайды. Күшті мен әлсіз нәсілдер арасындағы қақтығыс біріншісінің екіншісі жеңуімен аяқталатынын ескертеді. Оның ойынша мемлекетті өмірге әкелген құдай да, қоғамдық келісім және бостандық идеялары да емес, бірнеше тайпалар мен топтардың өзара қақтығысы. Мемлекеттің пайда болуымен әлеуметтік топтар арасындағы күрес тоқтамайды керісінше жаңа формада жалғасады.

Немістің социолог-тарихшысы Макс Вебер (1864-1920 жж.) дамыған елдердегі мемлекеттік бюрократияның авторы ретінде белгілі. Оның пікірінше бюрократия - бұл адамдар қызметінің ұжымдық формасы. Ол мемлекеттік ұйымдардағы бюрократтық жүйені өзінің тәртіпті, сенімді, қатал және қалыптылығына қарап, қазіргі қоғамдағы кез-келген басқа жүйеден артық деді. Мемлекеттік-бюрократтық ұйымдардың қызметінің негізі етіп, барлық шенеуніктер меңгеруге тиіс қызметтік біліктілік принципін алады.

Қоғамның шаруашылық өмірінің, әр түрлі әлеуметтік топтардың материалдық және идеологаялық мүдделері мен діни сананың араларында қандай байланыстар бар, соларды ашуға тырысты. Дінді капитализмді тудыратын белсенді күш деп санады. Вебер әлеуметтік құрылым мен таптық жанжалдарға елеулі көңіл бөлді. Болашақ қоғам жұмысшы табының диктатурасы емес, шенеуніктердің диктатурасы болады деді.

Итальян саясаттанушылары Гаэтано Моска (1853-1941 жж.) және Вильфредо Парето (1848-1923 жж.) алғашқысы "Саяси тап" екіншісі "Элитизм" теориясының авторлары. Элита - француз тілінде сұрыпталған, іріктелген, таңдаулы деген мағынаны білдіреді. Олардың ойынша, қарапайым халық өзін-өзі басқара алмайды, оған қабілеті, өресі жетпейді дейді. "Саяси ғылым негіздері" деген 1896 жылғы еңбегінде Моска саясат дегеніміз бір біріне қарама-қарсы екі таптың күресі. Қоғам екіге бөлінеді: жоғарғы "элита" және төменгі-бағынушылар. Элитаның өзін басқарушы және басқару құқығы жоқтар деп бөлді. Моска билеуші тапқа кірудің үш жолын көрсетеді: олар әскери атақ, байлық, қасиеттілік. Билеуші тап қоғамда мығым және жаңарып отырудың үш жолын көрсетті. Олар мұрагерлік, сайлау және басқарушыларды жаңа күштермен алмастырушылық.

Билеуші тапты жаңартып отыру керек деген пікірді Парето да жақтайды. Ол аристократияның мәңгі еместігін ескертеді. Олар дамудың белгілі бір сатысында алғашқы қадамынан айрылып ізденімпаздық қасиетінен айрылады. Осындай кезде қоғамда билікке ұмтылған күш-қуаты жеткілікті жаңа элита пайда болады. Ал, билеуші элита өз еркімен биліктен кетпейтіні де белгілі. Сол себепті қоғамдағы элиталардың алмасуы күш қолдану, мемлекеттік төңкеріс, революциялар арқылы жүзеге асады. Ал мұның өзі жалпы алғанда қоғам үшін пайдалы деп есептеді. Бұл екеуі де демократияға қарсы болып, оны қиял, сағым деп бағалады.

Міне, саясаттану ғылымының қалыптасуы мен дамуының қысқаша тарихы осындай.

4) Иллюстрациялы материалдар: кесте, сызба

5) Әдебиеттер


  1. Жамбылов Д. “Саясаттану негіздері” Алматы “Жеті жарғы” 2000.

  2. Қуандық Е.С. “Саясаттану негіздері” Астана “ Елорда” 2000.

  3. Хан И.Г. “ Саясаттану” Алматы ҚазГЗУ 2003.

  4. Байдельдинов Л.А. “Политология” Алматы. 1997.

  5. Борисов Л.П. “Политология” М., 1998.

  6. Ирхин Ю.В., Зотов Л.В. “Политология” М., 1999.

  7. Козлов Г.Я., БулуктаевЮ.О. “Политология” Алматы 1995.

  8. Мальцев В.А. “Основы политологии” М., 1997.

  9. Радугин А.А. “Политология” М., 1998.

  10. “Основы политической науки” под. ред. В.П. Пугачева Москва, 1994.

  11. Назарбаев Н.Ә. “Ғасырлар тоғысында” Алматы 1996.

  12. Қуандықов Е.С. “Саяси партиялар: Әлемдік тәжірбие” // Астана ақшамы. 1998, 17, 20 қараша.

  13. Шәмшатов И., “Мемлекет деген не ?” // Ақиқат. 1993. №6. 7-10-б.

6) Қорытынды сұрақтар(кері байланысы)

1. Ежелгі Шығыста және Ежелгі Греция және Римде саяси ілімдердің пайда болуы

2. Орта ғасырлық Батыс Европадағы саяси ойлар

3. Орта ғасырдағы Шығыс ойшылдарының саяси пікірлері

4. Қайта өрлеу және жаңа замандағы саяси ойлар

5. Маркстік саяси ойлар

6. 20-ғасырдағы Батыс Европа ойшылдарының саяси идеялар

1) Тақырыбы: 3. Қазақстандағы саяси ойлардың тарихы.

2) Мақсаты: Қазақ даласындағы саяси ойлардың қалыптасуын негізгі кезеңдерін және даму тарихын түсіндіру.

3) Дәріс тезистері

1. Қазақстанда саяси ойлардың пайда болуы және дамуы.

Қазақ халқының саясат туралы түсініктері ертеректен бері қалыптасып белгілі болған. Адамзаттың ұлы перзенті, "Екінші Аристотель" деп атанған Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл Фараби, яғни әкесі - Ұзлағ, арғы атасы - Тархан. Ол ғылымның әр алуан саласына ой тастап, аса маңызды, құнды пікірлер, тұжырымдар, фәлсафалық сындарлы мұралар қалдырған кемеңгер. Ол қазақ жерінде, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасына таяу Отырар (Фараб) қаласында біздің жыл санауымыз бойынша 870 жылы дүниеге келген. Оқу, ғылым іздеумен сол кездегі әйгілі Араб халифатындағы білім орталығы болған Бағдатқа кетіп, сонда ұзақ жылдар тұрады да, Сирияда, Шам шаһарында 950 жылы дүниеден өтеді.

Ол мұсылмандық шығыстың қоғамдық ой-сана тарихында саясат туралы ілімнің негізін қалауға аса зор үлесін қосқан бірден-бір ойшыл. Оның саясат пен мемлекет туралы ілімді жасауға қосқан үлесі әлі толық зерттелген жоқ. Ол ортағасырлық таяу және Орта Шығыстағы қоғамның саяси және моральдық ахуалын зерттеп, әлеуметтік қайшылықтар кеулеген өз заманының аса өткір қоғамдық мәселелерін, оның ішінде мемлекеттің қоғамға қатынасын қозғады, қозғап қана қоймай ғылыми тұрғыдан талдады. Өзінің қоғам, мемлекет және саясат туралы тұғырнамасында өз заманынан озып озық ой айтты. Отырарлық ойшыл ұсынған "Қайырлы және қайырымсыз қалалар мен мемлекет туралы" теория сол кездегі өмір сүріп, үстемдік еткен ресми саяси жүйеге қарсы атылған оқтай болды.

"Ғылымдарды топтастыру туралы", "Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары", "Саясаттуралы", "Азаматтық саясат", "Бақытқа жету жолдары" деген еңбектерінде Әл-Фараби азаматтық ілімді (қоғам мен мемлекет туралы ілімді), юриспруденцияны (заң ғылымының) және догматтық құдай сөзі туралы ілімді өз алдына жеке-жеке боліп қарайды.

Әл-Фараби басқару мен патшалықтың яки жоғарғы өкіметтің негізі болып табылатын саясатқа үлкен мән береді. Ұлы ойшыл басқару екі түрлі болады дейді. Егер басқару шын бақытқа жеткізетін әрекеттерді, мінез-құлықтарды, ерік-қасиеттерін нығайтса, ол - қайырлы басқару. Оған мойын ұсынатын қалалар мен халықтар - қайырлы қалалар мен халықтар болып табылады. Ал бұл принциппен қабыспайтын басқару қиялдағы бақытқа ғана жеткізеді. Өйткені ол қаладағы теріс әрексттер мен жаман қасиеттерді көбейтеді. Сондықтан ондай басқару - надандық басқару болып табылады. Қайырлы патшалық өкімет, оның пікірінше, жалпы заңдар күшіне, адамның қалаларда және халық арасындағы қызметінің игі тәжірибесіне негізделеді. Басқаша айтқанда, басқарушы басқару теориясы мен басқару ісіне қанық болуы керек. Яки өкіметті басқаруға лайық болуы үшін ғұлама ойшыл патшалар мен әкімдер балаларына қандай жағдайлар жасауы, тәлім-тәрбие беруі керектігін түсіндіреді. Бұған қарағанда оның мұрагерлік патшалық өкіметті, басқару түрі ретінде мойындағаны көрініп тұр. Дегенмен ол білікті, мінсіз патша идеясын мойындайды, ал ел басқаруда надандық көрсететіндер, оның ойынша ешқашанда патша болуға тиісті емес. Азаматтық ғылым туралы еңбектерінде Әл-Фараби: біріншіден - өзінің өмір сүрген дәірінің саяси шындығын көрсетеді, сол кездегі үстемдік еткен саяси құрылымды қатты сынға алады, екіншіден - ол оны өзінің идеалы болып табылатын ең жетілген, кемелденген қайырлы қалалар мен мемлекеттер құрылымымен ауыстыру мәселесін ұсынады. Әл-Фараби "Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары туралы" трактатында саясат пен этиканың арасындағы өзара тығыз байланысты талдай отырып, мемлекеттік қайраткердің алдына қойған мақсатын жүзеге асыруда және бақытқа жетуге қажетті жағдайлар жасауда өз көрінісін табатын "мемлекетті басқару өнеріне" баса назар аударады. Ол бұл мәселені өзінің саяси идеалына сай нақтылайды. Оның пікірінше, басқару өнерінің басты бір ерекшелігі - адамдар мен әлеуметтік топтардың табиғи үйлесімділігіне жету, яки олардың мүддесін ескеру болып табылады. Фарабидің саяси теориясында игіліктерді жаппай баршаға тарату - мемлекеттік өкімет пен заңдылықтың мақсаты. Ол мемлекеттік адамдар қажетін бірлесіп қоғамдық жолмен қанағаттандыру үшін керекті ұйым деп анықтай отырып, тек осы ұйымның қалыптасуын, оның даму кезеңдерін ғана емес, сонымен бірге адамдар игілігіне, қайырымдылығына жетудің қоғамдық жолдарын да зерттеу керек деп есептеді. Адамзаттық игілікті, ізгіліктерді тарату Әл-Фарабидің ойынша, ең алдымен қайырымды мемлекеттің болуына байланысты. Жасампаздық бастамаларға негізделген мемлекет қана қайырымды да қайырлы. Ол қайырымдылық орын тепкен мемлекеттің басшысына және оның басқару тәсіліне үлкен маңыз берді.

"Кімде-кім табиғатынан басқаруға бейім болса, басқару соның үлесіне тиеді. Демек, қайырлы қаланың әкімі болуға басқаларға жол жоқ. Өйткені ол - кемелденудің ең жоғары деңгейіне жеткен ақыл-парасат иесінің орны. Яки оған табиғи жолмен ойлау қабілетінің ең жоғарғы дәрежесіне жеткен кісі ғана бола алады". Ал билік басында ақылды басқарушының болмауын Әл-Фараби мемлекет үшін аса үлкен бақытсыздық, кесепатқа ұрындырады деп есептеді. Оның пікірінше, әкім өз бойына табиғи он екі сапалық қасиетті ұштастыра білуі керек: біріншіден, басшы өзі орындауға тиісті әрекетті жүзеге асыруы үшін ең алдымен оның дені сау, күшті, әбжіл болғаны жөн. Табиғатынан өзіне айтылғанды терең, жан-жақты түсінетін; естігенін, көргенін, білгенін ұмытпай, жадында жақсы сақтайтын; аса өткір және алды-артын ойлай, көре білетін ақылды; оқуға және білуге құштар; әділеттікті, шындықты және оны жақтаушыларды сүйетін; өтірікті және оған баратындарды жек көретін, табиғатынан әділеттікті сүйе білетін адам болуы керек. Сонымен қатар ол белгілі бір шешім қабылдағанда табандылық көрсететін және қорқынышты, күйбеңді білмейтін, еш нәрседен қорықпайтын батыл адам болса тіпті жақсы дейді.

Әл-Фараби ғылыми және фәлсафалық білімдерді бағаламайтын, қараңғы, білімсіз, надандық, ашкөздік тойымсыздық пен зорлау үстемдік ететін мемлекетті басқарушылардың келешегі жоқ дейді. Оңдай мемлекет, оның пікірінше, қараңғы, білімсіз, надан және қайырымсыз адамдарды күштеу арқылы басқарылады. Олар тек байлықты, өкіметті және өз басы рахат көруді ғана бағалайды. Әділеттілік бұзылған қайырымсыз мемлекеттерде, түрлі келеңсіздіктерге жол беріледі, ғылыми және фәлсафалық білімдер сарқылады да, міндетті түрде зорлық-зомбылық салтанат құрады.

Оның идеялары қоғамымыздың түйінделген мәселелерін шешіп оны терең, жан-жақты ойластыруда, олардың шешімін тауып жүзеге асыруға септігін тигізеді.

Қорқыт (Дада Қорқыт) - ҮІІІ ғасырда Сырдария бойын мекендеген қыпшақ-оғыз тайпаларынан шыққан атақты жырау, дарынды күйші және ойшыл философ болған. Қорқыт жайында 12 дастаннан құралған (Китап дадам Қорқыт) кітаптың екі көшірмесі бар оның бірі Ватикан (Рим), екіншісі Дрезден қалаларының кітапханаларында сақталған. Ол өз өмірінде Алтай, Ертіс, Ұлытау, Кішітау, Есіл, Нұра, Сары-су, Талас, Сайрам, Сыр, Қаратау, Жетісу өлкелерін билеген үш ханға - Инал, Күл-еркін, Қаңлы қожа, сияқты хандарға ақылгөй уәзір болған. Ол ата-баба жасаған мекенді жаудан қорғау, жер-суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау-жанжалдарды ақылмен шешу, қылмысты адамдарды жазалау, әскери күштерді оң және сол деп екі қанатқа бөлу, әлеуметтік жора (заң-тәртіп) жасаған. Ол - "өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі-бақи өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі" - дейді.

Асан қайғы - ХҮ ғасырда өмір сүрген көріпкел философ, ақын. Ол алғашында Алтын Орданың астанасы Сарай қаласында, кейін Қазан қаласындағы Ұлы Мұхаметханның қасындағы беделді де ықпалды билерінің бірі болған. 1445 жылы Алтын Орда ыдыраған кезде қазақ даласына қайта оралып, Қазақ хандығын құрған Жәнібек ханның (1456-1473 жж.) жырауы және ақылшысы болған.

Асан қайғының арман еткен "жерұйығы" - суы сүт, топырағы май, тасы алтын, ағаш басы толған жеміс-жидек, жүт болмайтын қайғы-қасіреттен аулақ құтты қоныс, оған жеткен елді жау алмайды, онда ел аласы, ру таласы жоқ, жаугершілік дегенді білмейді, "қой үстінде боз торғай жұмырт-қалайды". "Жерұйықты" мекендеген жұрттың бай-кедейі жоқ, бәрі тең, барлығы шат-шадыман, бақытты өмір өткізеді. Асан қайғы өзі ойлаған мүлтіксіз мекенді "жұпар қорығы", "кең түбек", "тар түбек" деген жерде деп есептейді. Сол жерді табу үшін желмая мініп, төңіректің төрт бұрышын кезеді. Бірақ таба алмайды, табу да мүмкін емес еді. Асан қайғының "жерұйықты" іздеуі жөніндегі аңыз қазақ халқының таңғажайып жарқын, бақытты болашақты аңсаған армандарының туындысы еді. Асан қайғының желмаяға мініп желдіртіп Сарыарқаны аралап жүріп айтқаны: Семейдің Шыңғыстауын көріп "Мына шіркіннің топырағы құтырған екен, оған шыққан шөп құтырады, оны жеген мал құтырады екен. Қаны үзілмейтін кісі өлтіру, ұрыс-төбелес көп болатын жер екен" - десе. Есіл деген өзенді көргенде: "Жері мен суы тең, жарлысы мен байы тең болатын жер" - дейді. Қаратауды көргенде: "Көкектен басқа қусы жоқ, жер азығы мұнда екен", қатыны семіз, ері арық, ел азғыны мұнда екен. Жігіті жиырма бесінде қартаятын жер екен десе". Шымкент Сайрамды көргенде: "Екі басса бір базар, малда береке болмайтын, екі баста бір мазар баста береке болмайтын, базары жақын байымас, мазары жақын көбеймес деген" - екен.

Жүсіп Хас Қажыб Баласағұн 1015 (1016) жылы Шу өзенінің бойындағы Баласағұн (Қүз Орда) қаласында, атақты түрік өкімінің отбасында дүниеге келген. Ол түркі халықтары патшалығының аса гүлденген кезеңі Қарахандар дәуірінде өмір сүрді. Осы кезде түркі тілінде аса жоғары көркемдік деңгейдегі шығармалар дүниеге келді. Ол бізге Батыстағы австриялық шығыстанушы фон Хаммер Пургшталь арқылы белгілі болған "Құтадғу білік" поэмасы. Қол-жазбаны 1796 жылы Стамбулда қолға түсіріп оны Вена кітапханасына сыйға тартады. Поэманы В.В. Радлов 1891-1910 жылдары ғылыми негізде тұп-нұсқасымен салыстырып зерттеп шыққан.

"Құтты білік" 1069 жылы автор қызмет бабымен Қашқар қаласына ауысқанда жазылды. 85 тарау, 6520 бөйіттен тұратын және қосымша 124 бәйіті бар бұл еңбекті Қарахандар Сарайы жоғары бағалап, Баласағұнға "бас сарай министрі" атағын берген.

Бұл еңбекте ғылым мен мәдениеттің әрқилы салалары әр қырынан ашылды, мінсіз қоғамның қағидалары берілді, өмірлік тәжірибелер баяндалды, шығармаларында дүние-танымдық негіздер көрсетілді. Белгілі тұжырымдар негізінде адамның өмір сүруінің нақты, күнделікті бағыттары белгіленді, өмір мәні пайымдалды. ПІығармада әр түрлі қоғамдық топтарға жататын адамдар арасында мінез-құлық ережелері, билеуші мен бағынушылар арасындағы қатынас қағидалары, қоғамның әлеуметтік иерархиясы, сатысы айқындалды. Бұл жүйелі түзілген адамгершілік қатынастардың қажеттігін ашты, мұнда қоғамдағы әлеуметтік шындық көрініс тапты. Білімді адам бұл өмірге наразы болады, себебі саясат тізгінін ұстаған әкімдер ғылым жетістіктеріне ала-құла, немкетті қарайды, оның тіке өз мүдделеріне қажеттісін ғана пайдаланады, ғылымды назардан тыс қалдырады. Бұл жағдай оны өмірден торығуға, түңілуге өкеледі.

Баласағүн этикасында ең басты ұғым қанағат болды. Ол өз өміріне қанағаттанып, артыққа ұмтылмай, пендешілік тілегін шектегенде оған жоғары рухани байлықтар тән болады деп ескертеді. Адам баласы жарық дүниеге қайырымды да емес, зұлым да емес болып келеді, бірақ ізгі адам бола алатын мүмкіншілігі де болады, сондықтан оған дұрыс тәрбие керек. Ойшыл адамдарды ол "қоғамдық қатынастардың жемісі" деп түсінген. Адам "қағаздың таза парағы" деп түсіндіреді Жүсіп. Сондықтан оған қаскөйлікті үйретсең-қатыгез, ізгілікті үйретсең- мейірбан болып шығады. Бұл орайда ғұлама ағарту, білім нәрін егу ісіне көп мән береді. Жүсіп өз кезіндегі, одан бұрын өткен ойшылдар сияқты билеуші тегінің дұрыс болуын, мұрагерлікті қолдады. "Егер ізгі болса бектің қылығы, күллі жұртқа тиер мейір жылуы".

Әмірші өзінің даналық құзырына көшпелілер мен егіншілер, малшылар мен бағбандар, қолөнершілер мен бақташылар, құлдар мен күңдер сияқты әр түрлі көсіп иелерін біріктіруі керек. Бұл үшін ол үлкен парасат иесі болып, басқарудың дұрыс әдістерін тауып, байлар, орта және чигайлар (кедейлер) болып бөлінген халықтың әр түрлі топтарын қарама-қайшы мүдделерін келістіріп отыруы керек.

Түрік көшпелілерінің үрдісінде бұрын билікке ержүрек сардарлар мен батырлар сайланса, енді жаңа жағдайда ел басқару ісіне саяси күресте білікті, парасатты адамдар қажет болды. Өйткені тек қана қамал бұзып, жер алудан басқа, мемлекет ішінде әр түрлі халықтар мен шаруашылық, мәдени топтарды құрайтын саяси күштердің тепе-теңдігін, тыныштығын сақтау қамы туды.

Ол мемлекет пен оның қызметіндегі адам үшін, жау болып табылатын парақорлық деп білді. Мемлекет аппараты қызметіндегілердің бұл жазылмас дерті екендігі қазір дәлелденіп отыр. "Тұзды судай байлық - шөлің қанбайды, қанша ішсең, құрғатар тіл тандайды". (Жүсіп Баласағұн. Құтты білік Алматы. 1986.1408-бәйіт). Ел басшысы бүкіл халықты әділеттілік, қайырымдылық, адамшылық пен тазалыққа тәрбиелеуі керек. "Егер ізгі болса елдің басшысы, түгел ізгі болар атшы-қосшысы. Бектер ізгі болса, ессіздік жоғалар. Байырғы халық, әлем гүлге оранар". Білімнің зор мәніне маңыз бере отырып, Баласағұн білімді кеңесшілер мен бектердің қажеттігін көрсетеді.

Бұл заң шығарушылық қызметке байланысты, өйткені жақсы заңдар мемлекеттегі қоғамдық тәртіпті нығайтып, ел бірлігін күшейтеді. Әділеттілік пен шыншылдықты, парасат пен қайырымдылықты мұрат тұтқан әрбір мемлекет үшін заң шығарушылық мәселесі әрқашан көкейкесті мәселе. Заң зорлық, зомбылықты тиып, қоғамдағы әділеттікке кепіл болады. Асыл заңдар адам азғыңдауын, қоғам дертін емдейді, ізгілікке бастайды, сондықтан да ол басқару ғылымының негізгі мәні болмақ деп тұжырымдайды.

Басқару, ғылым, саясат қоғам қақпасын өрнектейді, осының көмегімен бектер халықты түзетеді, азғын адамдарды жазалайды, өйткені "олар ел тұнығын лайлайды".

Дұрыс заңдар мен соған негізделген басқару ісі мемлекеттің гүлденуіне, қазынаның молаюына, жалпы жұрттың баюына, бейбітшілік пен берекеге, молшылыққа жеткізеді. Ол мемлекеттің өзекті тірегі және іргетасы егіншілер мен малшыларға айрықша мән берді.

Сөйтіп, Жүсіп Баласағұн өз кезінің дүниетаным, ақыл-ойының мәнді, нәрлі жақтарын қорытып жазып, бүкіл адамзаттық ақыл-ойға қайталанбас үлес қосты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет