Курсы: 1,2 Семестрі: 1,4



бет4/7
Дата15.09.2017
өлшемі1,38 Mb.
#33555
1   2   3   4   5   6   7

Биліктің түрлері.

Қоғамда билік тығыз байланыстағы үш деңгейде ұйымдастырылып, жұмыс істейді: 1) жоғары ортақ саяси институттар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды басқару органдары кіретін өте үлкен деңгей; 2) орта буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтық, облыстық, аудандық шеңбердегі жергілікті әкімшілік билік кіретін орта деңгей; 3) адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар, өндіріс және басқа ұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы болып табылатын, саяси және қоғамдық өзін-өзі басқару өрісін құрайтые кіші деңгей.

Билік мәселесін қарастырғанда саяси биліктің “субъектісі” және “иелік етуші” деген ұғымдар кездеседі.

Субъект деп іс-әрекетті жасаушы, объекті өзгертуші жеке адам, әлеуметтік топ, тап, партия, мемлекетті айтады. Саяси билікті жүзеге асыру үшін арнайы ұйымдар мен мекемелер құрылып, субъект оларға өкілдік береді. Олар билікті қолданушы,қорғаушы, “иелік етуші” болып есептелінеді.

Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюумен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып армияны қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық келісім-шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды.

Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Олар заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеб береді.

Соттық билік адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушылықтан сақтайды, парламент немесе президент қабылдаған заңдардың, конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны халық немесе өкілетті органдар қалыптастырады.

Кейде төртінші билік деп ақпарат құралдарын айтады. Олардың кәзіргі кезде, өмірдің демократияланып жатқан дәуірінде алатын орны зор.

4.Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады.

Саяси билік қайсыбір белгілермен сипатталады:

А) жариялылық – жалпыға ортақ және өзгешеліксіз, әдетте, ол барлық азаматтарға арналады;

Б) басқарудың мемлекеттік және мәжбүрлеу аппаратының болуы;

В) істерге араласушылық – саяси биліктің барлық қоғамдық процестерге және қоғамның тіршілік қызметтерінің барлық салаларына араласушылығы;

Г) бір орталықтық – шешімдер қабылдаудың бірыңғай орталығының болуы;

Д) ресурстардың саналуандығы – мұның биліктің басқа түрлерінен айырмашылығы болады, өйткені ол билік ресурстарының барлық түрлерін пайдаланады.

Саяси биліктің негізгі міндеттері:


  1. қоғамды басқарудың стратегиясын жасау;

  2. қоғам дамуының негізгі бағыттары бойынша нақты шешімдер әзірлеп, қабылдау;

  3. қоғамдық процестерді жедел басқару мен реттеу;

  4. қоғам дамуының тұрақтылығы мен бағытының аса маңызды өлшемдерін бақылау.

Саяси биліктің дамуындағы негізгі үрдістер:

  1. билікті демократияландыру процесі;

  2. билікти интернационалдыру, яғни нақты саяси бимлікке халықаралық проблемалар әсерінің артуы, жекелеген елдердің заңнамалары;

  3. саяси билікті бөлшектеу;

  4. биліктің әр-түрлі тармақтары арасында жанжалдардың өршуі;

  5. билік аппараты төрешілдігінің жоғарғы қарқындары.

Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимдігінен білінеді. Легитимдік дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.

Әдет – ғұрыптық легитимдік. Ол сонау ерте заманан бастап халықтың санасына сінген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт – дәстүрлерге сүйенеді.

Хоризматикалық легитимдік. Мұна өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгі қабілет-қасиеттермен көзге түскен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді.

Ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігі. Онда саяси билік сат-дәстүрге немесе тарихи тұлғаға байланысты емес, қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді.



4) Иллюстрациялы материалдар: кесте, слайд


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК



ПРЕЗИДЕНТ

Заң шығарушы билік

Атқарушы билік

Сот билігі

ПАРЛАМЕНТ

Сенат

Мәжіліс

ҮКІМЕТ

Министірліктер,

мемлекеттік

комитеттер,

ведомствалар



ЖОҒАРҒЫ СОТ

Жергілікті соттар

Жергілікті атқарушы органдар

Жергілікті өкілді

органдар



5)Әдебиеттер:

  1. Жамбылов Д. “Саясаттану негіздері” Алматы “Жеті жарғы” 2000.

  2. Қуандық Е.С. “Саясаттану негіздері” Астана “ Елорда” 2000.

  3. Хан И.Г. “ Саясаттану” Алматы ҚазГЗУ 2003.

  4. Байдельдинов Л.А. “Политология” Алматы. 1997.

  5. Борисов Л.П. “Политология” М., 1998.

  6. Ирхин Ю.В., Зотов Л.В. “Политология” М., 1999.

  7. Козлов Г.Я., БулуктаевЮ.О. “Политология” Алматы 1995.

  8. Мальцев В.А. “Основы политологии” М., 1997.

  9. Радугин А.А. “Политология” М., 1998.

  10. “Основы политической науки” под. ред. В.П. Пугачева Москва, 1994.

  11. Назарбаев Н.Ә. “Ғасырлар тоғысында” Алматы 1996.

  12. Қуандықов Е.С. “Саяси партиялар: Әлемдік тәжірбие” // Астана ақшамы. 1998, 17, 20 қараша.

  13. Шәмшатов И., “Мемлекет деген не ?” // Ақиқат. 1993. №6. 7-10-б.

6) Қорытынды сұрақтар(кері байланысы)

1. Билік туралы түсінікке анықтама бер.

2. Саяси биліктің генезисі және мәні, түрлерін түсіндір.

3. Мемлекеттік билік, оның түрлері құрлымы және ерекшеліктерін ата.

4. Биліктің легитимділігі және түрлерін көрсет.

5. Саяси билік пен мемлекет биліктің ерекшеліктеріне сипаттама бер.

6. Қазақстан Республикасында билікті жүзеге асыру механизмдерін ата.
1) Тақырыбы : 6. ӘЛЕУМЕТТІК- ЭТНИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТАР ЖӘНЕ ҰЛТ САЯСАТЫ

2) Мақсаты: Саясат субъектілері, оның билік жүйесіндегі орны мен рөлі туралы түсінік беру.

Дәріс жоспары:

3) Дәріс тезистері

1. Саясат субъектілері, оның билік жүйесіндегі орны мен рөлі

Адаммзаттың тарихи дамуының әр кезендеріңде де, қоғам өмірінде де саясаттың шешуші рөл атқаруы объективті қажеттілік болып табылады. Өйткені, өмірдің өзі көрсетіп отырғандай, қоғамның прогресті дамуы, саясаттың тиімді жүргізілуімен тығыз байланысты. Ал саясаттың ұтымды болуы оның адамдар үшін олардың жарқын өмірі үшін қажет. Бұл қоғамның жан-жақты дамуының заңды шарты. Оның мәні әлеуметтік топтар, көпшілік қозғалыстар, саяси партиялар т. б. қоғам өмірінде қанша көрнекті рөл атқарғанмен, саясаттың ең басты субъектісі - адам екендігінде. Қандай қоғамдық, саяси ұйымдар болмасын барлығы да адамдардан тұрады, бүкіл саяси процестің, қоғамның саяси өмірінің мәні, бағыты, түптің түбінде адамдардың мақсатымен, көзқарастарымен, олардың ырқымен анықталады. Олай болса, адам қоғам үшін емес, қоғам адам үшін өмір сүруі шарт. Адам қоғам өмірінде, саясатга шешуші фактор. Саяси ойлар тарихында, кезінде саясаттың субъектісі ретінде адамның қоғам өміріндегі жасампаздық рөлі туралы көптеген ғылыми құнды тұжырымдар айтылған. Мысалы, өзінің "Республика" атты еңбегінде, Платон саяси бағыттың әртүрлілігі адамдардың табиғи өзгешеліктерімен тығыз байланысты екендігін атап көрсеткен. Ал Аристотель "Саясат" деген шығармасында адам өзінің табиғи жаратылысына байланысты саясаттан тыс бола алмайтындығына басты назар аударған. Т. Гоббс және Дж. Локк мемлекеттің шығуы туралы өзара бір-біріне ұқсамайтын теорияларды, адам жөніндегі қарама-қайшы концепцияларға сүйене отырып қарастырған. Шын мәнінде, адамгершілік тұрғысынан қарағанда, адам қоғам өмірінің, саясаттың ең негізгі белді тұлғасы екендігі даусыз. Әрине, бұл үшін әр адам саясат субъектісі деңгейіне көтерілуі қажет. Ал бұл процесс яғни адамдардың саясаттың субъектісі болып қалыптасуы көп мағыналы үлкен проблема. Біз солардың кейбіреулеріне ғана тоқталамыз.

Саясаттың субъектісіне әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер, саяси партиялар, қозғалыстар жатады.

Мәселе түсінікті болу үшін біз "тұлға", "субъект", "объект" деген терминдердің мәніне тоқталсақ.

Тұлға деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өз жүріс-тұрысына жауап беретін, еңбек етіп, қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адамды айтады.

Субъект (латынның негізінде жату деген сөзінен) деп белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады.

Объект (латынның қарсы қою деген сөзінен) деп субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті неге бағытталса, соны айтады. Басқа сөзбен айтқанда, объект-зерттелетін зат. Сонда саясаттанудың объектісіне саясат, саясат әлемі жатады.

Саясаттың субъектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адамды, ұйымды не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері мен тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және т. б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады.

Кәдімгі, қарапайым, демократиялық жолмен дамыған елде саясат адам үшін және адам арқылы жасалады. Себебі, әлеуметтік топтар, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар қаншалықты маңызды орын алғанымен солардың бәрі адамдардан, олардың іс-әрекетінен тұрады. Олай болса, саясаттың бас субъектісі адам дейтініміз содан.

Адамдарды саяси жұмысқа итермелейтін негізгі себеп -мұқтаждық пен мүдде. Мұқтаждыққа өмірде керек, бірақ қолда жоқ зәрулік жатады. Ол табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи зәрулікке тамақ ішу, киім кию, баспана және т.с.с. мққтаждықтар жатады. Әлеуметтік мұқтаждық қоғамда пайда болады. Оған еңбек ету, басқа адамдармен қатынаста болу, қоғамдық өмірге араласу және т. б. қажеттіліктер кіреді. Мұқтаждықты адам сезініп, оны өтеуге тырысса, ол - мүддеге айналады.

Қандай адам болмасын белгілігі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа мемлекетке жатады. Осының өзі де өмір жағдайы мен жүріс-тұрысына, саясатқа араласуына әсер етпей қоймайды. Таптың, топтың және т. б. өкілі ретінде жеке адам саясатқа жанама түрде тартылады. Сонымен қатар ол басқаларға қарап еліктеп, белгілі амал, әрекет жасайды, оны өзінше дәлелдейді. Сөйтіп, ол саясатқа тікелей қатысады, саясаттың субъектісіне айналады.

2. Саяси өмірге араласудың алғышарттары.

Тұлғаның қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуының жан-жақты маңызы бар. Мұндай қатынас арқылы адамның барлық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасалады. Азаматтық қоғам мен саяси институттардың арасында тығыз байланыс орнайды. Қоғам мүшелері мемлекет істерін басқару арқылы өз мүдделерін қанағаттандыруға, мемлекет құрылымдарының қызметіне бақылау жасауға, олардың бюрократияланып, шектен шықпауына әсер етеді.

Саясатпен кәсіби айналыспайтын "орташа" адам саясаттың толық субъектісі болуы үшін ол әлеуметтік мұқтаждықтар мен мүддені, ондағы қайшылықтардың неден туғанын және оларды жою жолдарын өз басының пайдасы әлеуметтік мүдденің мүмкіншілігімен қаншалықты сәйкес келетінін білуі керек. Сонымен қатар ол саяси "ойындардың" ережелері мен тетіктерінен хабары болуы керек. Бұл "ойында" оның қандай орында болғысы келеді және оған қандай мүмкіншілігі бар, қандай мақсат қойып, оны қандай әдіспен жүзеге асыруға болатынын білуі тиіс.

2.Жеке адамдардың саяси белсенділігі мен көрсетететін ықпалы әр түрлі. Саясатқа қатысу шамасына қарай оларды мынандай түрлерге бөлуге болады. а) саясатқа айтарлықтай әсер етпейтін, оған селқос қарап, белсенділік білдірмейтін қоғамның қатардағы қарапайым мүшесі; б) қоғамдық ұйымға, қозғалысқа кіретін, бірақ саяси жұмысқа тура араласпайтын (шешімдер қабылдамайтын) азамат; в) саяси ұйымдардың (партияның және т. б.) мүшесі болып есептелетін, саяси өмірге саналы түрде, өз еркімен тікелей араласатын адам; г) қоғамдық, әсіресе саяси қайраткер; д) саяси қызметтің арқасында күн көріп, табыс тауып, оны өмірінің мақсатына айналдырған кәсіби саясатшы; е) ұйымдастырушы, идеялық, ресми не бейресми, абырой, ең "соңғы саты" болып саналатын саяси басшы, көсем.



3. Адамды саяси әлеуметтендіру

Жеке адамның саяси белсенділікке қатысу мүмкіндігі молайып, биіктеген сайын, оның қоғамдағы орны да жоғары болды. Адамның әлеуметтік және саяси мәртебесі, оның : саяси субъектілігінің негізгі өлшемі болып саналатын азаматтық-құқықтық заңда айқындалады.

Адамның саяси өмірге қатысуға мүмкіндік беретін құқығы конституциялық сипаттағы қарапайым демократиялық еркіндікке (бірлестіктер құруға, дінге кіруге, өз көзқарастарын ашық айтуға, жиналыстар мен демонстрациялар сияқты жұрт алдында манифестация жасауға сайлауға және сайлануға т.с.с. құқылыққа) тікелей байланысты. Мұнда мемлекет мекемелерінің, сот ұйымдарының және т. б. қызметін тексеруге жанама кепілдік беретін құқық жатады. Бұл құқықтардың сырт (формальдық), кепілі-заңдар мен сот практикасы. Ал негізгі материалды кепіліне құқықтық тәртіпті бұрмалауға жол бермейтін саяси және қоғамдық ұйымдардың қызметі жатады. Сонымен бірге мұнда, бірінші жағынан, әлеуметтік топтар мен азаматтардың арасындағы тұрақты өзара байланысы және екінші жағынан, олардың жоғарыда көрсетілген ұйымдармен байланысы кіреді.

Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материалдық, әлеуметтік-мәдени, саяси-құқықтық алғышарттар қажет. Ең алдымен, адамның ішер тамағы, киер киімі, жатар орны, тұрмыс жағдайы, белгілі бір дәрежеде білімі, кәсіби дайындығы, саяси мәдениеті болуы тиіс. Шетелдік зерттеушілер анықтағандай, қоғам бай болған сайын, ол демократиялық дамуға бейім келеді екен. Мемлекеттегі жақсы тұрмыс оны демократиялық негізде тиімді басқаруға керекті көпшілікке жоғары білім, кәсіби дайындықты қамтамасыз етеді. Білімді адамның мәдениеті де жоғары болады. Ленин айтқандай, сауатсыз адам саясаттан тыс қалады, ол саяси амал-айла, қулықтың құрбаны болады. Бұлармен қатар саясатқа белсенді қатысуға саяси-құқықтық алғышарттар да әсер етеді. Оған қоғамдағы демократиялық саяси тәртіп, жоғары саяси мәдениет, билік құрылымдарының қалыптасуында саяси басқару шешімдерін қабылдап, іске асыруда қоғам мүшелерінің қатысуы және т. б. жатады. Егер жоғарыда көрсетілгендей алғышарттар болмаса, тұлғаның қоғамдық саяси өмірге бслсене қатынасып, оның нағыз субъектісіне айнала қоюы қиынға түседі. Сондықтан шын демократиялық мемлекет өз мүшелерінің жалпы мәдениетін, оның ішінде саяси сауатын көтеруге тырысады.

Социализациялау дегеніміз жеке адамның қоғамның толық құқылы мүшесі ретінде өмір сүруіне қажет белгілі бір ілімдер, ережелер мен құндылықтар жүйесін меңгеру процесі.

Жеке тұлғаның саясаттың субъектісі ретінде қалыптасуы, саяси социализациялануы адамның біртіндеп жан-жақты әлеуметтік өсіп жетілуімен қабаттас жүреді. Нақтырақ айтар болсақ жеке адамның саяси социализациялануы оның саяси сахнаға шығуы. Саясатқа араласып өзінің саяси көзқарастарын шыңдауы болып табылады. Социализациялау процесіне әсіресе оның ішіңде саяси бағытқа, қоғамдық дамудағы түбірлі өзгерістер қатты ықпалын тигізеді. Қалыптасып қалған саясаттағы ескі әдіс-тәсілдер мен уақыт талап етіп отырған жаңа арасында қайшылық туындайды.

Жеке тұлғаның саяси социализациялау негізгі екі бағытпен жүзеге асырылады. Біріншісі, ол өсіп келе жатқан жас буынға алдыңғы ұрпақтың саяси тәжірибесін беру арқылы. Екінші жолы - ол жеке тұлғаның бұрын мәлім болмаған саяси ілімдердің жаңа әдістерін меңгеруі.

Саяси социализациялау процесіне ықпал етуші факторлар аз емес. Олардың қаншалықты тиімді екендіктері, сол нақты тарихи жағдайлардағы саяси күштердің арасалмағына байланысты. Социализациялау нәтижесінде белгілі бір саяси тұлға қалыптасады.

Қазіргі кезде бірқатар қоғамдық бірлестіктер ұлттық идеяларды: мәдениетті, тілдерді қайта түлетуді, адамдардың өмір сүруінің экономикалық жағдайларын жақсартуды негізгі бағыт етіп алып отыр. Ал, кейбір жекелеген қоғамдық құрамалар, ұлттық-мәдени орталықтар, ұлттық оқшаулыққа, ұлттық артықшылықты насихаттауға, жалпы проблемаларды басқа ұлттар өкілдерінің заңды құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіру есебінен шешуге барған сайын көбірек үміт артып, жалған қауесеттерді таратудың көзіне айналып қалатын кездерін жасыруға болмайды.

Қазақстандағы осыншама бұқаралық қозғалыстар мен әртүрлі әлеуметтік топтарды біріктірген, қоғамдық бірлестіктердің белсенді қызметтері Республикадағы саяси ахуалдың өзгергенін яғни, демократиялық қатынастардың кеңейгенінің айғағы екенін ешкім жоққа шығара алмайтын кезге жеткенін көреміз.



4) Иллюстрациялы материалдар: кесте, сызба

5) Әдебиеттер.

  1. Жамбылов Д. “Саясаттану негіздері” Алматы “Жеті жарғы” 2000.

  2. Қуандық Е.С. “Саясаттану негіздері” Астана “ Елорда” 2000.

  3. Хан И.Г. “ Саясаттану” Алматы ҚазГЗУ 2003.

  4. Байдельдинов Л.А. “Политология” Алматы. 1997.

  5. Борисов Л.П. “Политология” М., 1998.

  6. Ирхин Ю.В., Зотов Л.В. “Политология” М., 1999.

  7. Козлов Г.Я., БулуктаевЮ.О. “Политология” Алматы 1995.

  8. Мальцев В.А. “Основы политологии” М., 1997.

  9. Радугин А.А. “Политология” М., 1998.

  10. “Основы политической науки” под. ред. В.П. Пугачева Москва, 1994.

  11. Назарбаев Н.Ә. “Ғасырлар тоғысында” Алматы 1996.

  12. Қуандықов Е.С. “Саяси партиялар: Әлемдік тәжірбие” // Астана ақшамы. 1998, 17, 20 қараша.

  13. Шәмшатов И., “Мемлекет деген не ?” // Ақиқат. 1993. №6. 7-10-б.

6) Қорытынды сұрақтар(кері байланысы)

1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және жіктелуі

2. ҚР-дағы әлеуметтік құрылымының даму үрдісі

3. Ұлттық саясат туралы түсінік және оның мәні

4. Адамдар қауымдастығының түрлері

5. Қоғамның саяси өміріндегі діннің орны.



1) Тақырыбы : 7. ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ

2) Мақсаты: Саяси жүйе түсінігі, оның құрылымы мен элементтері, қызметі және саяси жүйелер типологиясы туралы түсінік беру.

3) Дәріс тезистері

1.Саяси жүйе түсінігі, оның құрылымы мен элементтері, қызметі.

1. Осы заманғы саясаттануда саяси жүие ұғымының екі мәні бар:



  1. саяси жүйе теориялық, ойлау құралы болып табылады, оның көмегімен әр алуан саяси бірегей құбылыстардың қасиеттері анықталып, сипатталады.

  2. Саяси жүйе – бұл қоғамдағы биліктің қалыптасуцы мен қызмет істеуінің нақты күрделі тетігі. Бүл тетікке мемлекет, партиялар, саяси бірлестіктер, БАҚ, электорат т.б. жатады.

Сонмен, қоғамның саяси жүйесі – бұл саяси институттардың, саяси рөлдердің, қатынастардың, процестердің, саяси, әлеуметтік, заңдық, идеялогиялық, мәдени нормалардың кодексіне, нақты қоғамның саяси режимінің дәстүрлері мен нұсқауларына бағынатынқоғамның саяси ұйымы принциптерінің біртұтас, тәртіптелген жиынтығы.

Саяси жүйе қоғамдық өмірдің барлық салаларының дамуына бағыт беріп, ықпал етеді, оларды басқарады. Қоғам дамуының мақсатын айқындайды. Мақсатына байланысты саясат экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ұлттық, ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Тұтастай алғанда, қоғамның қосымша жүйелерінің бірі болып табылатын саяси жүйе айрықша ерекшеліктермен сипатталады:

А) саяси жүйенің басқа қоғамдық жүйелерден басым түсуімен;

Б) қоғамдық ортаның, қоғамның әлеуметтік таптық құрылымының сипатын анықтаумен;

В) біршама дербестігімен сипатталады.

Саяси жүйе қоғамның саяси кеңістігінде болады, ол кеңістіктің аумақтық өлшемі және қоғамның саяси ұйымының әртүрлі деңгейлеріндегі саяси жүйе мен оның құрамдас бөліктерінің саласымен анықталатын қызметтік өлшем болады.

Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі төрт бөлігін айтады:



  1. саяси инситутар;

  2. саяси қатынастар;

  3. саяси ережелер;

  4. саяси мәдениет;

Саяси институттарға мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, коперативтік, жастар, әйелдер т.б. ұйымдар мен бірлестікткер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай т.б. байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат-мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады. Солардың ішіндегі ең негізгісі мемлекет. Ол қоғамда белгілі бір тәртіп орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайды.

Саяси қатынастарға таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекет арасындағы қатынастар кіреді. Олардың басқа (экономикалық, ұлттық, діни, жанұялық т.б.) қатынастардан айырмашылығы мұнда олардың саяси және мемлекеттік билікке қатынасы көрініс береді.

Саяси ережелер саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысына Конституция және соған сүйенетін заңдар мен басқа нормативтік актілер жатады.

Саяси мәдениет саяси сана мен іс-әрекетте, саяси көзқарастарда, идеяларда, теорияларда, саяси тұғырнамаларда, бағдарламаларда, шешімдерде, саяси ережелерге қатынаста көрініс табады. Саяси мәдениеттің реттеушілік қызметі адамдардың іс-әрекетіне және олардың ұйымдарына енетін әсерінен білінеді.

Саяси жүйенің көрсетілген бұл төрт бөлігі үздіксіз дамып отырады. Олар өздеріне тән арнайы әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, белгілі бір мақсаттар мен қызметтерді атқарады. Олар бір-бірімен тығыз байланыста болады.

Саяси жүйенің басты қызметі – қазына, байлықты бөлу саласына бақылау жасау. Олардың дұрыс бөлінбеуі ел ішінде әр түрлі әлеуметтік топтар арасында алакөздік, дау-дамай тудыруы мүмкін.

Саяси жүйенің қызметтері:


  1. белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету. Ол биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде, қалыптарда бекітілген, яғни институционалданған түрі.

  2. Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат-мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әр түрлі салаларын басқарады. Ол әлеуметтік институттар қызметінің мақсаттарын айқындайды, солардың негізінде оларды орындаудың саяси жобаларын жасайды.

  3. Саяси жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызмет атқарады. Ол ортақ әлеуметтік – саяси мақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлықәлеуметтік топтар, таптар, жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді.

  4. Экономиканың қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау.

  5. Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден қорғау.

Саяси жүйенің міндеттері:

  1. әлеуметтік мүдделерді және билік институттармен өзара іс-қимылдарды ұштастыру;

  2. қоғам мүшелерінің мүдделерін білдіру және ол мүдделерді олардың ортақ мүдделерімен үйлестіру;

  3. саяси басшылық;

  4. белгілі бір қоғамның тұтастығын сақтау мақсатында қоғамның саяси күштерін біріктіру;

  5. қоғамда қабылданған және басым мұраттарға бағдарланған саяси қатынастарға белсене қатысушылардың әлеуметтік базасын ұлғайту.

Саяси жүйелер әртүрлі негіздер бойынша топтастырылуы мүмкін.

2.Саяси жүйелер типологиясы

Қоғамның түріне қарай олар дәстүрлі, жаңғыртылған демократия, және тоталитарлық жүйелер болып бөлінеді.

Ортамен іс-қимыл сипатына қарай – ашық және жабық жүйелер болады.

Саяси мәдениеттері оларды билікті ұйымдастыру нысандарында білдіруіне қарай

– ағылшын-американдық, құрлықтық-еуропалық, индустриялық дәуірге дейінгі және ішінара-индустриялық, тоталитарлық жүйелер болып бөлінеді.

Саяси режиміне қарай – тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық жүйелер бөлінеді.

Саяси жүйенің демократиялық түрі:

а) саяси іс-қимылдарға қатысушылардың әлеуметтік базасын ұлғайтумен, олардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етумен, жоғарғы тұрмыс деңгейімен, орташа таптың басым рөлімен;

б) саяси бәсекемен, саяси қатысудың жарысқа түсу нысанымен, адамдардың қалың топтарының және билік институттарының билігін жүзеге асыруға қатысумен;

в) халықтың еркін парламенттік әдіспен білдірумен, өкімет билігінің заң шығарушы органдарының төменен жоғарыға дейін сайлануы мен есеп берілуімен;

г) азшылықтың мүдделері мен құқықтарын құрметтеу жағдайында көпшіліктің саяси шешімдер қабылдауымен;

д) дасыған азаматтық қоғаммен, бұқаралық қоғамдық бірлестіктерді, одақтарды құрумен;

е) демократиялық саяси мәдениетімен, пікірлердің, көз-қарастардың әралуандығымен, жариялылығымен, ашықтығымен сипатталыды.

Саяси жүйенің тоталитарлық түрі:

а) билік бір көшбасшысының немесе адамдардың шағын тобының қолдарына мейлінше шоғырландырумен;

б) жеке көшбасшы, қатаң бағыныстағы және тәртіптегі басшылықтың бірпартиялық негізінде билік құрылымдарының тетігімен;

в) барлық саяси институттарды және билік құрылымдарын жетекші партия мен оның көшбасшысына міндетті түрде бағындыруымен;

г) бүкіл қоғамдық өмірдің бірыңғай орталығынан жаппай реттеу (экономика, мәдениет, білім, медецина т.б.), пікір алуандығының, қарсыластардың барлық нысандарын жоюмен, азаматтардың жеке өміріне араласуымен;

д) қоғамға бір ресми идеологияны таңумен, басқаша ойлауды тұншықтырумен, жаппай саяси бақылау, бұқаралық ақпарат құралдарындағы цензурамен;

е) әлеуметтік-саяси даурықпалықпен сипатталады.

Саяси жүйенің авторитарлық түрі:

а) саяси шешімдерді қабылдаудың бірыңғай орталығында саяси билікті барынша толық шоғырландыру;

б) атқарушы биліктің біліктілігін барынша ұлғайту;

в) үкіметтік емес партиялар мен қазғалыстардың саяси қатсуын шектеу;

г) билікті бақылаусыз қолдану мен халықтың барлық жіктерінің тәртібін бақылау;

д) номенклатуралық принципті іске асыру, яғни жоғары тұрған өкімет биліктерінің ырқы бойынша барлық деңгейдегі басшы қадрларды орналастыру мен орындарынан ауыстыру және олардың “төмендегілерге” есеп бермеуі:

4) Иллюстрациялы материалдар: кесте, сызба ,слайд


САЯСИ ЖҮЙЕНІҢ МІНДЕТТЕРІ

Қоғамды дамыту арқылы мақсаттарды, міндеттерді белгілеу

Қабылданған мақсаттар мен бағдарламаларды орындау жөніндегі қоғам қызметін ұйымдастыру

Материалдық және рухани құндылықтарды бөлу

Мемлекет пен әлеуметтік қауымдардың саналуан мүдделерін үйлестіру

Қоғамдағы адамдар мен топтардың мінез-құлқы ережелері мен заңдарын жасау

Саяси құрлыстың ішкі және сыртқы қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету

Саяси сананы қалыптастыру, қоғам мүшелерін саясатқа және қызметке тарту

Заңдар мен ережелердің сақталуын бақылыу, саяси нормаларды бұзатын әрекеттерді болдырмау


5) Әдебиеттер


  1. Жамбылов Д. “Саясаттану негіздері” Алматы “Жеті жарғы” 2000.

  2. Қуандық Е.С. “Саясаттану негіздері” Астана “ Елорда” 2000.

  3. Хан И.Г. “ Саясаттану” Алматы ҚазГЗУ 2003.

  4. Байдельдинов Л.А. “Политология” Алматы. 1997.

  5. Борисов Л.П. “Политология” М., 1998.

  6. Ирхин Ю.В., Зотов Л.В. “Политология” М., 1999.

  7. Козлов Г.Я., БулуктаевЮ.О. “Политология” Алматы 1995.

  8. Мальцев В.А. “Основы политологии” М., 1997.

  9. Радугин А.А. “Политология” М., 1998.

  10. “Основы политической науки” под. ред. В.П. Пугачева Москва, 1994.

  11. Назарбаев Н.Ә. “Ғасырлар тоғысында” Алматы 1996.

  12. Қуандықов Е.С. “Саяси партиялар: Әлемдік тәжірбие” // Астана ақшамы. 1998, 17, 20 қараша.

  13. Шәмшатов И., “Мемлекет деген не ?” // Ақиқат. 1993. №6. 7-10-б.

6) Қорытынды сұрақтар(кері байланысы)

1. Саяси жүйе туралы түсінік және оның құрлымы

2. Саяси жүйенің типологиясы және қызметтері

3. Саяси жүйенің қоғам өміріндегі ролі мен орны

4. Қазақстандағы саяси жүйе: қызметінің ерекшеліктері мәселелері және даму перспективалары

1) Тақырыбы : 8. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ.

2) Мақсаты : Мемлекет ұғымы, тарихы және оны зерттеу әдістері , функциясы, белгілері мен типтері, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы түсіндіру.

3) Дәріс тезистері

1. Мемлекет: ұғымы, тарихы және оны зерттеу әдістері.

1.Жалпы мемлекеттің шығуын, ғылым адамзат қоғамы дамуының белгілі бір тарихи кезеңімен, яғни әлеуметтік таптар мен топтардың пайда болып, қоғамда саяси-әлеуметтік теңсіздіктердің қалыптасуымен байланыстырады. Өткенде мемлекет дәулетті таптың саяси, экономикалық үстемдігін нығайту құралы болып келгені де белгілі. Ал, "мемлекет" деген атау термин ретінде жаңа заманда - итальяндық қайта өрлеу кезеңінде шықты. Ол алдымен Испанияда орнығып одан Франция мен Германияға, артынша XIX ғасырга дейін бүкіл Европа елдеріне тарап үлгерді. Испаниядағы "мемлекет" ұғымы латынның "состояние" - "қалыпты жағдай" деген созінен шыққан. Алғашында ол өкімет билігін иеленуші деген мағынада айтылып, бертін келе ол үкімет функциясы ретінде қаралды да ақырында мемлекет ұғымына ауысты. ХҮІІ ғасырдан бастап "мемлекет" деген атау мемлекеттік мекемелер, бір салаға үстемдік ету, мемлекеттік халық деген түсінікпен де сипатталып қабысып жатты. Жаңа заман жағдайында да "мемлекет" ұғымын қоғамда болып жатқан өзгерістер арасында, соларга байланысты қарау қажет. Оған ұғым ретінде ғана қарамай, мемлекеттік құрылымдардың уақыт пен кеңістікке қарай өзгеріп отыратынын, оның көп түрлі болатынын, соған қарай ұғымның да тұрақты болмайтынын ескерген жөн. Алғаш рет мемлекет түрлерін типтеуді Аристотель жасады.

Геродот пен Платонды үлгі ете отырып, мемлекетті монархияға (бір адамның үстемдігі), аристократияға (элитаның үстемдігі), және политейге (тіке демократия мағынасында халықтық үстемдік) болді. Оның ойынша бұл үш түрі де халыққа мансапқорлықсыз, пайдакүнемдіксіз қызмет ететін болса занды болып танылды.

1. Теологиялық теорияның негізін салушы Ф. Аквинский мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіреті арқылы деп түсіндірді.

2. Патриархтық теория. Оның негізін салушы ХҮІІІ ғасырда өмір сүруші ағылшын ойшылы Роберт Филмер мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастықтарға бірігуінен әкеліп шығарады.

3. Қоғамдық келісім тсориясы бойынша (Т. Гоббс, Г. Гроций, Ж. Ж. Руссо) Мемлекет бір әміршіге бағынған адамдардың келісімінің арқасында пайда болады дейді. Т. Гоббс адамдардың мемлекетті құрудағы басты себебі өзге адамдардың шабуылынан өмірлерін қорғау, бостандықтары мен мүліктерінен айрылып қалу қаупінен туған сақтану қажеттілігі деп біледі. Ал ағылшын ойшылы Д. Локк мемлекеттің пайда болуын адамдардың табиғи құқын қамтамасыз ету үшін, арнайы құрылған ұйым, адамзаттың ақыл-ойының жемісі деп қарайды.

4. "Зорлық жасау" теориясы (Е. Дюринг, Л. Гумпилович, К. Каутский) бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арадағы қатынастарды реттеу үшін мемлекет пайда болады дегенді айтады.

5. Географиялық теория (А. Ратцель, В. Соловьев, В. Чичерин) мемлекеттің пайда болуын географиялық ортаға (ауа райы, жер бедері және т.б.) өзгешеліктермен түсіндіріледі.

6. Маркстік теория мемлекеттің пайда болуын жеке меншік пен таптардың шығуымен байланыстырады.

Ал саясаттанушы Макс Вебер "мемлекет күш қолдаудың заңды құралына сүйенген адамдардың бір бөлігінің екінші бөлігіне үстемдік ету қатынасы" - дейді. Мемлекеттің анықтамасы өз міндетін атқару барысындағы құралдардың өзгешеліктеріне байланысты белгіленеді.

Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің басты элементі, саяси институттардың маңызды бөлігі. Ол белгілі бір аумақ шеңберінде тұратын адамдардың мүдделерін қорғап, олардың арасындағы ара-қатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттеп бақылайтын қоғамдық механизм. Мемлекет қоғамдағы билікті іс жүзіне асырушы орталық институт. Ол адамдардың белгілі бір заңға бағынған қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін саяси орган.

2. Мемлекет функциясы, белгілері мен типтері.

Мемлекеттердің негізгі функциялары ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі функцияларға: өмір сүріп отырған өндіріс тәсілі, экономикалық және әлеуметтік жүйені қорғау, экономиканы басқару, шаруашылық қызметін реттеу, тәртіп пен қоғамдық тыныштықты сақтау, әлеуметтік қатынастарды реттеу, мәдени-тәртіп және идеологиялық қызмет жатады. Ал сыртқы функцияларға халықаралық қатынас жасағандағы қызметі, өзінің (мемлекеттің) мүддесін қорғау, елдің қорғанысын қамтамасыз ету, басқа мемлекеттермен қалыпты өзара қарым-қатынастарды дамыту, жаңа саяси ойлау шеңберінде, бейбіт қатар өмір сүру принциптері негізінде өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жатады.

Мемлекет белгілі бір теория шеңберіне халықты ырықсыз көндіру монополиясына ие, сол елдің атынан ішкі және сыртқы саясатты жүргізу құқына, барлық жұртқа міндетті заңдар мен ережелер шығарудың ерекше құқына, салық салу құқына ие.

Мемлекеттің халықаралық құқықтың субъектісі болуы үшін өзіне лайықты сапасы болу міндетті. Ол мынадай үш элементтен тұрады:

1. Мемлекеттің жер аумағы.

2. Мемлекеттің халқы.

3. Мемлекеттік өкімет.

Мемлекеттің жер аумағы - бұл әлемнің шектелген бір бөлігі, үстемдік етілетін ерекше өңір. Мемлекеттің халықы - бұл ұзақ мерзімге бір жерде орналасқан адамдардың одағы. Бұл арада жердің көлемі мен онда тұратын адамдардың саны шешуші рөл атқармайды.

Ағарту (Қайта өрлеу) заманынан бастап мемекетті үш түрге бөлу қалып, оны монархия және республика деп екі түрге бөлетін болды. Егер демократияны конституциялық мемлекет дейтін болсақ, парламенттік үкімет және президенттік басқару жүйелері де бар. Мемлекеттер типі ретінде қазірде абсолюттік және конституциялық монархия, әскери диктатура, автократия, хунталдарды атауға болады. Діннен ажыратылған (светтік) мемлекеттерге қарсы діни мемлекеттер типі бар.

Автократиялық мемлекеттің өзіндік бір типі - ол авторитарлық пен тоталитарлық тәртіп түрінің қосындысынан пайда болған тоталитарлық мемлекет. Оларға Гитлер өмірге әкелген фашистік мемлекет пен Сталин құрған өкімшіл-әміршіл жүйедегі мемлекеттерді жатқызуға болады.

Мемлекетгің типі оның мәніне, шешегін міндеттеріне сәйкес болып отырады. Сондай-ақ мемлекеттің өтпелі типі де болады.

Мемлекет басқару формасы мен саяси өкіметтің негізгі институттарының құрылысына қарай да әртүрлі болады. Ал басқарушылық формасы дегеніміз өзінің заңдандырылған тәртібімен сипатталатын өкіметті ұйымдастыру болып саналады. Басқарудың монархиялық формасы - мемлекетте билік жүргізетін бір адам - монарх. Ал мемлекеттің республикалық формасында - заң бойынша өкімет билігін халықтың көпшілігі жүзеге асырады. Өйткені ондағы өкімет билігінің көзі халықтан шығады. Мемлекеттік басқарудың басқа да түрлері бар. Олар: демократиялық, әміршіл-әкімшіл т.б.

Монархиялық формадағы мемлекеттің жоғары өкімет билігі жекедара бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрі. Оны хан патша, император, король, шах және т.б. басқарады. Монархия өз кезегінде абсолюттік (шексіз) және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальды түрде шектелместен бір адамның қолында тұрған мемлекетті айтады. Мұнда үкіметті монарх тағайындайды.

Конституциялық монархияға монархтың билігі заң шығаратын билік-парламентпен шектеледі. Басқарудың мұндай түрі алғаш рет Ұлыбританияда пайда болды. Ондай елдерге Бельгия, Голландия, Дания, Жапония, Иордания, Испания, Норвегия, Морокко, Сауд Арабиясы, Швеция және т.б. жатады. Әлемдегі 200-ден астам мемлекеттің 24-інде мемлекет басшысы монарх болып саналады.

Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілділік мекемелер (парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқару түрін атайды.

Республика президенттік және парламенттік болып екіге бөлінеді. Президенттік басқаруда, әдетте, мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы президент болып саналады. Оны парламент немесе халық сайлауы мүмкін. Ал егер президентті жалпыға бірдей, тікелей, құпия сайлау арқылы халық сайласа, ондай мемлекетті президенттік республика дейді. Президенттік басқарудың классикалық түрін АҚШ бастаған. Президент әрі мемлекет басшысы, әрі үкіметті басқарады, яғни бүкіл атқару билігі түгелімен Президенттің қолында болады. Атқарушы билік шеңберіндегі шешімдердің бәрін президент қабылдайды. Ол саясаттың ішкі және сыртқы басты бағыттарын айқындайды, тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сонымен бірге президенттік басқарудың аралас және супер-президенттік республикалар да кездеседі. Президенттік және парламенттік басқарудың аралас түрі Австрия, Франция, Финляндия, Португалия, Түркия т.б. елдерде кездеседі. Ал Италия, батыс Германия, Индия, Пәкістан, Греция т.б. елдерде президент мемлекет басшысы, мемлекет органдары арасында арбитраждық миссиясын атқарады. Бұл басқару формасының мақсаты мықты президенттік билікті үкіметтің қызметіне парламент бақылауын тиімді пайдалануды ұштастыру болып табылады. Ол әр елде әр келкі болып келеді. Оның басты мақсаты үкіметтің президент пен парламент алдында қатар жауапкершілігін тудыру. Жартылай президенттік республиканың классикалық үлгісі Франция мемлекеті. Бұл елде президент те парламент те бір-бірінен тәуелсіз жағдайда сайланады.

Сондай-ақ, бұл президенттік биліктің де шегі болады. Ең алдымен президенттің егер қосымша құқық берілмесе заң шығаруға өкілеттігі жоқ. Ол бюджетті де шеше алмайды. (Оны конгресс немесе парламент шешеді). Парламент президенттің қандай болмасын тағайындауларын бұза алады. (оны "право вето"деп атайды). Конгресс президентті орнынан ала алады (оны "импичмент" дейді). Оған мысал 1999 жылғы АҚШ президенті Б. Клинтонның Моника Левинский атты хатшы қызбен көңілдес болғаны үшін америка халқынан кешірім сұрап "имичменттен" аман қалса, 1999 жылғы мамыр айында Ресей президенті Б. Ельцин де Шешенстанға соғыс ашқаны т.б. істері үшін осы күйге түсіл Думадағы депутаттардың даусы жетпей орнында қалды. Егер президент конституцияны бұзса, не мемлекетке опасыздық жасаса, Конгресс оны жұмыстан босата алады.

Парламенттік тәртіппен елдің жоғары басшысы парламентке бағынады. Онда заң шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді. Ол салықты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды құрады, халықаралық келісім-шарттарды қабылдайды, соғыс аша алады.

Қазіргі кезде көптеген елдердің парламенті екі палатадан тұрады. Ол елдің өкілдіктерін үйлестіруге мүмкіндік береді. АҚШ-та, Францияда оны үстемдік етуші топтар заңгерлерді "шектен тыс демократияландыруға" жібермеу үшін парламент ішінде қосымша тежеу факторы ретінде пайдаланды. Төменгі палата жалпыға бірдей тікелей сайлау арқылы қалыптасады. Жоғарғы палатаның құрылуы әр түрлі келеді. Мысалы, Англияда парламенттің жоғарғы палатасына (Лордтар палатасы) мұрагерлікпен өмір бойы болатын пэрлер (жоғарғы аристократтық атақ), ондай құқығы жоқ пэрлерден басқа, Англия шіркеуінің жоғарғы шенділері кіреді. АҚШ-та сенатқа (Конгрестің жоғарғы палатасы) әр штаттан (халық санына байланысты емес) екі өкілден сайланады. Германияда жоғарғы палатаның депутаттарын әр жердің жергілікті үкіметі тағайындайды. Осы секілді біздің елімізде де қос палаталы парламент жұмыс атқарады. Оның төменгі палатасы "Мәжіліс" деп аталса жоғарғы палата "Сенат" деп аталады. Мәжіліс депутаттарын халық сайласа, Сенат депутаттарын жергілікті жердегі Мәслихат депутаттары сайлайды. Сенаттың 7 депутатын Елбасы тағайындайды.

Ал президенттік лауазымның өзі Қазақстан Республикасында 1990 жылы сәуір айында енгізілді.

Мемлекет басқару түрімен қатар, құрылысына қарай да ерекшеленеді. Мемлекет құрылысы орталық өкімет пен жергілікті биліктің міндеттері өрісінің арақатынасын білдіреді. Ол унитарлық (біртұтас мемлекет) және федеративтік (заң бойынша біршама ерікті мемлекеттер одағы - республикалар, штаттар, конгондар, т.б.,) конфедеративтік (мемлекеттік-құқылық бірлестіктер) болып бөлінеді. Әртүрлі мемлекеттердің маңызы оның ішкі саяси құрылысына қарай бағаланады. Саяси құрылысы дегеніміз - бұл мемлекеттік өкімет билігін жүргізу әдістерінің біртұтас жүйесі, жеке адамдардың демократиялық құқы мен бостандығын іске асыру дәрежесі, үкіметтің өз қызметінің құқылық негіздеріне қатысты, ресми конституциялық және құқылық нормалардың нақты саяси өмірге сөйкестігі. Бүгінде әлемде демократиялық, авторитарлық, диктаторлық, фашистік т.б. саяси құрылысқа негізделген мемлекеттер бар. Саяси бағыты тұрғысынан олар агрессивті, бейбітшіл, консервативтік, либеральдық, бейтарап т.б. болып ажыратылады.

Унитарлық (латынның біртұтас, біріккен деген сөзінен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Олар Греция, Италия, Қазақстан, Польша, Франция және т.б. жатады.

Федерация деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруын айтады. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпы мемлекеттік конституциямен реттеледі. Әрбір субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болды. Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Австралия, Австрия, Бельгия, Бразилия, Германия, Канада, Малайазия, Нигерия, Ресей және т.б. жатады.

Конфедерация деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы және т.с.с.) жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдердің тұрақты одағын айтады. Онда жалпыодақтық азаматтық немесе ол одаққа кірген мүшелердің бәріне міндетті заң шығарушы билік болмайды. Оның мүшелері өздерінің мемлекеттік дербестіктерін сақтайды. Бірақ олардың алған шешімдері ол одаққа кірген мүшелердің бекітуінен өтуі тиіс. Конфедерация 1848 жылға дейін Швецарияда, 1778-1787 жылдарда Солтүстік Америка штаттарында, 1815-1867 жылдары Германия т.б. кейбір мемлекеттерде болды.

3.ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда капиталистік сатыға өткен батыс өркениетін құраған Ұлыбритания, Франция, Германия т.б. елдер 3 ғасырдан астам уақыт коммунизм құрамыз демей-ақ, капиталистік құрылыстың өзінде-ақ өмір сүре отырып адамға қажетті игіліктердің бәрін жасады. Олардың, құқықтық мемлекеттің арқасында, "социалистік" қоғам құрмай-ақ молшылыққа кенеліп отырған жайы бар.

Бүгінде мемлекеттің сан-алуан түрлері өмірге келгені белгілі. Жалпы мемлекеттер, басқару формасы мен саяси өкіметтің негізгі институттарының құрылысына қарай да әртүрлі болады. Қазіргі өркениетті елдердің көбі азаматтық қоғам арқылы құқықтық мемлекет дәрежесіне жеткен жайлары бар.

3. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет

Азаматтық қоғам дегеніміз - мемлекеттің қызметінен тыс, топтардың, ұжымдардың, экономикалық, мәдени, рухани-адамгершілік, ұлттық, діни белгілері бойынша біріккен құрылымдардың жиынтығы. Ол - қоғам мүшелері арасында экономикалық, мәдени, құқықтық және саяси қатынастары дамыған қоғам, олар мемлекеттен тәуелсіз, бірақ олармен бірігіп өмір сүретін әлеуметтік, экономикалық саяси мәдени және моральдық мәртебесі жоғары мемлекет. Азаматтық қоғам термині ең алғаш рет 1594 жылы Англияда қолданылған көрінеді. Ол латынның civis, азамат (гражданин) деген сөзінен сivitas қоғам-общество деген ұғыммен ұласады. Ал шын мәнінде ол ХҮІІ ғасырда Шотландияда және XIX ғасырда Германияда жүзеге асты.

Гегельдің айтуынша: азаматтық қоғам бұл әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктен туындаған, жеке адамдардың өз мүдделерін белгілі бір мөлшерде жүзеге асыратын қоғамның бір бөлігі делінсе, қазіргі ғылымда азаматтық қоғам дербес әлеуметтік-экономикалық өмір ретінде көрсетіледі. Ол экономикалық ұйымдардың, өндіріс орындарының, кооперативтердің, қайырымдылық ұйымдардың мәдени, діни бірлестіктерінің мүдделері бойынша біріккен клубтардың жергілікті өзін-өзі басқаратын органдардың т.б. сол сияқтылардың жиынтығы ретінде көрінеді. Олардың басты белгісі ол ұйымдардың мүшелерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі ұйымдар құрамына ерікті түрде кіре алатындығы болып табылады.

Азаматтық қоғамның экономикалық негізін жеке меншік иелерінің дербестігі мен меншік түрінің түрлі формасының әртүрлігі құрайды. Азаматтық қоғам, мемлекет пен жеке тұлғалар арасында дәнекерші рөлін атқарады. Ол жеке тұлғаны мемлекеттен қорғайды, адам құқығының сақталуын қамтамасыз етеді, мемлекеттің қызметіне бақылау қояды. Сондай-ақ азаматтық қоғам құқықтық мемлекеттің тұрақтылығы мен беріктігінің кепілі де бола алады. Адамзат қоғамының дамуында белгілі бір кезеңді ғана қамтитын бұл қоғам белгілі бір уақыттан соң ғылыми-техникалық қоғамға ауысады.

Ал құқықтық мемлекетке келсек, ол өз негізін осы азаматтық қоғамда қалыптастырады да сол ортадан өсіп жетіледі. Құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы басты принцип товарлы өндірісте жеке меншіктілік пен нарықтық қатынастардың болуы. Алғаш рет құқықтық мемлекет термині (немісше rechfstaat) XIX ғасырда неміс заңгерлері К.Т. Велькер мен фон Р. Молянның еңбектерінде берілді. Кейінірек XX ғасырдың соңғы ширегінде әлемнің көптеген елдерінде жаңа, ерекше белгілері бар мемлекеттер қалыптаса бастады. Осы ерекше белгілер құқықтық мемлекеттің сипатын құрады. Құқықтық мемлекет деген атаудағы "құқық" деген сөздің алғашқы болып тұруында да өзіндік мән бар. Ол қоғамның саяси-әлеуметтік өмірінде, оның барлық аясында құқық жоғары орында түру керек дегенге мегзейді. Бұл заңның үстемдігі әрбір құқықты мемлекеттің бұлжымайтын принципі болуы тиіс. Яғни құқық әрбір елдің негізгі заңы - Конституциясында бекітіліп, басқа да зандары мен жарлықтарына нұсқа болуы қажет. Ал, Ата заңның баптарындағы нұсқаулардың мүлтіксіз орындалуын құқықты мемлекеттің бүкіл сот жүйесі қадағалайтын болады. Заң үстемдігі болмаған жерде құқықты мемлекет те болмайды. Тіпті ежелгі дүние адамдары да еркіндікті аңсағанда заңның үстемдігі арқылы ғана бостандыққа жетуге болады деп топшылаған екен. Сол заманның атақты философы Цицерон: "Бұл заңның құлы болғанда ғана еркін бола аламыз" - деп дәл айтқан көрінеді. Құқықтық-мемлекеттің адамға берген сыйлығы емес, олай деп түсіну мүлде қате. Құқық адамның табиғатымен бірге туған. Бұл туралы американың тәуелсіздігі декларациясына енген өзінің тамаша сөзінде Томас Джефферсон құқықтық мемлекеттегі демократиялық үкіметтің іргетасын қалайтын негізгі қағиданы атап көрсеткен еді. Онда демократиялық үкімет Джефферсон айтқандай бостандықтың басты түрлерін халыққа сыйлай салмайды, үкімет әр адам туғаннан бастап ие болуға тиісті бостандықты қорғау үшін ғана құрылады деген. Ал мемлекет құқықты тек іске асыруға жағдай жасаушы ғана. 1948 жылғы халықаралық дәрежеде қабылданған "Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясында: "Барлық адамдар жаратылысыда азат, бойындағы қасиеттері мен құқықтары тең болып туады. Олардың басында ақыл, бойында ар болғандықтан олар бір-біріне туысқандық рухта ықылас білдіруге тиіс". (1-бап) -деп жарияланған. Осы тұжырымды айқындай келіп Декларацияның 3-бабы: "Әрбір адам өмір сүруге, еркін болуға және жеке басына ешкімнің қол сұқпауына құқылы", - деп бүкіл әлем халқынан қолдау тапқан.

Барлық адамзат мойындап отырған осы аса маңызды халықаралық құжаттың аталған қағидалары Қазақстанның Ата заңында да толығымен өз бейнесін тапқан. Оның 1-бабында "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" - деп жазылған.

Міне, Ата заңымызда көрсетілгендей тәуелсіздігі қолына енді ғана тиген, Қазақстан Республикасы да батыс өркениетіндегі мемлекеттер сияқты құқықтық, демократиялық мемлекет құруға талпынуда.

Бұл жерде еркіндік, бостандық деген ұғымдарды шексіз (абсолюттік) деп түсінбеу керек. Әрбір адам қоғамда өмір сүрген соң белгілі жағдайда сол қоғамдық ортаға тәуелді болады. Оның да белгілі шегі, өлшемі бар, қоғам өмірінде бостандық өлшемі құқылық формада көрінеді. Ал ол өлшем жұрттың бәріне бірдей болуы тиіс. Ал құқықтық мемлекет адамдардың сол бостандығы мен теңдігін кісінің туа біткен қасиеттері деп жариялайды. Мұндай мемлекет барлық құқылық жүйенің өзегі болып есептелетін адам құқын өктемдікпен жәбірлеушіліктен қорғап отырады. Сондықтан да оның заңдары мен жарлықтары адамның құқығына сай келетін, оның ешбір бұзылмайтын принциптеріне бағынатын болуы керек. Сонымен, адам құқығының, оның ары мен адамгершілігінің, абыройының, мүддесінің мызғымастығы және оларды қорғап, кепілдігін қамтамасыз ету құқықты мемлекеттің негізгі басты принципі болады. Құқықты мемлекеттің тағы бір ерекшелігі - ол оның билік жүргізуді бұйрықтар, жеке актілер арқылы емес, заң арқылы іске асыратындығы. Ол зандар әділ болып, әділетті шаралармен заң арқылы іске асырылып отырылуы керек. Осы мақсатта өкімет билігін бөліп жүргізу принципі әрекет етеді. Ол принцип бойынша өкімет билігінің үш тармағы мемлекеттің заң шығару, атқару және сот билігін жүргізу органдары құрылуы тиіс.

Ал енді өкіметтің осы үш тармағында басымдылыққа жету үшін таласты болдырмау үшін солардың бәріне құқықты мемлекетте жоғары мәртебе беріледі. Ондай мәртебе заң шығарушы өкіметке тиесілі. Барлық құқықты мемлекеттерде заңдардың Конституциялығын қадағалап отыратын Конституциялық соттар құрылады.

Сөйтіп құқықтық мемлекет болуы үшін:

1. Халықтың саяси тәуелсіздігі, мемлекеттің егемендігі.

2. Оның пайда болатын негізі яғни, алғышарты болып табылатын азаматтық қоғам, атына сай жан-жақты жетілген болуы керек.

3. Барлық азаматтардың құқықтық теңдігі, мемлекет заңдарынан адам құқығының жоғары тұруы қажет.

Мемлекеттер басқару түрі, өзіндік құрлысымен ғана емес саяси тәртібі жағынан да ерекшеленеді. Ол "Қоғамның саяси жүйесі" деген тақырыпта қарастырылады.



4) Иллюстрациялы материалдар: кесте, сызба

МЕМЛЕКЕТТІҢ МІНДЕТТЕРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет