Тақырыбы: Зат есімнің жасалуы. Қостанай қаласы Сабақтың мазмұны мен мақсаты:
Өз туған жерлері туралы ойларын жеткізе алуы;
Қостанай туралы сөйлеу үлгілерін игеруі
Қисынды ойлау қабілеттерін артыру
Қостанай қаласы Қостанай Тобыл өзенінің сол жақ жағасында 1879 жылы салынған. Қаланың негізін
Поволжье және Орынбор губернияларынан қоныс ауып келген орыс және украин
шаруалары қалаған. 1856 жылы Торғай өз алдына облыс болып құрылғанда оның
құрамында 4 уезд болады. Солардың бірі – Николаев уезі «қазіргі Қостанай». Уездің
әкімшілік орталығына 1895 жылы қалаға «Қостанай» есімі беріліп, уезд де солай деп
аталды. Қала әуелі губернияның, одан кейін округтың, ал 1956 жылдың маусым айынан
бастап облыстың орталығы болды. Соңғы жылдары Қостанай республикамыздың
өркендеген өнеркәсіпті, мәдениетті ірі қалаларының біріне айналды.
Әсіресе тың жерді игеру басталған жылдарда қаламыздың бейнесі тамаша өзгерді,
Төрт-бес қабатты зәулім үйлер бас көтерді. Ірі өнеркәсіп орындары пайда болды.
Қаламызда жүзеге асырылған игілікті істер сан алуан. Солардың бірі – ірі өнеркәсіп
орындарының салынуы. Мысалы, тоңазытқышы бар ірі ет комбинаты, нан заводы, темір-
бетон бұйымдары және үй құрылысының ірі панельдерін жасайтын комбинаттар, шина
өндеу заводы, астық өнімдері комбинаты пайда болды. Сонан соң тәтті тағамдар «Баян
сұлу» және «Большевичка» тігін фабрикасы, арнаулы жол машиналарын және құрылыс
техникасын жөндейтін завод, екінші нан комбинаты салынды.
Қостанай- мәдениет орталығы. Онда жалпы білім беретін мектептер, лицей және
гимназиялар, медицина- лық колледжі, педагогикалық және құрылыс колледжімен т.б орта
арнаулы оқу орындары мен ЖОО(заң академиясы , университет, институт), қазақ драма
театры, филормония өлкетану мұражайы т.б бар.