Курсы: ,2 Семестр: 1, 2, Барлық аудиториялық сабақ саны 170


ОӨЖ: [1] 282бет, 38 -жаттығу



Pdf көрінісі
бет93/151
Дата09.03.2022
өлшемі3,95 Mb.
#134708
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   151
Байланысты:
УМКД-по-каз.яз.-ЖУЛДУБАЕВА-Г.И.

ОӨЖ: [1] 282бет, 38 -жаттығу
Әдебиеттер
:
[3] 107-108 бет 
[1] 282 бет, 38 жаттығу
Тақырыбы: Шақ категориясы. Байланыс жүйесі
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:

Оқушыларға шақ категориясы туралы түсінік беру

Сөйлеу үлгілерін мақсатты игеру

Әдеп ережелерін сақтау
Байланыс жүйесі.
Сөйлесу қатынас құралдары.


Күн сайын біз адамдармен әр түрлі жолмен байланыс жасаймыз. Олар: хат, телефон, 
факс, электронды пошта, интернет және т. б. Бұрын адамдар хат-хабарларды түйе немесе 
ат арбамен 20 000 шақырымға дейін жол жүріп әрең жеткізетін. Кейіннен Қазақстанның 
қалаларында, облыстарында, аудандарында, ауылдарында пошта бөлімшелері ашылды.
Алматы (бұрынғы Верный) қаласында пошта бөлімшесі 1860 жылы ашылған. Орталық
пошта Республикамыздағы ең ірі байланыс жүейсі болатын. Бұл жерден адамдар жедел 
хат, сәлемдеме,бандероль жіберуге, ақша аударуға әлі де мүмкіндіктері бар. Орталық 
поштада қалааралық сөйлесу жүйесі де бар.
Бұл күндері ұялы телефон, факс, электронды пошта, интернет пайда болды. Интернеттің 
тарихы өткен ғасырдың 60-жылдарынан басталады. АҚШ Қорғаныс министерлігіне 
қарулы күштермен байланыс жасау үшін компьютер жүйесі қажет болды. Мұны 70-
жылдары Америка ғалымдары қолға алып, 80-жылдары телефон компаниялары компьютер
арқылы көптеген елдермен байланыс жасай бастады.
Сөйтіп, халықаралық компьютер тілі пайда болды да, компьютер жүйесі дүние жүзіне 
тарай бастады.
Интернетті көптеген мақсатқа қолдануға бастады. Интернеттің көмегімен машина, үй 
сатып алуға, басқа қалалардағы қонақ үйден күні бұрын орын алуға, кино көруге, 
ағылшынша газеттер, жапонша жорналдар оқуға, кез келген қалалардан кітаптар сатып 
алуға, Германиядағы қарсыласыңызбен шахмат ойнауға, тіпті басқа елдегі таныстарыңмен 
еркін сөйлесуге де болады.
Интернеттің көмегімен санаулы уақыттың ішінде электронды пошта арқылы кез келген 
елдермен байланыса аласыз және бұл телефонмен сөйлесуден арзанға түседі.
Егер Сіздің үйіңізде компьютер болмаса, факстің немесе Интернеттің көмегімен 
арнаулы факс-бюроны не Интернет-дәмханаларды пайдалануға болады.
Өміріміз күн санап дамып, өзгеруде, сонымен бірге қарым-қатынастың түрі де 
көбеюде. Сөйлесу әрі қарапайым, әрі жеңіл, әрі тез болатын болады.
Сөздік
Байланысу – связываться
электронды пошта – электронная почт
хат – хабар - корреспонденция
ат арба – повозка, телега
бөлімше – отделение
байланыс жүйесі – система связи
 Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың өту мезгілін білдіру 
етістіктің шағы
деп аталады. 
Шақ, кез, сәт, уақыт, мерзім сөздері – мезгілдің синонимдері. Сөйлеп тұрған сәтпен 
байланысты қимылдың мезгілі, шақтық, мағынасы мынадай болуы мүмкін:
- Үнемі қайталанатын, дағдыға айналған іс-қимыл, сөйлеп тұрған кезде болып жатқан 
қимыл, іс-әрекет
- Сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен қимыл, іс-әрекет
- Сөйлеп тұрған кезде әлі болмаған, бірақ кейін әйтеуір болуға тиісті қимыл, іс-
әректтер
Шақтың үш түрі бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет