Курсы: ІІІ семестрі: V тақырыбы



бет2/2
Дата10.06.2017
өлшемі463,4 Kb.
#18759
1   2

Қосымша:(Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардапшеккендергепсихологиялықкөмеккөрсетубойыншажаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

11. Зазулинский, В. Д. Безопасность жизнедеятельности в чрезвычайных ситуациях: учеб.пособие для гуманитарных вузов. - М. : Экзамен, 2006.

12. Учебное пособие для занятий по чрезвычайным ситуациям и Гражданской обороне в организациях : учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2006.

13. Практическое руководство по биологической безопасности в лабораторных условиях : практикум. - Третьеизд. - Женева : ВОЗ, 2004

14. Приходько, Н. Г. Безопасность жизнедеятельности: курс лекций. - Алматы : Юридическая лит., 2004.

15. ХванТ. А. Безопасность жизнедеятельности: учеб.пособие. - 4-е изд., перераб. и доп. - Ростов н/Д : Феникс, 2004


7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 7мин (15%)

Сұрақ-жауап.



9.Жаңа сабақты түсіндіру 10мин (30%)

10. Ақпараттық материалмен жұмысы: 15 мин (35%)


ТЖ кезіндегі медициналық сұрыптау

Медициналық сұрыптаудың негізін қалаушы әйгілі орыс әскери-хирургі және ғалымы Н.И.Пирогов болатын. Медициналық сұрыптау емдеу-эвакуациялау жүйесін жүзеге асырудағы басты ұйымдастыру шарасы болып саналады.



Медициналық сұрыптау – зардап шеккендерді бырыңғай емдеу, алдын алу және эвакуациялау шараларына мұқтаждығына байланысты бөлу.

Медициналық сұрыптаудың мақсаты – зардап шеккендерді медициналық көмекпен мезгілінде қамтамасыз ету және оларды тиімді эвакуациялау.

Осы шаралардың басты міндеттеріне зардап шеккендерді бірнеше сұрыптау топтарына бөлу жатады:

1-топ – айналадағыларға қауіп төндіретін (радиоактивті немесе химиялық ошақтан жеткізілген зардап шеккендер тобы);

2-топ – осы кезеңде шұғыл медициналық көмекке мұқтаж зардап шеккендер;

3-топ – келесі кезеңге жөнелтілетіндер;

4-топ – жеңіл зардап шеккендер, оларға қажетті көмек көрсетілгеннен кейін, келесі кезеңдерін амбулатория жағдайында жалғастырады;

5-топ – аса ауыр зардап шеккендер, жарақаттары өмірмен сиымсыз (агония жағдайындағылар).

Медициналық сұрыптау алдына қойылған міндеттеріне байланысты екі түрге бөлінеді: пунктішілік және эвакуациялау-көліктік медициналық сұрыптау.

Пунктішілік медициналық сұрыптау кезінде зардап шеккендер келесі белгілері бойынша топтастырылады:


  1. Айналадағыларға қауіп төндіретіндер:

  • Қауіптілер, арнайы санитарлық өңдеуді талап ететіндер (радиоактивтік заттар (РЗ) және улағыш заттар (УЗ) ошағынан жеткізілгендер);

  • Қауіптілер, уақытша оқшауланатындар (инфекциялық немесе психоневрологиялық изоляторларда);

  • Айналадағыларға қауіпсіздер.

  1. Емдеу белгілері бойынша:

А) зардап шегушілердің медициналық көмекке мұқтаждығы:

  • Шұғыл медициналық шараларға мұқтаждар (оларды қызыл түспен белгілейді);

  • Осы кезеңде шұғыл медициналық шараларды қажет етпейтіндер (оларды жасыл түспен белгілейді);

  • Симптоматикалық көмекті қажет ететіндер (оларды ақ түспен белгілейді).

Б) медициналық көмектің кезегі зардап шегушінің өміріне қауіп түсіретін жағдайлармен анықталады:

1-ші – көмек кешіккен жағдайда зардап шегушінің өміріне қауіп төнеді;

2-ші – көмек кешіккен жағдайда зардап шегушінің өміріне қауіп төнбейді.

Эвакуациялау-көліктік медициналық сұрыптау зардап шеккендерді бырыңғай топқа бөлу үшін жүргізеді:


  1. Эвакуацияның қажеттілігі бойынша;

  2. Эвакуацияның кезегі бойынша;

  3. Тасымалдаушы көліктің түрі бойынша;

  4. Зардап шегушілерді көлікте орналастыру жағдайлары бойынша (жатқызып, отырғызып және т.б.).

Медициналық сұрыптаудың негізгі мақсаты – сұрыптау топтарын тез арада анықтау. Сұрыптау топтары:

1 топ – қоршаған адамға қауіптілер (УЗ және РЗ жұқтырған, психомоторлық қозуы бар зардап шегушілер және жұқпалы ауруларға күдіктілер). Бұл науқастар жалпы ағымнан бірден бөлінеді.



  1. топ – медициналық эвакуацияның осы кезеңінде жедел жәрдем көмегіне мұқтаждар. Бұл науқастар сәйкес емдеу мекемелеріне жіберіледі.

  2. Топ - әрі қарай эвакуацияланатындар (оларға медициналық көмек келесі кезеңде көрсетіледі).

  3. Топ – жеңіл зардап шегушілер, оларды жалпы тексеріп, көмек көрсетілгеннен кейін келесі емін амбулаторлық жағдайда жалғастыру үшін емханаларға жіберіледі.

  4. Топ – өте ауыр, өмірмен сәйкес келмейтін зақымдары бар (агониядағы) зардап шегушілер. Мұндай зардап шегушілер эвакуацияға жіберілмейді, оларға симптоматикалық терапия жүргізіледі.

Медициналық іріктеу кезінде әрбір зардап шегушіге біріншілік медициналық карта толтырылады, содан кейін зардап шегушінің киіміне іріктеу маркасы бекітіледі.

Медициналық қабылдау – сұрыптау бөлімінің функционалдық міндеттері

Қабылдау – сұрыптау бөлімінің бастығы жасақ бастығына бағынады және бөлімінің жұмысқа дайындығы үшін, қабылдауды ұйымдастыру мен АДКЖ – ға түскен, зақымданғандарға сұрыптауды ұйымдастырудың сапасы үшін жауап береді.



Күнделікті дайындық кезінде:

  • өз бөлімінің ұйымдастырушылық құрылымын, жеке құрамын, АҚ – ның мүлкімен және техникалық тізімдік жабдықтармен толтырылуын қамтамасыз етуге, оның ұйғарылымын білуге;

  • жеке құрамының дайындығы мен бөлімінің пайдалануындағы тізімдік мүлкінің есебін жүргізуге, оның сақталған орнын, алу мерзімі мен тәртібін білуге;

  • АҚ бойынша өз білімін үнемі жетілдіріп отыруға, арнайы дайындық бойынша жеке құраммен сабақ өткізуді ұйымдастыруға;

  • Тапсырмаларды орындау үшін бөлімнің жеке құрамының тұрақты дайындығына дем беріп отыруға, бөлімдерді жылына 2 реттен кем емес жинауға және хабарландыру жөніндегі жаттығуларды өткізуге;

  • бағыныштылардың моральдық және іскерлік дайындық деңгейі сапасын білуге;

  • жеке құрамды қорғанудың арнайы құралдарын және техниканы, жекелеген құрал – саймандарды қабілетті пайдалана білуге үйретуге;

  • Жеке құрамды тапсырмаларды іс жүзінде орындауға дайындауға және АЖТ-ға қатысуға, болуы мүмкін жұмыстар учаскелерін және соған баратын бағыттарды зерттеуге;

  • АҚ дабылын алған жағдайда бөлімнің жеке құрамының жиналу уақыты мен орнын, хабарландыру тәртіптері мен тәсілдерін білуге;

  • бөлімнің жеке құрамының қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуіне қамқорлық жасауға, жүру кезінде, жұмыс жасау кезінде, техникамен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларының сақталуын қадағалауға, сондай – ақ ТЖ зақымдаушы факторларынан қорғау шараларын дер кезінде қабылдауға;

  • бағыныштылардың батыл, ақылға қонымды және бастамашыл әрекеттерін мүмкіндігінше көтермелеп отыруға міндетті.

Бейбіт уақытта ТЖ туындау қауіпі кезінде:

  • «жиналу» дабылын ала салысымен отрядтың жеке құрамына хабарлауға және белгіленген орында жиналуды дер кезінде ұйымдастыруға;

  • Жеке құрамның бөлімге дер кезінде келуін тексеруге;

  • Күнделікті қорғаныс үшін, жеке құрамға бекітілген құралдар мүліктерін, приборларды алуды және тексеруді ұйымдастыруға;

  • Бөлімді жеке құраммен, арнайы техникалық мүлікпен, жеке қорғану құралдарымен толықтыруға және бөлімді дайындыққа келтіруді қамтамасыз етуге;

  • Байланыс жүйесін тексеруге, АДКЖ нің ішкі байланысын анықтауға;

  • Жеке құрамға жағдайды хабарлауға; болған жағдайларды ескере отырып, болашақта болатын іс – әрекетті ұғындыруға;

  • АДКЖ бастығына дайын екендіктерін баяндауға міндетті.

Бейбітшілік кезде ТЖ туындау қаупі кезінде:

  • «жиналу» дабылын ала салысымен айтқан жерге барып, бастықтан тапсырманы алуға;

  • Жиналатын жер мен уақытын анықтап, бөлімнің құрамын дайындауға;

  • Келіп түскен зардап шегушілерді лек – легімен орналастыру үшін, бөліп отыратын күзет орнын (БК) ашуға;

  • Бастықтың нұсқауы бойынша жасақты жайғастыруға және зақымданғандарды медициналық сұрыптау мен қабылдауға дайындауға;

  • АҚ медициналық карточкасын толтыру мен зақымданғандарды қабылдауды және тіркеуді ұйымдастыруға;

  • Зақымданғандарға медициналық сұрыптау өткізуге;

  • Көрсеткішке сәйкес зақымданғандарға сіреспе ауруына қарсы бағытталған қан сарысуын, антибиотиктер құюды қамтамасыз етуге;

  • Жұқпалы ауруларды, жедел жүйке – психологиялық ауруларға шалдыққандарды анықтауға және оларды оқшаулар шұғыл шаралар қабылдауға;

  • Бөлімдегі зақымданғандарға тіршілік көрсеткіштері бойынша кезек күттірмейтін көмектер көрсетуге;

  • Зақымданғандарды АДКЖ – нің тиісті бөлімдеріне жіберуді қамтамасыз етуге;

  • Бөлімнің жеке құрамының қабылдаудың ерекшелігі және УЗ (ҚӘУЗ) –дан зақымданғандардың түсуі кезінде дәрігерлік сұрыптама жасауға;

  • Бөлімнің жеке құрамын қорғанудың медициналық құралдарымен қамтамасыз етуге;

  • Санитарлық өңдеу жүргізу тәртібі туралы және арнайы киімдер мен мүліктерді газсыздандыру туралы қол астындағыларға нұсқау - түсініктеме өткізуге;

  • Эпидемияға қарсы режимді қатаң қадағалай отырып, бөлімде смена бойынша жұмыс ұйымдастыруға;

  • Қол астындағыларға жұқпалы ауруларды қабылдау және оларды уақытша жұқпалы аурулар бөліміне жіберу ережесі туралы түсініктеме нұсқау беруге;

  • Бөдімге шұғыл сақтандыру және күнделікті термометрия өткізуге басшылық жасауға;

  • АДКЖ бастығына жүктелген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндауға міндетті.

АҚ – ны соғыс уақытына ауыстыру кезінде:

  • «жиналу» дабылын ала салысымен басқару пунктіне келіп АДКЖ бастығынан тапсырма алуға;

  • Зардап шеккендер мен ауруларды қабылдау және дәрігерлік сараптама жүргізу үшін, қабылдау – сұрыптау бөлімін дайындыққа келтіруге;

  • Қолда бар дәрі – дәрмектердің, орайтын – таңатын материалдардың, жеке құралдар мен дәрігерлік қорғау құралдарын тексеруге;

  • Отрядтың басқа бөлімдерімен байланысты тексеруге;

  • Бөлімді өрт сөндіретін құралдармен қамтамасыз етуге;

  • Жеке құрам мен зардап шегушілерді паналату үшін қорғаныс ғимаратын дайындауға;

  • Барлық өткізілген шаралар туралы белгіленген уақытта АДКЖ бастығына баяндап отыруға міндетті.

Кездейсоқ шабуыл болған жағдайда:

  • Зардап шеккендер мен ауруларды жасырынатын баспанамен қамтамасыз етуге;

  • Соққы бергеннен кейін, АДКЖ бастығынан тапсырма алып, жеке құрамды жинап, оларға болған жағдайды хабарлап, шабуыл зардаптарын жоюға кірісуге;

  • Бөлімді зақымданғандарды қабылдауға және медициналық сұрыптауға дайындауға ыңғайлы етіп ашуға;

  • Жұқпалы аурулармен ауырған науқастарды, күрделі жүйке – психикалық ауруына шалдыққандарды анықтап және дер кезінде оларды оқшаулауға;

  • АДКЖ –нің басқа бөлімдерімен өзара әрекеттестікті жүзеге асыруға;

  • УЗ (ҚӘУЗ) –дан зардап шеккендер түскен кезде, қабылдау және дәрігерлік сұрыптау ерекшеліктері туралы жеке құрамға дәрігерлік жедел жәрдем көрсету мен басқа бөлімге жіберу тәртібіне нұсқау беруге;

  • Бөлімнің жеке құрамының жеке қауіпсіздік ережелерін қадағалауын бақылап отыруға;

  • Санитарлық өңдеу және арнайы киімдерді газсыздандыру тәртібі туралы қол астында,ыларға нұсқау беруге;

  • Өрт шыға қалған жағдайда оны өшіруді ұйымдастыруға, зақымданғандарды қауіпсіз жерге алып шығуға;

  • Жұқпалы ауруларды, жедел жүйке – психологиялық ауруларға шалдыққандарды анықтауға және оларды оқшаулау үшін шұғыл шаралар қабылдауға;

  • Бөлімдегі зақымданғандарға тіршілік көрсеткіштері бойынша кезек күттірмейтін көмектер көрсетуге;

  • Барлық өткізілген шаралар туралы белгіленген уақытта АДКЖ бастығына баяндап отыруға міндетті.

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 5мин (10%)

Сұрақтар:

1.Медициналық қабылдау – сұрыптау бөлімінің

функционалдық міндеттері.

2.Күнделікті дайындық кезінде.

3.Бейбіт уақытта ТЖ туындау қауіпі кезінде.

4.АҚ – ны соғыс уақытына ауыстыру кезінде.

5.Кездейсоқ шабуыл болған жағдайда.

12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (2%)

13. Үйге тапсырма беру.ТЖ кезінде емдік-көшіру (эвакуация) жүйесімен қамтамасыз ету. Н-13, 89-90бет 2 мин (2%)

Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңдегі төтенше жағдайда тұрғындарға жедел медициналық көмекті ұйымдастыру

4 Сабақ: ТЖ кезінде емдік-көшіру (эвакуация) жүйесімен қамтамасыз ету



1.Сағат саны: 45 мин (100%)

2.Сабақ түрі: теориялық

3.Сабақтыңмақсаты:

  • оқыту:ТЖ кезінде емдік-көшіру жүйесімен қамтамасыз етуді оқып-үйрену;

  • дамыту: топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

4. Оқыту әдісі: түсіндіру, оқып-үйрету, ақпаратпен жұмыс істеу, сұрақ-жауап, пікірталас.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: кестелер, суреттер, кеспе қағаздары.

б) оқыту орны: 116 аудитория.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:(Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.



Қосымша:(Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардапшеккендергепсихологиялықкөмеккөрсетубойыншажаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

11. Зазулинский, В. Д. Безопасность жизнедеятельности в чрезвычайных ситуациях: учеб.пособие для гуманитарных вузов. - М. : Экзамен, 2006.

12. Учебное пособие для занятий по чрезвычайным ситуациям и Гражданской обороне в организациях : учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2006.

13. Практическое руководство по биологической безопасности в лабораторных условиях : практикум. - Третьеизд. - Женева : ВОЗ, 2004

14. Приходько, Н. Г. Безопасность жизнедеятельности: курс лекций. - Алматы : Юридическая лит., 2004.

15. ХванТ. А. Безопасность жизнедеятельности: учеб.пособие. - 4-е изд., перераб. и доп. - Ростов н/Д : Феникс, 2004


7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 7мин (15%)

Сұрақ-жауап.



9.Жаңа сабақты түсіндіру 10мин(30%)

10. Ақпараттық материалмен жұмысы: 15 мин (35%)
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЭВАКУАЦИЯ

Медициналық эвакуация – зардап шеккендерді (ауруларды) апат ошағынан алып шығу және оларға қажетті медициналық көмекті көрсету, тиімді емді және реабилитациялық шараларды мезгілінде орындау үшін емдеу мекемесіне немесе медициналық эвакуациялау кезеңіне тасымалдау.Зардап шеккендерді тасымалдау бағыты (жолы) медициналық эвакуациялау жолы

деп аталады.

Медициналық эвакуация зардап шеккендерді (ауруларды) апат ошағынан алып шығудан басталып, толық медициналық көмекті көрсететін және соңғы емдеу шараларын орындайтын емдеу мекемелерімен аяқталады.

ТЖ кезінде тұрғындар арасында пайда болған жоғалтулар қайтымсыз және санитарлық жоғалтулар деп бөлінеді.



Қайтымсыз жоғалтулар – төтенше жағдайлар кезінде қаза болғандар, медициналық эвакуацияның бірінші кезеңіне (медициналық мекемеге) түскенге дейінгі қаза болғандар және хабарсыз жоғалғандар.

Санитарлық жоғалтулар – төтенше жағдайлар басталғанда және төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер мен ауырғандар (тірі қалғандар).

Санитарлық жоғалтулар құрылымы әртүрлі белгілеріне қарай топтастырылады:



  • Түріне (жаралылар, күйгендер, науқастар және т.б.);

  • Зақымдалудың, аурудың ауырлық дәрежесіне (тым ауыр, ауыр, орташа ауыр, жеңіл);

  • Жарақат, күйік сипаты және орналасуына;

  • Аурудың сипаты және басқа да белгілеріне.

Төтенше жағдайдың зақымдаушы факторлары – бұл механикалық, термиялық, радиациялық, химиялық, биологиялық (бактериологиялық), психоэмоционалды сипаттағы адамдардың, аулшаруашылығы жануарларының, тұрмыс шаруашылығы нысандарының және қоршаған табиғи ортаның зақымдалуына алып келетін факторлар.

ТЖ аумағында адамдардың зақымдалуы – төтенше жағдайлар кезінде әсер етуші факторлардың (физикалық, химиялық, биологиялық және т.б.) зақымдаушы әсері салдарынан адамдардың қаза болуы мен денсаулығының бұзылуы.

ТЖ кезінде зардап шегушілер – ТЖ кезінде материалдық, моральды шығын алғандар және психикалық және психосоматикалық бұзылыстары бар зардап шегушілер.

Медицицналық қамтамасыз ету

Медициналық қамтамасыз ету денсаулық сақтау органдарының күштерімен жүзеге асырылады. Шығарылатын және тасып шығарылатын халықтың денсаулығын сақтау мақсатында:



  • эвакуациялық жиналу пункттерінде, отырғызу және түсіру пунктерінде, эвакуациялау маршруттарында, эвакуациялаудың аралық пункттерінде және орналастыру орындарында халыққа медициналық қызмет көрсету;

  • емделу мекемелерімен бірге шығарылатын, ауруларға медициналық қызмет көрсету және эвакуациялау;

  • стационарлық емделу мекемелеріндегі тасымалдауға жарамайтын ауруларға медициналық қызмет көрсету;

  • орналастыратын орындардың жағдайына, тамағына, сумен жабдықталынуына және монша, кір жуу қызметтерінің санитарлық – гигиеналық жағдайына бақылау жасау;

  • эпидемиологиялық жағдайына үздіксіз бақылау жасау, оларды оқшаулау, емдеу, эпидемияға қарсы шараларды орындау;

  • медициналық пункттерді және емдеу – профилактикалық мекемелерін қажетті медициналық мүлікпен жабдықтау жүргізіледі.

Эвакуациялық жиналу пункттерінде,отырғызу және түсіру пункттерінде, эвакуациялаудың аралық пункттерінде медицина қызметкері тәулік бойы кезекшілік ететін медициналық пункттер ашылады.

Медициналық пункттер жергілікті күштер және эвакуацияланған мекемелермен, сондай – ақ көлік ұйымдарының ведомстволық медициналық мекемелерімен ашылады.

Эвакуациялау маршруттарында медициналық пункттер ереже бойынша, ашылмайды, медициналық қамтамасыз ету үшін маршрут бойындағы елді мекендерге орналасқан немесе соған жақын орналасқан емдеу мекемелері пайдаланылады.

Мұндай медициналық мекемелердің бар екендігі туралы маршрут бастықтарына хабарланады, ал олардың орналасқан жерлері көрсеткіш белгілермен белгіленуі қажет.

Медициналық пункттер қажет болған жағдайда дем алатын жерлерде де ашылады (бұл пункттердің орнына жылжымалы медициналық бригадалар пайдаланылуы мүмкін).

Эвакуация үшін бөлінген көлік тасымалдау және жол үстінде ауруларға медициналық қызмет көрсету көрсету үшін бейімделуі тиіс.

Қауіпсіз аймақта уақытында медициналық қызметтің кереуетті жүйесін ашу мақсатында ең алдымен емдеу мекемелері, медицина қызметкерлері және медициналық мүлік эвакуациялануы тиіс.

Эвакуациялау шараларын қамтамасыз ету үшін медициналық күш пен құралдардың қажеттілігі мына есеп бойынша:

Эвакуациялық жиналу пункттерінде, отырғызу және түсіру пункттерінде, эвакуациялардың аралық пункттерінде және дем алатын орындарда ашылған әрбір медициналық пункттерге санитарлық автомобиль, бір сменаға екі медбике және бір санитарка беріледі (жиналу пункті мен отырғызу пункті қосылған жағдайда бір ғана медициналық пункт), әрбір медициналық пунктке құрамында екі дезинфекторы бар дезинфекциялау бригадасын немесе санитарлық дружина звеносын бекітеді;

Жаяу колонналарға қызмет көрсету үшін жылжымалы медициналық бригадасының санитарлық автомашинасына бір дәрігер (фельдшер) және бір медбике бөлінеді, машинада жедел жәрдем көрсету үшін төсеу болуытиіс;

Жаяу колоннаның құрамына санитарлық сумкасы бар сандружина бөлінеді.

Эвакуациялау шаралары аяқталғаннан кейін медицина қызметкері өзінің емдеу мекемесіне қайтарылады.




11. Жаңа тақырыпты бекіту. 5мин (10%)

Сұрақтар:

1. Медициналық эвакуация.

2. Медициналық эвакуациялау жолы.

3. Қайтымсыз жоғалтулар.

4. Санитарлық жоғалтулар.

5. Төтенше жағдайдың зақымдаушы факторлары.

6. ТЖ аумағында адамдардың зақымдалуы.

7. ТЖ кезінде зардап шегушілер.

8. Медицицналық қамтамасыз ету.

12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (2%)

13. Үйге тапсырма беру. Иондалған сәуленің адам ағзасына әсері.

Н-14, 46-56бет 2 мин (2%)






Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет