Курсы: ІІІ семестрі: V тақырыбы



бет1/2
Дата15.09.2017
өлшемі436,1 Kb.
#32751
  1   2



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» жанындағы техникалық және кәсіби білім беру колледжі ШЖҚ

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы



044 -50/18 К

24 беттің -беті



«Тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәні бойынша теориялық сабаққа арналған әдістемелік өңдеу



ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Техникалық және кәсіби білім беру факультеті
Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы


ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗДЕРІ

пӘні бойынша

ТЕОРИЯЛЫҚ САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

Мамандығы: 0032000 «Медбикелік іс»

Біліктілігі: 0302033 «Жалпы практикадағы медбике»

Курсы: ІІІ

Семестрі: V

Тақырыбы: Модуль 8. Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңде ТЖ жұмыстарындағы емдік-алдын алу мекемелерінің дайындығы


(жалпы сағат саны: 12сағ; теория- 4сағ)

ШЫМКЕНТ 2014 ж

Әдістемелік өңдеу акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.
Хаттама № __ «__» _______ 2014 ж.
«Бекітемін»

Акушерия және гинекология курсымен

АМСЖ кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доцент ________________________ Югай Н.В.


Құрастырған: аға оқытушы, магистр Турманова Ж.О.

Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңде ТЖ жұмысындағы емдік-алдын алу мекемелерінің дайындығы.

(сағат саны: 12сағ -540мин; теория 4сағ-180мин)

1 Сабақ: Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңде ТЖ жұмысындағы емдік-алдын алу мекемелерінің дайындығы

Сағат саны: 45 мин (100%)


  1. Сабақ түрі: теориялық

  2. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту:

- бейбітшілік уақытта және әскери кезеңдегі төтенше жағдайларға сипаттама;

- ТЖ жұмыстарындағы емдік-алдын алу мекемелерінің дайындығын анықтау;



  • тәрбиелік: Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңде ТЖ жұмысындағы емдік-алдын алу мекемелерінің дайындығын анықтай білу

  • дамыту: топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

4. Оқыту әдісі: түсіндіру, оқып-үйрету, ақпаратпен жұмыс істеу, бейне материалдар көру, сұрақ-жауап, пікірталас.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: кестелер, суреттер, кеспе қағаздары.

б) оқыту орны:116 аудитория.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:(Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.

18. Абеуова И.Ә., Ермекбаева Л.К. Әлеуметтік психология: Оқу құралы – Алматы: ЖШС «Эверо», 2012ж., 238бет.

19. Алдамұратов Ә., Рақымбеков Қ. Жалпы психология. Оқулық. – Алматы: «Эверо», 2011ж., 216бет.



Қосымша:(Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама. 3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

11. Зазулинский, В. Д. Безопасность жизнедеятельности в чрезвычайных ситуациях: учеб.пособие для гуманитарных вузов. - М. : Экзамен, 2006.

12. Учебное пособие для занятий по чрезвычайным ситуациям и Гражданской обороне в организациях : учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2006.

13. Практическое руководство по биологической безопасности в лабораторных условиях : практикум. - Третьеизд. - Женева : ВОЗ, 2004

14. Приходько, Н. Г. Безопасность жизнедеятельности: курс лекций. - Алматы : Юридическая лит., 2004.

15. ХванТ. А. Безопасность жизнедеятельности: учеб.пособие. - 4-е изд., перераб. и доп. - Ростов н/Д : Феникс, 2004

16..А.Жаханов, С.Садықов, Медициналық радиобиология негізі, оқулық; -Алматы; «Эворо», 2011ж. -276б.
7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 7мин (15%)

Сұрақ-жауап.



9.Жаңа сабақты түсіндіру 10мин(30%)

10. Ақпараттық материалмен жұмысы: 15 мин (35%)
Төтенше жағдайға емдік-профилактикалық мекемелердің дайындығы

Төтенше жағдай орын алғанда халықты медициналық-санитарлық қамтамасыздандыру денсаулық сақтау мекемелерінің алатын орны ерекше емханалар, мемлекеттік санэпиднадзор орталықтары, қан құю орталықтары, дәріханалар, т.б. мекемелер.

Олардың бір базасы медициналық апат және емдік-көшіру, санитарлық тазалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырады, ал басқалары денсаулық сақтау мекемесінің медициналық апат кезінде медициналық көмек көрсетеді. Денсаулық сақтау орталығының дайындығы ТЖ кезінде халықты медициналық-санитарлық қалай қамтамасыздандырғанына тікелей байланысты. ТЖ медициналық-санитарлық көмек көрсету үшін денсаулық сақтау мүшелерінен құралған мекемелер.

Ортақ мақсаттар үшін барлық денсаулық сақтау нысандарында ТЖ жұмыстарының дайындық шарттары келесі:

- пайда болған ТЖ жағдайы мен бағасы

- ТЖ ұйымдастырушы нысанның іс-шараға дайындығы

- ТЖ нысанның болжау жұмыстары

- ұйымдастырушылардың материалдық жағдайын сыртқы факторлардан қорғау жағдайын ұйымдастыру

- көтермелеуге бағытталған ТЖ нысандарының функциялары.

Емдеу мекемесінің басшылығына болжамды төтенше жағдайларға тапсырма беріледі. Ол жерде қысқаша басшылық жағынан пайда болған ТЖ кезінде қандай медициналық көлік немесе басқа да қажеттіліктерді қай уақытқа дайындау қажеттілігі көрсетілген.

Қай жағдайда емдік мекемеде қоныс аударуға тура келсе ондай жағдайда мекен жайын анықтап көлікпен қамтамасыздандырады.

ТЖ кезінде де мекемесінің жұмысшылары дайындықты басқарушы органдар құрылымына (емхананың немесе поликлиниканың аға дәрігері) өзінің мекемесінің азаматтарына жауапты.

АҚ басшылығының нұсқауы бойынша емдік мекемелерде басқарушы мүше құрылады. АҚ ТЖ нысаны.

Штаб құрамы денсаулық сақтау мекемесінің мүмкіндіктеріне және шешетін жұмыстарына тікелей байланысты.

Атқарушы мүшелер басты міндеттеріне денсаулық сақтау мекемесінің күнделікті атқаратын жұмысына тікелей байланысты.

Егер жұмысқа дайындық кезінде ТЖ туатын болса оларды 2 басты міндет шешеді.

- Бірінші міндет егер емдік мекемеге қандай да бір қауіп төнетін болса бірінші жағдайда ауруларды, жұмысшыларды, қажетті құрал-жабдықтарды қорғау қажет. Одан кейін болған жағдайда қарай зардап шеккен халыққа соның ішінде жұмысшыларға, ауруларға сыртқы факторлардың әсерінен зардап шеккендерге көмек көрсету қажет. Емдік мекеме белгілі бір себептермен жұмыс істей алады.

- Екінші мәселе емдік мекемеге жоспарланған дайындық кезінде сыртқы факторлар әсер етсе білікті немесе арнайы медициналық көмек көрсетіледі. Жоғарғы денсаулық сақтау мүшелері болған жағдайға қарай емдік мекемеде медициналық құрамдар құрылады.

Денсаулық сақтау нысандарында іс-шараға байланысты деңгейге бөлінеді:

- Басқарушы мекеменің көлеміне және орналасуына қарай

- Құрамы мен нысанына мінездеме

- Жабдықтары мен жай күйі

- Апат факторына қарай қорғау нысаны

- Денсаулық сақтау нысанының ерекшеліктеріне қарай есепке алу қажет.

Әр бөлімшеде іс-шараны жоспарланғанда деңгейі мен күйі тікелей әсер етеді.

ТЖ пайда болған кезде емдік бөлімшенің жеріне және соған жақын орналасқан нысандарда өтілетін іс-шаралар мыналар:

-құрылған есебі және соған лайық уақыты

- емдік мекемедегі құтқарушылардың (құтқарушылардың радиациялық химиялық тепе теңдігі)

- қаладан көшірілетін жағдайда аймақтардан таралатын жерлердің медициналық санитарлық жұмыстарын бөледі.

Бөлімшенің жұмысшысы меңгерушісінің айтуы бойынша күндізгі бөлімде кезекші меңгерушісі келгенге дейін аға медбике қосымша дайындық нұсқауларын дайындайды аурулардың тарихы мен ауру жағдайын.

Кейбір нұсқаулықтарды амбулаториялықбөлімшеге ауыстырады.

Бөлімшенің жұмысшылары мұрағаттан кереует, төсекжаймаларын алып егу бөлімшесін дайындайды.

Егер жұқтырғанадамдар көп болса орын жетіспеген жағдайда тіркеу бөлмесіне немесе көлікке жатқызады.Зембілдермен бір біріне жақын орналастырады ол жетіспеген жағдайда арбаларды қолданады.

Барлық кейінге әкелінген науқастарды ота жасау бөлімшесіне егу бөлмесіне таңу бөлмелеріне таратады. Зембілімен тасушы науқастарды ауыстыруға тиым салынады. Бас жарақаты көкірек іш ауырған науқастарды арнайы орындарға жатқызады.

Таңдау барысында инфекция бөлімшесіне жолдама береді, ал жағдайы қиын науқастарды алшақтату бөлімшесіне ауыстырады.

Берілген бөлімшеге келгенде жағдайна қарай оларды кезекке қояды. Медициналық тексеруден кейін оларды өз бөлімшесіне жібереді сол бөлімшеде науқасқа толық жаңдай жасалынады. Жүре алатын науқастар түскен жағдайда оларға басқа ғимараттан бөлме береді. Көбінесе ол кішкене емхана немесе бөлме (химиялық апат орталықтарынан келген науқастарға) 1 тәулік бойы көмек көрсетілетін болады. Халықтың арасында эпидемияға қарсы, радиацияға қарсы жұмыстар жүргізіледі.

- ТЖ кезінде емдік мекемені көлікпен қамтамасыздандыру

- емдік мекемені медициналық санитарлық қажеттіліктермен қамтамасыздандыру

- емдік базаның ішіндегі қала ішілік жерлер емдік мекемені көшіру қажет болған кезде

- ауруларды, жұмысшыларды қорғау үшін.


11. Жаңа тақырыпты бекіту. 5мин (10%)

Сұрақтар:

1. Төтенше жағдайға емдік-профилактикалық мекемелердің дайындығы

2. ТЖ жұмыстарының дайындық шарттары

3. ТЖ туатын болса олардың міндеттері

4. Денсаулық сақтау нысандарында іс-шараға байланысты деңгейлері

5. ТЖ пайда болған кезде емдік бөлімшенің жеріне және соған жақын орналасқан нысандарда өтілетін іс-шаралар


12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (2%)

13. Үйге тапсырма беру. Биологиялық сипаттағы ТЖ денсаулық сақтау мекемесіндегі емдік-алдын алу жұмыстарының ерекшеліктері

Н 17, 2 мин (2%)




Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңде ТЖ жұмысындағы емдік-алдын алу мекемелерінің дайындығы.

(сағат саны: 12сағ -540мин; теория 4сағ-180мин)

2 Сабақ: Биологиялық сипаттағы ТЖ денсаулық сақтау мекемесіндегі емдік-алдын алу жұмыстарының ерекшеліктері

Сағат саны: 45 мин (100%)


  1. Сабақ түрі: теориялық

  2. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту:

- биологиялық сипаттағы төтенше жағдайларға сипаттама беру;

- денсаулық сақтау мекемесіндегі емдік-алдын алу жұмыстарының ерекшеліктерін талдау.



  • тәрбиелік: Биологиялық сипаттағы ТЖ денсаулық сақтау мекемесіндегі емдік-алдын алу жұмыстарының ерекшеліктерін білу

  • дамыту: топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

4. Оқыту әдісі: түсіндіру, оқып-үйрету, ақпаратпен жұмыс істеу, бейне материалдар көру, сұрақ-жауап, пікірталас.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: кестелер, суреттер, кеспе қағаздары.

б) оқыту орны:116 аудитория.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:(Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.

18. Абеуова И.Ә., Ермекбаева Л.К. Әлеуметтік психология: Оқу құралы – Алматы: ЖШС «Эверо», 2012ж., 238бет.

19. Алдамұратов Ә., Рақымбеков Қ. Жалпы психология. Оқулық. – Алматы: «Эверо», 2011ж., 216бет.



Қосымша:(Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама. 3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

11. Зазулинский, В. Д. Безопасность жизнедеятельности в чрезвычайных ситуациях: учеб.пособие для гуманитарных вузов. - М. : Экзамен, 2006.

12. Учебное пособие для занятий по чрезвычайным ситуациям и Гражданской обороне в организациях : учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2006.

13. Практическое руководство по биологической безопасности в лабораторных условиях : практикум. - Третьеизд. - Женева : ВОЗ, 2004

14. Приходько, Н. Г. Безопасность жизнедеятельности: курс лекций. - Алматы : Юридическая лит., 2004.

15. ХванТ. А. Безопасность жизнедеятельности: учеб.пособие. - 4-е изд., перераб. и доп. - Ростов н/Д : Феникс, 2004

16..А.Жаханов, С.Садықов, Медициналық радиобиология негізі, оқулық; -Алматы; «Эворо», 2011ж. -276б.
7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 7мин (15%)

Сұрақ-жауап.



9.Жаңа сабақты түсіндіру 10мин(30%)

10. Ақпараттық материалмен жұмысы: 15 мин (35%)
Халықты және ауыл шаруашылық малдарын биологиялық қарудан қорғауды күшейту бойынша кешенді шаралар

Биологиялық қару – бұл биологиялық заттармен жабдықталған, жеткізіп беретін құралы бар, арнайы оқ-дәрі мен әсери құралдар. Ол қарсыластың жаппай тірі күшін, ауыл шаруашылық малдарын, ауыл шаруашылық мәдени дәнді дақылдарын себуге, кейбір жағдайда материалдарды бұзу үшін, қарулануға, әскери техникаға және жабдықтауға арналған қару жарақтары.

Әскери іс-әрекетте биологиялық қаруды қолдану енгізілсе, оны биологиялық соғыс деп атауға болады.

Биологиялық қарудың негізгі талқандағыш іс-әрекеттің, биологиялық құрал құрайды – әскери пайдалану үшін арнайы таңдап алынған биологиялық агенттер, адамдардың ағзасына, аңдарға (өсімдіктерге) енген жағдайда, ауыр жұқпалы ауруды (улану) тудыруға қабілетті.

Патогенді микроағза – жұқпалы ауруды қоздырғыштар, мөлшері аз, түсі, иісі, дәмі жоқ болғандықтан, адамның сезім мүшелерімен анықталмайды.

Мөлшеріне, құрылысына және биологиялық қасиетіне қарай олар топтарға бөлінеді, олардың ішінде вирустардан басқа бактериялардан рикетсийлер мен саңырауқұлақтардың (күйлердің) алатын орны ерекше.

Жұқпалы ауруларды қоздыратын микробтар:

бактерия – бұл бір клеткалы микроағзалар, ол тікелей түскен күн сәулесінен, жоғарғы температурадын, дезинфикциялық заттардан жылдап жойылады;

риккетсия – бұл бір клеткалы талшық тәріздес микроағза, олар тірі ұлпалардың ішінде ғана көбейеді. Олар құрғақшылыққа, үсікке және 360 температураға төзімді.

вирустар – қарапайым микроскопқа көрінбейтін өте майда микроағзалар. Тек қана тірі ұлпаларда дамиды және көбейеді. Ұрық шығармайды.

Сақтау процессінде және әскери пайдалануға өзінің тіршілік ету және талқандағыш қасиетін сақтап қалу үшін биологиялық агентке ең қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін биологиялық рецептур биологиялық агенттің және әртүрлі дәрі-дәрмектердің қоспасы, деп аталады.

Биологиялық заттарды қоладану тәсілі:


  • Аэрозольды;

  • Трансмиссивті;

  • Диверсиялық;

Қазақстан Республикасында адамдардың аса қауіпті жұқпалы аурулардың ішінен оба, тырысқақ, сарып, туляремия, күйдіргі, қырық қан кету безгегі кездеседі.

Жұқпалы ауруларды көбіне тарататындар, жануарлар болып табылады.

Өсімдік ауруларының ішінде айтарлықтай қауіп тудыратын (эпитифитопия) тот жұқпасы, сентериоз, дәнді дақылдың сұр көбелегі.

Бактериологияға қарсы қорғаудың негізгі мақсаты – қарсылас бактериалдық заттарды қолданған жағдайда, жұқпалы аурулардың болатынын алдын ала айту немесе халықтың арасында жұқпалы аурулардың таралуын барынша тоқтату болып табылады. Бактериологиялық қарудың әсерінен халықты қорғауға арналған сенімді құралдар бар. Бұл ұжымдық қорғаныс орындары – бактериялық тозаңдардан сенімді түрде қорғайтын панаханалар.

Тыныс алу, тамақ қорыту органдарын, шырышты қабықты және теріні қорғауға газқағарлар, респираторлар, шаңға қарсы матадан жасалған бет перде мақта-дәке таңғышы, арнайы бейімделген киім мен жамылғы кызмет етеді.

Аурулардың алдын алу үшін АИ-2 жеке медицина қобдишасындағы медициналық қорғану заттарын тиісті түрде қолданудың үлкен мағынасы бар.

Адамдарды жұқпалы ауруларды жұқтырудан қорғаудың шараларына індетке қарсы шараларды қатаң түрде орындауы жатады, олар мыналар: санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау; антибиотиктермен егу және шұғыл сақтандыру; ауруларды анықтау және үй-жайларды залалсыздандыру.

Тұрғындар арасынжа жұқпалы аурулар пайда болғанда және аса қауіпті аурулар (оба, шешек, тырысқақ) пайда болғанда карантин режимі енгізіледі.

Карантин режимі айналадағы тұрғындардан зақымданған ошақты толық оқшаулауды қарастырады ; оның мақсаты жұқпалы аурулардың таралуын тоқтату. Карантин аймағының ішкі шекарасына қаруландырылған күзет қойылады, коменданттық қызмет және патрульдеу ұйымдастырылады, қозғалысты реттеу енгізіледі. Бұл аймаққа кіруге және бұл аймақтан шығуға, сондай-ақ оның ішінде еркін жүруге тиым салынады. Темір жол көлігінен басқа көліктің барлық түрлеріне бұл аумақпен өтуге болмайды. Карантинді аймақтың барлық аумағында азаматтық қорғаныстың медициналық қызметі тиісті алдын алу және емдік шаралар жүргізеді. Шаруашылықпен айналысатын объектілер індетке қарсы шараларды қатаң түрде орындайтын ерекше жұмыс тәртібіне ауыстырылады. Жұмысшылар мен қызметкерлер казармалық жағдайға ауыстырылып, цех және бөлім бойынша шағын топтарға бөлінеді.

Карантин аймағындағы тұрғындарды топтарға бөледі, адамдарға өз пәтерлері мен аулаларынан шығуға рұқсат етілмейді, ал тағам өнімдерін суды және бірінші қажетті заттарды пәтерлерге жеткізеді. Қызметкерлер мен жұмысшылардың тамақтануы мен демалысы цех және бөлім бойынша арнайы бөлінген үй-жайларда ұйымдастырылады. Оқу орындарында сабақ, мәдени –ағартушы мекемелердегі және сауда кәсіпорындарындағы жұмыс тоқтатылады. Қоғамдық көлікті пайдалану шектеледі.

Үй жайлардан зақымдалған ошақ аумағына шығарда барлық азаматтар жеке қорғаныс заттарын пайдалануы керек.

Зақымдалған ошақта барлық тұрғындарды шұғыл алдын ала емдеу жүргізіледі. АИ-2 медициналық қобдишасы бар тұрғындар ондағы дәрі-дәрмектерді қолдана отырып, алдын алуды өз бетінше жүргізеді.

Карантин аймағында үзіліссіз бактериологиялық барлау жүргізіледі. Залалсыздандыру дезинсекция және дератизация қоса жүргізіледі, сондай –ақ ауырғандарды белсенді түрде анықтау, оларды оқшаулау мен емдеу жүргізіледі, сонымен қатар ауырған адамдармен қарым-қатынаста болғандарды да оқшаулайды.

Залалсыздандырудың мақсаты адамдардың қалыпты қызмет атқаруына және қауіпсіздікте болуына керекті қоршаған ортаның нысандарын залалсыздандыруға қол жеткізу. Залалсыздандыру үшін хлорлы әк пен хлороминнің, лизолдың, формалиннің және т.б. ерітінділері қолданылады.

Дизенсекция мен дератизация – бұл шыбын-шіркейлер мен кеміргіштерді жою. Шыбын-шіркейлерді жою үшін механикалық , физикалық, химиялық және аралас әдістер пайдаланылады, кеміргіштерді жою үшін механикалық құралдар мен химиялық дәрі-дәрмекптерді қолданылады.

Карантин аймағының жанындағы аумақтарда және қатаң түрде карантинді режимнің сақталуы қажет болмағанда абсервация режимі енгізілді. Абсервация режимін енгізу кезінде зақымданған ошақты медициналық қадағалау және қажетті емдеудің алдын алу шаралары жүргізіледі.

Абсервация кезінде зақымданлған аймақтан тұрғындардың шығуы шектелген және алдын ала егу мен толық санитарлық өңдеуден міндетті түрде өткеннен кейін ғана жіберіледі.

Бактериологиялық зақымданудың ошағында тұратын халық өзін-өзі күту ережесін қатаң түрде сақтап, медициналық қызметкерлер мен әкімшілік нұсқауларын орындауы керек. Аурудың алдын алатын және жұқпалы аурулардың ошағын тез арада жоюға көмектесетін алдын ала егулер мен дәрілерді қабылдаудан қашпаған жөн.

Отбасы мүшелерінің қайсы бірінде аурудың алғашқы белгісі пайда болғанын бұл туралы жақын арадағы медициналық мекемеге хабарлап, ауруды оқшаулау керек. Оны ауруханаға жатқызғаннан кейін пәтерді, ыдыстарды, киімдерді, төсект орындарын залаласыздандырып, аурумен қарым-қатынаста болған барлық адамдар санитарлық өңдеуден өту керек.

Бактериологиялық зақымдану ошағында бола қалсаңыз, қоршағандармен қарым-қатынасқа түспеңіз. Балаларды үйден шығуға рұқсат етпеңіз. Тұрғын үй жайларда залалсыздандырғыш ерітінділерді пайдалана отырып, күнделікті тазарту жұмыстарын жүргізу керек, қоғамдық және жеке бастың тазалығын сақтау кажет.

Ауыз суы мен тамақ дайындауғв арналған суды, сондай-ақ санитарлық гигиеналық мақсатқа арналған суды тек тексерілген су көздерінен алып, алдын алу оны қайнатып, пайдаланған жөн. Тағам өнімдерін аузы тығыз жабылған ыдысқа сақтап, тек қана оны қайнатқаннан кейін немесе қуырғаннан кейін нанды отқа қақтаған соң, немесе пеште қыздырған соң пайдаланған дұрыс.

Жұқпалы ауруларды тарататын: тышқандарды, егеуқұйрықтарды, шыбындарды, бүргелерді, кенелерді, масаларды жою керек.

Биологиялық қару, жалпы зақымдаушы қаруға жатады. Сондықтан 1968 жылы «жалпы зақымдағыш қаруды қолданбау туралы» Конвенция қабылданған болатын. ҚР аумағында малдарды көметін жерлер көп. Оның басқа да ООИ-ң табиғи ошақтары бар, олар кезең-кезеңімен өртеп отырады.

ҚР санитарлық эпидемиялық жағдайы, мемлекеттік саясаттың бас міндеті болып табылады. « Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі шықты (2009 жылғы 18 қыркүйек № 193 -IV). Бұл кодекс құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларды анықтайды.

ООИ-дан халықты қорғау шаралары барлық індетке қарсы шараларды қатал орындау болып табылады.


  • халықтың санитарлық-гигиеналық тәртіпті сақтауы;

  • жұқпалы ауру шыққан жерді анықтап, жою;

  • жұқпалы ауруды жұқтыру жолдарының алдын алу;

  • ауру адамдармен қарым-қатынас жасағандарды алдын алу және толығымен тауып, оларды оқшаулау;

  • жұқпалы ауруға қарсы иммунитетті күшейту;

  • аумақты және үйлерді дезинфекциялау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет