6.Әдебиет: №1 қосымша ақпаратты қараңыз.
7.Бақылау.
Тесттер
1.Тәбеттiң патологиялық күшеюi ... деп аталады.
|гиперорексия+
|полифагия
|дисфагия
|афагия
|анорексия
2.Анорексия – бұл ... .
|тәбеттiң болмауы+
|жұтудың мүлiксiздiгi
|шектен тыс күшейген тәбет
|тағамды артық пайдалану
| булимия
3.Булимия – бұл ... .
|шектен тыс күшейген тәбет+
|жұтудың мүлiксiздiгi
|тәбеттiң болмауы
|тағамды артық пайдалану
|сілекей бөлінудің бұзылуы
4.Полифагия – бұл ... .
|тағамды артық пайдалану+
|жұтудың бұзылуы
|шектен тыс күшейген тәбет
|тәбеттiң болмауы
|шайнаудың бұзылуы
5.Дисфагия – бұл ... .
|жұтудың бұзылуы+
|тәбеттiң болмауы
|шектен тыс күшейген тәбет
|тағамды артық пайдалану
|тайыну сезімі
Әдістемелік өңдеу № 2
1. Тақырыбы: Бауыр және ұйқы безі патологиясы.
2.Мақсаты: бауыр және ұйқы безі бұзылыстарына байланысты жағдайларға патофизиологиялық талдау жүргізуді үйрету.
3.Оқыту мақсаты
Бауыр патологиясының негізгі формаларын оқыту;
Сарғаюдың типтерін анықтау;
Ұйқы безі патологиясының негізгі формаларын оқыту.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Бауыр қызметі бұзылыстарының негізгі себептері мен жалпы механизмдері.
Сарғаю: түрлері , себептері, патогенезі, көріністері.
Холемия және ахолия синдромдары.
Бауыр жетіспеушілігі: себептері, қан құрамының және зат айналымының бұзылуы.
Гепатит, гепатоз, бауыр циррозы этиологиясы мен патогенезі жайлы жалпы түсінік.
Ұйқы безінің сыртқы секрециялық қызметінің бұзылысының себептері мен механизмдері.
Жедел және созылмалы панкреатиттің этиологиясы, патогенезі және патоморфологиясы.
5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырып бойынша практикалық жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талдау.
6.Әдебиет: №1 қосымша ақпаратты қараңыз.
7.Бақылау.
Ситуациялық тапсырма
35жастағы науқас ауруханаға мына шағымдармен келді: тамақ жегеннен соң 2-3сағаттан кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы қатты ұстамалы ауырсыну сезіміне(күйдіріп ауыру), соңғы кездері ауру сезімі көңіл айнумен және құсумен бірге жүретін болды. Науқасқа құсу жеңілдік әкеледі. Сонымен қатар ауырсыну сезімі түнде де мазалайды, сондықтан науқас түнде тұрып тамақтануға мәжбүр болады(аш қарынға). Тамақ жеген соң ауырсыну лезде қояды. Науқас эмоционлды, ашуланшақ, темекіні көп тартады және алкогольді көп қолданады.
Науқастың шағымдары және тексеру нәтижелері негізінде «он екі елі ішектің ойық жара ауруы» диагнозы қойылып, сәйкес емдік шаралар тағайындалды, емнен соң науқастың жағдайы едәуір жақсарды.
Сұрақтар:
Қандай зерттеу нәтижелерінің негізінде дәрігер диагноз қойып, эффективті ем тағайындады?
Осы аурудың себептері болып қандай факторлар табылады және оның даму механизмі қандай? Анамнез мәліметтеріне сүйене отырып, жауапты негіздеңіздер.
Эпигастрий аймағындағы (күйдіріп) ауырсыну сезімінің даму себептері қандай?
Тесттер
1.Бауыр асты сарғаюға қанда .... жоғарылауы тән.
|тура билирубиннiң+
|стеркобилиногеннiң
|уробилиногеннiң
|биливердиннiң
|тура емес билирубиннiң
2.Холемия синдромы ... патогендiк әсерiне байланысты.
|өт қышқылдарының+
|тура билирубиннiң
|тура емес билирубиннiң
|май қышқылдарының
|холестериннiң
3.Ахолия – бұл өттiң ... жоқ болуы.
|iшекте+
|несепте
|қанда
|жұлын сұйықтығында
|лимфада
4.… механикалық сарғыштанудың себебі болып табылады.
|Бауырлық және өттің жалпы өзегтерінің бітеліп қалуы+
|Гепатоциттер некрозы
|Эритроциттер гемолизі
|Бауырішілік гипертензия
|Глюкуронидизацияның бұзылуы
5.Механикалық сарғыштануға ... тән.
|гипербилирубинемия+
|АЛТ және АСТ-ның жоғары белсендiгi
|қанда уробилиноген жоғарылауы
|қанда стеркобилиноген жоғарылауы
|түссiз зәр
Әдістемелік өңдеу №3
1.Тақырыбы: Бүйрек патологиясы.
2.Мақсаты: бүйрек қызметінің бұзылысына байланысты жағдайларға патофизиологиялық талдау жасауды үйрету.
3.Оқыту мақсаты
Бүйрек қызметінің бұзылуының жалпы этиологиясы мен патогенезін оқыту;
Зәрдің жалпы анализіне талдау жасау.
ЖБЖ емдеу принциптерін негіздеу.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Бүйрек қызметінің бұзылуының жалпы этиологиясы мен патогенезі.
Бүйрек қызметінің бұзылыстарының негізгі көріністері : зәр және қан құрамының , диурездің өзгеруі, ісінулер, артериалық гипертензия.
Бүйрек жетіспеушілігі : формалары, себептері, даму механизмдері мен көріністері.
Уремиялық кома : патогенезі туралы түсінік.
Гломерулонефриттер мен пиелонефриттердің патофизиологиясы.
Нефроздар, бүйрек амилоидозы және бүйрек-тас ауруы жайлы түсінік.
Түтіктік патологиялардың жалпы сипаттамасы.
5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырып бойынша практикалық жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талдау.
Тәжірибелік жұмыс.
Мақсаты: бүйректің іркілістік толыққандылығы мен ишемиясы кезіндегі диурездің өзгеруін зерттеу.
Алдын ала жүргізілген жуан лигатурамен бүйрек артерияларының біреуін 1-2 минут қысып тұрады. Бүйректің қысқа мерзімдік ишемиясынан кейінгі диурездің өзгерісін анықтайды. Ишемияланған бүйректен бөлінген зәрді аз мөлшерде жинап, құрамындағы ақуыздың бар-жоқтығын анықтайтын сульфасалицил қышқылдық проба жасайды. Содан соң, мойындырық венасына немесе сан венасына 2-3мл 5% индигокармин ерітіндісімен боялған , 36-40оС жылытылған 200мл физиологиялық ерітіндіні енгізеді. Интактты және ишемияланған бүйректен бөлінетін диурезді бақылап тұрады, зәрде бояудың пайда болуын тіркеп алады. Интактты бүйректің диурезі қалпына келген соң , оның венасындағы лигатураны 2-3минутқа біртіндеп тартады, осылай веноздық гиперемияны шақырады. Венаны қысуды тоқтатқан соң бірден диурезді анықтайды, 5-10 минуттан соң тағы да диурезді анықтайды. Тәжірибе біткен соң итті магний сульфатының қаныққан ерітіндісін енгізу арқылы жансыздандырады. Бүйректерін кесі алып, патологоанотомиялық өзгерістерді макроскопиялық зерттейді.
Келесі сұрақтарға жауап бере отырып, қорытынды жасайды.
Тәжірибе кезіндегі біріншілік зәрдің түзілу үрдісі мен судың реабсорциясы қалай өзгереді?
Осы өзгерістердің механизмдері қанда?
Тәжірибеде тіркелген диурез өзгерістері адамдарда қандай жағдайларда кездеседі, ағза үшін олардың маңызы қандай?
6.Әдебиеттер: №1 қосымша ақпаратты қараңыз.
7.Бақылау.
Ситуациялық есеп.
Науқас баспамен(ангина) ауырғаннан кейін бір аптадан соң, ұйықтап тұрғаннан кейін пайда болатын көз айналасының ісінуіне шағымданады. Зәр талдауы: тәуліктік диурез 750мл,тығыздығы 1028, ақуыз 0,1%, қант пен ацетон жоқ.зәр тұнбасының микроскопиясы: сілтіленген эритроциттер көру алаңында 10-26; гиалиндік және эритроциттік цилиндрлер аз мөлшерде. АҚ 180\110мм с.б. қан талдауы: қалдық азот 60мг%, жалпы ақуыз 7,3мг%. Эндогендік креатин клиренсі 50мл\мин.
Сұрақтар:
Науқаста анықталған ауру белгілері қандай патология формаларына тән?
Патологияның осы формасының негізгі звеносы қандай?
Осы жаңжайдағы азотемия мен гипертензияның даму механизмдері қандай?
Тесттер
1.Шумақтық сүзiлудiң артуы ... кезінде байқалады.
|гиперволемия
|әкелетiн шумақтық артериялардың тонусы артуы
|гиперпротеинемия
|гиповолемия
|шумақтық сүзгi мембранасы өткiзгiштiгi төмендеуі
2.Гематурия – бұл зәрде ... пайда болуы.
|эритроциттердiң
|лейкоциттердiң
|эпителий жасушаларының
|цилиндрлердiң
|нәруыздың
3.Пиурия – бұл зәрде ... пайда болуы.
|лейкоциттердiң көп мөлшерде шығарылуы
|эритроциттердің
|нәруыздың бiраз мөлшерде
|көп мөлшерде цилиндрлердiң
|тастардың
4.Зәрдiң салыстырмалық тығыздығының төмендеуi ... деп аталады.
|гипостенурия
|цилиндрурия
|никтурия
|гиперстенурия
|изостенурия
5.Соңғы зәрдің изостенурия кезіндегі меншікті тығыздығы
А. 1010-1011
8. 1016-1020
С. 1020-1030
Д. 1025-1035
Е. 1006-1012
6. . Пререналды полиурия дамиды
A) антидиурездік гормонның өндірілуі төмендегенде қуық асты безі аденомасында
B) қуық асты безі аденомасында
C) организмнің дегидрациясында
Д) жедел артериялық гипотензияда
Е) зәр шығаратын түтіктің тарылуына
7. Пререналды олигоанурия дамиды
шокта
артериялық гипертензияда
инсулиннің гипопродукцияясында
Д антидиурездік гормонның өндірілуі азайғанда
Е. организмге сұйықтықты артық енгізгенде
8. Тубулярлы протеинурия пайда болады
ультрафильтратта белоктарды реабсорбциясы төмендеуі кезінде
аномалды ақуыздардың жоғары бөлінуі кезінде
гистурия кезінде
Д. плазмалық белоктарға шумақты сүзгінің жоғары өткізгіштігі кезінде
Е. төмен малекулалы белоктардың плазмадағы мөлшерінің төмендеуі
9. Асқын протеинурия (40г/тәу) байқалады
нефроздық синдромда
созылмалы гломерулонефритге
жедел гломерулонефритте
нефролитазда
пиелонефритте
10. Реналдык олиго-, анурия дамиды
A) ауыр металдардың тұздарымен жедел уланғанда
B) несеп-тас ауруы кезінде
C) қуық асты безінің аденомасы кезінде
Д) несеп ағардың тарылуы кезінде
Е) жедел тамырлар жеткіліксіздігі кезінде
Әдістемелік өңдеу №4
1.Тақырыбы: Эндокриндіқ жүйесінің патологиясы.
2.Мақсаты: эндокрин жүйесінің қызметінің бұзылысына байланысты жағдайларға патофизиологиялық талдау жасауды үйрету.
3.Оқыту мақсаты
Эндокрин жүйесінің қызметінің бұзылуының жалпы этиологиясы мен патогенезін оқыту;
Зерттеу нәтижелеріне талдау жасау.
Эндокриндік патологияларды емдеу принциптерін негіздеу.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Эндокриндік бұзылыстардың негізгі себептері мен даму механизмдеріне сипаттама беру: орталық реттелудің бұзылысы, гормондардың тұзілуі мен босатылуының біріншілік бүлінісі, шеткі механизмдер.
Гипаталамо-гипофиздік жүйе патологиясы.
Гипофиздің алдыңғы және артқы бөлігінің гипо- және гиперфункциясының этиологиясы мен патогенезі(гипофиздік ергежейлік, кахексия, гигантизм және акромегалия, Иценко-Кушинг ауруы, қантсыз диабет).
Бүйрекүсті безінің патологиясы .
Аддисон ауруының, біріншілік альдостеронизм(Конн ауруы), адреногениталдық синдромның, феохромоцитоманың жалпы сипаттамасы.
Қалқанша безі патологиясы, оның гипо- және гиперфункциясы. Эндемиялық зоб, гипотиреоз, диффузды токсикалық зоб, аутоиммундық тиреоидит: этиологиясы мен патогенезі.
Қалқанша маңы безі патологиясының жалпы сипаттамасы: этиологиясы, даму механизмдері және гипо-, гиперпаратиреоздың көріністері(параптиреопривтік тетания, фиброзды-кистозды остеодистрофия – Реклингаузен ауруы).
Ұйқы безінің патологиясы. Қант диабеті: аурудың жалпы сипаттамасы, формасы, пайда болу себептері, патогенезі. Қант диабетінің асқынуы. Диабеттік комалар және олардың түрлері.
Жыныс бездерінің патологиясы. Ерлер мен әйелдердегі гипогонадизм. Евнухоидизм, инфантилизм.
Климактериялық жағдайдың көріністері. Мерзімінен ерте жыныстық жетілу.
Ббілім берудің және оқытудың әдістері: тақырып бойынша практикалық жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талдау.
Әдебиет: №1 қосымша ақпаратты қараңыз.
Бақылау.
Тесттер
1.Гипофиздiң эозинофилдiк аденомасы кезiнде жас организмде ... дамиды.
|гигантизм
|акромегалия
|дисплазия
|гипофизарлы нанизм
|Иценко-Кушинг ауруы
2.Адренокортикотроптық гормонның өндiрiлуiнiң төмендеуi ... синтезі төмендеуіне әкеледi.
|бүйрек үстi бездерiнің қыртысты қабаты гормондарының
|инсулин
|бүйрек үстi безiнiң милық қабатыныңң гормондарының
|тиреоидты гормондардың
|жыныс гормондарының
3.Жастық шақта соматотропиннiң гипопродукциясы ... әкеледі.
|гипофиздiк нанизмге
|гипофиздық кахексияға
|адипозогенителды дистрофияға
|гипофиздiк алыптыққа
|акромегалияға
4.Қантсыз диабеттiң дамуы ... байланысты.
|вазопрессин гипосекрециясымен
|вазопрессин гиперсекрециясымен
|альдостерон гиперсекрециясымен
|альдостерон гипосекрециясымен
|қанда инсулиннің антагонистерi болуымен
5.Нейрогипофиздiң зақымдануы ... секрециясы бұзылуымен қабаттасады.
|вазопрессиннiң
|адренокортикотроптық гормонның
|соматотроптық гормонның
|тиреотроптық гормонның
|пролактиннiң
6.Окситоцин секрециясының өзгеруi ... патогенезiнде маңызды.
|босану қызметiнiң бұзылуларының
|қант диабетi кезiнде көмiрсу алмасуының бұзуларының
|циркадты "сергу-ұйқы" ырғақтардың бұзуларының
|микседема
|диффузды токсикалы зобтың
7.Глюкокортикоидтардың көп түзiлуi ... шақырады.
|артериялық қысым жоғарылауын
|оң азоттық балансты
|гипогликемияны
|сүйектердiң жоғары оссификациясын
|жүйке жүйесiнiң қозғыштығының төмендеуiн
8.Орталық жүйке жүйесiнiң қозуы, артериялық қысымның жоғарылауы, гипергликемия ... көп түзiлуi кезiнде байқалады.
|глюкокортикостероидтардың
|жыныс гормондардың
|паратиреоидты гормондардың
|меланиндi белсендiретiн гормондардың
|катехоламиндердiң
9.Тамақта йод құрамының жеткiлiксiздiгi кезiнде ... дамиды.
|эндемиялық зоб
|гипертиреоз
|гипопаратиреоз
|аутоиммунды тиреоидит
|диффузды токсикалық зоб
10.Эндемиялық зоб патогенезiнде қандағы Т3, Т4 -тің азайюы ... әкеледі.
|ТТГ шығаруы артуына
|соматостатин түзiлуi артуына
|соматомедин түзiлуi артуына
|тиреолиберрин түзiлуi төмендеуiне
|кортиколиберин түзiлуi төмендеуiне
Әдістемелік өңдеу №5
Тақырыбы: Жүйке жүйесінің патологиясы.
Мақсаты: жүйке жүйесі қызметінің бұзылысына байланысты жағдайларға патофизиологиялық талдау жасауды үйрету.
Оқыту мақсаты
Жүйке жүйесі қызметінің бұзылуының жалпы этиологиясы мен патогенезін оқыту;
Жүйке жүйесі патологиясы кезіндегі емдеу принциптерін негіздеу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Жүйке жүйесі қызметінің бұзылуының себептері мен даму механизмдері.
Қозудың патологиялық күшейген генераторлары: пайда болу себептері мен даму механизмдері.
Сезімталдықтың нейрогендік бүліністері: бұзылыстың негізгі формалары, олардың себептері мен көріністері. Ауырсыну: себептері мен даму механизмдері, ағза үшін маңызы.
Қимыл-қозғалыстың нейрогендік бүліністері, гипо- және гиперкинездер. Орталық және шеткі параличтердің себептері мен көріністері. Тырысулық жағдайлар, олардың түрлері мен көріністері.
Вегетативтік қызметтің нейрогендік бүліністері: вегетативті дистониялар және олардың түрлері мен көріністері.
Ми қан айналымының бұзылысы. Ишемиялық жіне гемаррагиялық инсульттердің себептері мен даму механизмдері. Этиология, патогенез.
Жоғарғы жүйке қызметінің патологиясы. Невроздар: этиологиясы, негізгі патогенездік факторлары.
Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырып бойынша практикалық жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талдау.
Әдебиеттер: №1 қосымша ақпаратты қараңыз.
Бақылау.
Тесттер
1.Жүйке жүйесiнiң жалпы патологиясы ... зерттейдi.
|жүйке жүйесiндегi дерттiк үрдiстердiң даму механизмдерi мен заңдылықтарын
|жүйке жүйесiнiң организмдегi физиологиялық және дерттік үрдiстердi реттеуге қатысуын
|жүйке ауруларының көрiнiсiн
|нейроинженерия әдiстерiн
|психикалық аурулардың көрiнiстерiн
2.Нервизм – бұл ... .
|жүйке жүйесiнiң организмнiң барлық серпiлiстерiне қатысуы туралы болжам
|жүйке жүйесiнiң жалпы патологиясы
|ауру туралы iлiм
|жоғарғы жүйке әрекетiнiң шектен шығуы
|ауру туындауының себебi мен жағдайлары туралы iлiм
3.Дерттік рефлекс ... элементi болып табылады.
|дерттік жүйенiң
|глиалды түзiлiстердiң
|шеткерi жүйке ұштарының
|жүйке жасушасының
|функционалды жүйенiң
4.Нейрогендiк дистрофия – бұл ... .
|жүйкеленуi бұзылған тiндерде зат алмасуының бұзылуы
|жүйке жасушаларының парабиозы
|жоғары жүйке әрекетiнiң шектен шығуы
|эндорфиндер синтезiнің бұзылуы
|мидың аутоиммундық зақымдануы
5.Жоғары жүйке әрекетiнiң шектен шығуы ... деп аталады.
|невроз
|нервизм
|дерттік күшейген қозу генераторы
|ауыру
|дерттік жүйе
6.Невроздар дамуында әлеуметтiк факторларға ... жатады.
|ақпараттың шамадан артық болуы
|жоғары жүйке қызметiнiң типi
|өткерген аурулары
|эндокриндiк ағзалардың жағдайы
|жасы
7.Сезiмталдықтың жоғалуы ... деп аталады.
|анестезия
|атония
|алексия
|атаксия
|астения
8.Барлық аяқ-қолдардың сал болуы ... деп аталады.
|тетраплегия
|параплегия
|гемиплегия
|парез
|гиподинамия
9.Орталық жүйке жүйесіне патогенді агенттік жүйкелік жолмен түсуі ... тән.
|полиомиелит вирусына
|тұмау вирусына
|этил спиртына
|стафилококктарға
|стрептококктарға
10.... жүйке жүйесін зақымдайтын эндогендік фактор болып табылады.
|Майлардың асқын тотығуының күшеюі
|Пестицидтер
|Ботулизм уы
|Иондағыш сәулелер
|Полиомиелит вирусы
11.... дерттік детерминанттың негізінде жатады.
|Дерттік қүшейген қозудың генераторы
|Афферентті импульстер ағымының күшеюі
|Эндокринді бездердің патологиясы
|Жүйке жасушаларының парабиозы
|Нейрогенді дистрофияның дамуы
12. Қозғалу әрекеттерінің жоғалуы ... деп аталады.
|паралич
|миастения
|миоплегия
|гипокинезия
|кинетоз
13.Адам неврозының негізгі түрлеріне ... жатады.
|неврастения және истерия
|психопатия
|аутизм
|психоз
|миастения
14.Невроз кезіндегі локомоторлық бұзылыстарға ... жатады.
|гипокинездер және гиперкинездер
|парездер
|параличтер
|парастезиялар
|аллергиялар
15.Бір жарты шардың алып тастағаннан кейін пайда болатын нәтижелеріне ... жатады.
|алынған бөлімінде тітіркену табалдырығының жоғарылауы
|атаксия
|адинамия
|сезу анализаторының тежелуі
|дәм сезу анализаторының тежелуі
16.Есте сақтаудың барлық түрлерінің бұзылысы ... зақымдалуына байқалады.
|ми қыртысының
|сопақша миының
|мишықтың
|қара субстанцияның
|көру төмпешігінің
17.... невроздың себептеріне жатады.
|Ақпараттық зорлану мен биоырғақтын бұзылуы
|АҚ жоғарылауы
|АҚ төмендеуі
|ЖЖӘ ерекшеліктері
|Эндокриндік мүшелерінің патологиясы
18.Парасимпатикалық иннервацияның тежелуі ... қөрінеді.
|тахикардиямен
|брадикардиямен
|гипотензиямен
|артериолалардың кеңеюімен және артериялық қысымның төмендеуімен
|қан-тамырлар кедергісінің төмендеуімен
19.Симпатикалық иннервацияның тежелуі ... көрінеді.
|артериолалардың кеңеюімен және артериялық қысымының төмендеуімен+
|тахикардиямен
|қан-тамырлар кедергісінің жоғарылауымен
|гипертензиямен
|негізгі алмасудың жоғарылауымен
20.... жүйке жүйесiнiң жасуша деңгейдегі зақымдануларына тән болып табылады.
|Жасушаларда энергия тапшылығының пайда болуы+
|Истереозис дамуы
|Дерттiк жүйе қалыптасуы
|Дерттiк детерминанттар дамуы
|Дерттік рефлекс пайда болуы
Қосымша № 1
Қазақ тілінде
негізгі:
1.Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология: оқулық. – өнд., толықт. 3-бас. – Алматы, 2011.
2.Нұрмұхамбетұлы Ә. Клиникалық патофизиология: оқулық. – Алматы: Эверо, 2010.
3.Нұрмұхамбетұлы Ә. Ұрық дамуы мен балалық шақ ауруларының патофизиологиясы: монография. – Алматы, 2006.
4.Хасенова К. Патологиялық физиологиядан дәрістер жинағы: оқу құралы. Түркістан, 2005.
5.Нұрмұхамбетұлы Ә. Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік = Русско-казахский медицинский (физиологический) словарь. – Алматы, 2007.
қосымша:
1.Нұрмұхамбетұлы Ә. Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік. – Алматы:Эверо, 2007.
Орыс тілінде
негізгі:
1.Патофизиология: учебник: в 2-х т. /Под ред. В.В. Новицкого, Е.Д. Гольдберга, О.В. Уразовой. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010. – Т. 1.
2.Патофизиология: учебник: в 2-х т. /Под ред. В.В. Новицкого, Е.Д. Гольдберга, О.В. Уразовой. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010. – Т. 2.
3.Литвицкий П.Ф. Патофизиология: учебник. – 4-е изд., испр. и доп. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010.
4.Патологическая физиология: учебник /Под ред. Н.Н. Зайко. – 3-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2006.
5.Патофизиология. Руководство к практическим занятиям: учебное пособие /Под ред. В.В. Новицкого, О.И. Уразовой. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2011.
қосымша:
1.Долгих В.Т. Общая патофизиология: учебное пособие. – Ростов-на-Дону, 2007.
2.Баркова Э.Н. Руководство к практическому курсу патофизиологии: Учебное пособие. – Ростов-на-Дону, 2007.
3.Патофизиология и физиология в вопросах и ответах: учебное пособие /Л.З. Телль [и др.]. – М., 2007.
4.Фролов В.А. Общая патофизиология: электронный курс по патофизиологии и вступ. статья к нему: учебное пособие. – М., 2006. + 1 CD-ROM.
5.Рубцовенко А.В. Патологическая физиология: монография. – М., 2006.
6.Литвицкий П.Ф. Патофизиология: учебник: в 2-х т. – 3-е изд., испр. и доп. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2006. – Т. 1.
7.Литвицкий П.Ф. Патофизиология: учебник: в 2-х т. – 3-е изд., испр. и доп. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2006. – Т. 2.
8.Желтова Н.А. Патологическая физиология: учебное пособие. – М., 2005.
9.Патофизиология: учебное пособие /Под ред В.Ю. Шанина. – СПб., 2005.
10.Зайчик А.Ш. Патофизиология. Общая патофизиология (с основами иммунопатологии): учебное пособие для студентов мед. вузов. – 3-е изд., доп. и перераб. – СПб.: ЭЛБИ-СПб, 2005.
Ағылшын тілінде
негізгі:
1. Robbins Basic Pathology //Kumar V., Abbas A.K., Fausto N., Mitchell R.
– Saunders Elsevier, 2007. - 851 p.
2. Robbins and Cotran. Review of Pathology //Klatt E.C., Kumar V., - Third
Edition – Saunders Elsevier, 2010. – 423 p.
қосымша:
1. Klatt E.C. Robbins & Cotran Atlas of Pathology - Second Edition - Elsevier
Inc., 2009. – New-York. - 464 p.
Достарыңызбен бөлісу: |