Курсына арналған орта жалпы білім мектебінің


-тақырып Қайыржан Хасанов



бет4/4
Дата31.12.2019
өлшемі3,4 Mb.
#54245
1   2   3   4

11-тақырып

Қайыржан Хасанов

«Туған жер»
Ей туған жер,

Дариға дархан далам,

Жомарттықпен әркімге нәр қамдаған.

Өзіңе деп жүректі жұлқиды жыр.

Тұлпардай бәйге атындай арқандаған.
Ей туған жер,

Желпіген таң самалы,

Қыз Жібектің арманы аңсағаны.

Жеткізгендей сәлемін Төлегеннің

Қайтқан қаздар қиқулап ән салады.
Ей, туған жер,

Ордасы дархан істің.

Күй тәрізді ызыңды нар қамыстың,

Қойшы астында алысты ауыздықпен

Байшұбары жырдағы Алпамыстың.
Ей, туған жер,

Жусанды, сүттігенді,

Инемен қаздым өлең құтты-кенді.

Көп нүкте қойып өлең аяғына,

Жалғасын тың шабыттың күттім енді

Тапсырма.Автордың: «Ей, туған жер, Ордасы дархан істің.

------------------------»,- деп ой толғауының мәні неде деп ойлайсыз? Ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Тапсырма:Өлеңдегі көркемдегіш әдіс-тәсілдерді тауып, мағынасын ашыңыз

Көркемдегіш тәсіл

Мағынасы

М:Тұлпардай бәйге атындай арқандаған

Ақынның туған жеріне деген сезімі, ыстық махаббаты жүйрік тұлпардың бұлқынған шабысындай қуатты екендігі байқалады

























12-тақырып

Қ.Хасанов«Қаратөбе –құт мекен» жинағы
Өлеңдегі көркемдегіш әдіс-тәсілдерді тауып, мағынасын ашыңыз.

Ақ жайық

Ақтарып тамашанды бар ғажайып

Тамсатқан талайларды ар ма, Жайық.

Апыр – ау, қалай әсем ырғаласың,

Кептірген орамалдай талға жайып.

Етегін күміс көбік астарлаған,

Толқының қандай ерке тас қармаған.

Қос ғашық қайықпенен жөнелгенде,

Жүректе сыр қала ма ақтармаған...

Болса да жағаңның, көк ар жағы алап,

Жүргем жоқ күн өткізіп баржа қарап ,

О, Жайық саған деген махаббаттың ,

Күн сайын мауқын бастым жар жағалап.
Ауылда

Білмеймін ай асқанба, жыл асқан ба

Қалада ауылдасқа сыр ашқанға.

Босайды жүйкем менің елге келіп,

Әркіммен аман-саулық сұрасқанда.
Білмеймін ай асқанба , жыл асқан ба

Қоштасып, төс қағысып жыласқанға.

Қайын аға болғанымды білдім бір – ақ,

Келіндер келіп саулық сұрасқанда.


Өмірдің барса келмес сапарына ,

Аттанып сирепті қарт қатары да.

Осы ғой деп ойладым шыққан күнің

Мезгілімен ұясына батары да.


Ауылға келмегенге жыл асқан ба,

Сағыныш қайта оянды қыр асқанда.

Күн сайын туған жерге шақырғандай,

Жарқырап алтын күнім тұр аспанда .




Көркемдегіш тәсіл

Мағынасы

Ақтарып тамашанды бар ғажайып

Тамсатқан талайларды ар ма, Жайық.

Апыр – ау, қалай әсем ырғаласың,

Кептірген орамалдай талға жайып.





Етегін күміс көбік астарлаған,

Толқының қандай ерке тас қармаған.

Қос ғашық қайықпенен жөнелгенде,

Жүректе сыр қала ма ақтармаған...






Болса да жағаңның, көк ар жағы алап,

Жүргем жоқ күн өткізіп баржа қарап ,

О, Жайық саған деген махаббаттың ,

Күн сайын мауқын бастым жар жағалап.






Білмеймін ай асқанба, жыл асқан ба

Қалада ауылдасқа сыр ашқанға.



Босайды жүйкем менің елге келіп,

Әркіммен аман-саулық сұрасқанда.








13-тақырып

Құрманғазы Қараманұлы
«Жалғыз атты жолаушы»- 1979 жылы жазылған шытырман оқиғалы повесть. Хикаятта Кеңестік дәуірдің бастапқы жылдарындағы кезеңнің шындығын арқау еткен.

Мысалы, «Аққағаз сәт сайын әлсіреп бара жатқан-ды. Соған қарап Құлбатыр әлгінде бой көтерген болмашы үміттің қалай бұлдырап кеткенін байқамады...



Ақ тілекпен көңіл қосып, азапқа душар болған Аққағаздың тағдырын ойлап күйінеді. Неліктен тағдыр бұларға мұнша әділестіздік жасады? Кінәлі кім? Заман ба, адам ба? Көкірегі қарс айырыла аһылайды...». Бұл үзіндіде кейіпкер трагедиясының қаламгер өз шегінде бере білген. Кеңес өкіметін алғашқы орнату жылдары жүрген солақай, ұр да жық саясаттың кесірінен қарапайым адамдарды халық жауы атандырған дүрбелеңнің болғаны шындық.

Құлбатыр образы тарихтағы Құныскерей Қожахметовпен тағдырлас екенін тануға болады. Оған себеп, тарихи деректердің Құныскерей Қожахметов іс-әрекеттерімен сәйкес келетін тұстарын көркем шығарманы оқи отырып табуға болады.

Құныскерей Қожахметов 1885 жылы Атырау облысы, Қызылқоға

ауданының Кеңқоқты деген жерінде дүниеге келген.

Оның банды атануының себептерін баласы Айтмұқан Сәлімгереев әкесінің кезінде Совет қызметін атқарғандағы жұмысына жоғары жақтан риза болмаған басшылықтың «Өкіметке қарсы шықтың!» деген жаласымен байланыстырады. Оның үстіне 1928-1929 жылдары кәмпеске кезінде Құныскерей атын жамылып, елді қан қақсатқан ұры-қарылар шықса керек.

Қаламгер өз шығармасында Құлбатыр образын Құныскерей бойынан табылатын, ел аузындағы аңыз-әңгімелерге сүйене отырып жасайды.

Өлкетанушы, журналист Қ.Хасанов өзінің «Қос батырдың хикаясы» атты кітабында Қадыр Нұржанов деген ақсақалдың: «Құныскерей моласының Түркімен ССР-і, Мары облысы, Машкөпір стансасы, «Саратжа» совхозынан төрт шақырым жердегі «Кіші әулие» бейітінде екенін айта келіп, құлпытасында – «Жаманов Әбілхайыр. 1885 жылы туып, 1968 жылы 28 қаңтар күні опат болды. Руы - Шеркеш» деп жазылған» деген деректі келтіреді.

Тарихтағы Құныскерейдің мергендігін де жазушы шығармада көрсете біледі. Оны ауыл-аймақ адамдарының арасындағы диалогы арқылы береді:

Бұл деректерге қарап отырып автордың туған өлке тарихына қанық болғанын байқаймыз. Тарихи деректерді көркемдікке ұштастырған жазушы шығармаға тағдыр тәлкегіне ұшыраған Құныскерей Қожахметовтың өмір деректерін, соған қатысты ел аузындағы әңгімелерді арқау етіп алғандығын айтуға толық негіз бар.

Тапсырма:Төмендегі шығарма үзіндісін оқу арқылы, , «Сенім межелігін» толтырыңыз. Тарихи құндылығына баға беріңіз.


Шындық


Жалған

Сенімді


Сенімсіз



14-тақырып

Шолпан Қыдырниязова

Тапсырма

Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді түзетіп, дәптеріңізге жазыңыз. Қателерді түзетуде сөздіктер мен емле ережелеріне сүйеніңіз.
1949 жылы 6 мамырда батыс Қазақстан облысы қаратөбе ауданы қаракөл сеолық округінде дүниге келген әкесі Батыр Қыдырниязов ақын журналист Анасы Бибібатима Ерғалиева сөзге ұста эпостық жырлар жатқа айтатын өнер жан болған. 1956- 1966 жылдары метепте орта білім алады

А.С.Пушкин атындағы орал педагоикалық инстиутыныңтүлегі (1971), қазақ тілі менәдебиеті пәнінін мұғалімі

Қазіргі кезде зейнекер Саналы ғұмырының жиырма жылын мемлекеттік қызметке арнаған ол талай таланттын жолын ашыпталай өнерпазға қамқорлық жасады. бір ғана қаратөбе ауданының өзінен сегіз өнерпаздың «Облыс ақыны» атағына ие болуында онын үлесі зор
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



«Туған жерім, қойнауың толы құт анық»
Туған жерім, қойнауың толы құт анық

Келдім саған сағыныш оты тұтанып.

Жаурағанда құшағыңа тығылам

Торғайдай тоңып паналайтын бұтаны ық.


Өмір, өлім –бірі тәтті, бірі өктем,

Арпалыспен түнім өткен күн өткен.

Саған ғашық жырым-жырым жүрекпен

Жарыққа шықтым түнектен.


Жарқылдасын жанарға-жанар тоғысып,

Қарқындасын жүректің марғау соғысы.

Ұшықтап жібер деміңнің ыстық лебімен

Жанға дауа еш жерде ондай жоқ ұшық.



Тапсырма. Қайыржан Хасановтың «Туған жер» өлеңімен Ш.Қыдырниязованың «Туған жерім, қойнауың толы құт анық» өлеңдерін «Венн диаграммасы бойынша» салыстыр


Қайыржан Хасановтың «Туған жер»

Ұқсастығы

Ш.Қыдырниязова«Туған жерім, қойнауың толы құт анық»











15-тақырып

Айсұлу Қадырбаева

«Барып қайт, балам, ауылға»

Тапсырма

  1. Өлеңді оқып, тақырыбы мен идеясын анықтаңыз, үзіндінің маңыздылығына тоқталыңыз.

БАРЫП ҚАЙТ, БАЛАМ, АУЫЛҒА:

Барып қайт, балам,


Ауылға туған барып қайт.
Шалғынға аунап,
Құмында ойнақ салып қайт.
Өр болып келед біз жақтың азаматтары,
Намысты соның көкірегінде жанып қайт.
Барып қайт,
Барып қайт балам,
Ауылға туған барып қайт.
Белесі, белі,
Жоқ елде, мидай дала да,
Қарама, жаным,
Қалдырмай бәрін арала.
Шомыла барсаң, байқарсың күміс көліне,
Ӏздерім жатқан секілді менің жағада,
Арала,
Арала бәрін орман ба, тау ма, дала ма!
Болад деп қандай
Сұрайтын едің жайлауды.
Сыбағаң үшін,
Бір қозы сонда байлаулы.
Аңқылдап келіп арғымақ тартар ағайын,
Алтынды зерлі
Ер тұрмандары сайлаулы.
Байлаулы!
Көзіңмен өзің қайтарсың көріп жайлауды.
Аулың жайлы,
Қиялын менен елесің
Айналып шынға
Ғажайып күйге енесің
Атаң мен марқұм әжеңнің сонда бейіті
Соға кел, қалқам, елемей кетті-ау демесін
Демесін!
Соға кел қалқам, елемей кетті-ау демесін
Басына барсаң,
Түс ауып кетпей, ерте бар.
Қасыңа, жаным,
Жөн білер біреу ерте бар.
Атымнан менің топырақ таста иіліп,
Әкеңнің осы сағыныш күйін шерте бар.
Шерте бар!
Әкеңнің осы сағыныш күйін шерте бар.
Ертелі-кеші
Қуалай берме ойыңды,
Бір ауық, қарғам,
Арманға жүздір ойыңды.
Көпшілік көзі сынағыш келер мұндай да,
Абайлап басып, түзетіп ұста бойыңды.
Бойыңды!
Абайлап басып, түзетіп ұста бойыңды.
Барып қайт, балам,
Ауылға туған барып қайт.
Шалғынға аунап,
Құмында ойнақ салып қайт.
Біз жақтың қызы, ибалы келед
Ибалы келед, құлыным,
Жарқ етіп, жаным,
Жанарың шоқ боп барып қайт.
Барып қайт!
Барып қайт, балам аулыңа туған, барып қайт.
Өлеңнің тақырыбы:_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Өлеңнің идеясы:_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Практикалық сабақ

Берілген суреттерді және ақындардың туған жер тақырыбындағы өлеңдерінен үзінділерді пайдалана отырып, ең жақын досыңызға туған өлкеңді сипаттап хат жазыңыз (100-120 сөз).






__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
16-тақырып

Талап Таймасұлы шығармашылығы

«Ауыл» өлеңі
Жусанның иісі аңқыған,

Сағынып тұрасың ауылды.

Ынтымақ Қаймағын қалқыған,

Аңсап-ақ тұрасың қауымды.



 

Төлімен толтырып қыратын,

Ойнаған төскейде

сағымы.


Малшылар сабалап құр атын,

Өрістен шұбырар

табыны.

 

Құс үнін тыңдаған көлмегі,

Жатады айнадай

жарқырап.

Балығын шоршыған көлдегі,

Шағала ториды

сән құрап.

 

Ауылдас үй-үйді жағалап,

Саулығын сұрасып

 дәм татқан.

Ағайын тумасын аралап,

Ауылдың арасын

шаңдатқан.

 

Ауылдың ғажайып

таңы да,

Қораздың үнімен ататын.

Түні де ерекше

тағы да,


Сыбыры естіліп жататын!
Тапсырма.Ақынның ауыл өлеңінің ізімен өз ауылыңды көз алдыңа елестетіп,

«Менің ауылым...» тақырыбында өлең немесе ойтолғау жазыңыз

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

17-тақырып

Ертай Бимұхановтың туған жер тақырыбындағы өлеңдері

МЕНІҢ ӨЛКЕМ...

Сырын шертіп бұйрат құмдар, тың далам,

Ел-жұртыммен жасап келем бірге аман.

Тұла-бойым тазалықтан тұрады,

Сал Мұхиттың асқақ даусын тыңдағам.

 

Ұрпақ қамын жайсыздықтан қалқалап,



Бойға қуат, жанға шуақ ән тарап.

Көкірегіне қазынаны қаттаған,

Сал Мұхиттың ән мұрасы – салтанат.

 

Ғарекеңнен мұра қалып соңғыға,



Өнер деген таңдап алдым жолды да.

Қанымда бар қонақжайлық қасиет,

Шаңыраққа шақырады домбыра.

 

Туған  жерден бұйырғасын құт қадам,



Келер күнге рухым биік, тік барам.

Менің жаным тазалықты қалайды,

Тышқантайдың зәмзәм суын ұрттағам.

 

Бәйтеректің тамырындай мәуелеп,



Біздің жақтың табиғаты, бауы ерек.

Махаббаттан жолы болған адаммын,

Ескендірдің «Гүлсезімі» әуелеп.

 

Құтты өлкенің тас емшегі біз емген,



Желдің өзі өлеңімді күзеген.

Аты аңызға айналған жер Аққұм да,

Анау-мынау қатемді де түзеген.

 

Ат дүбірі – домбыраның  қағысы,



Бура мінез – ер жігіттің намысы.

Менің жазған жырларымның барлығы,

Қалдығайты өзенімнің ағысы.

 

Жұмақ жердің жаннаты ғой бұл нағыз,



Дала сазын тек жүрекпен тыңдаңыз.

Арманыма алыстатпай апарды,

Қасиетті Қаратөбем құмдағы із.

 

Қаратөбем – асқақ даңқың, мәртебем,



Сенім деген келешекке тарт өлең.

Менің мәңгі жүрегіме орныққан,

Таудан биік құдіретті әр төбең.

 

Тапсырма. Өлеңдегі автор бейнесін кестеге толтырыңыз




Өлеңнен мысал

Кейіпкер қандай?






18-тақырып

Талант Арынғали шығармашылығы.

Ана

Жүректің жалынысың, мәңгілік сағынышың

Қарызың өтелер ме, ұйқысыз таңың үшін?
Аяулы анашым...

Аяулы, айбыным, арайлы, ай күнім

Бақытым,байлығым - анашым
Өмірдің сынақ бәрі, әлдиін құлақ тілін

Қабыл ал арман әнін, балаңның жырақтағы


Аяулы анашым...

Аяулы, айбыным, арайлы, ай күнім



Бақытым,байлығым - анашым
Тапсырма.Саған ұнаған өлең жолдары қандай? Себебін аш. Ұнаған жолдарды жаттап ал.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Дидактикалық тапсырмалар жинағы
Мұхит Мералыұлы шығармашылығы
Мұхит (Мұхаметкерей) Мерәліұлы қазіргі Орал облысы, Қаратөбе ауданындағы Жақсыбай өзенінің бойындағы Ақбақай деген жерде 1841 жылы ауқатты жанұяда туған. Мұхиттың туған ағалары Шәңгерей, Сақыпкерей, Жанша, Жүсіптер домбырашы, әншілер болған. Европалық аспап – скрипкада да ойнау өнерінде меңгерген. Мұхит жас кезінен — ақ әнге, домбыраға әуес болып өсті. Оның дарынының Жан – жақты ашылып оянуына өнерпаз ағаларының мол әсері тиді. Өсе келе Мұхит елге билік жүргізетін төреліктен, байлық – дәулеттен бас тартып, бар өмірін өнерге бағыштайды. Ауылға келген әнші, күйші, ақын – жыраулардың қасында жүріп, өнер үйренеді. Ел аралап, жәрмеңкелерге қатысып, той – думанның сәнін, халық мұрасын дәріптеуші насихаттаушы болып, “әнші Мұхит”, “сал Мұхит” атанды
Әндерін тыңдау: “Айнамкөз”, “Кіші айдай”, “Зәуреш”
Мұхиттың жүрегінен жарып шыққан күйінішті шығармасының бірі -“Зәуреш әні”. Қайғылы көңілдің зарын, жоқтауын баян ететін бұл әннің әуені аса терең, үні мұңды. “…Медеттің үш әйелінен отыз ұл, бір қыз болады. Елге келген ауру – апаттан Медеттің отыз ұлы бірдей қайтыс болып, жалғыз Зәуре деген қызы қалады. Медет Орынборға жолаушылап кетіп, қайтып келгенінде, Зәуре де дүниеден өтеді. Тек шошайып моласы ғана қалады. Медет моланы құшақтап күңіренеді. Міне, осы трагедия Мұхитты қатты қобалжытады. Ол домбырасын алып, “Медет айтыпты” деген сөздерге ән шығарады. Әннің аты халық арасында “Зәуреш” болып тарайды. Мұхитты толқытып, оның шығарған әні осы күнге дейін тыңдаған адамның сай сүйегін сырқыратады.” Айтушылар Мұхит Қобда бойын аралап жүргенде біреудің үйіне түсіп, ән салып, ауыл адамдары жиналып, кеш бойы сауықтайды. Ертеңінде сол үйдің бойжеткен қызы Құралайдың шай құйып отырғандағы сыпайылығы, мінезі, ажары Мұхитқа қатты ұнап, сол арада бір ән шығарады. Әншіге қыздың көзі ұнайды. Сондықтан ол: «Шырағым, мына бір әнді саған арнадым, нағыз айнамкөз екенсің, әннің аты да
«Айнамкөз» болсын дейді. Бұл ән халық арасында көп тараған, « Айнамкөзді» айтпайтын адам аз. Әсіресе жай үйде болған мәжілістерде көпшіліктің қосылып айтатын әннің бірі — « Айнамкөз». Бұл Мұхитқа тән диапазонды, үлкен дауыс шеңберңн тілейтін ән. Басынан аяғына шейін лирика, ешбір қайғының ұшқыны жоқ, сүйгенін, жақсы көргенін сағынған әуен бар. Әннің кеудесі мен қайырмасы бірімен бірі жалғасып кетеді. Ән байсалды, орнықты екпінде жүреді. Әрбір дыбысы қатталып, орындаушыдан дауыс регисторінің тегістігін тілейді. «Айнамкөз» — үлкен, жылы жүректен шыққан ән.

Шандоз ән шебері, халық психологиясының білгірі сал Мұхит дыбыстар жүйесін әр қырынан құбылта құруымен тыңдаушысын эстетикалық-эмоционалдық көңіл-күйде қалдырып отырған. Мәтінде бейнеленген ойлау формаларының сезімдік әсерін әуен арқылы арттырып, күшін өсіре түскен. Бұған оның қай шығармасы да толық дәлел. Соның бірі – байтаққа жақсы таныс әйгілі «Зәуреш» әні. Өрнегі бөлек. Бітімі өзгеше. Қалың қарындасқа Ғарекеңнің, Ғарифолла ата Құрманғалиевтің (1903 – 1993) орындауында тарап еді. Бірегей орындаушысы-тын.

Зәуреш еліне дәріпті Медет есімді кісінің қызы екен дейді аңызға айналған дерек. Обадан опат болған отыз ұлдан соңғы жалғыз тұяқ. Әкенің бар үміті, бар жұбанышы – Зәуреш-ті, өмірімнің шырағы болар деген. Тағдыр оны көп көреді. Ажал тырнағына ілінеді. Саулы інгендей боздап келіп, суық қабірді құшақтап айтқан Медеттің сондағы сөздерін Мұхит кейін өлеңге айналдырып, зар – әнге қосқан дейді. Сөздері қамырықты. Эмоциялық бояуы өте күшті.

Уа, Зәуреш, сенің үшін елден келдім,

Баяғы өзің өскен жерден келдім.

Сен неге мен келгенде тебіренбейсің,

Иіскеп бір сүйейін деген едім?

Құланның жонда көрдім шоқырағын,

Қайыңның жаста көрдім жапырағын.

Қарамай кетіп қалып әкең сорға,

Бір уыс көп көрді ме топырағым.

(Ғарифолла Құрманғалиев. Мұхиттың әндері. Алматы. «Дастан» дыбыс жазу студиясы, 2001 ж.)

Ән терең психологиялық тебіреніске құрылған. Бейжай қалдырмайды.Өлең шумақтарында қаралы жанның көрініс тапқан ішкі сезімі тыңдаушы жүрегінен орын алып, оның қоғамдық санаға айналуының бір сыры мелодиясына тығыз байланысты-тын. Эстетикалық танымы да, мәні де осында жатыр. «Зәуреш» әнінің тарихы терең.Философиялық тербеністерге толы Мұхиттың “Дүние – ай” әні музыкалық мазмұнының тереңділігімен ерекшеленеді.
Мұхит жүректі тебірентер сыршыл әндерімен бүкіл қазақ даласына танылған аса ірі тұлға, ғажайып дарында талант иесі.

«Айнамкөз»

Мұхит қобда бойын аралап келе жатып, біреудің үйіне түсіп , ән салады. Ауыл адамдары жиналып кеш бойы сауықтайды. Ертеңіне сол үйдің бой жеткен қызы Құралай шай құйып бергенде, оның ажары , мінезінің сыпайылығы ұнап қалады. Әсіресе әншіге қыздың көзі қатты ұнайды. Ең соңында ол : «Шырағым, мына бір әнді саған арнадым, нағыз Айнамкөз бала екенсің, әннің аты да «Айнамкөз» болсын,- депті.

Салмасам Айнамкөзге ән болмайды,

Кимесем оқша бешпет сән болмайды.

Ойнасаң, өзің теңдес жаспен ойна,

Ол – дағы, алғаныңнан кем болмайды.


Айнамкөз сен қайдағы, мен қайдағы,

Біреудің менде өзіңдей боз тайлағы.

Есіме, беу қарағым, сен түскенде,

Қайнайды зығырданым қай-қайдағы.


Паң көйлек

Паң көйлек маң-маң аяқ басатұғын,

Жар қайда ондай көңіл ашатұғын.

Кешегі жиырма бестің желегінде,

Көңілім тау суындай тасатұғын.

Дүние қызыл түлкі бұлаңдаған,

Бақ тайса ерге дәулет құралмаған.

Меңзеген асқар тауға есіл көңіл,

Дүниеде еш нәрсеге тына алмаған.
Кім білер, кімдер болар мейірім қанар,

Рухым сөнген менің қайта жанар.

Еңіреп, Мұхит бабам өтіпті - ау деп,

Кейінгі ұрпақтарым есіне алар.


«Зәуреш» өлеңі

Қарағым, Сенің үшін елден келдім

Баяғы өзің көрген жерден келдім

Сен неге мен келгенде тебіренбейсің

Иіскеп бір сүйейін деген едім.
Құланнның түзде көрдім шоқырағын,

Қайыңның түзде көрдім жапырағын.

Сен қалған отыз ұлдан едің, Зәуреш,

Бір уыс бұйырмады топырағым.


Жақын дос бір-біріне сыр айтады,

Атасы баласына шын айтады.

Айырылып қалғаннан соң жалғызымнан,

«Көке» деп енді маған кім айтады?


Ойлап ем мен келгенде шығар ма деп,

Атаңның хал-ахуалын сұрар ма деп.

Қозғалмай өзгелерге жатсаң –дағы,

Орныңнан мен үшін тұрар ма деп.


Рухың білген шығар келгенімді,

Оқыдым мәнажаттан білгенімді.

Басыңды мен келгенде көтермедің,

Жалғызым жаңа білдім өлгеніңді.



Молданияз Бекімов өмір жолы

Батыс Алашорда үкіметінің дамуына атсалысқан көрнекті тұлғаның бірі және бірегейі Молданияз Байболсынұлы Бекімов.



Молданияз Байболсынұлы Бекімов 1882 жылы 12 қыркүйекте Орал облысының Қаратөбе ауданына қарайтын 24-ауылда дүниеге келген. Қазір ол ауылдың көлемінде Аққозы совхозының мекен-жайлары орналасқан. Руы-алаша. Молданияздың кенже інісі Сүлейменнің жазуына қарағанда Кіші жүздегі 12 ата Байұлының бір руы болып саналатын Алашаның бір тарауы- Назар Молданияздың жетінші атасы [1]. Әкесі Бекім Байболсынұлы орта шаруалы, жасында мұсылманша оқыған, сауаты бар адам екен. Балаларының ішінде жасынан-ақ оқуға, білім қуып, дүниетануға талпынған Молданияздың әкесі әуелі діни оқуға беріп, Сәрсенбай, Байқожа деген ауыл молдаларынан арабша «тілін сындырады», яғни сауаттандырады. Молданияз зерек, ананы-мынаны біліп, түйіп алуға құштар болған. Ауыл молдаларынан мұсылманша оқып, арабша сауатын ашқаннан кейін, сол кезде анда-санда қолына түскен қазақша, татарша басылған қисса, дастан, жырларды қызыға оқитын болған [2].Сол кезде Молданияз Бекімовтің жан-жақты, білімге құштар адам екенін көруге болады. Халықтың жазба және ауыз әдебиетінің үлгілерін бала кезінен бастап естіп, білуі оның есейген шағындағы творчествосының қанат қағуына, халықтық фольклор нұсқаларын, этнография үлгілерін насихаттауына тікелей әсер еткен. Фольклорлық, этнографиялық мұралары қазақ, орыс тілдерінде жарияланып, сақталған.

Дүмше молдалардың алдынан өтіп, аздап сауаттанғанын місе тұтпаған Молданияз білімін тереңдету үшін Орал қаласындағы әскери-реалды училищеге түседі, ол мектепті 1902 жылы тамандаған және әскери қызметке өз еркімен кіргендер қатарында. 1902 жылы 28 тамызда Қазан қаласындағы жаяу әскер юнкерлерінің училищесіне 2-ші разряд бойынша қабылданып, оны кейін 130-шы Херсон полкіне командирлік қызметке жіберілген. Жыл аяғына таман 8-ші Закаспийск атқыштар полкіне ауысып, келесі жылы тамызда Ташкенттегі бірінші Ташкент резерв батальонына қызмет етуге жіберілген. 1906 жылы қарашадан 1908 жылғы маусымға дейін Түркістан әскери округінің штабында қызмет істеп, бірінші Түркістан атқыштар батальонына командирлік жұмысқа жолдама алған. 1909 жылы 20 қарашада оған поручик атағы берілген. Бұдан кейін 1910 жылы Жаркентте /осы күнгі Панфилов қаласы, Талдықорған облысы/ тұрған 21-ші Түркістан полкіне рота командирі болып тағайындалады [3] деп сақталған мұрағатта.

1909 жылы 20 қарашада оған поручик атағы берілген. Бұдан кейін 1910 жылы. Молданияз Бекімовке 1913 жылы 5 қарашада штаб-капитан атағы беріледі. Молданияз Бекімов қазақ халқынан шыққан санаулы офицерлердің бірі ретінде бірінші империалистік соғыс дәуірінде орыс әскерлерінің сапында болады. Германия әскерлеріне қарсы кескілескен ұрыста әуелі 1915 жылы 21 қаңтарда, сосын 23 ақпанда жарақаттанып, госпитальге жіберілген болатын. Өз басының ұрыс түзіндегі батыл қимылдары және шебер басқарып, бастағаны үшін Молданияз Бекімов 1916 жылы 4 мамырда «Ерлігі үшін» деген жазуы бар 4-ші дәрежелі «Святая Анна» орденімен, сол жылы 15 маусымда қыл мен бант мүсінді 4-ші дәрежелі әулие Владимир орденімен және 1915 жылы 4 қыркүйекте «Ақ қыран»орденінің лентасы бар жалтыр қола медальмен марапатталған. Молданияз Бекімовты «санаулы офицерлердің бірі» деп айтуымыздың да жайдан-жай еместігін осы жерден көруге болады.


Қажым Жұмалиев өмір жолы, шығармашылығы

Ғалым, филология ғылымдарының докторы (1947), профессор (1950), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961), Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1967, 1946 жылдан корреспондент мүшесі) Жұмалиев Қажым (Қажығали) 1907 жылы 28 желтоқсанда қазіргі Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында туған.


1923-1925 жылдары Орынбор мектебінде, Шымкент ауылшаруашылық техникумында оқыған. 1932 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін) бітірген.
1932-1937 жылдары Орал педагогика институтында (қазіргі Батыс Қазақстан мемлекет университеті), 1937-1968 жылдары ҚазПИ-де қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болған, Алматы жоғары оқу орындарында ұзақ жылдар ұстаздық еткен.
Жұмалиев шығармашылық жолын ақындықтан бастаған. Оның алғашқы өлеңі «Батырақ Ғалиасқар» 1928 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде жарияланды. «Ерғожа мен Егізбай» поэмасы (1929), «Шабуыл» (1933), «Қанды асу» (1934), «Өмір жыры» (1938), «Қырдағы күрес» (1957) деп аталатын өлеңдері мен поэмалар жинақтары жарық көрген.
Исатай-Махамбет көтерілісінің тарихынан жазыла бастаған романның үзінділері «Айқас» деген атпен басылған (1942).
Қ.Жұмалиев – «Біржан-Сара» операсы либреттосының, «Арбасу» (Әбу Сәрсенбаевпен бірге) атты драмалық шығарманың авторы. Қазақ зиялы қауымының алғашқы буыны туралы «Жайсаң жандар» (1969) атты естелік жазды. Кітапта С.Меңдешев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, Қ.Жансүгіров, С.Аспандияров, Қ.Сәтпаев, С.Камалов, т.б. шығармашылық портреттері жасалған.
Қ.Жұмалиев ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап қазақ фольклорын, әдебиет тарихы мен теориясын зерттеумен шұғылданды. 1958-60 жылдары 2 томдық «Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері», 2 томдық «Әдебиет тарихы» (1960), «Әдебиет теориясы» (1938; 2-басылым, 1964, 3-басылым, 1969), «XVІ - XІX ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1967) кітаптары ұзақ уақыт бойы республиканың жоғары оқу орындарында оқулық ретінде пайдаланылды. «Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері» кітабының 1-томына «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» эпостары туралы зерттеулері енген. 2-томында ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармашылығы талданған. Екі томдық «Әдебиет тарихы» кітабында қазақ әдебиеті тарихына кең ғылыми шолу жасалып, ХVІІІ–ХІХ ғасырлардағы жыраулар, ақындар, жазушылар шығармашылығы жан-жақты зерттелген.
Қ.Жұмалиев – Махамбет шығармашылығын бірінші рет кең көлемде зерттеген ғалым. Бұл саладағы қызметін ол ақын өлеңдерін жинап бастырудан бастады (1938). 1948 жылы «Махамбет» атты монографиясын жариялады. Монографияда Исатай – Махамбет көтерілісінің тарихына қатысты тың деректер келтірілген. Ғалым осы тақырыпты зерттей жүріп Шернияз Жарылғасұлы, Алмажан Азаматқызы, Ығылман Шөрекұлы шығармаларын бірінші болып талдап, ғылыми айналымға енгізді.
Ол Әдебиет және өнер институты даярлаған «Қазақ совет әдебиеті очеркінің» (1948) бас редакторы, 6 томдық «Қазақ әдебиеті тарихының» ХVІІІ–ХІХ ғасырлар аралығындағы қазақ әдебиетіне арналған 2-томы, 1-кітабының (1960) редакциясын басқарды және оның негізгі авторларының бірі болды. Осы дәуір әдебиетінен орта мектепке (8 – 9 сынып) және жоғарғы оқу орындарына арнап қазақ және орыс тілдерінде оқулықтар жазды.
Ғалымның «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» (1946) еңбегі абайтануға қосылған үлкен үлес болып қабылданды. Онда Жұмалиев Абайдың өмірі мен шығармашылығына кең талдау жасады. Абайдың қазақ әдебиетіндегі орнын, тарихи еңбегін, қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы қызметін жан-жақты зерттеді. Бұл кітапқа Н.К. Дмитриев, С.Е. Малов, В.М. Жирмунский, т.б. ғалымдар үлкен баға берді.

Берқайыр Аманшин өмір жолы, шығармашылығы
Берқайыр Аманшин  (1924–1985) - 11 қарашада Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданындағы Бетпақкөл ауылында туған. ҚазПИдің филология факультетін бітірген (1953). 

1942–1953 жж. партия кеңес қызметтерінде, 1953–1954 жж. Қазақ мемлекеттік баспасында, 1954–1959 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет істеген. 

1959–1965 жж. Қазақстан Жазушылар одағының Батыс Қазақстан облысаралық бөлімшесінің жауапты хатшысы, 1966–1971 жж. «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі, 1971–1973 жж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің өнер жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары, 1973–1979 жж. «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналының бөлім меңгерушісі, біраз жыл Қазақстан Жазушылар одағының кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Тұңғыш өлеңі Атырау облыстық газетінде 1942 жылы жарияланған. Тұңғыш жинағы «Өлеңдер» 1954 жылы жарық көрді. Бұдан кейін «Бұтақтағы бұлбұлдар» (1958), «Жетісу – Жайық» (1961), «Менің өмірбаяным» (1965), «Менің Маңғыстауым» (1972), т.б. прозалық жинақтары, «Махаббат мұңы» (1968), «Көкжар» (1971) повестері, «Махамбеттің тағдыры» (1987) романы басылды. Балаларға арналған «Жылқы фермасында» (1955), «Ботақан» (1964) аталатын өлең жинақтары бар. «Таныстық керек», «Жақия – Исатайдың баласы», «Жылама, Дәмеш» (М.Гeршпен бірігіп жазған) ьесалары республикалық театрлар сахнасында қойылған. Ол Махамбет пен Ығылман ақын шығармаларын жариялауда елеулі қызмет атқарды. «Игорь полкі туралы сөзді», А.С.Пушкин, Л.Н.Толстой, С.Юлаев, т.б. шығармаларын қазақ тілінде сөйлетті. Шығармалары бірқатар шетел тілдеріне аударылған. Өзі дүние салғаннан кейін «Махамбет тағдыры» атты шығармалар жинағы жарық көрді (1991).

«Жайық суреті»

Айналайын атыңнан,

Ата-мекен Ақ жайық,

Ақ ала толқын қалқынан

Айдының әсем ғажайып.
Орал таудың көк тасын

Ойран қылған мың бұлақ,

Құлдырап келіп ағасың

Көне арнаны жұлқылап.


Арыстанша көктемде

Арқырайсың ылғи сен.

Үйретіп жұртты өткелге,

Үйдей шөпті қылғисың.


Жәй табады жаз шықса,

Жайқыны кейде дір етпей.

Жайығым жасыл жастықта

Жатқан аппақ білектей.


Себеді сәуле бар маға,

Жасыл майса жағаға.

Төсін шайып шағанға,

Шүйіліп жүр шағала.


Ж.Ертілесов өмір жолы

Ертілесов Жұрғали 25 сәуірде 1928 жылы Қаратөбе ауданы Ханкөл ауылында дүниеге келген. Белгілі журналист, жазушы, “КСРО баспасөз ісінің үздігі” (1975). 1944 жылы Қаратөбе орта мектебін бітірген. Еңбек жолын Қаратөбе аудандық «Колхозшылар үні» газетінде тілші, жауапты хатшы боп бастаған. 1950-53 жылдар Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеп, 1953-1956ж.ж. Алматы жоғарғы партия мектебінің тыңдаушысы болған. 1956-68 жлдары «Орал өңірі» облыстық газетінде жауапты хатшы, 1968-74 жылдары Талдықорған облысы «Октябрь туы» газетінің бас редакторы, 1973-74 ж. Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында меңгерушісі қызметін атқарған. «Жастық жалыны» повесі, «Туған жер түлектері» очерктері жинағының (А.,1970) авторы. Бірнеше медальдармен марапатталған. Ертілесовтың сөзіне жазылған “Қаратөбем” әні қаратөбеліктердің тұрақты репертуарында.

Туған жер

Ер мінез, жомарт көңіл, батыр тұлға,

Қасиетті мекен болған қыз бен ұлға,

Уа, менің қадірменді Қаратөбем,

Балалық пәк жүрекпен қостым жырға.
Ақ тақыр, қызыл құмың, бұйра шағыл,

Секілді інжу – маржан, бейне лағыл,

Уа, менің қадірменді Қаратөбем,

Өскенсің өр арманың болып қабыл.
Жерің бай, елің де бай, адамың бай,

Өзіңнен бойыма нәр алам ұдай,

Бас алға, қадірменді Қаратөбем,

Қоғамның коммунистік қадамындай.
Мен сенің бір жапырақ бөлшегіңмін,

Бөлшектің біле-білмек өлшемін кім!

Естілсін төрт бұрышына дүниенің,

Шалқытқан шаруаңды өктем үнің.
Астында ақ сәулелі алтын таңың,

Жүрсемде қай жерінде Ұлы Отанның,

Уа, менің қадірменді туған жерім,

Әрқашан Қаратөбе ұлы атандым.
Гүл жайна, құлпыра түс туған жерім,

Сен барда көңілде жоқ уайым-шерім,

Уа, менің қадірменді Қаратөбем,

Арман не өзің үшін ақса терім.
Альбом
Альбом деген жинағы суреттің,

Онда күш бар күшіндей құдыреттің,

Ашқан сайын өйткені әрбір бетін,

Деп тұрады талай жер жүріп өттің.
Альбомды ашсам көремін достарымды,

Жас кезімде жасаған жоспарымды,

Есіме алам әр бетін аударғанда,

Түн жамылып кейбірін тосқанымды.
Не түспейді есіме альбомды ашсам,

Ол сүйеніш әрдайым алға бассам,

Жүзін көріп өйткені туыстардың,

Кейіп қалсам көтерер, басар тассам.
Еске түсер альбомнан өткендерім,

Қатал мектеп солдаттың өткелдерін,

Бұзып – жарып қиналмай алға басып,

Он қайтара тер төгіп өткем жерім.


Жолдастарым, келіңдер, санаңыз бар,


Аштым бетін альбомның қараңыздар,

Терең сыр, күрделі ой бар байқағанға,

Өткен жолды көріңдер, санаңыздар.
Сағынғали Сейітовтың өмір жолы, шығармашылығы

Сағынғали Сейітов (1917–2007) 20 қарашада Орал облысы, Ақжайық ауданы, «Өлеңті» кеңшарында туған. 1937 жылы Орал су транспорты рабфагын, 1941 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін тамамдаған. 1941–1947 жж. Кеңес Армиясы қатарында әскери қызметте болды. Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ қатысқан. Соғыстан кейін Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының ғылыми қызметкері, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің нұсқаушысы, Қазақстан Мемлекеттік көркем әдебиет баспасының директоры, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері болып істеген. Филология ғылымының кандидаты. Тырнақалды өлеңі 1936 жылы Оралдың облыстық газетінде жарияланған. Тұңғыш жинағы – «Большевиктер» 1951 жылы жарық көрген. Содан бері қазақ, орыс тілдерінде қырықтан астам кітабы басылып шыққан. Оның ішінде «Жолдас жүректен» (1953), «Ортақ ой» (1956), «Бетпе-бет» (1959), «Өрден өрге» (1963), «Жаңғырық» (таңдамалы, 1967), «Жолдас уақыт» (таңдамалы, 1977), «Сәулет» (1988), «Серпер» (1994), «Сеңгір» (1997), «Самғау» (2001) атты жыр жинақтары бар. Бірқатар оқулықтар және «Қырық жылда» (1957), «Әдебиеттер достығы» (1965), «Қазақ поэзиясындағы Маяковский дәстүрі» (1966), «Тоғысқан толқындар» (1974), «Туысқандық туғызған» (1979), «Өлең өлкесінде» (1984), «Пушкин лирикасын қазақ тіліне аудару дәстүрі» (1985) атты монографиялар мен әдеби зерттеулердің авторы. Қызыл Жұлдыз, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.


ҚАРАТӨБЕМ! ТӨБЕ ЕМЕС, ТАУСЫҢ МАҒАН
Расым сол! Төбе емес, таусың маған,

Қазынаң қойнауында таусылмаған.

Көмір де, темір де емес текше-текше,

Байсың сен – адамыңмен, паңсың, далам!


Куәмін кішкентайдан ғажабыңа,

Куәмін рахатыңа, азабыңа.

Қараймын, Қаратөбем, махаббатпен,

Мен сенің қараторы қазағыңа.


Дархан ол даламыздай, пейілді де,

Момақан, мерейлі де, мерейлі де.

Баянды бақыты да баяғыдан,

Басынан бір сәт, сірә, сейілді ме?


Көнбеді қатаң кездің бұлтағына,

Ақырған алай-түлей бұрқағына.

Мақтанып, мен қалайша сүйсінбейін,

Ырысты ұлы Мұхит ұрпағына.


Қаратөбем! Төбе емес, таусың маған,

Дәм-тұзың, ризығың таусылмаған.

Естимін айқай түгіл, сыбырыңды,

Кетпейді құлағымнан даусың әман!



ҚайыржанХасанов шығармашылығы

Хасанов Қайыржан - өлкетанушы, ақын, прозаик жазушы, журналист, “Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, “Қаратөбе ауданының құрметті азаматы”. 1942 жылдың 2 желтоқсан күні Қаратөбе ауданының Сәуле ауылында дүниеге келген. 1969 жылы Орал пединститутының филология факультетін бітіріп, Қаратөбе ауданының мектептерінде мұғалім, аудандық газет редакциясында, аудандық партия комитетінде жауапты қызметтерде істеген. Ұзақ жылдар аудандық “Еңбек туы” газетінің редакторы бола жүріп, ауданның тарихын, оның белгілі адамдарының өмірлері мен шығармашылықтарын зерттеп, аудандық, облыстық, республикалық басылымдарға жазып, жарыққа шығаруда қажырлы еңбек етіп келе жатқан ел тарихын зертеуші, өлкетанушы, фольклор жинаушы. Өлеңдері ең алғаш «Жыр бесік» (А.,1983) жинағына енгізілген. Әр жылдары Қ.Хасановтың қаламынан туған жер мен өлке тарихына қатысты бірнеше кітаптары жарық көрген. Олар: «Дала бұлбұлы»(1991ж) эссе кітабы; “Айтыс – аталық дәстүр”(Орал-1991); “Ақбақай әуендері”(1991), “Қаратөбе құт мекен” (2002) жыр жинақтары, ”Қаратөбе-өренді, өнерлі өлке” ұжымдық жинақ (1995), “Ақтаңдақта атылған азаматтар”(1996), “Қос батырдың хиқаясы””2000), “Қаратөбе-ән мен күйдің ордасы”(2000), “Қаратау би” (2002), “Дарабоз домбырашы”(2003),”Байғұтты-Шолаққамыс батырлары”(2003),“Әнші Мұхит”(2004), “Соналы оқиғасы” (2006) “Қаратөбе қазынасы” (2006),“Өмірімнің өрнектері” (2007), “№2368 іс немесе Төлеген Иманғазиев тағдыры туралы” (2007) кітаптарының авторы. Қ.Хасанов бірнеше медальдармен марапатталған, бірнеше рет аудандық совет депутаты, 1995-99 жылдары аудандық мәслихат депутаты болып сайланған. Қазіргі уақытта зейнеткер, Орал қаласында тұрады.

Туған жер

Ей, туған жер,

Дариға дархан далам,

Жомарттықпен әркімге нәр қамдаған

Өзіңе деп жүректі жұлқиды жыр,

Тұлпардай бәйге алдында арқандаған.

Ей, туған жер,

Желпіген таң самалы,

Қыз Жібектің арманы аңсағаны.

Жеткізгендей сәлемін Төлегеннің

Қайтқан қаздар қиқулап ән салады.

Ей, туған жер,

Ордасы дархан істің

Күй тәрізді ызыңы нар қамыстың,

Қойшы астында алысты ауыздықпен

Байшұбары жырдағы Алпамыстың.

Ей, туған жер

Жусанды , сүттігенді,

Инемен қаздым өлең - құтты кенді

Көп нүкте қойып өлең аяғына,

Жалғасын тың шабыттан күттім енді.


Ақ жайық

Ақтарып тамашанды бар ғажайып

Тамсатқан талайларды ар ма, Жайық.

Апыр – ау, қалай әсем ырғаласың,

Кептірген орамалдай талға жайып.

Етегін күміс көбік астарлаған,

Толқының қандай ерке тас қармаған.

Қос ғашық қайықпенен жөнелгенде,

Жүректе сыр қала ма ақтармаған...

Болса да жағаңның, көк ар жағы алап,

Жүргем жоқ күн өткізіп баржа қарап ,

О, Жайық саған деген махаббаттың ,

Күн сайын мауқын бастым жар жағалап.

Ауылда

Білмеймін ай асқанба , жыл асқан ба

Қалада ауылдасқа сыр ашқанға.

Босайды жүйкем менің елге келіп,

Әркіммен аман-саулық сұрасқанда.
Білмеймін ай асқанба , жыл асқан ба

Қоштасып, төс қағысып жыласқанға.

Қайын аға болғанымды білдім бір – ақ,

Келіндер келіп саулық сұрасқанда.


Өмірдің барса келмес сапарына ,

Аттанып сирепті қарт қатары да.

Осығой деп ойладым шыққан күнің

Мезгілімен ұясына батары да.


Аулға келмегенге жыл асқан ба,

Сағыныш қайта оянды қыр асқанда.

Күн сайын туған жерге шақырғандай,

Жарқырап алтын күнім тұр аспанда .


Құрманғазы Қараманұлы шығармашылық мұрасы

Құрманғазы Қараманұлы 5 желтоқсан 1943 жылы Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылында дүниеге келген. Жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1987), Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Егіндікөл ауылындағы жеті жылдық мектепті (1960) бітірген. 1962 – 69 ж. ҚазМУ – дің журналистика факультетін оқыған. 1969 ж. «Лениншіл жас» газетіне жұмысқа қабылданды. 1976 – 93 ж. «Жалын» баспасында редактор, редакция меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болды, 1993 – 96 ж. «Балауса» баспасында істеді. Қазір дайжест жанырындағы республикалық тұңғыш басылым – «Көк аспан – Қара жер» газетінің редакторы. Қ. Қараманұлының алғашқы туындысы – «Шайтантөбедегі от» әңгімесі 1960 ж. облысы «Октябрь туы» (қаз. «Орал өңірі») газетінде жарияланады. Тұңғыш кітабы – «Қайраң өткел» миниатюралық әңгімелер топтамасы (1978). Сондай – ақ «Қызғыш құс» (А., 1980), «Алтын іздеушілер» (1987), «Жалғыз атты жолаушы» (1996) повестер жинағы, «Тәңірге тағзым» (1996) зерттеу еңбегі шықты. Сондай-ақ ол әлемдік әдебет классиктері Эрнест Хемингуэйдің «Қош бол, майдан!» (1983), Грэм Гриннің «Комедианттар» (1984) романдарын аударды. Ағылшын тілін өз бетінше оқып – үйренген жазушы соңғы екі романды аудару барысында шығарма авторларымен хат арқылы хабарласып, әріптестік байланыс орнатты. Соның нәтежесінде Струн (Калифорния, АҚШ) өз романының қазақша нұсқасына алғы сөз, Грин (Антиб, Франция) соңғы сөз жазып берді. 2002 жылдан бері қарай әр оқу жылының басында Егіндікөл орта мектебінің жақсы оқитын, үлгілі, тәрбиелі 10 оқушысына “Ақ Орынша” атты стипендия тағайындап, тоқсан қорытындысымен беріп тұрылады.

 ҚЫДЫРНИЯЗОВА Шолпан Батырқызы



ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері

1949 жылы 6 мамырда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаракөл селолық округінде дүниеге келген. Әкесі Батыр Қыдырниязов ақын, журналист.Анасы Бибібатима Ерғалиева сөзге ұста, эпостық жырларды жатқа айтатын өнерлі жан болған. 1956- 1966 жылдары мектепте орта білім алады.

Еңбек жолын аудандық «Еңбек туы» газетінде бастайды. Газетте жұмыс жасай жүріп, өлең, мақалаларымен аудан жұртшылығына танылады. Аудандық ақындар айтысына қатысып, жоғары білімді ұстаз Құмарғали Ғұбайдуллинмен сөз жарыстырып тұсауын кестіріп, «Аудан ақыны» атағын алады, жеңімпаз ретінде облыстық ақындар айтысына жолдама беріледі. Қаратөбе ауданының атынан айтысқа шыққан он жеті жасар Шолпанға Тайпақ ауданынан жиырма бес жасар Мақот Құсанов деген өнерпаз қарсылас болып, екеуі жарасымды жұп құрап, бірінші орынды бөліседі, екеуіне де «Облыс ақыны» деген атақ беріледі.Айтыста жарқ еткен жас қыз сол жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтына оқуға қабылданады. Төрт жыл жоғарғы оқу орнында оқи жүріп ақындар айтысына тұрақты қатысып, өнерін шыңдап, облыс жұртшылығының көзайымына айналады.Республикалық телехабарларға шақырылады, баспасөздер ол туралы көлемді материалдар жариялап, елге таныстыра бастайды.

А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтыныңтүлегі (1971), қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Сегізжылдық мектепте мұғалімдіктен бастап, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары (1971-1976), аудандық газетте жергілікті радио хабарын ұйымдастырушы, газеттің жауапты хатшысы (1976-1983), халық депутаттары аудандық Совет атқару комитетінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, төраға орынбасары, аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары (1983-1993), Орал қаласына қоныс аударуына байланасты «Қазақгаз» мемлекеттік холдинг компаниясының салалық «Рауан» газетінде тілші, «Батысгаз», «Тахат» акционерлік қоғамдарының кадр бөлімінің бас маманы (1993-2002), Орал қалалық мәдениет бөлімінде, облыстық мәслихатта аудармашы (2002-2004), Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы (2004-2008) қызметтерін абыроймен атқарады. Қазіргі кезде зейнеткер. Саналы ғұмырының жиырма жылын мемлекеттік қызметке арнаған ол талай таланттың жолын ашып,талай өнерпазға қамқорлық жасады. Бір ғана Қаратөбе ауданының өзінен сегіз өнерпаздың «Облыс ақыны» атағына ие болуында оның үлесі зор.Облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен облыста тұңғыш рет бәйгеге бес жеңіл автокөлік тігілген халықаралық ақындар айтысы оздырылғанын халық әлі күнге дейін мақтанышпен еске алады. Шолпанның еңбегі елеусіз емес, халық оны «Ақжайық айтысының анасы» десе, мемлекет тарапынан да марапаттауларға ие.

«Қазақстан республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағының (1980), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» ,«Ерен еңбегі үшін» медальдарының, Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасының, «Қаратөбе ауданының құрметті азаматы» төс белгілерінің иегері. 51айтысқа қатысып, соның 29- ында І-орын алған.

«Жазира» (1980) ,«Ерке құс» (1991) , « Елігі еркін даланың» (2004), «Қос қанат» (2010) жыр жинақтарының авторы. Бұдан басқа ақынның өлеңдері мен айтыстары «Жайықтың мөлдір сырлары», «Жыр шашу», «Он алты қыз, бір жігіт» топтамаларына, ол туралы мәлімет республикалық «Кто есть кто», Батыс қазақстан облысының энциклопедиясына, «Ақжайықтың асыл арулары» энциклопедиясына, тіл дамыту және өнер иелері жөніндегі мақалалары мен ұсыныс, пікірлері халықаралық, республикалық, облыстық конференциялар жинақтарына енгізілген

ТУҒАН ЖЕРІМ, ҚОЙНАУЫҢ ТОЛЫ ҚҰТ АНЫҚ

Туған жерім, қойнауың толы құт анық,

Келдім саған сағыныш оты тұтанып..

Жаурағанда құшағына тығылам

Торғайдай тоңып паналайтын бұтаны ық.
Өмір, өлім бірі тәтті, бірі өктем,

Арпалыспен түнім өткен, күн өткен.

Саған ғашық жырым – жырым жүрекпен

Жарыққа шықтым түнектен.
Жарқылдасын жанарға жанар тоғысып,

Қарқындасын жүректің марғау соғысы.

Ұшықтап жібер деміңнің ыстық лебімен

Жанға дауа еш жерде ондай жоқ ұшық.

ҚАЗАҚСТАН – ҚҰРЫШ ҚАНАТ ҚЫРАНЫМ

Бодан болғам, артта қалды жыл жұтаң

Арайланды тәуелсіздік – нұрлы таң!

Қазақ елін бар әлемге паш ете,

Ұрпақ өсті тарих көшін жылжытар.
Тәуелсіздік тура жолын таңдаған,

Желтоқсанда дүр сілкінген паң далам.

Елден бұрын еркіндікке ұмтылған,

Жастарымның қайратымда таңданам.


Бабам кеше күресуден талмаған,

Намыстылар бүгін ісін жалғаған.

Қазақстан – құрыш қанат қыраным,

Азаттықтың аспанында самғаған.


Қоскөл кеші

Шиеліні бойлап келем ән салып,

Ғажайып қандай кешкілік,

Қоскөлге келдім өзіңдң аңсап,

Бұлбұлдың сазы естіліп.
Қайырмасы

Пәк сезім балапаным,

Аялап алақаным,

бауырмал болсындеп өскенде.

Сағынса дала таңын,

Ойласа болашағын,

Оралар көтемде Қоскөлге.
Тамаша еді Қоскөлдің кеші,

Әніңе билеп тұрғандай.

Мақпал түн бесік, самалы есіп,

Салтанат шеру құрғандай.

Қайырмасы
Жарқ еткен көзің, бір қимас сезім,

Қоскөлдің қысқа таңындай.

Алаулап сезім, аңсаттың өзің

Алыстан арбап сағымдай.


Айсұлу Қадырбаева

Барып қайт, балам ауылға

Барып қайт, балам

Ауылға туған

барып қайт.

Шалғынына аунап,

Құмында ойнақ

салып қайт.

Өр болып келеді

біз жақтың азаматтары,

намысты соның

көкірегіне

жанып қайт!

Барып қайт, балам

Ауылға туған

барып қайт!

Белесі, белі...

Жоқ, әлде,

мидай дала ма,-

Қарама, жаным,

қалдырмай, бәрін арала.

Шомыла барсаң,

байқарсың, күміс көліңе,-

іздерім жатқан

секілді менің жағада...

Арала, жаным,

қалдырмай, бәрін арала,

орман ба,

тау ма,


дала ма!..

«Болад,-деп, -қандай?»-

сұраушы едің

жайлауды...

Сыбағаң үшін

бір қозы сонда

Байлаулы.

Аңқылдап келіп

арғымақ тартар ағайын

алтынды-зерлі

ер-тұрамандары

сайлаулы.



Жас ұрпағым, өшпеңдер!

Қасқая қарап қарсы тұрса қас тірлік,

Қабылан түрмен атылардай бас түрдік.

Жабуын бекем жабағы күннің жауыппыз,

Жаурамай өткен,

Сыналғанда жас күндік.


Арқада жүкті батпандатқан тұста нық,

Тізені бүгіп, қара жерді құшпадық.

«Боркемік болма!» Деген сөзін шалдардың,

Буынға байлап,

тірек қылып ұстадық.
Үміттен болды алдымызда күн бағыт,

Өрлігін ұстап қайсарлардың тыңбадық.

Тобықтан қаққан таршылық кеп қысқанда,

Иілдік, бірақ

Түн тамырдан сынбадық.

Заманнан көрдік, сынға алған тарлығын,

Кезін де тарлық, берекелі барлығын

Бағзыдан қалған қанымызда өрлік бар,

Ұсақтық емес,

көрсеттік біз нарлығын.


Осылай болды, жас ұрпағым, өткелдер,

Өскендер көп қой, болған болар шөккендер.

Арбайды уақыт, алдар күндер, бірақ та

Жасықтық жаулап,

жанбай жатып өшпеңдер!
Туған жер.

Туған өлкем! Мен саған ел деп келдім!

Кіндік кескен баяғы жер деп келдім!

Ақ Көкем мен жоқтатпас Ақ мамамды,

Құлыным-ау кішкентай!-дер,-деп келдім!!!
Мұндалап мені туған жер

шақырып жатқан секілді,

Сарғая күтіп, таңды әзер

атырып жатқан секілді.

«Қарағым,-деп, -кеттің хабарсыз!»-

аһ ұрып жатқан секілді.

Дауылды күнгі теңіздей,

астан да кестен көңілің,

сапырып жатқан секілді!

Аһ ұрып жатқан секілді!


Секілді кейде жанарың

қадайтын жолға талдырып,

Елеңдер, бәлкім, дауысым

жетердей менің жаңғырып...

...Бар-ды бір елде Ақсақал...

«Көріпкел», -деуші еді жұрт

Анам боп барып алдына,

Әуреге түсіп құмалақ

жүр ме екен соған салдырып.
Ақ жайық

Ақтарып тамашаңды бар ғажайып,

Тамсатқан талайларды ар ма, Жайық.

Апыр-ау, қалай әсем ырғаласың,

Кептірген орамалдай талға жайып.
Етегін күміс көбік астарлаған,

Толқының қандай ерке тас қармаған.

Қос ғашық қайықпенен жөнелгенде,

Жүректе сыр қала ма ақтармаған...


Болса да жағаңның, көк ар жағы алап,

Жүргем жоқ күн өткізіп баржа қарап.

О,Жайық, саған деген махаббаттың,

Күн сайын мауқын бастым жар жағалап.




Ертай Бимұханов
Шалғай, алыс деп таққанмен бәрі мін,

Құдіретіңе жүргізе алмас әмірін.

Алақандай Қаратөбем әлемге,

Айдай атын шығарып тұр әлі күн.


Сал Мұхиттың жетіпті әбден құсқа үні

Бұл өнердің мәңгі өлмейтін ұшқыны.



Бойыңдағы бар дертіңді қашырар,

Табаныңа тиген құмның ыстығы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет