Курсына арналған орта жалпы білім мектебінің



бет1/4
Дата31.12.2019
өлшемі3,4 Mb.
#54245
  1   2   3   4


«Менің туған өлкемнің өлеңдері»

курсына арналған

____________________________________________орта жалпы білім мектебінің

______-cынып оқушысы

___________________________________________

Ж Ұ М Ы С Д Ә П Т Е Р І

Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік-сараптамалық кеңесінде қаралып, аудан педагогтарына таратуға ұсынылды.

Хаттама № 131 тамыз, 2018 жыл

Құрастырған: С.С.Есқожина – Қаратөбе мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Рецензенттер:

Ажгалиев М.Қ. – Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты

Сагинова Г.Б. –Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің қоғамдық-гуманитарлық пәндер жөніндегі әдіскер
Муканова А.Қ.-Қаратөбе мектеп-гимназиясының жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

С.Есқожинаның авторлық бағдарламасына қосымша оқушының жұмыс дәптерін жасауы - мұғалімнің шығармашылық ізденісінің айғағы. Әріптестеріне көмек ретінде ұсынылып отырған жұмыс дәптері жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқу бағдарламасының мақсаттары арқылы тапсырмалар құрастырып, білім алушынының жүйелі білім алуын көздеген.



Ұсынылып отырған жұмыс дәптері жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған «Менің туған-өлкемнің өлеңдері» курсының құрамдас бөлігі.Сөйлесім әрекетінің түрлері оқу дағдыларының деңгейімен курс мазмұнына ұштастырылып берілген. Жұмыс дәптерінде оқушылар туған өлкенің ақын-жазушыларының шығармаларымен танысу барысында жаңартылған білім мазмұнының тілдік дағдылары бойынша айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым компоненттері бойынша тапсырмалар орындайды.

Дәптер оқушылардың танымдыққабілетімен қатар, ойлауын дамытып, ізденгіштік белсенділік дағдысын қалыптастырады, өз бетімен жұмыс жасауға ынталандырып, табысты білім алуға жетелейді. Курс мазмұнына сай,өлкенің әдебиет өкілдерінің өмірбаяны мен шығармашылығына қатысты тапсырмалар сабақтан тыс уақытты да білім алушылардың жаңа білім бойынша түсінігін жинақтап, өзіндік қорытынды жасауға дағдылануынамүмкіндік береді

Жұмыс дәптері пән мұғалімдері мен оқушыларға арналған.

Дәптердің екінші бөліміне түрлі әдебиеттерден жинақталған ақын-жазушылардың өмірбаяны мен шығармашылығы дидактикалық материал ретінде тіркелді



Мазмұны

Түсінік хат

І тарау.Жыршы-жыраулар поэзиясы

Қаратөбе өлкесінің әдеби мұрасы.

Сартай Көшкінұлы. Ертілеу. Құмар Әбуғалиұлы. 4
Қалмағанбет Жамбылұлы, Сағымқожа Ахметұлы

Құбайыс Қаратайұлы. Қази Қалиұлы.


Мұстажап Қабдолұлы. Қайыржан Ителгіұлы.

Даржан Оңдағанұлы.


ІІ тарау.ХІХғасырдың ІІ жартысындағы

Қаратөбе өлкесіндегі әдебиет өкілдері

М.Мералыұлының өмірбаяны. Шығармашылығы.

М.Мералыұлы«Зәуреш» өлеңі
Молданияз Бекімов өмірбаяны, шығармашылығы
ХХғасырдың І жартысындағы

Қаратөбе өлкесіндегі әдебиет өкілдері

Қажым Жұмалиев өмір жолы, шығармашылығы

Алғашқы өлеңі “Батырақ Ғалиасқар” шығармасы

Сағынғали Сейітов өмір жолы, шығармашылығы «Қаратөбе» өлеңі

Берқайыр Аманшин өмір жолы, шығармашылығы

«Сақ болыңдар, тірілер!» өлеңі


Жұрғали Ертілесов өмір жолы, шығармашылығы.

«Туған жер» өлеңі


Қайыржан Хасанов шығармашылығы
Қайыржан Хасановтың Қаратөбе тақырыбындағы шығармалары.
Қаратөбе –құт мекен» жинағы
Құрманғазы Қараманұлы өмірі, шығармашылығы
Шолпан Қыдырниязова өмірбаяны, шығармашылығы
Шолпан Қыдырниязованың туған жерге

арналған шығармашылығы


Айсұлу Қадырбаева өмірбаяны, шығармашылығы

«Барып қайт, балам, ауылға» өлеңі


ХХ ғасырдың екінші жартысындағы ақындар шығармашылығы

Талап Таймасұлы шығармашылығы

Ертай Бимұханов шығармашылығы

Талант Арынғалиев шығармашылығы



1-тақырып

Қаратөбе өлкесінің әдеби мұрасы.

Сартай Көшкінұлы. Ертілеу. Құмар Әбуғалиұлы





  1. Қаратөбе өлкесінен шыққан

ақын-жазушыларды жаз?

Сартай Көшкіншіұлы.

Ақын-жыршы. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Батпақкөл ауылында жылы дүниеге келген. Алпамса денелі, ақ сары мұртты адам болған, Қасына әнші-ақындарды ертіп жүрген. Руы-он екі ата Байұлы, Алаша-Шотқара-Жәрімбет. 1922ж.қайтыс болған. 1916ж.халық көтерілісін жырлаған ақын. «Тар заман», «Сартайдың термесі», «Тойбастар» т.б өлең-толғаулары қалған.



«Тойбастар»

Той дегенде біз келдік,

Ат мініп,тон кигелі.

Қайырлы сапар, Маусымжан,

Отырмысың жүргелі?

Асылдан екен кигенің,

Алтыннан екен ілгенің,

Тойыңды бастап тон алсам,

Іс болмай ма үлгілі.

Әкем-ай деп жылама,

Әке орнында қайын атаң.

Сонда болар, қарындас.



Сартайдың термесі
Неге керек жігітке –

Айт дегенде бұлданған,

Мінезім емес құлданған.

Әр жерде жүйрік бар шығар

Алқаға түсіп жүлде алған.

Томағамды ал да топқа сал,

Бәйгемді алмай құл қалман.

Дүниенің боғынан

Талай батыр өткен-ді,

Жауды көрсе тұлданған.

Неше жүйрік өткен-ді,

Бәйге атындай бұлғанған.

Жақсылардың алдында

Сөйлеген қызыл тілім бар

Боз жорға аттай ырғалған.

Белгілі жақсы адамға

Айтқанда сөзім тыңдалған.

Атадан азған жамандар

Топқа кірмей шегініп

Бәйгесінен құр қалған.

Жамна адам баласы

Қонаққа келсең үйіне,

Қабағын түйіп жираңдап

Өз-өзәнен сұрланған.

Жақсы адамның белгісі

Мың сан қонақ келсе де

Жай тасындай қырланған.
«4 сөйлем» әдісі бойыншат термеден түйген тұжырымдарыңызды кестеге толтырыңыз

  1. Менің ойымша...


  1. Мен былай деп түсінемін...




  1. Мысал келтіріп, дәлелдесем...




  1. Қорытынды

лаймын...




Ертілеу
Ақын, жыршы, Қаратөбе өңірінде туып, сол жерді мекен еткен.

«Ертілеудің термесі»

Болады түс қайтқан соң, ұлы бесін,

Өлімнің кім біледі ерте –кешін.

Халайық, құлақ салып тыңдасаңдар,

Айтайын Ертілеудің әңгімесін.
Құрт ауру пайда болды биыл маған,

Дәрі іштім әрбір түрлі бұйырмаған.

Құрт ауру көкірекке қонғаннан соң,

Қалмады-ау әз әулие сиынбаған.


Жайлауы ел Шектінің жарым жер,

Халқымнан шығып кеттім шеткірекке.

Мың теңге шығын беріп бақтырсам да,

Қонбайды ешбір дәру көкірекке.


Кербесті ат ал дегенде мойнын бұрар

Астында кекілінің алтын тұмар.

Мен өлсем халқымның несі құрыр,

Қансұлу қарындасым, шешем жылар.


Көшкенде жылқы айдадым Қарабайдан

Ішпедім байлықпенен шалап-айран.

Қансұлу, саған айтар өсиетім,

Моламды сырлап тұрғыз қарағайдан.



Кестені толтырыңыз



Автор бейнесін ашып жазыңыз:





Өлеңде халық ауыз әдебиеті үлгісінің қай түрі кездеседі. Оған тән сипаттарды ашып жазыңыз






Құмар Әбуғалиұлы
1886 ж.БҚО Қаратөбе ауд. Ақкөл деген жерде туған. Руы-он екі ата Байұлы, Алаша-Шотқара-Айбас. Арықтау, тұлғалы, түсі сары, көзі шегір, жирен мұртты кісі екен.Әнші-жыршылығымен қоса, суырыпсалма ақын, шебер күйші болған. Құмардың өзі шығарған «Құмар термесі», «Бәйге оба» т.б. халық термесі аталып кеткен шығармалары бар. ҚР халық әртісі Ғ.Құрманғалиевтің негізгі ұстазы.
«Құмар термесі»

Әлеумет келдім алқаңа,

Берейін кеңес ортаңа,

Қызыл ту алып ұрандап

Еркіндеген мынау заманда,

Сөйлеуден ақын қорқа ма?!

Ардақты халқым тыңдасын,

Екпіндеп шапқан жүйрігің,

Жалғыз қазық ұрмаса,-

Болдырмай басын тарта ма?!

Біразырақ желейін,

Әлеумет жырды өрмелеп,

Ұнаса сөзім халқыма,

Құлақтансын азамат,

Сөзімді ұғып тыңдаған.

Заманның туы бостандық,

Бірліктің туы орнаған.

Заманға туған ақынмын,

Бағында тұрған бұлбұлдай,

Қызыл да тілім сайраған.

Қайырлы болсын халыққа,

Жаңа да өмір жаңа заң.

Жігерлі жарқын жастарым,

Ұмтылып алға талпынып,

Білімнің жолын қуалық,

Көп жиылған бұқара,

Ардақты асыл азамат,

Бабаның сара жолымен,

Қажымас күш-қайратпен,

Еркін өмір құралық.


Кестені толтырыңыз


Мәтіннен негізгі ойды табыңыз.




Ақын өлеңі кімнің атынан баяндалады?





Тәрбиелік мәні бар қорытынды. Оқыған мәтіннен өз өміріңе, іс-әрекетіңе септігін тигізер қандай қорытынды жасадың?




Лирикалық кейіпкер қандай мінезімен танылады?




Өлең сізге қалай әсер етті?





2-тақырып

Қалмағанбет Жамбылұлы, Сағымқожа Ахметұлы

Құбайыс Қаратайұлы. Қази Қалиұлы.
Қалмағанбет Жамбылұлы.

Әнші-жыршы. БҚО Қаратөбе ауданы «Саралжын» совхозы Мұхит ауылында 1885 жылы дүниеге келген. Руы-он екі ата Байұлы, Алаша-Барамық-Отар-Сүйіндік. Денелі келген, сақал-мұрты бар, ірі, қара кісі болған, мәнерлеп сөйлеген. Әнші мұхитті көрген.Шынтас пен Шайқыдан ән үйренген. Оның әңгіме айту, ән орныдау шеберлігі ерекше болған. Өз жанынан өлең шығарған. «Арбакеш Қойбай мен Түйешінің айтысы», «Түйеші мен арбакештің айтысы», «Ер Тарғын», «Мұңлық-Зарлық», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырларын жатқа айтқан.Көбіне әнді Сартайдың сазымен айтқан. Әнші Мұхитты жерлеуге қатысқан. 1959 жылы қайтыс болған.Артында «Сулыкөлім» әні қалған.1923-32 жылдар аралығында тұрмыс жағдайымен Ресей жаққа кетіп, сол жақта жүргенде елін сағынып, толғаған толғауы екен.



«Сулыкөлім»

Тұр ма екен аман-есен Сулыкөлім,

Битшағыл, Есіркемес құба белім.

Дәм айдап сол қоныстан біздер кеттік,

Сау ма екен, есен бе екен қалған елім?

Дұғашы болып тұрсын аға –іні,

Дәм татқан қолдарыңнан жеңгей-келін.

Табаным сол жерлерден таймас па еді-ау,

Қайнатып бекіреден жақса желім?

Елестеп көз алдымнан еш кетпейді

Қайтейін сол жерлерде келмеді өлім!

Ал, жақсылар, тыңдасаң,

Сулыкөлді мақтайын.

Жолдасын адам сақтайды,

Алыс ктеіп қалғанмен

Бір жолдастай сақтайын.

Туып-өскен жерім еді,

Құтсыздықтан ақтайын

Жазғұтырым болғанда

Жақсыбай мен Сулыкөл

Көк теңіз болып шалқыған.

Саратан жұлдыз туғанда

Жұпардай иісі аңқыған.

Шағаласы күліп шаңқылдап,

Аққулары сұңқылдап,

Қоңырқаздары қаңқылдап,

Ойдым-ойдым көлмектен

Қызғышы ұшар жарқылдап.

Шілденің кезі болғанда

Құрағы шығады құбылып.



«Шашу» әдісі арқылы өлеңдегі тірек сөздерді кластерге орналастырыңыз.








Сағымқожа Ахметұлы

Жыршы. БҚО Қаратөбе ауданы Сабынкөл ауылында дүниеде келген. Дауысы зор болған.Өз жанынан ән шығарып, «Бабас пен Аймаңдай», «Қадірхан», «Жаскелең» жырларын жатқа оқыған.Сағымқожа-атақты Сартайдың жиені.


«Сағымқожа термесі»

Аспанда ұшқан бозторғай

Бозаңда болар ұясы-ай.

Бозаңның түбін су алса,

Қайғыда болар анасы.

Қара лашын, ақ тұйғын

Қайыңда болар ұясы.

Қайыңның басын жел соқса,

Қайғыда болар анасы.

Тоқсан тарау су ақса,

Дария болар сағасы.

Сан шерулі қол болса,

Батырлар болар ағасы.

Аз сөйлер де көрһп тыңдар,

Қас асылдың баласы.

Қалы кілем қара нар

Жарасады қатарға.

Аруана жисаң жарасар

Ұлы бір күнгі сапарға.

Қаумалаған қарындас

Қазақта бар да менде жоқ

Арызымды айтарға.


Өлең мазмұнына орай жуан және жіңішке сұрақтар құрастырыңыз


Жіңішке сұрақтар

Жуан сұрақтар






















Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет