Курсына арналған орта жалпы білім мектебінің



бет2/4
Дата31.12.2019
өлшемі3,4 Mb.
#54245
1   2   3   4



Құбайыс Қаратайұлы

1903 жылы БҚО Қаратөбе өңірінде дүниеге келген. Ақын.жыршы. Руы-он екі ата Байұлы Алаша-Шотқара-Жәрімбет. 1943 жылы Сталинград майданында қаза тапқан. Бекмағанбетов Кенжебайдың жалғыз ұлы Телман қайтыс болғанда Құбайыстың Кенжебайды жұбатып айтқан ән-жыры.



Кенжебай:

Ал, Құбайыс, мен айтайын сен тыңда,

Ескіше бесі қауыстың

Келтірмей кетті бабымды,

Жүрісім менің жаңылды.

Алып кетті төңкеріп

Жез бұйдалы нарымды.

Өртенгесім өзегім

Сөзіңді сенің сағынды.

Көңілімді көтеріп,

Аяма бұдан барыңды.

Тельманым кетті атттанып,,

Ішіме салып жалынды.

Жадырамайды тоқтатпай

Болсам да қанша сабырлы.

Ұшырып кетті жалғыз оқ

Суда жүзген мамырды.

Мамырымна айырылып,

Жез қанатым қайырылып

Жатырмын көріп зәбірді.


Құбайыс: Құрметті жолдас, Кенжебай

Болыпты қалің осылай,

Кенеттен болсын бұл сөзің

Жүрекке тиді тосын-ай.

Естігесің сөзіңді,

Көңілім қалды шошып-ай .

Ортақтасып бөлуге

Жүгіңді түскен басыңа-ай.

Досқа түссе қиын іс,

Жан тұра ма ашымай.

Олай деп айта тұрғанмен

Болмас іске болат бол,

Өз-өзіңнен жасымай.

Жаңа білдім қаліңді,-

Ішіңе түскен жалынды.

Алып кеткен төңкеріп

Жез бұйдалы нарыңды.

Айырылдым деп нарыңнан,

Қолыңдағы барыңнан,

Сындырма үйтіп сағыңды.

Өнермен шыққан атағың,

Сыйлаған құрбы-қатарың,

Жігіт едің дарынды.

Дүние өткен пендеден,

Ешкімнің тілін алмаған,

Қара жер, сенің түбіңе

Кім қалды, сірә, бармаған?

Өзектегі жұлынын

Кім қияды өлімге?

Жарып шыққан ішіңді,

Алтын еткен мысыңды,

Баланың жолы жеңіл ме?



«Ақпаратты сүзіп ал» әдісі бойынша өлеңдегі негізгі ақпаратты анықта




Қали Қазиұлы
Туған жері-БҚО.1903 жылы Қаратөбе ауданы Қоскөл совхозының үшінші фермасында дүниеге келген. Руы-Қызылқұрт. Арабша оқыған. Суырыпсалма ақын, жыршы. «Исатай-Махамбет», «Таhир-Зухра», жырларын жатқа білген. Өз жанынан жас кезінен бастап өлең шығарған. «Айдалым», «Ханкөлдің алпыс қатыны», «Перінің қызы Зүлзала» т.б шығармалары бар.
Қазидың толғауы
Сөздің басы нән қаріп,

Сөз сөйлеймін аңғарып.

Істің де басы бісміллә,

Солай болса, жігіттер,

Бисміллә деп басталық.

Айтып бір айтып тасталық.

Қаусырмалы екі жақ

Жәрдемші өзің бола көр.

Қызыл тілді басқарып.

Оралың барда ойнақта,

Қызығың барда қиқу сал,-

Әзірейіл құрық салған күн,

Кетесің бір күн аттанып.

Өзіңнен тумай ұл болмас,

Сатып алмай құл болмас,

Тасбақаның сүйегін

Отқа салмай күл болмас.

Саусаң сауын-бие сау,

Салқын түспей суалмас.

Қас жақсыда кек болмас,

Қас жаманда тек болмас
Толғау мазмұнынан түсінгеніңізді қара сөзбен жазып шығыңыз

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3-тақырып

Мұстажап Қабдолұлы. Қайыржан Ителгіұлы.

Даржан Оңдағанұлы.


Мұстажап Қабдолұлы

БҚО Қаратөбе ауданы Соналы ауылында 1920 жылы дүниеге келген. Жыршы, ақын. Руы-Ысық, Кедейбас. Артында «Соғысқа кетерде шығарғаны» т.б. шығарамалары қалған.Қайтыс болған жылы белгісіз. Соғыстан оралмаған.



«Соғысқа кетерде шығарғаны»

Жазуға аздап өлең алдым қалам,

Сөзіме жәрдем бергей хақ тағалам.

Көрмедім бұдан бұрын өлең жазып,

Қатесін түзеп оқып оқыр көрген адам.
Қоырқтым осы соғыс басталғасын,

Алдымен өнері бар жасты алғасын.

Өзім де барарымды білім жүрдім,

Екінші үлкен соғыс басталғасын.


Қоштасып кетпек болдық ауылменен,

Туысқан үлкен-кіші бауырменен.

Сол түні ерте тұрып кетпек болдық,

Тоқтадық кешке дейін жауынменен.


Қайғырды мені қимай туған жерім,

Ішінде Соны мен Бөлек көлім.

Қоштасып орта жолға бірге келді-

Қандыөзен, Ақсуат пен Қызыл көлім.


Қош сау бол, мен келгенше, өскен жерім,

Туғанда кіндігімді кескен жерім.

Жас балдар, сіздерге арнап ұран айтам,

Ендігі жау жүрек боп өскен жерім.


Он күнде келіп жеттік біз облысқа,

Келген соң таныс болдық көп орысқа.

Жолдастар Отан үшін жан қиялық,

Құрталық Гитлерді бұл соғыста.


«ПОПС» әдісіарқылы өлең мазмұныны бойыша кестені толтырыңыз


Менің ойымша ...



Себебі мен былай түсіндіремін ...




Оны мен мына фактілермен түсіндіре аламын...




Осыған байланысты мынадай қорытындыға келдім...






Қайыржан Ителгіұлы.

Әнші. БҚО , Қаратөбе ауданы, Батпақкөл ауылында, қазіргі Қалдығайты совхозында 1925 жылы дүниеге келген.Руы -Он екі ата Байұлы. Алаша-Шотқара. 1988 жылы қайтыс болған. Артында «Майдан жолында» шығармасы қалған.



Майдан жолында

Сәске түс.Шілде айының аяқ кезі,

Майданға аттануға хабар келді.

Сол бойда бөлімшеге бердім бұйрық,

Тоқтатып жүріп жатқан жаттығуды.
Поезд алға тұлпардай шапқылады,

Зениткамен құзғынды атқылады.

Бір құзғынға зенитка оғы дарып,

Көк түтінге оранып жалындады.


Мұны көріп, жігіттер мерейі өсті,

Бұл жеңістің алды деп гуілдесті.

«Жақсы сөз- жарым ырыс» деген бар ғой,

Бір-бірін құшақтап айтсын десті.


Осындай арпалыспен үш күн жүрдік

Шабуылдың талайынан аман өттік.

Түс ауа үлкен бесін шамасында,

Поездан бір орманға келіп түстік.


Өлең мазмұнына орай, кестені толтырыңыз


Кейіпкер

Өлеңдегі әрекеті

Образы

Оқушыныңөз ойы










Дәржан Оңдағанұлы.

Термеші. БҚО Қаратөбе ауданыСаралжын ауыл советінде 1930 жылы дүниеге келген. Руы-Он екі ата Байұлы, Алаша-Барамық-Есенаман. Жеңістің 55 жылдығына және тәуелсіздігіміздің он жылдығына арналған толғаулары бар.



«Жеңіс толғауы»

Аттанды ел қорғауға бір топ аға,

Елде қалды жылап-сықтап бала-шаға.

«Құлыным, аман орал еліңе» деп,

Мойнына бұршақ салып тілеп ана.
Қоштасып ағалардан жеңге қалды,

Жас-кәрі жарамдысын түгел алды.

Тәртібі Сталиннің қатты болды,

Кемпір-шал, қыз-келіншек тылда қалды.


Сол соғыс басталғанда он бірдемін,

Колхозға еңбек етіп күн көргенмін.

Жер жыртып алты өгізбен, сабан айдап,

Есімнен әлі кетпейдісол жүргенім.


Аталар дорба асынып тұқым шашады,

Күй тартып Төре Жәлел көңіл ашады.

Күрекпен жер тақырлап қырман жасап,

Ат жегіп тас катокпен тары басады.


Төрт-түлік малды бақтық қора табын,

Табады шаруа қарттар малдың бабын.

Төлдетіп бота –құлын, бұзау-қозы,

Өсіріп көбейткенбіз малдың санын.


Бейнеті сол ғасырдың енді келме,

Пендеңе мұқтаждықты бере көрме.

Аштық пен жоқшылықты біздер көрдік,

Молшылық берсін Алла біздің елге.




Мәтіндік зерттеу арқылы кестедегі сұрақтарға жауап жазыңыз


Мәтіннен негізгі ойды табыңыз.




Тосын жағдай (Мәтінде қандай тосын ойға кездестіңіз?)




Мәтіннен шығар өмірлік қағида. Өлеңдегі өмірге деген құштарлықтың берілу сипаты, ерлік пен жігер.




Белгісіз және белгілі мәліметтер. Мәтіннен сізге бұрыннан таныс және таныс емес ақпараттарды белгіле.




Ойыңды суретпен бейнеле.




Тәрбиелік мәні бар қорытынды. Оқыған мәтіннен өз өміріңе, іс-әрекетіңе септігін тигізер қандай қорытынды жасадың?




Талдауды қажет ететін тақырыптар. Мәтінге сүйене отырып, осында көтерілген тағы қандай мәселені талдар едің?




5-тақырып

Мұхит Мералыұлы

Мұхит Мералыұлының әндерін жаз





Каталог: images-new
images-new -> Мектеп секторының жұмысы туралы Қала бойынша мектептер саны
images-new -> Программа городского семинара заместителей директоров по учебно-методической работе г. Уральск, 2016 г
images-new -> Общее среднее образование
images-new -> Программа городского семинара заместителей директоров по методической работе Орал қаласы, 2017 Тақырыбы
images-new -> Тема урока: «Чарующий голос Гарифуллы Курмангалиева и тема Родины в творчестве Акуштап Бахтыгереевой». Урок музыки и литературного чтения
images-new -> №10 “Балапан” МдҰ-ң әдіскері: Г. С. Кадемова істер номенклатурасы 36
images-new -> Сақ патшалары. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі Қазақстан тарихы 5 сынып
images-new -> Сабақ тақырыбы А. Байтұрсынов "Өгіз бен бақа" Мақсаты
images-new -> Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)
images-new -> Әож 37. 012(063) Ө71 Бас редактор


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет