Мұхит Мерәліұлы
Есіңе сақта
Мұхит Мералыұлының балалары мен немерелерінің есімін кестеге жаз
Берілген үзінді бойынша мәселені анықтап, ПОПС формуласын толтырыңыз.
«Зәуреш» өлеңі
Құланның түзде көрдім шоқырағын,
Қайыңның түзде көрдім жапырағын.
Сен қалған отыз ұлдан едің, Зәуреш,
Бір уыс бұйырмады топырағым.
Жақын дос бір-біріне сыр айтады,
Атасы баласына шын айтады.
Айырылып қалғаннан соң жалғызымнан,
«Көке» деп енді маған кім айтады?
Ойлап ем мен келгенде шығар ма деп,
Атаңның хал-ахуалын сұрар ма деп.
Қозғалмай өзгелерге жатсаң –дағы,
Орныңнан мен үшін тұрар ма деп.
Рухың білген шығар келгенімді,
Оқыдым мәнажаттан білгенімді.
Басыңды мен келгенде көтермедің,
Жалғызым жаңа білдім өлгеніңді.
1.Менің ойымша..._________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2.Себебі, мен оны былай түсіндіремін...____________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3.Оны мен мына мысалдармен, фактілермен дәлелдей аламын...________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4.Осыған байланысты, мен мынадай шешімге келдім...__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
6-тақырып
Молданияз Бекімов
Молданияз Бекімов туралы мәтіннен түйгеніңді жаз
1882 жылы 12 қыркүйекте Орал облысының Қаратөбе ауданына қарайтын 24-ауылда дүниеге келген. Руы-алаша. Молданияздың кенже інісі Сүлейменнің жазуына қарағанда Кіші жүздегі 12 ата Байұлының бір руы болып саналатын Алашаның бір тарауы- Назар Молданияздың жетінші атасы Әкесі Бекім Байболсынұлы орта шаруалы, жасында мұсылманша оқыған, сауаты бар адам екен. Балаларының ішінде жасынан-ақ оқуға, білім қуып, дүниетануға талпынған Молданияздың әкесі әуелі діни оқуға беріп, Сәрсенбай, Байқожа деген ауыл молдаларынан арабша «тілін сындырады», яғни сауаттандырады. Молданияз зерек, ананы-мынаны біліп, түйіп алуға құштар болған. Ауыл молдаларынан мұсылманша оқып, арабша сауатын ашқаннан кейін, сол кезде анда-санда қолына түскен қазақша, татарша басылған қисса, дастан, жырларды қызыға оқитын болған.Сол кезде Молданияз Бекімовтің жан-жақты, білімге құштар адам екенін көруге болады. Халықтың жазба және ауыз әдебиетінің үлгілерін бала кезінен бастап естіп, білуі оның есейген шағындағы творчествосының қанат қағуына, халықтық фольклор нұсқаларын, этнография үлгілерін насихаттауына тікелей әсер еткен. Фольклорлық, этнографиялық мұралары қазақ, орыс тілдерінде жарияланып, сақталған.
2.Молданияз Бекімов шығармашылығымен танысқан соң, жазба жұмысының біреуін құрастырып жазу (хат, жарнама, хабарландыру)_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
7-тақырып
Қажым Жұмалиев
Мәтінді оқып, жинақы мәтін жаз!
Жұмалиев Қажым (Қажығали) 1907 жылы 28 желтоқсанда қазіргі Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында туған.
1923-1925 жылдары Орынбор мектебінде, Шымкент ауылшаруашылық техникумында оқыған. 1932 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін) бітірген.
1932-1937 жылдары Орал педагогика институтында (қазіргі Батыс Қазақстан мемлекет университеті), 1937-1968 жылдары ҚазПИ-де қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болған, Алматы жоғары оқу орындарында ұзақ жылдар ұстаздық еткен.
Жұмалиев шығармашылық жолын ақындықтан бастаған. Оның алғашқы өлеңі «Батырақ Ғалиасқар» 1928 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде жарияланды. «Ерғожа мен Егізбай» поэмасы (1929), «Шабуыл» (1933), «Қанды асу» (1934), «Өмір жыры» (1938), «Қырдағы күрес» (1957) деп аталатын өлеңдері мен поэмалар жинақтары жарық көрген.
Исатай-Махамбет көтерілісінің тарихынан жазыла бастаған романның үзінділері «Айқас» деген атпен басылған (1942).
Қ.Жұмалиев – «Біржан-Сара» операсы либреттосының, «Арбасу» (Әбу Сәрсенбаевпен бірге) атты драмалық шығарманың авторы. Қазақ зиялы қауымының алғашқы буыны туралы «Жайсаң жандар» (1969) атты естелік жазды. Кітапта С.Меңдешев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, Қ.Жансүгіров, С.Аспандияров, Қ.Сәтпаев, С.Камалов, т.б. шығармашылық портреттері жасалған.
Қ.Жұмалиев – Махамбет шығармашылығын бірінші рет кең көлемде зерттеген ғалым. Бұл саладағы қызметін ол ақын өлеңдерін жинап бастырудан бастады (1938). 1948 жылы «Махамбет» атты монографиясын жариялады. Монографияда Исатай – Махамбет көтерілісінің тарихына қатысты тың деректер келтірілген. Ғалым осы тақырыпты зерттей жүріп Шернияз Жарылғасұлы, Алмажан Азаматқызы, Ығылман Шөрекұлы шығармаларын бірінші болып талдап, ғылыми айналымға енгізді.
Жинақы мәтін:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
8-тақырып
Берқайыр Аманшин «Сақ болыңдар, тірілер»
Қырық бірінші жылдың июні...
Күндердің қауырт қиыны-
Тарқатты елдің базарын,
Соқты да соғыс құйыны.
Орманда көкпен таласқан
Өксіді Өмір адасқан,-
Қан-жоса болып қара жер,
Қақырап түсті көк аспан
Айнала шапқын жер мен көк,
Теңселіп кетті төңірек.
Жынданды құдай жердегі-
Жалмауыз жуан зеңбірек.
Ауылға жетті атқан оқ,
Аулымды бұлап жасқа көп,
Жесірлер жайып шаштарын,
Жетімдер қалды қасқа боп.
Жаныштап ажал ызғары
Қайғыдан жүрек мұздады,-
Қаусатып кетті қарттарды,
Қартайтып кетті қыздарды.
|
Үй сайын қайғы нала-зар,
Таусылып бітті жаны аздар,.
Мұржаға қара қарғаша
Үйілді қара қағаздар.
Есімде менің сол күндер-
Орылмай қалған егіндер.
Ашылмай қалған түндіктер,
Аш-жалаңаш тірліктер.
Өтті бастан не жайлар-
От шарпыған жыл айлар.
Өртеніп кеткен сол отқа
Оқталып келген талайлар.
Қалғаны тағы дүрлігер,
От алып қайта жүгірер.
Өлгендер қайтып келмейді,
Сақ болыңдар, тірілер.
|
Тапсырма: Өлеңдегі тірек сөздер мен негізгі ойды анықтаңыз
Тірек сөздер:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Өлеңдегі негізгі ой:_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
9-тақырып
Жұрғали Ертілесов
Тапсырма:Мәтінді оқып, 2 ашық сұрақ құрастырыңыз. Сұрақ мазмұнында қыстырма, қаратпа сөздерді қолданыңыз. Жұбыңыздың сұрақтарына өз пікіріңізді білдіре отырып, жауап беріңіз.
Ертілесов Жұрғали 25 сәуірде 1928 жылы Қаратөбе ауданы Ханкөл ауылында дүниеге келген. Белгілі журналист, жазушы, “КСРО баспасөз ісінің үздігі” (1975). 1944 жылы Қаратөбе орта мектебін бітірген. Еңбек жолын Қаратөбе аудандық «Колхозшылар үні» газетінде тілші, жауапты хатшы боп бастаған. 1950-53 жылдар Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеп, 1953-1956ж.ж. Алматы жоғарғы партия мектебінің тыңдаушысы болған. 1956-68 жылдары «Орал өңірі» облыстық газетінде жауапты хатшы, 1968-74 жылдары Талдықорған облысы «Октябрь туы» газетінің бас редакторы, 1973-74 ж. Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында меңгерушісі қызметін атқарған. «Жастық жалыны» повесі, «Туған жер түлектері» очерктері жинағының (А.,1970) авторы. Бірнеше медальдармен марапатталған. Ертілесовтың сөзіне жазылған “Қаратөбем” әні қаратөбеліктердің тұрақты репертуарында.
1-ашық сұрақ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-ашық сұрақ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2.Өлеңдегі зат есімнің мағыналық түрлерін ( жалпы, жалқы) зат есімдерді табыңыздар
Ер мінез, жомарт көңіл, батыр тұлға,
Сүйікті мекен болған қыз мен ұлға.
Уа, менің қасиетті Қаратөбем,
Балалық пәк жүрекпен қостым жырға.
Гүл жайна құлпыра түс туған жерім,
Сен барда көңілде жоқ уайым-шерім,
Уа менің, қасиетті Қаратөбем,
Арман не өзің үшін ақса терім!
Ақ тақыр, қызыл құмың, бұйра шағыл,
Секілді ішжу-маржан, бейне лағыл.
Уа менің, қасиетті Қаратөбем,
Өскенсің өр арманым болып қабыл.
Астында ақ сәулелі алтын таңың,
Жүрсем де қай жерінде ұлы Отанның,
Уа менің қасиеттіөскен жерім,
Әрқашан Қаратөбе ұлы атандым.
10-тақырып
Сағынғали Сейітов
Қаратөбе
Расым сол! Төбе емес, таусың маған,
Қазынаң қойнауында таусылмаған.
Көмір де, темір де емес текше-текше,
Байсың сен – адамыңмен, паңсың, далам!
Куәмін кішкентайдан ғажабыңа,
Куәмін рахатыңа, азабыңа.
Қараймын, Қаратөбем, махаббатпен,
Мен сенің қараторы қазағыңа.
Дархан ол даламыздай, пейілді де,
Момақан, мерейлі де, мерейлі де.
Баянды бақыты да баяғыдан,
Басынан бір сәт, сірә, сейілді ме?
Көнбеді қатаң кездің бұлтағына,
Ақырған алай-түлей бұрқағына.
Мақтанып, мен қалайша сүйсінбейін,
Ырысты ұлы Мұхит ұрпағына.
Қаратөбем! Төбе емес, таусың маған,
Дәм-тұзың, ризығың таусылмаған.
Естимін айқай түгіл, сыбырыңды,
Кетпейді құлағымнан даусың әман!
Кестені толтырып, көркемдегіш құралдардың қолданысын талдаңыз.
Мысалдар
|
Шығарманы көркемдеп тұрған құралдар мен тәсілдерді анықтаңыз
|
Қолданылу ерекшелігін талдаңыз
|
Дархан ол даламыздай, пейілді де,
Момақан, мерейлі де, мерейлі де.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |