Курсының бағдарламасы «Биология» 050113 мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын



бет75/214
Дата05.02.2022
өлшемі3,16 Mb.
#12199
түріБағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   214
Тірек сөздер:


Дәріс мазмұны:
1. Жұмыр құрттар типінің құрылысы, прогрессивті белгілері, биологиясы.
2. Жұмыр құрттардың экологиялық топтары, филогениясы. Классификациясы.
Техникалық оқу құралдары: сызба-кестелер (аскарида т.б.нематодтар, жануарлар филогениясы), ылғалды препараттар.
1-сұрақ. Жұмыр құрттардың 100 мыңнан астам түрі белгілі. Теңізде, тұщы суда, топырақта еркін тіршілік етеді, көбі өсімдік, жануар паразиттері.
Жалпақ құрттардың ерекшелігі, жұмыр құрттарға паренхиманың ыдырау нәтижесінде пайда болған алғашқы дене қуысы – схизоцель тән. Схизоцель ұрықтың алғашқы қуысы – бластоцельге сәйкес келеді.
Омыртқасыз жануарлар эволюциясында алғашқы дене қуысының пайда болуы прогрессивті белгі: схизоцель-тасымалдау қызметін атқарады. Дене қуысы – қуыстың сұйыққа толы. Паренхимаға қарағанда қуыста қоректік заттармен зат алмасу өнімін тасымалдау тез жүреді, сондықтан зат алмасу тездейді. Дене қуысында организмнің ішкі орта гомеостазы сақталады.
Жұмыр құрттар (алғашқы қуысты құрттар) типінің ерекшеліктері.
1. Дене қабырғасы мен мүшелер арасында орналасқан алғашқы дене қуысы – схизоцель. Қуыстың арнайы эпителиальды төсеніші болмайды, көбіне паренхима клеткалары кездеседі.
2. Дененің көлденең кесіндісі дөңгелек, типтің астында көрінеді.
3. Денесі кутикуламен жабылған. Кірпікшелі эпителия тек төменгі сатыдағы формаларда кездеседі.
4. Бұлшықет жүйесінде – ұзына бойы бұлшықет қабаты дамыған, сондықтан құрттар ирелеңдеп қозғалады. Сақиналы бұлшықет сирек кездеседі.
5. Ішегі үш бөліктен тұрады: эктодермальды алдыңғы және артқы ішек, энтодермальды ортаңғы ішек. Ауыз тесігі дененің алдыңғы ұшында бауыр бетінде аналь тесігі дененің артында ашылады. Аналь тесігінен кейінгі дене бөлігі – құйрық .
6. Зәр шығару жүйесі – протонефридия немесе тері-гиподермальды без.
7. Көбі дара жынысты, гермафродиттер сирек. Жынысты көбееді.
8. Тура дамиды, метаморфоз сирек.
9. Жұмыр құрттардың клеткалық құрамы тұрақты, регенерацияға қабілетсіз.
Прогрессивті белгілер ... Биологиясы ...
2-сұрақ.
Нематодтар – адам паразиттері
а) адам аскаридасы (Ascaris lumbricoides)
в) түкбасты құрт (Trichocephalus)
с) спиральды трихинелла (Trichinella spiralis)
д) үшкір құрт-острица (Enterobius vermicularis)
е) ....... ( Dracunculus medinensis)
Геогельминт, биогельминт туралы түсінік.
Нематодтар – үй жануарларының паразиттері (зоогельминттер)
(власоглав, аскарида)
Паразит нематодтар саны 2500 –ге жуық паразит сорғыштар – 3000, таспа құрттар – 1800 түр. Паразит құрттарды гельминт деп атайды. Соның ішінде 150 адам паразиті. гельминттер туралы ғылым гельминтология. Кеңес үкіметінің гельминтология мектебін құрған К.И.Скрябин. Оңт. Қазақстанда экспедициялар ұйымдастырылды, алғаш гельминтологиялық жұмыстар К.И.Скрябиннің басшылығымен жүрді. Ол девастация әдісін ашты. (гельминтті әртүрлі тіршілік стадиясында механикалық, химиялық, физикалық, және биологиялық жолмен жою).
Девастация – адам мен жануар гельминтозымен күресте мына әдіске әкеледі:
1. Ауруды паразиттен босату (дегельминтазация )
2. Сыртқы ортаны дегельминтизациялау
Нематодтар - өсімдік паразиттері.
Фитогельминттер (бидай нематоды, картофель сабақ нематоды, қызылша наматодасы т.б.)
Нематодтардың табиғаттағы маңызы:
Су түбінде мекендейтін нематодтар органикалық қалдықтарды өңдеуге қатысады. Теңіз және тұщы су биоценозында сапрофагтар комплексін құрайды. Топырақ нематодтары топырақ түзуге қатысады. Еркін тіршілік ететін нематодтар саңырауқұлақпен, бактериямен қоректенеді. Олар биоценоздағы консумент, редуцентті құрайды.
Өсімдік және жануар паразит – нематодтары табиғи ценозда қоректенетін түрлерінің сан мөлшерін реттейтін және табиғатта табиғи сұрыптау факторы.

Жұмыр құрттар типіне жататын кластар:


Құрсақ кірпікшелілер - Yastrotricha
Нағыз жұмыр құрттар - Nematoda
Коловраткалар класы - Rotatoria
Түкті құрттар класы – Nematomorpha

Қазіргі заман концепциясы бойынша Nemathelminthes турбеллярия тәрізді тектен басып алады. Құрсақ кірпікшелілермен коловраткаларда кірпікшелі эпителия, протонефридия сақталған. Көбінің схизоцелінде паренхима және сақиналы бұлшықет кездеседі. Жүйке жүйесі жалпақ құрттардың ортогонына жақын. Коловратканың жыныс жүйесінде жалпақ құрттар сияқты сары уыз безі болады. Бұл белгілер Nemathelminthesтің жалпақ құрттардан шыққанына дәлел.


Жалпақ құрттардың алғашқы қуысты құрттарға өту эволюциясында – қорғаныш кутикула дамиды, бұлшықет бөліктері редукцияға ұшырайды, схизоцель түзіледі, ішек түтігі пайда болады.
Нематодтар класы эволюциялы болашағы жоғары, әртүрлі экологиялық қатарға ие болады. Жартылай паразитизм , эндопаразитизм қалыптасты. Эволюция барысында экологиялық радиация және әртүрлі тіршілік формалар қалыптасты. Алғашқы формалар: жорғалап және жүзіп тіршілік ететін кірпікше құрсақтылар мен коловраткалар. Құрт пішінді формалар - әртүрлі экологиялық қатарға ие болған универсальды формалар. Мысалы: нематодтар т.б. суда, топырақта, өсімдік және жануар ұлпасында, өз тұрқын сақтап, тіршілік етеді.
Сонымен нематодтар барлық табиғи ортаны игерген, биологиялық прогрестегі топ.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет