Сабақтың тақырыбы : Жұмыр құрттар типі. Жалпы сипаттамасы. Адам ішексорғысы



Дата22.08.2017
өлшемі438,49 Kb.
#24046
түріСабақ
Атырау облысы Исатай ауданы

Абай атындағы орта мектептің

І санатты биология пәні мұғалімі

Сыныбы :8эксперимент

Күні : қараша

Сабақтың тақырыбы :Жұмыр құрттар типі.Жалпы сипаттамасы.Адам ішексорғысы.

Сабақтың мақсаты:Жұмыр құрттардың құрылысы мен тіршілік әрекетінің ерекшеліктеріне және таралуына назар аудару арқылы оқушылардыңтақырып бойынша жеткілікті білім алуына жеткізу

Сабақтың міндеттері:Жалпақ құрттармен салыстырғанда құрылымды жануарлар ретінде жұмыр құрттардың құрылымдық ерекшеліктерін, түрінің саналуандығын анықтау.

Сабақтың типі. Оқып білген тақырып бойынша алған білімді талдап қорытатын,жүйеге келтіретін және жаңа білім қалыптастыратын құрама сабақ

Әдістемелік шешім:Әңгіме элементтерін қолданып баяндау,көрнекі құрал көрсету

Сабақтың көрнекілігі:кестелер,оқулықтағы жұмыр құрттардың суреттері,электрондық оқулық

Сабақтың жүру барысы:

І.Ұйымдастыру

ІІ.негізгі бөлім Үй тапсырмасы

Жедел сұрақтар

1.Сиыр таспа құртының құрылысындағы ерекшеліктер?

2.Бауырсорғыштың дамуы қандай?

3.Бауырсорғыштың аралық иесі не?

4Бауырсорғышты жұқтырмаудың жлдары қандайц

5.Таспа құрттың аралық иесі не?

6.Планарияның қандай сезім мүшелері белгіл

Сабақтың тақырыбын жұмбақ арқылы ашып алу.

Бұл жұмыр құрт ащы ішекте болады

Өз қорегін жұтқыншақпен сорады

үш ерінмен көмкерілген аузы бар

бұл жұмбақтың шешуін сен тауып ал (ішексорғы)


Жас баланың тік ішегі мекені

көпке мәлім дара жыныс екені

жұмыртқасы дамиды оның далада

жұқпайды ол таза жүрген балаға (Үшкірқұрт)

Топтарға тапсырма беру

Постер қорғау (Ішексорғы және Үшкірқұрт)

Сәйкесігін табу

А .Ақ сұлама

В.Сиыр цепені

С .Ішексорғы


1.Дене қуысы жоқ

2.Аралық иесі-кіші тоспақлу

3.екінші дернәсілі-финка

4.Аузы құрсақ жағында

4.Адамның аш ішегінде орнығатын құрт

5.Денесікутикуламен қапталған

6.Дара жынысты

7.К,рпікшемен қапталады

8.Тыныс алу, қан тарату жүіесі болмайды

9.гермафродит

10Жұмыртқадан дамып піллә түзеді


Венн диаграммасы

Жалпақ құрттар және жұмыр құрттарды салыстыру

Тест жұмысын орындату

Тест жұмысын парталасы тексереді.Жауабы тақтада шығып тұрады.

Сабақты бекіту.

1.Тип неліктен жұмыр құрттар аталған?

2.Жұмыр құрттардың жалпақ құрттардан айырмашылығы неде?

3.Сірқабық, гиподерма ұғымдарын қалайй түсінуге болады?

4.Сірқабықтың ағза үшін қандай маңызы бар?

5.Жұмыр құрттарда қандай жүйелер дамыған?

6.Жұмыр құрттардың түрлері?

Үйге тапсырма

Бағалау

Сабақты қорытындылау



Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқукшылардың білім, білік дағдысын қалыптастыру. Оқушыларға сүтқоректілердің сан алуандылығын олардың тіршілік ету ортасы және дамуы туралы түсінік беру.Түрлеріне сипаттама беру

2. Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту. Оқушылардың өзін- өзі дамытуына жетелеу және оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

3. Тәрбиелік: тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта.

Пән аралық байланыс: Экология

Сабақтың әдісі: Өз бетінше оқып, танып білу.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру.

II Үй тапсырмасын сұрау.

III Жаңа сабақ.

IV Сабақты бекіту.

V Оқушыларды бағалау.

VI Үйге тапсырма беру.

I Ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгелдеу. Білім алуға деген құштарлығын арттырып, жаңа сабақты бастау.

II Үй тапсырмасын сұрау.

I. Тест жұмыстары

II. Сұрақ – жауап.



  1. Класс неліктен сүтқоректілер деп аталады?

  2. Сүтқоректілердің тері жабыны қандай қабаттан тұрады?

  3. Сүтқоректілердің есту мүшесінің ерекшеліктерін атаңдар?

  4. Құстар мен сүтқоректілердің қанайналым жүйесінде қандай ұқсастық және айырмашылық белгілері бар?

  5. Сүтқоректілер қандай топтарға бөлінеді?

ІІІ. Жаңа сабақ


сүтқоректілер класы




Бунақденеқоректілер отряды


Кемірушілер отряды


Жұптұяқтылар отряды

Бунақденеқоректілер отряды Ертеден келе жатқан сүтқоректілер.Миы нашар дамыған,иірімдері болмайды. Дене температурасы онша тұрақты емес. Көзі нашар көреді,оның есесіне иіс сезуі жақсы дамыған.Оған: кірпілер, жұпартышқан, жертесерлер , көртышқандар жатады.Кәдімгі кірпі еліміздің солтүстік батыс, солт. өңірінде орманды дала аймағында мекендейді. Қара кірпі Маңғыстау алқабындағы шөлейтті, шөлді жерлерде тіршілік етеді.Жұпартышқан Еділ, Жайық, Тобыл , Обаған шағын өзендерінде кездеседі.Үлбірі бағалы.

Кемірушілер отряды

Қазақстанда 80-нен астам түрі таралған.Көк суыр Батыс Тянь-Шань тау жоталарында.Қызыл кітапқа тіркелген. Үнділік жайра Маңғыстаудың оңтүстігінде,Қаратауда Шу, Іле Алатауларының етегінде таралған.Қалқанқұлақ құлағының үлкендігіне байланысты аталған.Алып соқыртышқан жер астындағы қараңғы іннен еш уақытта жер бетіне шықпайды. Көзі терінің астында, сондықтан көрмейді.Тырнағы күрек тәрізді, күрек тістері аузынан шығып тұрады.Кәмшат- терісі және жұпар безі өте бағалы, көп ауланады.Қазіргі кезде Жайық өзенінде ғана кездесді. Құндыз – да суда өмір сүреді. Қызыл еітапқа тіркелген бағалы терілі жыртқыш аң.негізгі қорегі – балық.

Жұптұяқтылар отряды

Күйіс қайтармайтындар және күйіс қайтаратындар деп 2 топқа бөлінеді.Көпшілігінің кәсіптік мәні бар.Доңыз(жабайы шошқа). Қарақұйрық-балқаш, Зайсан, Алакөл, Мойынқұм, Арал, Маңғыстауда кездеседі.Өте сымбатты аң, бірақ саны аз,қызыл кітапқа тіркелген. Сирек кездесетін аң-арқар таулы алқаптарды мекендейді.

Жыртқыштар отряды

Сойдақ және азу тістері жақсы жетілген,сойдақ тістері өте өткір.Аю, қасқыр, мысық, сусар тұқымдастардың өкілдері кеңінен таралған.

Қолқанаттылар отряды

Қазақст-а 27 түрі кезд.түнде белсенді тіршілік етеді.Салпанқұлақты, ақбауыр жарқанат, қатпар ерінді жарқанат

Қоянтектестер отряды

Құм, ор және ақ қоян жатады. Шөлді, шөлейтті жерлерде құм қоян кеңінен таралған, кәсіптік мәні бар.

Тақтұяқтылар отряды

Үшінші саусағы жақсы дамыған.Жабайы жылқы – құлан. Қазақстанның батыс өңірінде –тарпан шығысында түзат(пржевальский жылқысы)таралған.

Ескекаяқтылар отряды

Денесі ұршық тәрізді.Каспий теңізінде түлен кездеседі.Аяқтары ескекке айналған.Тері астындағы 10см шамасындағы майлы қабаты дене температурасын реттейді,әрі қор заты болып есептеледі.

Сабақты бекіту

1.Кемірушілердің құрылысындақандай негізгі белгілері бар№

2Жыртқыштардың қандай тұқымдастарының түрлері қазақстанда кездеседі?

3.Биік таулы алқаптарда сүтқоректілердің қандай түрі кездеседі?

4.Жергілікті жерде сүтқоректіердің қандай түрі кездеседі?

5.Қазақстанда ақбөкен санының күрт азаюына қандай жағдайлар әсер етіп отыр?

Кітаппен жұмыс:

Төменде берілген жеке отрядтардың тұсына сәйкес келетін белгілердің санын тауып қойыңдар.

А. БУНАҚДЕНЕҚОРЕКТІЛЕР Ә. КЕМІРУШІЛЕР Б. ЖҰПТҰЯҚТЫЛАР В. ЖЫРТҚЫШТАР

1.Күрек тістері жақсы жетілген.

2.Дене температурасы онша тұрақты емес

3.Түр құрамы өте көп

4.Сойдақ және азу тістері жақсы жетілген

5.Миы нашар дамыған

6.Үшінші және төртінші саусақтары жақсы дамыған

7.Қарақұйрық, ақбөкен, бегемот

8.Кірпі,жұпартышқан,жертесер

9.Борсық, күзен, қабылан, ілбіс

10 Қалқанқұлақ,жайра, көк суыр

11.Тұмсығы алға қарай шығыңқы

12.Сойдақ тістері өте өткір

13Тістерінің құрылысы біркелкі

14.Кей түрі ін қазып тіршілік етеді

15.Қуысмүйізділер деген тұқымдасы бар

А-2,5,8,11,13

Ә-1,10,14

Б-6,7

В-3,4,9,12,15



Ойлан тап.

Әріптерді қолданып.сүтқоректілердің атын құрастыру керек:

А Қ Ю С Р Ы Ж Т Е Ш Н Ұ Л Б Г М О Т І У П К Я Ә Ұ Д З

Аю,қасқыр,мысық кірпі қабылан,ілбіс,сілеусін кәмшат,құндыз бегемот,жертесер тышқан,құлан,қоян, сусар ,борсық

Жұптұяқтылар

Кемірушілер

Жыртқыштар

Қоянтектестер

Үйге тапсырма

Бағалау


Сабақты қорытындылау
Сыныбы .7 «а» және «б»

Тақырыбы :Жүзден жүйрік ,мыңнан тұлпар

Мақсаты :Оқушылардың ой-өрістерін дамыта отырып, табандылықпен шешім қабылдауға ,оны дәлелдеуге пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Түрі :сайыс

Жүргізуші: Хош келдіңіздер ұстаздар мен оқушылар! Қазақ халқының ғұлама жазушысы М,Әуезов «халықпен халықты, адаммен адамды теңестіретін нәрсе – білім» деген екен. Қазіргі таңда жас Қазақстан Республикасына білімді де, білікті, жан жақты жастар қажет. Бүгінгі «Жүзден жүйрік ,мыңнан тұлпар» атты сайысымызға нағыз дүлдүлдер өз білімдерін сынға салуға келіп отыр. Ендеше оларға сәт сапар тілейміз.

І.Таныстыру

ІІ.Білгенге маржан

ІІІ.Мақал-сөз мәйегі

ІҮ.Суретті жұмбақ

Ү.Логикалық тапсырма

ҮІ.Адасқан әріптерді құрастыр

ҮІІ.Топ басшылар жарысы

Таныстыру барысында өмірлік ұстанымдарын, келешекке құрған жоспар мақсаттарын айтып кетеді.

Ендеше ортаға 7 «а» сыныбынан келген _____Табиғат тобын ортаға шақырамын. Қарсы аламыз

Ортаға 7 «б» сыныбын шақырамыз ___бәйтерек ___________тобы

Жүргізуші: Біздің оқушылар өздерінің білімдерін ортаға салмақшы.

Жүргізуші: Олай болса іске сәт. Алғашқы он сұрақ 7 «а» сыныбының __Табиғат__________ тобына қойылады.

І-топқа


1.Жануарларды зерттейтін ғылым (Зология)

2.Қазақстанда қанша қорық бар (9)

3.Қазақстанның қызыл кітабы қашан шықты (1978)

4.Дене пішіні тұрақсыз жәндік (амеба)

5.Жойылған немесе зақымданған мүшелердің қайтадан қалпына келуі (регенерация)

6.Зоология ғылымының паразит құрттарды зерттейтін саласы (гельминтология)

7.Өсімдіктің өсімді мүшелерін ата?( тамыр, сабақ, жапырақ )

8.Инелік,шегіртке,дәуіт,бит дамудың қай түріне жатады (шала түрленіп даму)

9.Өрмекшілердің бірінші жұп аяғы қалай аталады (күйісаяқ)

10.Жасуныққа ұқсас ағзанлық зат(хитин)

Жүргізуші: Келесі кезекті 7 «б» сыныбына берейік.

ІІ-топқа


1.Өсімдіктірді зерттейтін ғылым (ботаника)

2.Затты ұлғайтып көрсететін құрал (микроскоп)

3.Фотосинтез процесін ашқан ғалым (Тимирязев)

4.Денесі өзгермелі жәндік (амеба )

5.Қарапайымдардың денесін сыртынан қаптайтын өте жұқа майысқақ немесе қатқыл плазмалы қорғаныш қабат (пелликула)

6.Бұнақденелерді зерттейтін саласы (энтомология)

7.Ең ірі су жануары (кит)

8.Қоңыздар,шаншарлар,құмырсқа,аралар дамудың қай түріне жатады (толық түрленіп даму)

9.Өрмекшілердің екінші жұп аяғы қалай аталады (тұтқыаяқ)

10.Жұмыр құрттардың денесі немен қапталады (кутикула)


2 - кезең Мақал – сөз мәйегі

Күте білсең,.........(жер жомарт)

Жері байдың -.......(елі бай)

Сулы жер -...........(нулы жер)

Су біткен жерде......(өмір де бітеді)

Құлан қырдың көркі,....(құндыз судың көркі)

Дана көптен шығады,......(дәрі шөптен шығады)

4-кезең Суретті жұмбақ

Слайдта көрсетілген суреттерді ажырата білу.Қандай бунақденелілер екендігін ажырату.

5-кезең


Логикалық тапсырма

1.Анам кесеге шайды толтырып қоя салды.Кенже інім қолындағы қантын сол кесеге түсіріп алды.алайда қант құп-құрғақ күйінде қалды.Неліктен деп ойлайсың.( кеседегі шай құрғақ болған)

2.Екі бала шахматты екі сағат ойнайды.Алайда олардың әрқайсысы неше сағаттан ойнайды.(екі)

3.Қорада тауықтар және қояндар бар.Олардың барлығы 15 бас,50 аяқ болса,қорада неше тауық, неше қоян бар.(5тауық,10 қоян)

4.Бөлмедегі әр бұрышта 1 мысықтан және оған қарама-қарсы 3 мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық отыр.(4)

5.Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар.Бірінші не жағамыз (шырпы )

6.Допты лақтырғанда доп сол ізімен қайту үшін допты қалай лақтыру керек (жоғары )

6-кезең «Адасқан әріптерді құрастыр»

Өмекріш –өрмекші заққоиз-қоқиқаз

Тіәуд-дәуіт сіркетке-кесіртке

Жырұслан-сұржылан қылаб-балық

Кебіре-бекіре қарар-арқар

Тікрүб-бүркіт лыжна-жылан

Іпл-піл,кіекр- керік

Топ басшыларының сайысы

Ітоп басшысына

1. Мүктерді зерттейтін ғылым? (бриология)

2. Өсімдіктердің көбею мүшелері? (гүл, жеміс, ұлпа)

3. Басқа ағзаның есебінен тіршілік ететіндер? (паразиттер)

4. Өсімдіктің өсім мұшелерін ата (тамыр, сабақ, жапырақ)

5. Ядросызм ағзалар (прокариоттар)

6.Жасушаны ашқан ғалым(Роберт гук)

7. Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы (Ұлпа)

8. Қарашірік, шымтезек қандай тыңайтқыштарға жатады (органикалық)

9. Қоянның сүйікті тағамы (сәбіз)

10күн гүлі аталатын өсімдік қалай аталады (күнбағыс)

ІІ топ басшысына

1. Саңырауқұлақты зерттейтін ғылым (микология)

2. Тамыр түрлері (негізгі, жанама, қосалқы)

3. Жапырақтар түгелдей тікенге айналған өсімдік (кактус)

4. Ағзаның ауру қоздырғыштарына қарсы тұру қабылеті (Иммунитет)

5. Түрі өзгерген жер асты өркендері (тамырсабақ, түйнек, пиязшық)

6. Бидайдың жемісі қалай аталады (дәнек)

7.Барса келмес қорығы қайда орналасқан ? (Арал)

8.бәр гүлде аталық және аналық болса (қосжынысты)

9.Мәңгі жасыл ағаш (шырша)

10. Жасыл эвглена қалай қозғалады (талшық)

Жүргізуші: Бүгінгі білімділер сайысы өз мәресіне жетті. Олай болса сайыстың қортындысын шығарып, жеңімпаздарды анықтау үшін ортаға әділ қазыларды шақырамыз.

Сыныбы :7 «а»

Күні : 24 ақпан

Сабақтың тақырыбы: Балықтардың кәсіптік маңызы

Сабақтың мақсаты: ә)білімділігі: Балықтардың шаруашылықтағы маңызы және балық байлығын қорғау туралы түсінік қалыптастыруға жағдай жасау.

ә) дамытушылығы: Оқушылардың іскерлігі мен танымдық белсенділігін, зейінін, шығармашылығын дамыту.Логикалық ойлануды және есте сақтауды дамыту.

б) тәрбиелігі: Оқушылардың экологиялық тәрбие беру, ізденімпаздыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Өзін-өзі бақылау дағдысын тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа материалды игерту

Тәсілі: баяндау, тест алу, ойын

Сабақтың көрнекілігі: оқулықтағы суреттер, электронды оқулық, слаидтар, кесте, маркерлер, стикерлер

Сабақтың жүру барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру, оқушылар назарын сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Жетекші сұрақтар:

1. Шеміршекті балықтардың сыртқы құрылысына қандай белгілер тән.

2. Шеміршекті балықтардың қаңқасы қандай бөлімдерден тұрады.

3. Шеміршекті балықтардың асқорыту, тыныс алу жүйесін сипаттап бер.

4. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы.

5. Балықтардың денесі қандай бөлімдерден тұрады.

6.Балықтарда қандай жүзбе қанаттар болады, атқаратын қызметі қандай?

Жаңа сабақ: Балықтардың кәсіптік маңызы

І Қызығушылықты ояту сатысы.

Түрлі түсті қағаздар арқылы топқа бөлу



Оқушылардың көңіл күйін білу және алтын балықтың сіздерге арнаған тілектері бар деп балыққа жапсырылған тілектерді дауыстап оқыт


Оқушылар жасырын сөздің балық екенін айтады.

Видео фильм көрсетіледі.

ІІ мағынаны ажырату

Топтарға тапсырма беру



Тапсырма №1топқа

ТВ шоу бағдарламасы

Тапсырма №2 топқа

Радиоға қоңырау шалу

Тапсырма №3 топқа

Сахналық қойылым

Сәйкестендіру тесті

1.Патша балық________________________А)Сазан

2.Саусаққанатты балық_________________Ә)Акула

3.Торсылдақ___________________________Б)Скат

4.Жыртқыш балық______________________В)Бекіре

5.Денесі қабысып,жалпайып кеткен_______Г)Теңіз алабұғасы

6.Қосжынысты_________________________Ғ)Латимерия

7.Сырттай ұрықтанады________________Д)Шеміршекті балық

8.Жұпбалық,тұтасбас,акула_____________Е)Сүйекті балық

9.Өрістегіш балық_____________________Ж)Жеңсік балық

10.Бір рет уылдырық шашады________З)Бекірелер,албырттар

Сергіту сәті

Оқулықпен жұмыс

Төменде берілген белгілердің сәйкес келетін реттік санын әр жануарлардың астына жазыңдар.

№ Қандауыршаға тән белгілер Акулаға тән белгілер

1.Қанайналым шеңбері – біреу.

2.Терісінің сыртында жұқа сірқабықтың болуы.

3. Таспа тәрізді жұп бүйрегі бар.

4. Қан тарату жүйесі тұйық.

5. Миы бес бөлімді.

6. Сырттай ұрықтанады.

ІІІ Ой толғаныс сатысы

Тест жұмысы.

Рефлексия

Төмендегі кестені толтыру



Нені білдім.

Нені үйрендім

Нені білгім келеді.

Бағалау.Үйге тапсырма беру.



Бағалау критериі арқылы жиынтық баға шығарып өздерін бағалайды



Оқушының аты-жөні

Жеке жұмыс

Топтық жұмыс№1

Топтық жұмыс№2

Сәйкестендіру

Адас-қан сөздер

тест

Жалпы ұпай

баға




















































































































































































Параграф 51 оқу

Сабақтың тақырыбы:Дигибридті будандастырудың негіздері

Сабақтың мақсаты:Мендельдең ашқан заңтылықтары туралы дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздері жөнінде түсінік беріп ерекшеліктерін анықтау.

Тәрбиелігі:Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру және өз бетінше ойлануға тәрбиелеу.

Дамытушылығы:Ғылыми-дүниетанымын коммуникативтік біліктігін жетілдіру.Логикалық ойлануды дамыту.

Сабақтың түрі:ақпараттық-танымдық сабақ.

Сабақтың әдісі:СТО

І.Ұйымдастыру

ІІ.Негізгі бөлім

Үй тапсырмасын сұрау Жедел сұрақтар беру

1.Генетика ғылымының негізін салушы ғалым.

2.Г.Мендель зерттеу объектісіне неге асбұршақ алды?

3.Г.Мендельдің неше заңы бар.

4.Генетика ғылымы нені зерттейді?

5.Генетика ғылымының дамуына қазақстандық ғалымдардың қосқан үлесі қандай?

ІІІ.Жаңа материалды түсіндіру.

Екі жұп қарама-қарсы белгілері бойынша будандастыруды дигибридті будандастыру деп атайды.дигибриді будандастыруға бұршақ өсімдігінің сары түсті тегіс қабықта және жасыл тұұсті кедір-бұдыр тұқымдары алынды.Екі жұп белгісі бар гомозиготалы дараларды будандастырғанда Ғ1-дегі ұрпақтың генотипі «АаВь» дигетерозиготалы болады.Одан 4 сортты гаметалар түзіледі.Одан 16 генотип және 4 финотип түзіледі талдаулардың нәтижесіне сүйене отырып ұшінші заңын ашты.Ол белгілердің тәуелсіз тұқым қуалау заңы деп аталды.

А-сары

а-жасыл


В-тегіс

ь-тегіс


С-қызыл гүл

с-ақ гүл


сонда ата-аналық формалардың генотиі –ААВВСС ал екіншісінікі –ааввсс ал Ғ1-де алынатын будан организмдікі АаВвСс болып келеді.Мұндай будан сегіз түрлі гамета түзеді.АВС,АВс,АвС,Авс,аВС,АВс,авс.Ғ2-де 64 түрлі комбинация түзіледі.27.9:9:9:3:3:3:1

Сабақты бекіту:

1.Дигибриді будандастыру дегеніміз не?

2.Полигибридті будандастыруға неше дара қатысады.

3.Мендельдің үшінші заңы қалай аталады?

1-тапсырма.

Генетикалық таңбалар аттарын атау.

Р-

Г-



Х-

Ғ1-


О-

О-

А-



А-

2-тапсырма

Сәйкестігін табу:

Доминантты- сыртқы белгілердің жиынтығы

Рецессивті- 2 аллель (әртүрлі)

Финотип- Бірдей аллель

Генотип- гендер жиынтығы (АА,Аа,аа)

Гомозиготалы- басымдық қасиет көрсетуі

Гетерозиготалы- басылыңқы(1-ұрпақта көрінбей қалуы)

Моногибридті- ата-ананың бір белгісі бойынша

Шағылыстыруы

3-тапсырма:

Гомозиготалы ақ қоянды қара қоянмен шағаластырғанда ұрпағында тек ақ қоянның пайда болуы.Бұл қан заңға негізделген.

4-тапсырма.

Гетерозиготалы ақ қоянды өзі сияқты қара қоянмен шағалыстырғада қандай ұрпақ алуға болады? Бұл қай заңға негізделген.

5-тапсырма:

Шешесінің қаны Ітоп әкесінің қаны ІV топ болса балаларының қан тобы қандай?Тұқым қуалай ма?

Сергіту сәті

Компьютерден қан тобына байланысты болатын адамдардың мінезін оқып танысады.

Есептер шығару

Тест тапсырмасын орындау

Үйге тапсырма



Бағалау

Сабақты қорытындылау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет