Курсының бағдарламасы «Биология» 050113 мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын



бет72/214
Дата05.02.2022
өлшемі3,16 Mb.
#12199
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   214
Тірек сөздер:
Дәріс сұрақтары және қысқаша мазмұны:
1. Екі жақты симметрияның пайда болуы.
2. Үш қабатты алғашқы ауызды жануарлардың сипаттамасы.
3. Жалпақ құрттардың ұйымдасу деңгейі (Кірпікшелі құрттар мысалында).
7 дәріс
Тақырыбы: Ди- ,Моногенетикалық сорғыштар (Monogenoidea) және Таспа құрттар (Cestoda). Жалпақ құрттардың прогрессивті белгілері.
Дәріс мақсаты: Паразиттизмнің пайда болуы және паразитті жалпақ құрттардың морфофизиологиялық, биологиялық ерекшеліктері, экологиясы, филогениясы туралы ақпарат беріп, білімдерін жетілдіру.
Дәріс сұрақтары және қысқаша мазмұны:
1. Моно- және дигенетикалық сорғыштар
2. Таспа құрттардың морфофизиологиялық сипаттамасы.
3. Паразитті жалпақ құрттардың ұйымдасуындағы ерекшеліктер
4. Жалпақ құрттардың филогениясы және экологиялық радиациясы.


6-7 дәрістің мазмұны:


1-сұрақ . Жануарлар дүниесінде негізінен радиальды ( Radiata) және билатеральды (Bilaterata) симметрия кең тараған. Сәулелілерге алдында қарастырылған Coelenterata және Ctenophora типтері жатады. Билатеральды симметрия – Bilaterata жануарлар кеңістікте бір жағымен алға қарай жорғлап тіршілік етуіне байланысты денесінің алдыңғы және артқы бөлімдері; арқа (дрозаль) және бауыр (вентраль) оң жақ және сол жақ бүйір ( лабераль) беттерін айыруға болады. Сондықтан жануар денесін тең екіге бөлетін бір ғана симметрия жазықтығын жүргізуге болады. Олардың мүшелері осы симметрия жазықтығының екі жағында орналасады.
Билатеральды жануарлар үш қабатты. Олардың эмбрионды даму кезінде үш ұрық жапырақтары түзіледі. Экто-, энто-, мезодерма. Осы ұрық жапырақтарынан ұлпалар, мүшелер дамиды.
Эктодермадан сыртқы эпителий, тері бездері, кутикула өсінділері, жүйке жүйесі мен сезім мүшелері, алдыңғы және артқы ішек; Энтодермадан - ортаңғы ішек және асқорыту бездері; мезодермадан - бұлшықет, қан айналу , зәр шығару, жыныс жүйелері, омыртқалардың қаңқасы, т.б.
Билатеральды, үш қабатты жануарларға жататын типтер. Plathelminthes, Nemertini, Nemathelminthes, Acanthocephales, Annelida, Arthropoda, Onychophora, Mollusca, Tentaculata, Echinodermata, Pogonophora, Hemichordata, Chorolata.
Билатеральды, үш қабатты жануарларда ұрықтың дамуында дене қуысы мен мезодерманың қалыптасуындағы ерекшеліктерге байланысты қуыссыздар немесе алғашқы қуыстылар- Acoelomata және целом қуыстылар - Coelomata ; алғашқы ауыздылар - Protostomia және екінші ретті ауыздылар - Deuterostomia топтарына бөлінеді.
2-сұрақ. Алғашқы ауыздылар - Protostomiaға жататын жануарлардың эмбрионды даму кезінде ұрықтың бластопорасынан ауыз пайда болады, мезодерма телобластикалық жолмен түзіледі. Экто- және
энтодерма аралығында 2 телобласт клеткасы жіктеліп, бөлінеді де мезодерма қабаты дамиды. Бұл топқа жалпақ құрттар, немертиндер, жұмыр құрттар, скребндер, буылтық құрттар, буынаяқтылар, онихофоралар, моллюскалар типтері жатады. Deuterostomiaда ұрықтың бластопорасы аналь тесігіне айналады, оған қарама-қарсы эктодерма ішке майысып ауыз пайда болады. Мезодерма энтероцель жолымен дамиды, яғни энтодерманың екі жағынан мезодерма қалталары жіктеліп, сомиттарға айналып бөлінеді. Билатеральды симметрия, мезодерманың жетілуі жануарлар құрылысының күрделенуіне, әртүрлі тіршілік жағдайларына бейімделуіне және жер бетінде кең таралуына себеп болады.
3-сұрақ . Жалпақ құрттардың 15 мыңға жуық түрі белгілі. Денесі құрт пішінді, арқа-бауыр (досовентраль) бағытта қабысқан, тақта, таспа тәрізді. Еркін тіршілік етеді, көбі жануар, адам парзитті.
Жалпақ құрттардың ұйымдасу ерекшелігі:
1. Тері-бұлшықет қабы. Тері астында сақиналы, қиғаш (диагональды) және ұзына бойы бұлшықет орналасады. Дененің арқа және бауыр қабырғасын дорсовентраль бұлшықет будасы жалғастырады, олар дененің қабысуын (сплющивание) қамтамасыз етеді. Күрделі бұлшықет жүйесі әртүрлі қозғалыс типін анықтайды: дененің созылуы және жиырылуы, жіңішкеруі және жалпаюы, толқын тәрізді иілу т.б.
2. Дене қуысы жоқ, дене қабырғаларының аралығы және ішкі мүшелер арасындағы кеңістік борпылдақ ұлпа – мезодермальды парехима орналасады.
3. Асқорыту жүйесі екі бөлімнен тұрады: алдыңғы (эктодермальды). Ішек және оның бұталары тұйық аяқталады. Артқы ішек және аналь тесігі болмайды. Кейбір қарапайым формаларда және эндпаразиттерде ішек болмайды.
4. Жүйке жүйесі – ортогонды типті жұп бас ганглиясынан және одан басталатын бірнеше жұп жүйке өсінділерінен ( комиссурлармен байланысқан) тұрады. Жүйке жүйесі торға ұқсас.
5. Еркін тіршілік ететін түрлерде сезім мүшелері: көзше, тепе-теңдік мүшесі – статоцистер, сипап - сезу клеткалары және химиялық сезім мүшесі дамыған.
6. Жалпақ құрттардың зәр шығару жүйесі паренхимадан шашылып орналасқан (ішінде кірпікше шоғы бар) жұлдыз тәрізді клекадан (терминаль) басталатын каналдар жүйесі және орталық зәр шығару каналынан тұратын – протонефридия , организмнен зат алмасу өнімін және артық сұйықтықты бөледі. Паренхимадан сұйықтықты жұлдызды клетка сүзеді, оның ішіндегі кірпікше шоғы жалынды қозғалып, сұйықтықты каналға айдайды. Каналшалар орталық з/ш каналына жиналып, з/ш тесігімен сыртқа ашылады.
7. Тыныс алу жүйесі жоқ. Еркін тіршілік ететін формалар терісі арқылы тыныс алады. Эндопарзиттерге анаэробты тыныс алу тән.
8. Жалпақ құрттар - гермафродиттер, яғни әрбір дарада аталық және аналық жыныс мүшелері болады. Жыныс жолдары күрделі. Аналық мүшелерде сары уыз безі болады, ол жұмыртқа клеткасының дамуына қажетті қоректік зат бөледі. Ұрықтану іште жүреді.
9. Даму тура және метаморфозды. Еркін тіршілік ететін турбелярияға мюллер дернәсіл тән. Эндпаразиттердің тірішілік циклі күрделі, партеногенді ұрпақ кездеседі.
Жалпақ құрттар типіне 9 класс жатады. Оның 3-уі еркін тіршілік ететін құрттар, 6- паразиттер.
Кең тарған кластар: Кірпікшелі құрттар класы (Turbellaria)
Сорғыштар класы ( Trematoda)
Моногения (Monogenea)
Таспа құрттар (Cestoda)
Кірпікшелі құрттар класы немесе Планария (Turbellaria)
Көбі еркін, кейбіреуі паразитті тіршілік етеді. Денесі кірпікшелі эпителиямен жабылған. Сезім мүшелері бар. 3500 түрі белгілі. Теңізде, тұщы суда, топырақта тіршілік етеді, кейбіреуі эктопарзиттер.
Денесі жалпақ, сопақша немесе созыңқы. Алдыңғы дене ұшында сезім мүшелері: көзшелер, статоцист, иіс сезі ойыстары болады. Ауызы дененің бауыр бетінде, ортаңғы немесе артқы бөлігінде орналасады.
Тері – бұлшықет қабы - кірпікшелі эпителия және бұлшықет қабаттарынан (сақиналы, ұзына бойы, диагональды) тұрады. Эпителияда сезім және без клеткалары болады. Без клеткасынан бөлінген планарияның субстарт бетімен жылжуын жеңілдетеді. Эпителияның ерекше құрылымы рабдиттер - ісініп, улы шырышқа айналып, сыртқа атылады. Оның қорғаныштық маңызы бар және жемтігін зақымдайды.
Асқорыту жүйесі - әртүрлі: қарапайым ішектен күрделі бұталы ішекке дейін дамыған.
Ішексіз планария (Acoela) отрядына денесінің ортасында бауыр бетінде ауыз арқылы қорек эктодермальды паренхимаға түседі, оның айналасында ас қорыту клеткалары жиналып, уақытша а/қ қуысы түзіледі.
Көп бұталы планарияның ( Polycladida отряды) ішегі күрделі, олардың ауызы дененің артқы ұшына жақын орналасады. Жұтқыншақтан басталатын энтодермальды ішектің сәулелі бұталары тұйық аяқталады.
Үш бұталы ішекті планарияның (Tricladida) ауызы дененің ортасында , одан басталатын жұтқыншақтан үш бұталы ішек таралады ( біреуі алға, екеуі дененің артына бағытталған).
Тура ішектілердің (Rhabdocoela) жұтқыншағы дененің алдыңғы бөлігінде орналасқан, ішегі бұтасыз, қап пішінді. Планарияның көбінде сыртқы а/қ байқалады. Олар моллюскалар, шаяндарға шабуыл жасап, олардың денесіне а/қ ферментін бөледі де, жартылай қорытылған қоректі сорады.
Жүйке жүйесі. Ішексіз планарияларда жұп бас ганглиясы дененің алдыңғы бөлігінде орналасады, одан жүйке өсінділер торы таралады (диффузды жүйке жүйесіне жақын). Басқа отрядтарда ұзына бойы жүйке өсіндісі – коннективтер және көлденең – комиссурлар қалыптасып, торлы жүйке жүйе – ортогон түзілген.
Сезім мүшелері. Планарияның терісінде орналасқан кірпікшелер сипап-сезу және химиялық сезім қызметін атқарады. Кейбір өнімдерінде статоцист (бас ганглия үстінде), көбінде көзшелер болады.
Зәр шығару жүйесі - протонефридия. З/ш каналы дененің артында з/ш тесігімен ашылады. Тұщы су турбеллярияларында қосымша осмо реттеу қызметін атқаратын протонефридия жақсы дамыған. Ішексіз планарияда эксекатор қызметін амебоидты клеткалар тері арқылы сыртқа бөлінеді.
Жыныс жүйесі. Планария – гермофродиттер. Аналық, аталық жыныс безінен басқа күрделі жыныс жолдары және қосымша бездер болады.
Үш бұталы ішекті плнарияның аталық жыныс жүйесі: қос тұқым безі –тұқым қаптарынан, тұқым жолы, тұқым шашақыш канал, шағылысу мүшесі – шүмек (пенис) жыныс қалтасына (клоака) ашылады. Кей жағдайда тұқым шашқыш канал кеңейіп, сперма жиналатын тұқым көпіршігін түзеді.
Аналық жыныс жүйесі жұп жұмыртқа безі, жұмыртқа жолы. Жұмыртқа жолында орналасқан көптеген сары уыз бездері – даму кезінде жұмыртқаға қорек болатын сары уыз клеткаларын бөледі. Сары уыз безі – түрі өзгерген жұмыртқа безінің бөлігі. Жұмыртқа жолдары , клоакаға ашылатын қынапқа келеді. Кейбір түрлерде жыныс клоакасына тұқым қабылдағыш қалтасы ашылады. Оған шағылысу кезінде жұбының спермасы түседі. Жұмыртқаның ұрықтануы шағылысудан кейін жүреді. Ұрықтанған клеткасы сары уыз клеткалар тобымен бірге қауызбен жабылып, күрделі жұмыртқа пайда болады.
Ішексіз турбеллярияның жыныс жүйесі қарапайым. Оларды жыныс жолдары, сары уыз безі болмайды. Шағылысу кезіндешағылысу мүшесінің көмегімен сперма жұбының паренхимасына еніп, паренхимада дамыған жұмыртқаны ұрықтандырады.
Ұрықтанған жұмыртқа (сары уыз клеткалар болмайды) дененің қабырғасы жыртылып, суға шығады.
Көбеюі, дамуы. Теңіз турбеллярияның (Polycladida) кейбіреулері метаморфозды дамиды. Жұмыртқадан мюллер дернәсілі шығады. Кірпікшемен жабылған , 8 сәулелі қалақшасы болады, су қабатында қалықтап, түр таратады. Көбі тура дамиды. Кейбір планария өкілдеріне жыныссыз көбею кездеседі. (организм көлденең бөлінеді). Турбеллярия класы 2 кл/тармағына бөлінеді. Архоофоралар (Acchoophora)
Неоофоралар (Neoophora)
Архоофора кл/тармағы (қарапайым форма, отр. сары уыз жо, дамуы метаморфозды, статоцист бар.
Ішексіздер (Acoela)
Ішек, протонефридия, жыныс өзегі, сары уыз жоқ. Ас эктодермальды паренхимада қорытылады. Жыныс клеткалары мезодермальды паренхимада дамиды. Жүйке жүйесі – қарапайым ортоген диффузды торлы. Теңіз формалары.
отр. Көпбұталыішектілер (Polycladida). Ішегі көп бұталы, жыныс безі көп, сары уыз жоқ. Метаморфозды дамиды. Ірі теңіз формалары (15 см-ге дейін)
Неоофоралар кл/т (Neoophora)
Тұщы суда , құрлықта тіршілік етуге көшкен топ. Сары уызы бар. Жұмыртқа күрделі құрылысты, тура дамиды.
отр: Үш бұталы ішектілер (Tricladida) көбі тұщы суда , кейбіреуі теңізде тіршілік етеді. Тропикалық формалар құрлықта кездеседі. Біздің тұщы суда Ақ сүт планариясы (Dondrocoelum lacteu) кездеседі.
отр: Тураішектілер (Rhabdocoela) – ұсақ теңіз, тұщы су формалары, кейде ылғалды мүктерде (құрлықта) кездеседі. Арасында парзит түрлері де бар. Ауызы дененің алдында, тура ішекті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет