Техникалық оқу құралдары: коллекциялар, сызба-кестелер.
Әдебиет: :
Зеликман А.Л.«Практикум по зоологии беспозвоночных»М., 1969 269-275 б.
Мамаев Б.М. и др.»Определитель насекомых европейской части СССР»М.1976
Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 466-516 б.
№25 лабораториялық сабақ
Тақырып: Тікентерілердің морфологиясы
Мақсаты: Екінші ауызды жануарлар ретінде тікентерілілердің морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін танып-білу.
Лабораториялық сабақтың мазмұны:
1.Теңіз жұлдызының сыртқы-ішкі құрылысы.
2.Теңіз кірпісі, голотурия, т.б. түрлердің морфо-экологиялық ерекшелігі.
Лабораториялық жұмысты орындау әдістемесі:
1.Қол лупасымен фиксациаланған материалдан теңіз жұлдызының ораль және абораль беттерін, амбулакраль жолы және аяқтарын, радиус және интеррадиусты, мадрепор тақтасын табу, дене симметриясы танып-білу, сыртқы қырылысының суретін салу.
Теңіз жұлдызының бір қолынның беткі бетін сойып, асқорыту, жыныс мүшелерін, амбулакраль ампуласын табу, сызба кестеден және оқулықтан амбулакраль, жүйке жүйесінің, тас канал, ось мүшелері, қаңқа құрылысымен танысу, суретін салу.
2. Фиксациаланған теңіз кірпісі, голотурия, т.б. түрлерді қарап,олардың морфологиялық, экологиялық ерекшеліктері және дене симметриясын анықтау, суретін салу.
Достарыңызбен бөлісу: |