Техникалық оқу құралдары: коллекциялар, сызба-кестелер.
Әдебиет: :
Зеликман А.Л.«Практикум по зоологии беспозвоночных»М., 1969 269-275 б.
Мамаев Б.М. и др.»Определитель насекомых европейской части СССР»М.1976
Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 466-516 б.
№ 24 лабораториялық сабақ
Тақырып: Толық түрленіп дамитын насеком отрядтарын анықтау және олардың морфо-биологиялық, экологиялық ерекшеліктері (жалғасы).
Мақсаты: Толық түрленіп дамитын насекомдар отрядтарының морфо-биологиялық, экологиялық ерекшелігін танып –білу.
Лабораториялық сабақтың мазмұны:
1.Толық түрленіп дамитын отрядтар: қосқанаттылар, қабыршақ қанаттылар, т.б. отрядтардың морфо-биологиялық ерекшеліктері, экологиялық топтары.
2. Насеком отрядтарының морфобиологиялық белгілерінің салыстырмалы кестесін құру.
Лабораториялық жұмысты орындау әдістемесі:
1. Жергілікті материалдан қосқанаттылар, қабыршақ қанаттылар отрядының түрлерін анықтап, отрядқа тән ерекшеліктерді, олардың көптүрлілігі, таралу аймағы, биологиясы, маңызын танып-білу.
2. Насекомдардың әрбір отрядтарының құрылыс және даму ерекшеліктерін салыстырып, меңгерген білімдерін сараптап, кесте құру.
Достарыңызбен бөлісу: |