Байланысты: ped. sheberlik kaz sillabus distants 2020-2021 s
Курстың мақсаты – Болашақ мамандардың кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда педагогикалық біліммен қаруландырып, қоғам талабына сай шебер маман тәрбиелеу.
Курстың міндеттері:
Педагогтардың шеберлік кәсіптік мінез – құлықтарының ұстанымдарын, нормалары мен ережелерін танытып білдіру;
Педагогтардың кәсіби мінез-құлықтарын анықтаушы сыртқы, ішкі факторлар жүйелерімен таныстыру;
Кәсіптік қарым-қатынас аясында педагогикалық процеске қатысушылардың бірін-бірі қабылдау ерешеліктерін білуге, педагог тұлғасының маңызды қасиет-қаблеттерін бағалауға үйрету;
Педагог тұлғасының ерешеліктерін қызметінің кәсіптік талаптарына сәйкестендіру тетігімен таныстырып, іске асыруға үйрету;
Педагогикалық қызметте болатын қателікті іс-әрекетердің зиянды салдары мен қолайсыз факторларды жоюға жол ашу;
Педагогтың өзінің ықпал өрісі мен әрекет ауқымын анықтауға және олорды үнемі жетілдіруге ынталандыру.