Курстық ЖҰмыс қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі Тақырыбы



бет1/11
Дата22.01.2022
өлшемі101,91 Kb.
#129609
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Курстық жұмыс, Мағжан лирикасын оқыту,Асқар Анар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш.Уәлиханов атындағы КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ КеАҚ

Филология және педагогика факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Тақырыбы: «Мектепте М. Жұмабаев лирикасын оқыту жолдары»



Мамандық шифрі

Оқу бөлімі

6В01707- қазақ тілі мен әдебиеті

Күндізгі


Орындады: Асқар А. С.

(Қолы) (Аты- жөні, тегі)


Жетекші: Оқутышы: Смагулова Н.

(Қолы) РһDдоктарант (Аты- жөні, тегі)


Қорытынды баға:

Көкшетау 2021 ж.

МАЗМҰНЫ





КІРІСПЕ……………………………………………………………….…

3










І.

ЛИРИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ




1.1

Лирикалық  шығармалардың түрлері, зерттелуі………………………...................

5

1.2

Лириканы оқытудың дидактикалық және әдістемелік мақсат-міндеттері………

11










ІІ.

М. ЖҰМАБАЕВ ЛИРИКАСЫН ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ




2.1

Мағжан Жұмабаев лирикасы………………………..…............................................

18

2.2

Лирикалық шығармаларды оқыту және оның жолдары……………………….....

19





ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………….

23



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................



25

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. XXI ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытында білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.

Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына. оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу - әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Қай кезеңде, қай заманда болмасын «мектептегі басты тұлға-мұғалім» десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре алатын, алған білім мен тәрбиелік қазынасын туған еліне, адамзат игілігіне жұмсай алатын қазақтың ой, танымының иесі, саналы азаматты жетілдіруге үлес қосатын өлең өнерін («қазақтың қасиетті қара өлеңін») оқыту үрдісі оны ұйымдастырушы мұғалімге жауапты міндет жүктейді. Сондықтан бүгінгі тандагы мектеп проблемасы «Білім беру мен тәрбие үрдісіне инновациялық қызметті енгізу арқылы білім сапасын артгыру» оқушылардың өз «менін» қалыптастыру болса, лирикалық шығармаларды мектепте оқыту үрдісінде де педагогика жаңалықтарын қазіргі оқытып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің бір жолы. Ұзақ жылғы тәжірибе мен зерттеу жұмысының нәтижесіндегі алдына қойған мақсат - баланы субъект ретінде оқу, ісіне қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу.

Курстық жұмыстың негізгі тақырып нысанына алынып отырған лирика жанрының қазақ әдебиеттану ғылымында әдеби процестегі алатын орнына, поэтикасына, жалпы лирика табиғатына қатысты әр түрлі ғылыми еңбектер жазылғаны белгілі. Атап айтсақ, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмаилов, М.Дүйсенов, М.Базарбаев, З.Қабдолов, З.Ахметов, Ә.Нарымбетов, Ә.Тәжібаев, Т.Әбдірахманова, Б.Көрібаева, ЖДәдебаев, Қ.М.Пазылов, Т.Шапай және тағы басқа ғалымдар еңбектерінде [1] қазақ өлеңінің мәселелері әр қырынан жан-жақты зерттеу объектісіне айналып, қазақ лирикасының тарихи даму жолдары, ақындық өнердің сыры мен сипаты қарастырылып отыр.

Лирикалық шығармаларды оқыту әдістемесі тұрғысынан зерттеу жұмыстары кеңестік дәуір кезеңінде әдіскер-ғалымдар М.А.Рыбникова, В.В.Голубов, Н.И.Кудрящев, В.А.Николтский, З.Я. Рез еңбектерінде кеңінен жүзеге [2] асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет