Курстық жұмыстың мақсаты: Мағжан жұмабаевтың лирикалық шығармалардың әдістемелік тұрғыдан негізгі сипаттарын ашу, талдау, оқыту үлгілерін көрсету, оқыту үрдісінде лириканың табиғатын терең таныту, мектеп бағдарламасында берілген лирикалық шығармалардың жанрлық ерекшеліктері мен оқушылардың қабылдауға байланысты жас ерекшеліктерін ескере отырып білім негізін беру.
Мәтін талдау барысында лириканың күрделі ішкі құрылымына, стильдік бітіміне, өлең сырына бойлату, ондағы философиялық-эстетикалық, поэтикалық ой арқауын оқушыларға түсіндіру, шынайы адамдық сезім биігін ұғындыру арқылы оқушыларға эмоциялық , эстетикалық ләззат, әсер беру жолдарын қарастыру. Лириканы оқыту байланысты зерттеудің басты мақсаты - ақынға рухани жақындау, оны сезіну, ақынның сезім мен ой тереңдігіне бойлау, сол арқылы оқушының оқырмандық сапасын арттырып, көркем сөздік құдіретін түсіне білуге тәрбиелеу, оқушылардың өлеңге деген қызығушылықтарын оятып, құмарлығын арттыру арқылы олардың жан дүниесін байыта отырып, эстетикалық, адамгершілік, ізгілік, инабаттылық тәрбие беру.
Достарыңызбен бөлісу: |