Курстық ЖҰмыс қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі Тақырыбы


Лириканы оқытудың дидактикалық және әдістемелік мақсат-міндеттері



бет6/11
Дата22.01.2022
өлшемі101,91 Kb.
#129609
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Курстық жұмыс, Мағжан лирикасын оқыту,Асқар Анар

1.2. Лириканы оқытудың дидактикалық және әдістемелік мақсат-міндеттері

Мектепте берілетін білім оқу үрдісінің мән-мазмұнынан, оқыту принциптерінен, оқуды ұйымдастырудың формасынан, оқыту әдістерінен, оқушылардың білімін тексеру мен бағалаудан, сабақ жүргізетін мұғалімнің дайындығы дәрежесінен құралса, дидактика - оқыту мен білім берудің теориясы, оның принциптері гноселогиялық, логикалық, психологиялық негіздерден құралатыны белгілі.

Ал дидактика принциптеріне келсек, 1) Ғылымдылық принципі 2) білімді саналы игеру принципі, 3) оқытудың жүйелігі мен үздіксіздігі принципі, 5) оқытуды өмірмен байланыстыру принципі, 6) көрнекілік принципі, 7) білім берумен тәрбиенің байланыстылық принципі.

Әдебиетті оқытудың дидактикалық негізі — мектептегі әдебиет пәнінен тұтас бір тарихи кезеңді ашу, суреткердің қалыптасуына әсер еткен орта, жазушының «ішкі», «сыртқы», өмірбаяны, дүние танымы, ең ақырында оның қоғам өміріндегі және әдеби күресте алатын орнын ашу (барлық жаганан зерттеу), мектептегі әдебиет пәні үшін әр түрлі ағымдар мен әдістердің, әдеби топтар мен адамдардың идеялар күресін нақты тарихи дәуірдегі күрделі мәселелерді қоғамдық жөне әдеби тартыста әр түрлі көзқарастағы адамдар тобының қалай шешкеиін көрсету болып табылады. Бұл айту, баяндаумен бірге көрсету, көзін жеткізу керек деген ұғымды білдіреді. Мәселен, Абайдың саяси-өлеуметтік лирикасын өткенде ақын өмір сүрген заман шындығы «кесслді пысық», «қулар» мен екі жүзді болыстардың сатиралық бейнелері мен береке-бірлігі кеткен замана бейнесін сынаған өлеңдерінен үзінділер келтіріп, дәлелдеп отыру керек болады. Бұл сабақтың ғылыми негізділігін сақтайды.

Лириканы оқытуда оқытудың өмірмен байланыстылығы принципі маңызды орын алады. Өтілетін сабақтың толық ұғылуы, есте сақталуы үшін сабақтың мазмұны, теориялық және практикалық маңызы туралы алдын-ала мәлімет беру педагогика ғылымында бұрыннан бар. Мұны, оқушылардың бастағалы отырған тақырыптың ғылыми негізі мен оның өмірмен байланысына қажетгілік сезімін оятып, назарын еріксіз аударып, қызықтыруды сабақтың кіріспе бөлімі деп те атайды.

Мұғалімдердің пікіріне сүйенсек, көпшілігі өтілетін тақырыптың өмірдегі, практикадағы маңызын алдын-ала баяндау - тақырып мазмүны есте қалуының шарты деп біледі. Өйткені теория мен практиканың бірлігі — оқудың өмірмен байланыстылығы принципінің негізі болып табылады..

Оқушылардың оқығалы отырған жаңа материалдарды меңгеруге бұлай дайындау — тақырыптың мазмұны мен дидактикалық мақсатына қарай түрліше болады. Бірінде - сабақ оқушылардың тақырып туралы бұрыннан білген тәжірибелерін хабарлаудан басталса, екіншісінде — мұғалімнің жаңа тақырыптың ғылымдық және практикалық маңызын алдын-ала ашуынан, үшіншісінде — оқушылардың бақылау және практикалық жұмыстарын ұйымдастырудан басталады.

Лириканы оқьпуда дидактиканың жүйелік пен бір ізділік принциптері сабақ құндылығының екінші бір қырын - әдеби материадцардың берілуі мен орналасу ретін - жананы түсіндіру барысында бұрын оқығаңдары мен игергендеріне сүйенуді қамтамасыз етудің тәртібін аньгқтайды. Оны А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Өтемісов, СДөнентаев, С.Көбеев, С.Торайғыров, С.Сейфуллиннің, Б.Майлиннін, Ж.Жабаевтың т.б. оқушылар мектептің орта сыныптарында танысқан шыгармаларының жоғарғы сыныптарда шолу, монографиялық тақырыптарды оқуда негіз болатыны сияқты, құрылым үдемедігінен байқауға, түсінуге де болады. Сондықтан да (дидактикалық жағынан) фактілердің орны мен реті, оны жинақтау мен білгенін тәжірибеде қолдана білу дағдысын жетілдіру кезеңдері сабақта ғана жүзеге асады. Сонымен сабақта білуге тиісті факті мен элементтсрдің жинақталып, ретімен дұрыс берілуі тақырып игерудегі негізгі үрдіс екенін ұстаз әр уақытта есте сақтауға міндетті. Қазіргі уақытта мектептегі оқыту жұмысы алдына балаларға белгілі дәрежеде білім беру, қажетті дағдылар мен іскерліктерді меңгерту, сонымең қатар оқушылардың ақыл-ойын, қабілетін дамыту міндеті қойылған. Сол себепті мектептегі оқыту үрдісі дамыта тәрбиелейтін оқыту делінеді. Осыған байланысты оқыту мен ақыл-ойды дамытудың біртүтас үрдіс (процесс) ретіндегі ішкі байланысын, бір-біріне жасайтын әсер-ықпалын айқындап алудың маңызы зор. Бұл жерде барлық адамның қабілеті бірдей еместігін ескерту қажет. Оқыту мен тәрбиелеу арқылы адамның қабілетін белгілі бір бағытта дамытуға болады, бірақ оның шегі жоқ емес. Сондықтан әрбір адамның өз табиғатындағы қабілет мүмкіндігін өз биігіне дайін дамытып тәрбиелеу-оқыту процесінің басты міндеті. Бұл бағытта лирикалық шығармалардың алатын орны ерекше.

Адамның сезім дүниесін оятып, өмірге құлшындыратын, сенімді тұрақтандыратын, қиялды қанаттаңцыратын лирика-адамгершілік биік мүраттарға тәрбиелеуші ретінде оқушылардың білуге құштарлығын арттырып, ойлау жүйесін дамытады. Лирика сабағы - оқушыны өнерді эмоциялық-эстетикалық тұрғыдан түйсіне білуге үйретеді. Лирика — оқушының өмір, болмысқа эстетикалық қарым-қатынасын қалыптастырушы құрал. Ол психологиямен, дидактикамен астасып, оқыту-тәрбиелеу мәселелерінің міндетгерін орындауға белсенді ат салысады.

Лириканы оқытудағы көрнекілік принципіне тоқталсақ, әдебиетгі оқытуда қолданылатын көрнекіліктердің барлығы бірдей қолданылады деп

айта алмаймыз. Өйткені лирика өзіндегі ой нақтылығымен, ақындық тіл, табиғи бояу, суреткерлік қуатымен сабақ көрнекілігін қамтамасыз ете алады. Бұған қарап лирикалық шығармаларды өткенде көрнекілік атаулыны мүлдем қолданбау керек деген ой тумау керек. Жалпы оқу-тәрбие үрдісін жүзсге асыруда көрнекіліктердің өзіндік маңызы, орны бар.
Оның үстіне таным үрдісінің (процесінің) есту, көру, сезу арқылы жүзеге асатынын физиолог ғалымдар өте ертеден-ақ айтқан. Сондай-ақ сабақта көрнекілік пайдаланудың тиімділігін педагог ғалымдар, әдіскерлер дс, педагог - практиктер де өз тәжірибелерінде дәлелдеп келеді. Осы бағытга «көрнекіліктің маңызы, тиімділігі неде?» -дсген сұраққа белгілі ұстаз-әдіскер Қ. Бітібаева: «Біріншіден; көрнекілік білім мазмұнын байыта түседі, екіншіден: есту арқылы алған білімін көру арқылы бекіте түседі, үшіншіден; көрнекіліктер оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырады, ойлау, таным белсенділіктсрін дамытады, төртіншіден; эмоциясына әсер етеді, бесіншіден; алған білімдеріи практикада жүзеге асыруға жетелейді» {3,41] - дейді .

Лириканы, оқытудағы басты көрнекілік-сыныпта бастапқы күйінде қайталанатын ақынның үні – «дыбыстық корнекілік». Лирикадағы мұңдай табиғи көрнекілік - оқулықта шығарманың белгілі бір ерекшеліктерін көрсететін мәтін (үзінділер, эпизодтар, баяндаулар, жеке сөздер) берумен шектелмеуі керек. Ақынның сезімге толы сөзі мәнермен оқу кезінде эмоциямен қайта жаңғырады, тыңдаушыны көркем шығарманың сыры өзіңе тартып еліктірсді. Осыған байланысты оқулықта оқушылардың төменгі сыныптарда мәнерлеп оқудан алған білімдерін, дағдыларын жинақтайтын арнайы материал беріліп, жүйелі түрде мәнерлеп окуға, мәтіннен жаттауға тапсырмалар ұсынылып отырады.

Лирикалық шығармалардағы әр дыбыс, үн ырғақ, әуез, бейнелі сөздер – бәрі де сол көрнекілік қызметін атқаратындықтан, лирика көрнекілікті көп қажет ете бермейді. Техникалық құралдарды, альбом, көркем суреттер қосалқы мәнде пайдалануы мүмкін, жәие шолу, кіріспе, қорытыңды сабақтарды ғана қолданылуы тиіс. Мысалы, мәнерлеп оқу техникасын үйрету үстінде ақыниың өленін өз басы оқуына, Абай, Мағжан, Мұқағали өлеңдерін өнер адамдарының (К.Қожабеков, Р.Сейітметов, Ф.Шәріпова т.б.) оқуына көніл бөлген жөн.

Лириканы оқыту әдебиет пәнін оқытудың талабынан туыңдайды. Әдебиетті оқыту дегеніміз - коркем шығарманың өзін оқу. Алайда күні бүгінге дейін оқушылар арасында оқулықты бас құрал етумен шектелушілер аз емес. Әдеби білім беру ең алдымен шығарманың өзі арқылы іске асады. Ал, оқулық мәтінді оқудан түйгендерін баянды етуге, алған әсерді тереңдетуге, шығарманың қыры мен сырын оң көзімен қабылдауға қажет.

Қандай жақсы оқулық болса да, ақынның шығармасы беретін эстетикалық ләззатты бере алмайды. Мұғалімдер мен оқушылар оқулықты

ғана оқыса, оқулықпен ғана жұмыс істесе, бұл әдеби шығарманы емес, ол жөніндегі оқулық авторының пікірін оқығандық болып шығады. Негізгі мақсат — ақын-жазушының туындысын оқыту, білім негізін сол арқылы беру, жасөспірімді Отан сүйгіштік, адамгершілік мұратгарға тәрбиелеу. Лириканың күрделі ішкі-құрылымын, стильдік бітіміне - үңілу міндетін орындау, мәтінді талдау, жоспар жасауда, оқу материалдарын сабаққа бөлгенде де, сабақта баяндағанда да: «белгіліден белгісізге, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге қарай» - деген

дидактикалық ережені сақтау міндетті. Сабаққа бөлінген тақырыптар бойынша бағдарламалық білімді толық және тиянақты игеруге жердемдесетіңцей өз бетіндік жұмыс пен тапсырмалардың түрлері жеткілікті болуы шарт. Оқушылардың өз бетінше істейтін жұмысты орындауы үстінде ғана мұғалім және оқушының өзіне тен ерекшелігін ескере отырып жұмыс жүргізгенде ғана икемдік дағдысын қалыптастыра алады. Дифференциялаудың мәні мен әсері жұмыс санының аз я көбінде емес, дайындық дәрежесінде, оқушының ой-өрісінің жетілуі мен ойлай білу қабілетінің артуында, есте сақтай білуі мен пәнге деген ынта-ықыласының жетілу дәрежесінде ғана. Бұл жағдайда сабақты орташа үлгеретін оқушылар өздеріиің шала мецгергендерін толық меңгереді де, алдыңғы қатарлы оқушылар алған білімін тереңдетеді.

ІІ. М. ЖҰМАБАЕВ ЛИРИКАСЫН ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет